ТҤРІК ХАЛҚЫНЫҢ ҼНҦРАНЫН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Ҥсіпбекова Гауһар Біржанқызы Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҦ У-дің 2 курс студенті, Астана қаласы Ғылыми жетекші - Уракова Л.С.
Адамзат аударма арқылы араласып ӛмір кешеді. Біз ӛмір сҥріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жҥйеге қҧрылғандығы, адам тіршілігінің кез – келген қимыл-әрекеті ӛзінше шағын жҥйе екендігі, онсыз әлемнің тҧтас жҥйесі жасалмайтындығы белгілі.
Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның ӛз жҥйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жҥйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бҧл тҧрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тҧрған факторлардың бірі деуге де болады. Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сӛйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды [1,5].
Аударма дегеніміз не? Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы – аударматанудан кӛптеп кездестіреміз. Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде тҥсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе кӛркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің қҧралдары кӛмегімен
239
оқырмандарға жеткізу және тҥпнҧсқасының стильдік, кӛ ркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап кӛрсету. Бҧ л жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал тҥпнҧ сқасының кӛркемдік жағын дҧрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл кӛрсете білуі. Кӛркем аударманың бҥгінгі әдеби процестегі алатын орны ҥлкен. Аударма – жалпы әдеби ҥрдістің кең арналы саласы. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың ӛкілдері де сусындай алады [2,2].
Әдеби шығармалардың ішінде поэзияны аудару қиынырақ. Поэзия – кез - келген ҧлттың санасы, дҥниетанымы мен салт - дәстҥрінің кӛрінісі. Дҥниежҥзіндегі мыңдаған халықтар бір - бірінің тарихын, әдебиетін, мәдениеті мен тҧ рмысын осы поэзия арқылы танып біледі. Поэзия аудармасына қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сӛзбе-сӛзділіктен қашу, шығармашылық еркіндікке бой алдыру болып келеді. Бірақ, осы айтылғаннан ӛлең аудармасында сӛзбе-сӛздік дәлдік кӛ ркем болуы мҥмкін емес деген ой шықпауы тиіс [3,7]. Әрине, ӛлеңді аударатын кезде аудармашы оны сӛзбе сӛз аударып, жалпы мағынасын ҧғынады. Ал содан кейін оны белгілі бір мағыналық талаптарға сай етуі ҥшін ӛз тіліне тҥсінікті де халыққа ҧғымды болу ҥшін, ҧлттың дҥниетанымына сәйкестендіреді. Әрине, кӛ ркем аударма басқа аудармалардан гӛрі кҥрделі. Және кез келген адамның қолынан келе бермейді.
Бір тілден екінші тілге жақсы аударма жасау ҥшін нені білу қажет? Бҧл сҧраққа тҥрік тілінен қазақ тіліне ӛлең аудару арқылы жауап беріп кӛрейік. Тҥрік әдебиетінде ӛшпес із қалдырған атақты ақын – жазушылардың бірі – Мехмет Акиф Ерсой. «İstiklal Marşı» аталатын ӛ леңінде автор Мехмет Акиф Ерсой тҥрік ҧлтының арманын жете тҥсіндірген болатын. Бҧл ӛ лең 1923 жылы Ататҥріктің Осман империясын таратып, Тҥрік Ресубликасын қҧрғанда әнҧран ретінде қайта дҥниеге келген. Кез келген тәуелсіз мемлекеттің кепілі ретінде мемлекеттік нышандар белгіленеді. Соның ішінде ҧлттың әнҧранын оқи отырып, сол халықтың басынан кешкен тағдыры, тіршілігі мен дҥниетанымын аңғаруға болады. Тіпті мҧндай әнҧрандарда авторлардың ӛз халқына, жеріне деген сҥйіспеншілігі мен ыстық махаббаты ҧрпақтарға шабыт пен қайраттылық, ҧлтжандылық пен еркіндікті еріксіз сездірдетеді. Негізінен әнҧрандардың мақсаты да – осы.
Яғни, келешекке ҥмітпен қарау, ата - баба рухын сыйлау.
