• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1)Функционалды грамматиканың семантикалық негізі М.Б.Нұрғалиева, ф.ғ.к., доцент Қазақстан, Астана Коммуникативтілік единица негізін құрастырушы синтаксистік форма сӛйлем құрылымын анықтайды

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1)Функционалды грамматиканың семантикалық негізі М.Б.Нұрғалиева, ф.ғ.к., доцент Қазақстан, Астана Коммуникативтілік единица негізін құрастырушы синтаксистік форма сӛйлем құрылымын анықтайды"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Функционалды грамматиканың семантикалық негізі

М.Б.Нұрғалиева, ф.ғ.к., доцент Қазақстан, Астана Коммуникативтілік единица негізін құрастырушы синтаксистік форма сӛйлем құрылымын анықтайды. Сондықтан семантико-синтаксистік категорияның берілу формалары актив немесе пассив грамматика тұрғысынан кӛрінуі мүмкін. Кез келген айтылым мазмұнының берілуіне қатысатын тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі единицалар ӛзара қарым-қатынаста бола отырып, коммуникативтілік процесі жүзеге асырылады.

Грамматикалық құрылым-категориалды құбылыстардың әр түрлі жүйелі- құрылымдық ұйысы, морфологиялық, синтаксистік, лексико-грамматикалық және лексикалық элементтердің ӛзара қарым-қатынасымен бірігуге негізделген әр түрлі деңгейлі тілдік жүйе. Әр синтаксистік единица сӛйлеу процесін жүзеге асыруда ӛздеріне тән функция атқарады. Әр сӛз ӛзінің жеке лексикалық мағынасымен, категориальды мағынасымен және семантикалық, грамматикалық мағынасымен бір-бірінен ерекшеленеді. Сӛздің осы референттік мағынасы тек заттарды атаудағы мағына емес, синтаксистік деңгейдегі тіл жүйесінің құрылымдық-мағыналық мәні бар элемент болып табылады. Осы тілдік бірліктер ӛзара байланысқа түсе отырып, сӛйлем құру мүмкіндігіне ие болып, синтаксисте олардың ӛздеріне тән ерекшеліктері анықталады.

Ал функционалдық грамматика-айтылым мазмұнын беруде тілдік жүйедегі әр деңгейдегі единицалармен ӛзара әрекетте болып, грамматикалық формалар мен конструкциялардың функциолану заңдылығы мен ережелерін сипаттауға бағытталған және тілдік единицалардың потенциалын кӛрсететін амал болып табылады.

Функционалды грамматиканы құрудағы негізгі принцип-функционалды ӛріс (ФСӚ) тұрғысынан қарастырылады

Категориальды құрылымға тән қасиет-грамматикалық категория мүшеле- рінің бірігуі. Ал олардың бірігу орталығы-жалпы категориалды семантика, яғни категориялардың ӛздеріне тән мағыналары. Бұл категориальды мағына- лар тұтасымен категориялық мағыналардың әр түрлілігін кӛрсетеді.

Грамматикалық единицалардың функциолануы деген түсінікке тӛмендегідей процесстер кіреді:

а) Сӛйлеуші айтылатын ойды беруде қажетті грамматикалық құралдарды, соның ішінде ситуацияға байланысты айтылымдағы негізгі ойды берудегі мүмкін болатын құралдар мен амалдарды таңдауы.

ә) Грамматикалық единицалардың берілуіне категориялардың абстрактілі- грамматикалық үлгілері, құрылым-схемалар, сӛйлеушінің осы үлгілерді, модельдерді, схемаларды нақты бір лексикамен толықтыруы, бір сӛзбен айтқанда, айтылымдағы ойды берудегі тілдік жүйеде болатын абстрактілі-грамматикалық үлгілер, модель және құрылымдық схемелар.

Грамматикалық единицалар категориялар жүйесімен бірлікте болып, категориялар мағынасының бірлігін және олардың берілуіндегі формальды құралдарды кӛрсетеді.

Олай болса, айтылым мазмұнын оның семантикасын және семантикалық белгілерді анықтаудың негізі-грамматикалық формалар. Грамматикалық формалар арқылы ең аз контексте берілген негізгі мағынаны анықтауға болады.

