• Tidak ada hasil yang ditemukan

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Қ.Н. Алкеев, С.Д. Ханхожаева, А.Я. Гайнутдинов, С.С. Шутенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

www.enu.kz

Қазіргі уақытта негізгі әдістемелік инновацияны қолдану интерактивті оқыту әдістеріне байланысты. Интерактивті («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекеттесу) дегеніміз біреулермен диалогқа түсу немесе әңгімелесу режимінде болу, өзара әрекеттесу болып табылады.

Химия пәнін оқыту үдерісінде интерактивті оқытуды енгізу оқушылар мен студентер арасында химия ғылымын кеңінен танылуын, адам өмірінің әртүрлі салалары мен оны қоршаған орта үшін маңыздылығын көрсететін арнаулы формасы және бағыты болып табылады.

Сонымен қатар химиялық дүниетаным арқылы студенттердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру да жоғарыдағы тізімге кіреді.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне өтуге дайындалуда [1]. Интерактивті оқыту әдісі нақты және болжамды мынадай мақсаттарды ескереді: студенттердің интеллектуальды қабілеттерін және өзіндік ойлауды дамыту және оқу материалын берік сіңіруде жылдамдыққа жету, ақыл мен ойды қолданып зерттелетін құбылыстарға тереңдеу, шығармашылық әлеуетті немесе болатын мәселелерді «көре білуді» арттыру, сонылық, икемділік, диалектілік, шығармашылық идеяларды генерациялау, өзіндік іздеу әрекетіне қабілеттілік, нақты өндірістік практикада кәсіптік білімді қолдану, біліктілік пен машықтықтың тиімділігін көрсетуді.

Осы әдістің тағы бір мақсаты жайлы оқу жағдайын жасау, яғни студент немесе тыңдаушы өзінің табыстылығын, өзіндік интеллектуальды мүмкіншілігін сезінсе, онда оқу үдерісін өнімді етеді.

Іскерлік ойынды қолдану кезінде негізгі құзырлықты алу студенттің белсенділігіне тәуелді және студент әрекет нысанынан өзара әрекет субъектісіне айналады, өмірлік жағдайларды модельдеу қарастырылады, оқу үдерісі кезінде белсенді қатысып өзінің жеке маршрутымен жүруіне мүмкіндігі болады. Бірігіп әрекеттесу дегеніміз, әркім өзінің ерекше салымын енгізеді, жұмыс барысында біліммен, идеялармен және әрекет тәсілдерімен алмасу жүреді, мәселелер бірігіп шешіледі.

Мысалы: N – елді мекенінде орналасқан химиялық өнім шығаратын (алтын - күмісті немесе мұнай – газды т.б. өңдеп адам игілігіне қажетті өнім алады) кәсіпорынның жағдайын қарастырсақ. Бұл кәсіпорын 30-40 жыл жұмыс істейді, бірақ әртүрлі жағдайларға (саяси, экономиялық т.б.) байланысты онда техникалық - технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген немесе жабдықтары тозып, сүзу-тазарту қондырғылары

(2)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

ескірген. Осының нәтежесінде төңірегінде отырған тұрғылықты халыққа біршама қолайсыздықтар тудырып отыр.

Осы химиялық кәсіпорында қалыптасқан ахуалды шешуге қатысушы студенттер мынадай бірнеше командалық топтарға бөлінеді.

1. «Халық» (4 - 10 адам). 2. «Журналистер» (2 - 3 адам). 3.

«Инвесторлер» (2-3 студенттер). 4. «Жасылдар» немесе халықаралық гринпис мүшелері (3-4 адам) және жүргізуші – модератор оқытушы.

Жоғарыда аталған ойынды бірнеше интерактивті әдіспен жүргізуге болады. Соның бірі Кейс – әдіс (case study) ағылшынша case – нақты ахуалдың жазбасын көрсететін техникалық оқыту (немесе ахуалдарды талдау). Жоғарыдағы мысал нақты дәйекті материалдарға негізделген.

Студенттер нақты ахуалды талдаулары және мәселелердің мәніне жетіп, мүмкін шешімдер қабылдап, олардың ең дұрысын таңдаулары қажет.