Қазақ және тҥрік халқы туыстас, бауырлас болғанымен де тілдік ерекшеліктердің әсері біршама сезіледі. Осман империясы кезеңінде тҥ рік халқының негізгі тілі – Осман тілі болды. Осман тілі – тҥрік, араб, парсы тілдерінің жиынтығы болғандықтан, әнҧ ран мәтінінде сансыз араб және парсы сӛздерінің кездесетініне кҥмән жоқ. Оған қоса, Осман империясы кезінде Мҧсылман діні мемлекеттік дін болып саналғандықтан діни ҧғымдар да біршама. Аллаға сыйыну, Мҧ сылман дінінің бес парызын орындау, имандылық секілді кӛріністер де орын алады. Жоғарыдағы барлық талаптарға сҥ йене отырып, Тҥрік Республикасының әнҧ ранын былайша аударылды:
Korkma, sönmez bu şafaklarda yüzen al sancak;
Қорқпа, сӛнбес бҧл таңсәріде жҥзген қызыл байрақ;
Sönmeden yurdumun üstünde tüten en son ocak.
Сӛнбестен елімнің кӛгінде тҥтіндеген ең соңғы ошақ.
O benim milletimin yıldızıdır parlayacak;
Ол менің ҧлтымның жарқыраған жҧлдызы;
O benimdir, o benim milletimindir ancak.
Ол менікі, ол тек менің ҧлтымдікі.
Бҧл шумақта ӛлең сӛздері сӛзбе – сӛз аударылды. Себебі, тҥрік халқының тӛл сӛздері қазақ халқының сӛздеріне ӛте ҧқсас. Сондықтан алғашқы шумақта аударма қиындықтары болмады. Мәтінді дҧрыс та мағыналы аударумен қоса оны ҧйқастыра білу ӛте кӛп ізденіс пен
шеберлікті талап етеді. Сондықтан кез келген кӛ ркем шығармаларды аударғанда, аудармашы міндетті тҥрде сол халықтың ділін, тілін білумен ғана шектелмей, ҧлттың мәдениеті, тҧ рмыс тіршілігі, ӛнері секілді тҥрлі салаларын жетік білуі керек.
Çatma, kurban olayım çehreni ey nazlı hilâl!
Қабағыңды тҥйме, қҧрбаның болайын, ерке айым!
Kahraman ırkıma bir gül! Bu ne şiddet bu celâl?
Қаһарман, тегіме кҥ л...! Бҧ л не деген ыза, бҧл не ашу? Sana olmaz dökülen kanlarımız sonra helâl, Саған болмас тӛгілген қандарымыз, әйтпесе халал, Hakkıdır, Hak‘ka tapan, milletimin istiklâl!
Қҧқылы, Тәңірге сыйынған бостандығы елімнің!
Екінші шумақта да аудармада айтарлықтай қиыншылықтар жоқ. Сӛздер қазақ тіліне ӛте жақын. Алайда, аудару кезінде кездескен араб және парсы сӛздердің ерекшеліктерін сақтай отырып, мағынасы тура және нақты жеткізілді.
Ben ezelden beridir hür yaşadım, hür yaşarım.
Мен еркін болдым бҧрыннан, еркін болам.
Hangi çılgın bana zincir vuracakmış? Şaşarım;
Қандай ақымақ мені бҧғауламақ, таң қалам?
Kükremiş sel gibiyim, bendimi çiğner aşarım;
Тасыған селдеймін, бҧзам алып қамалды;
Yırtarım dağları, enginlere sığmam, taşarım.
Сыймай байтақ далаға, қопарам асқар тауларды.
Бҧл шумақтарда bendimi çiğner aşarım тіркесі негізінен қоршауымды аламын, қиратамын деген мағынада айтылған. «Бҧзамын қамалды» дегеннен гӛрі қамал, қоршау сӛздеріне әсерлілік беретіндей «алып» сӛзін қосып аударылды. Сол сияқты Yırtarım dağları тіркесіне де сын есім қосу арқылы, яғни тәуелсіздікті сақтап қалу ҥшін барлық кедергілерден ӛ тетініне дайын автор ойын қопарам асқар тауларды тіркесімен жеткізу орынды деп санадық.
Garbın afakını sarmışsa çelik zırhlı duvar, Батыстың кӛкжиегін қоршаса болат қҧрсау, Benim iman dolu göğsüm gibi serhaddim var.
Менің иман толы кӛкірегімдей қорған бар.
Ulusun, korkma! Nasıl böyle bir imanı boğar.
Ҧлысың, қорқпа! Осыншама иманды қалай ғана тҧншықтырар.
«Medeniyet» dediğin tek dişi kalmış canavar?
«Мәдениет» деген тек тісі қалған жануар?
Бҧл шумақты сӛзбе – сӛз аударғанда еш қиындықтар кездеспеді. Мағынасы да еш ӛзгеріссіз қалды, жолдар да бір бірімен ҥйлеседі. Аударма ісі қиын болғанымен де, егер аудармашы кӛркем шығарманының негізгі ойын ҧғынып, сӛздердің мәнін ӛзіне айқындап алса, аударылатын шығарма да кӛркем, қҧрылымды болады.
Arkadaş! Yurduma alçakları uğratma sakın!
Достым! Еліме залымдарды жақындатпа, байқа!
Siper et gövdeni, dursun bu hayasızca akın.
Бҧл ағын тоқтасын, елімді кеудеңмен жасыра тҧр.
Doğacaktır sana vadettiği günler Hakk'ın;
Тәңірдің таңдары кӛп саған берер;
Kimbilir, belki yarın, belki yarından da yakın.
Кім біледі, бҥгін, бәлкім, ертең келер.
Doğacaktır sana vadettiği günler Hakk'ın сӛйлемі қазақ тіліне сӛзбе – сӛз былайша аударылады: Атар саған уҽ де еткен кҥндері Тҽңірдің. Дегенмен, ҥшінші және тӛртінші жолдардың бір біріне ҧйқасуы ҥшін: Тҽңірдің таңдары кҿ п саған берер тіркесі орынды.
Bastığın yerleri «toprak!» diyerek geçme, tanı!
Басқан жерлерді «топырақ» деп ӛткізбе таңды!
Düşün, altında binlerce kefensiz yatanı.
Ойлан, мыңдаған кебінсіз қара жерде жатқанды.
Sen şehit oğlusun, incitme, yazıktır atanı;
Сен шейіт ҧлысың, обал болады, ренжітпе ата – бабаңды;
Verme, dünyaları alsan da bu cennet vatanı.
Берме, дҥниелерді алсаң да, бҧл жәннәт Отанды.
Бҧл шумақ, жалпы ӛлең, мейлінше, тҥпкі мағынасын жоғалтпайтындай аударылды.
Себебі, «Толық мағынадағы аударма қалай да тҥпнҧ сқаға сәйкес болуы шарт. Кӛркем аударма процесінің нәтижесінде тҥпнҧ сқаның мазмҧны мен пішіні арасындағы бірлік пен тҧтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Тҥпнҧсқаның мазмҧны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың кӛркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мҥлде бҧрмаланып, тҥпнҧсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бӛлек туынды болып шығады» [ 4, 11].
Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda?
Кім қимас жанын жәннәт Отан ҥшін?
Şüheda fışkıracak toprağı sıksan, süheda!
Қазсаң шығар шейіттер топырақтан!
Canı, cananı, bütün varımı alsın da Huda, Жаным да, сҥйіктім де бәрі қҧ рбан, Etmesin tek vatanımdan beni dünyada cüda.
Тек Тәңірім Отанымнан айырмасын.
Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda? жолын былай да аударуға болады: кім болмас бҧл жҽннҽт Отанының бақытына қҧрбан? Алайда алдыңғы сӛйлемдерге сәйкестендіріп, бірқалыпты ету мақсатымен Кім қимас жанын жҽ ннҽт Отан ҥшін? деген аударма нҧсқасы лайық деп табылды. Екі аударма нҧсқасы да ӛте орынды, дегенмен, екінші аударма қысқа, нақты. Ӛлең жолының идеясын толықтай ашып тҧр.
Ruhumun senden, ilâhi şudur ancak emeli;
Рухымның талпынысы асқақтаған осындай;
Değmesin mabedimin göğsüne namahrem eli!
Тимесінші дҧ шпан қолы мешітіме жақындай!
Bu ezanlar ki şahadetleri dinin temeli, Азаншының дауысы куәгері дінімнің, Ebedi yurdumun üstünde benim inlemeli.
Шарықтасын кӛгімде, мәңгі менің елімнің.
Namahrem сӛзі ҿзге, бҿгде, басқа, бҿтен, жат деп аударылады. Бірақ бҧл сӛздерді жалпылай дҧшпан деген сӛ збен алмастырдым. Шығарманы аударған аудармашы тек оны тікелей аударып қана қоймай, ӛз халқына тҥ сінікті етіп жеткізе білуі керек. Әрине, аудармаларды кӛркем тҥ рінде халыққа ҧсынудың ӛзі де бір қиын іс.
O zaman vecd ile bin secde eder varsa taşım;
Сонда жігерлікпен мың рет сәжде етер әрбір тасым;
Her cerihamdan, ilâhî, boşanıp kanlı yaşım,
Әр жарамнан, Тәңірім, тамшылап қанды жасым, Fışkırır ruh-ı mücerret gibi yerden naşım;
Тулап шығар жалғыз рухтай жерден денем;
O zaman yükselerek arşa değer belki başım!
Бәлкім, сонда кӛкке тиер қайран басым!
Қазақ тіліне кҿзімнен тамшылар нақақ жасым немесе кҿзімнен шығар қан аралас жасым секілді тіркестері тән болса, әнҧран авторы ҽр жарамнан, Тҽңірім, тамшылап қанды жасым тіркесін шебер қолдана отырып, тәуелсіздікке қол жеткізіген халқының мақтанышы мен бақытын кӛркем бейнелейді.
Dalgalan sen de şafaklar gibi ey şanlı hilâl;
Тебірен сен де таңсәрідей, ерке айым;
Olsun artık dökülen kanlarımın hepsi helâl!
Тӛгілген қандарымның болсын бәрі енді халал!
Ebediyyen sana yok, ırkıma yok izmihlâl.
Мәңгі саған, тегіме жоқ жоғалу.
Hakkıdır, hür yaşamış bayrağımın hürrıyet;
Қҧқылы, мәңгі желбіреген еркіндігі байрағымның;
Hakkıdır, Нakk'a tapan milletimin istiklâl!
Қҧқылы, Тәңірге сыйынған бостандығы елімнің!
Осы шумақта şanlı сӛзінің негізгі мағынасы атақты деген сӛз. Ӛлең жолдарын ҥйлестіру ҥшін атақты ай дегеннің орнына ерке ай тіркесі алынды. Ӛйткені,
«Аудармашылар екітілдік аудармаларда ӛзінің ана тіліндегі сӛздік бояулар мен тҥ рлі тілдік қҧралдарды қолданып аударса, аударма нәтижелі де жинақы болары сӛзсіз» [5, 23].
Бауырлас тҥрік халқының әнҧ ранынан тҥрік ҧ лтының отан сҥйгіштік, ҧлтжандылық қасиеттері кӛрінеді. Аударылған әнҧран арқылы тҥ рік халқының мәдениеті, танымы, кӛзқарасы, тарихы, тҧ рмыс – тіршілігінің ерекшеліктері байқалады. Әлем халықтарының әдебиетінің бір-бірімен байланысуында, ғылым мен әдебиет салаларында халықаралық ынтымақтастықтың дамуында аудармалардың маңызы зор.
Әдебиеттер 1. Вестник КАСУ №2 -2006 Жайлибаева М. Н.
2. Кущанова А.Н., Тулегенова Г.Ғ. Жазбаша аударма жолдары мен тәсілдері (жаттығулар жинағы), Ақтӛбе, 2009ж. – 52б.
3. Бейсембаева Ж. А. Адекватность перевода У.Шекспира на казахский язык, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ҥшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Астана 2010 ж. – 18б .
4. Қожаева М. Т. Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық қҧрылымы, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ҥ шін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2007 ж. - 30 б.
5. Әуезов М. Кӛркем аударманың кейбір теориялық мәселелері. // Кӛ ркем аударманың мәселелері. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ кӛркем әдебиет баспасы, 1957.