Сӛйлем құрылымының семантикасын анализдеудегі кӛрсеткіштер-морфема, грамматикалық форма, синтаксистік конструкция, белгілі бір морфемдік формальды кӛрсеткіштері бар лексико-грамматикалық топтар.

Сондықтан осы құралдарға сүйене отырып варианттарды сипаттауда, единицалардың лексикалық толықтық дәрежесін және берілген мағынаны беруге

(2)

қатысатын, ӛзімен обьективтілік және лингвистикалық шарттарын кӛрсететін контекст элементтерінің ролі айқындалады. Егер мағына форманың ішкі жүйелілік мәнділігінің қасиетін кӛрсетсе, онда функция құралдарды қолдану мақсатымен, міндетті түрде тілдік жүйелікпен байланысты емес.

Функция болмыстан тыс құбылыстарды бейнелеуде, мағынамен тікелей байланысты болмауы да мүмкін. Егер коммуникативтілік сатыда сӛйлем негізгі синтаксистік единица сияқты функциолана алса, онда синтаксистік құрылыс материалы ретінде қабылданады. Ӛйткені олар шындық болмыспен тікелей байланысты болады да сӛйлеуші қажетті синтаксистік форманы таңдап, қарым-қатынас мақсатында жіктейді.

Синтаксистік форма ӛзінің осы қасиеті негізінде сӛйлемнің құрылымдық-мағыналық компоненті болады. Ӛйткені коммуникативтілік единица құратын синтаксистік форманың ең аз тіркесімділігі, сӛйлемнің предикат негізін құрады. Мағына-форманың ішкі қасиеті.

Функционалды семантикалық категория ұғыммен, логикамен сәйкес келеді.

Кӛрсетілген единицалар, класс, категориялар категориалды мағына бірлігін және олардың берілуіндегі формальды құралдарды кӛрсетеді. Сондықтан формасыз оны сипаттау мүмкін емес.

Тек грамматикалық формалар, олардың мағыналары, грамматикалық класс және категориялар семантиканы бӛлудің негізгі болып саналады.

Функционалды грамматикада семантикалық белгілерді бӛлуде тӛмендегідей анализ жасалады.

1. Грамматикалық формамен ең аз контексте берілген негізгі мағынаны анықтау.

Мысалы, мен барамын, барармын.

2. Осы берілген формадан басқа семантиканы беру үшін, тағы қандай тілдік құралдар қолданылатынын анықтау.

Мысалы, маған ертең жол жүру керек, мен ертең кетуім керек, мен ертең кетіп қалсам болар еді.

Бұл кезеңде семантикадан форманы, оның берілуіне бағытталады.

Қарастырылған тілдік құралдармен берілген қандай семантикалық элемент, қандай семантикалық инвариант болатынын анықтау. Бұл кезеңде салыстырылған мағыналардың инвариантын кӛрсете алатын семантикалық белгі анықталады. Осы анықталған семантикалық категорияны келесі мағынаны, олардың берілуін анықтау үшін, анализдеудің бастапқы пункті ретінде бӛлшектейміз.

Функционалды-семантикалық ӛріс-екі жақты бірлік, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдармен қалыптасады. Ӛріс әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді, сондықтан функционалды-семанти-калық ӛріс жүйесі- функционалды грамматика үшін қажет компонент.

Акциональды (предикат) ядромен ӛрісті топтастыру негізінде аспектуальды- темпоральды қатынасты, сӛйлеу кезіндегі уақытша қатынасты, сӛйлеу уақытымен байланысты іс-әрекет арасындағы уақытша қатынастарды, ал модаль-ды ӛрістерді топтауда обьективті және субьективті қатынастар анықталады.

Сонымен қатар субьектілік/обьектілік қатынас; ӛрісті квалитативті-квантитативті топтауда, сапалық, сандық, меншіктік қатынас; пысықтауыштық ӛрісте себеп, салдар, шарт, салыстыру, локатив, темпоральды қатынастарды береді. Бұл пысықтауыштық ӛрістер предикат қатынаспен тығыз байланысты.

Меншіктік қатынасты кӛрсететін ӛріс сын есім мен зат есім тіркесімділігімен келген синонимдер болуы мүмкін.

Себеп, салдар, мақсат, шарт, салыстыру ӛрістері сабақтас құрмалас сӛйлемдерде пысықтауыш түрінде, сонымен қатар, жай сӛйлемдермен кӛрінеді.

Кӛрсетілген топтағы ӛрістер және топтардың арасындағы қатынастар функционалды семантикалық ӛріс жиынтығының кӛп аспектілі жүйелілігін кӛрсетеді.

Қандай жағдайда болмасын функционалды семантикалық ӛрісті бӛлудегі негіз- грамматикалық категориялар, формалар, конструкциялар, грамматикалық немесе лексико-

(3)

грамматикалық топтағы сӛздер, берілген ӛріске қатысты тілдік құралдардың мағыналарында болатын семантикалық инварианттар.

Грамматикалық категорияларға сүйене отырып, әр функционалды-семантикалық ӛрісті сипаттауда, грамматикалық формалар мен конструкциялардың функциолануы анықталады. Олай болса, анализ жасауда грамматикалық единицалар мен контекстке кӛңіл бӛлінеді. Грамматикалық формалардың функциолануын сипаттауда қарастырылып отырылған ӛрістермен байланысты ситуациялық, темпоральдық, аспектуальдық, модальдық, меншіктік, локатив т.б. түрлерін анализдеуге болады.

ФГ-лық сипаттауда сӛйлемнің семантикалық негізіне жататын семантикалық категориялардың тіркесу түрлері де талданады.

Мысалы:

«қимыл», «қимыл иесі-обьект-адресат», «қимыл-қимыл иесі-қимыл мақса-ты»

«қимыл-орын-қимыл», «қимыл-қимыл белгісі».

Сӛйлемнің семантикалық құрылымы семантикалық категориялардың тіркесімділігімен берілетін, бірақ бір-бірінен реңктерімен ажыратылатын синонимдік айтылымдарды сипаттаумен байланысты.

Мысалы: қозғалысқа келтіру тіркесінде, қозғалысты біреу арқылы істелінуі /каузация/, екінші бір заттың қозғалысын кӛрсетеді /бір уақыттағы обьект каузация және субект қозғалысы/. Сӛйлемде етістіктердің функциолануы, олардың морфологиялық, семантикалық және синтаксистік белгілерімен анықталады. Немесе, «ситуацияны берудегі» тіркес:

а) «ситуацияның басталуы», б) «процесстің жүруі», в) «ситуацияға байланысты деректер» т.б.

Функционалды-семантикалық ӛрістер жүйесіне тән белгілер-негізгі ӛріс құрамын және олардың арасындағы байланыстарды топтастыру.

ФГӚ екі аспектіде: а) нақты-тілдік, ә) ұғымдық деп, қарастырамыз.

ФГӚ-бұл грамматикалық формалар, синтаксистік конструкциялар, лексико- грамматикалық құралдар негізінде құрылатын бірлік. Осы тұрғыда тілдік құрылымның әр түрлі деңгейі бейнеленеді.

ФГ аясында ӛрісті сипаттау мақсатында берілген бірнеше мағыналарды іріктеуде неге сүйенуге болады.

1. Қорытылған мағына, грамматикалық семантика үшін сәйкес келетін абс- стракция деңгейі.

2. Грамматикалық мағына беретін, құрылым ұйысындағы грамматикалық белгілері бар мағынаны іріктеу.

Кейбір грамматикалық мағыналардың ерекшеліктері грамматикалық категория қасиетінен туындайды. Сондықтан коммуникативтілік-функционалды белгілер- грамматикалық құралдарға байланысты жүйеленіп, сұрыпталады.

Әдебиеттер тізімі

1. Виноградов В.В. О формах слова. – М., 1975.

2. Шведова Н.Ю. О синтаксических потенциях форм слова.//ВЯ. – 1971. - №4 3. Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и аспекты.-М., 2012 4. Баранникова Л.И. Введение в языкознание. – М., 2009

Referensi

Dokumen terkait

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» заң жобасында кәсіпкерлiк қызметтi реттеу, оны мемлекеттiк қолдаудың негiзгi қағидаттары, кәсiпкерлiк проблемалары жөнiнде консультативтiк-кеңесшi мәселелерi,