Бұл жағдайда бiлiм беретiн қарым-қатынастың ортасы қалыптасады, ол өзінің ашықтығымен, қатысушылардың өзара қимыл әрекетімен, олардың айғақтарының теңдігімен, бірлескен білімнің қорлануымен, өзара бағалау мен бақылаудың мүмкіндігімен сипатталады.

Жүргізуші (оқытушы модератор) қатысушыларды дербес ізденуге үйретеді, оның негізгі міндеті қатысушылардың бастамаларына жағдай жасау болып табылады және оқытушы ақпараттың бір көзі ретінде оларға көмекші болады. Интерактивті оқытудағы оқытушының орны студенттердің қимыл әрекеттерін сабақтың мақсаттарына жеткізу болып табылады.

Аталған диспутқа сонымен қатар, интерактивті әдістердің «миға шабуыл», «ой генерациясы» (не, қашан, қайда) түрлерін де қолдануға болады [2].

Мысалы, «миға шабуыл» әдісінде «халық» командасы елді мекендегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын туралы мынадай өз ойларын айтады

«кәсіпорынның жұмысы әсерінен бау - бақшадағы еккен егін, егіс ерте солып, өнімдер алынбай қалды, өзіміз бен балаларымызда ауру етек алып жатыр, жұмыс істейтіндердің арасында жарамсыздық туралы ауруханадан анықтамалар алғандар көбейді, мал жайылымдары жарамсыз болуда, ал кәсіпорын қожайындары мен жанұялары басқа жақта тұрады, оларға бәрі бір». Бұл жерде ойлар әртүрлі, оның ішінде ұшқыр ойлар да бар.

«Ой генерациясы» әдісінде командалар мәселені талқылайды. Талқылау 10 минут болуы мүмкін. Команданың сұрақ – жауаптары шектеулі болуы мүмкін. Ойын бір академиялық сағатта бітуі тиіс.

Мысалы: «журналистер» командасының талдауы «халықтан түскен хабарлар негізінде тәуелсіз зерттеулер жүргізілді. Ол зерттеулердің нәтежесі мынадай: кәсіпорыннның технологиясы материалдық және моралдық ескіруге ұшыраған, құрал - жабдықтары оның ішінде сүзу - тазарту құрылғылары тозған. Осының әсерінен химиялық зиянды, улы заттардың лақтырындылары әуе кеңістігіне, су қоймаларына тасталған. Өндіріс қалдықтарының қоймалары талапқа сай емес, сондықтан егін, мал жайылымдары, денсаулық туралы халықтың айтқан шағымдары орынды».

(3)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

«Жасылдар» немесе халықаралық гринпис мүшелері командасы халықтың айтқандары мен журналистердің жазғанына орай, өздерінің зерттеулерін жүргізіп, мынадай тұжырымға келеді: «қазіргі уақытта әлемде техногенді апаттар көбеюде, мысалы мұнай өндіру кезінде Мексика шығанағында ВР компанисының салғырттығынан мұхитқа үлкен көлемде зардап келген, яғни онда балықтар қырылып, балдырлар жойылған, тек экономикалық шығындар 20 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ал Үндістанда химиялық кәсіпорындағы жарылыстан қоршаған орта ластанып, сондайақ адамдар шығынына алып келген. Жоғарыдағылардың негізінде, аталған химиялық кәсірорын жабылуы тиіс».

«Инвесторлер» командасы аталған талаптарды талдап, мынадай шешім түрлерін ұсынады: «Бұл кәсіпорын жақында сатып алынды, ол кезде кәсіпорын жұмысын тоқтатқан, халық игілігіне арналған өнімдердің аздығы әлемдік нарықта тапшылыққа соқтырған. Кәсіпорынды жұмысқа жіберу сол елді мекенде әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берген, яғни осында тұратын адамдардың көпшілігін жұмысқа тартуға мүмкіншілік берген. Оның үстіне, жергілікті футбол командасына, домбырашылар ансамбліне демеушілік жасалған, елді мекен ішінде жолдарды жөндеуге көмек берілген.

Кәсіпорынды жөндеу - жаңғырту жұмыстарына қаржы өте көп мөлшерде қажет. Оны шетелдік банктерден қарыз-несие түрінде алуға шешім шығарылған. Сонымен қатар, жабдықтарды жобалау, тапрырыс беру, дайындау, жеткізілуі зауыттарда белгілі уақытты атап айтқанда екі-үш жыл көлемін алады. Осы уақыт аралығында мектеп балаларын бір мезгіл тегін сүтпен қамтамасыз етіліп, емхана қайта жабдықталады. Қосымша уақыт берілуі сұралады». Ойынның келесі сатысында «Инвесторлер»,

«Технологтар», «Конструкторлар» командалары құрылады. Дискуссиялар мен талқылаулар жалғасын табады. Аталған кәсіпорын бойынша симпозиум болып, жоғарыдағы фокус – таптар талқылауларға қатысады. Симпозиум спикері «Инвесторлер» командасына сөз береді, олар өз кезегінде болған жайтты айтып, уақыт тапшылығынан мәселелерді оперативті түрде шешу жолдарының мүмкін әртүрлі нұсқаларын қарастырып беруді сұрайды.

«Технологтар» командасы «біздің аталған мәселелер бойынша тәжірибеміз бар, технологиямыз бар, ауаға суға шығарылатын лақтырындылардан қосымша өнім алып, пайда табуға болады мысалы әуе бассейніне шығарылып жатқан газ (күкірт диоксиді, көміртегі диоксиді т.б.) және шаңдарды тазартып, өңдеу арқылы күкірт қышқылын, карбамид тыңайтқышын және сирек металдарды алуға болады. Өз кезегінде кәсіпорынға бұрынғыдан 2-3 есе көп пайда әкеледі. Ол үшін кәсіпорын жағдайында өндірістік сынақ жүргізуге қаржы қажет». «Конструкторлар»

командасы «Біз технологтармен бірге жаңа технологиялық жабдықтарды, сүзу-тазарту қондырғыларды сынақтан өткізудеміз, олардың пайдалы жұмыс коэффициенттері 99,99 % тең, әлемдік стандартарға сәйкес келеді, оны өндірістік сынақтардан өткізуге өаржы қажет». «Инвесторлер» командасы

«өндірісте қолданылуы мүмкін сәтті идеялардың болғанына қуаныштымыз,

(4)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

сараптау-талдау топтарымызға тәуекелділікті анықтап, халыққа хабарлауды ұсынамыз». Спикер барлығына ризашылығын білдіріп симпозиум жұмысын жабық деп жариялайды.

Оқу үдерісіне оқытудың интетактивті әдістерін енгізу мынадай дидактикалық тәрбиелік талаптарды шешуге мүмкіндік береді:

- Оқу материалдарын тиімді сіңіру;

- Студентердің өзара іс қимылдары, командалық принциппен жұмыс істеу, кез келген пікірге шыдамдылық; әркімнің еркін пікірін силау, қадір қасиетті силау;

- Студенттердің шешім нұсқаларын өзіндік іздеуі, пәнге деген қызығушылығы, өз пікірлері мен қатынастарының қалыптасуы т.б. [3]

Қолданылған әдебиет:

[1] Торсықбаева Б.Б. Білім беру сапасын амал негізінде басқару, Алматы, 2010ж.

[2] Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары Көкшетау 2012 ж. Дуйсембиев М.Ж. Зерханалық сабақтарды жүргізуде студенттердің іскерлік дағдысын қалыптастыру

[3] О.П. Миханова Интерактивные методы обучения как средство формирования универсальных компетенций, Пенза университеті

Referensi

Dokumen terkait

Студентке орталықтандырылған оқыту мен білім беруді жҥзеге асыруда мынадай міндеттерді және бағалау критерийлерге негіз- делуі тиіс:  студенттердің тҥрлі топтарын, олар- дың

Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін: - оқытушы мен студент қарым-қатынастарына; - оқыту әдістемелеріндегі өзгерістерін; - білім беру

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» Ведущий 2: А теперь мы хотим вам учащимся 8 хб1 и 8 хб2 задать загадки попытайтесь

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» ОРГАНИЗАЦИЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ НА УРОКАХ ХИМИИ Нуржанова Н.. средняя школа при

Мысалы: Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық