• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭКСТРАДИЦИЯ ИНСТИТУТЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭКСТРАДИЦИЯ ИНСТИТУТЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Оспанова А.Т. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Халықаралық құқық» мамандығының студенті ЭКСТРАДИЦИЯ ИНСТИТУТЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ

Оспанова А.Т. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Халықаралық құқық» мамандығының студенті

ЭКСТРАДИЦИЯ ИНСТИТУТЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ

В данной статье рассматриваются проблемы одного из видов правовой помощи – экстрадиций.

Ключевые слова: международное право, правовая помощь, экстрадиция, выдача преступников, международный договор

In this article considered the problem one of the forma legal help – extradition.

Keynotes: international law, legal help, extradition, issue criminals, international contract Халықаралық құқық теориясында «беру» (экстрадиция – французша extraditition сөзінен және латынша ex – сыртында + traditio – тапсыру сөздерінен шыққан) ұғымына үлкен көңіл бөлінді.

Экстрадиция – тергеу және сот үшін тұлғаны бір мемлекеттен екінші мемлекетке беру;

халықаралық шартқа сәйкес немесе онсыз болуы мүмкін, бірақ саяси қылмыстарға айыпты тұлғалар берілуге жатпайды1.

Профессор Л.Н. Галенская беруді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе қылмыстық жазаны қолдану үшін халықаралық құқық нормаларына сәйкес бір мемлекеттің екінші мемлекетке қылмыскерді тапсыру үрдісі ретінде анықтайды.

Профессор Р.М. Валеев қылмыскерлерді беруді халықаралық және ұлттық құқық жапсарында орналасқан халықаралық құқық институттарына жатқызады.

Қылмыскерлерді беру институты халықаралық шарттарға және халықаралық құқықтың жалпы қағидаларына негізделген. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау үшін айыпкерді немесе айыпталғанды ол орналасқан аумақтың мемлекетінің оның тапсыруын талап етуші мемлекетке (талап етілген тұлға бұл мемлекетте қылмыс жасады немесе оның азаматы болып табылады) беруінен тұратын құқықтық көмек актісі.

Қылмыскерлерді беру институтына келесі белгілер тән2:

 беру процедурасы базаланатын нормалардың кешенді сипаты –берілген жағдайда екі өзіндік құқықтық жүйелердің – ішкі мемлекеттік және халықаралық құқық – нормалары өзара әрекеттеседі;

 бұл сұрақтарды өзі шешуге қабілетті халықаралық құқықтың басты субъектісі ретіндегі мемлекеттің құзыреті;

 беру тек қылмыстық қылмыстар жасаған жеке тұлғаларға ғана қатысты жүзеге асырылады;

 берілетін тұлға соттық ізге түсуге жатады немесе беретін мемлекеттің сот органымен анықталған жазаны көтереді.

Беру қылмыстық қылмыстармен күрестегі мемлекеттердің өзара құқықтық көмегінің актісі болып табылады. Халықаралық құқықтың берілген институтының мазмұны әлемдік

1 Богачева Е. Экстрадиция//Законность. 2000. № 5.

2 Бойцов А.И. Выдача преступников. – СПб.: Пресс заң орталығы, 2004.

(2)

қоғамдастықтың халықаралық қылмыстармен күресу үшін бірігудегі ортақ жүгерлеріне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.

Әлемге қарсы халықаралық қылмыстар, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы сұрақ алғаш рет неміс императоры Вильгельмге қатысты бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін талқыланды. Тек Біріккен Ұлттардың антигитлерлік коалициясын ұйымдастырушылық және құқықтық әзірлеуден кейін ғана бұл институтты осы түрдегі қылмыскерлерге қолдану мүмкін болды.

Түрлі елдердің заңнамалары экстрадицияның табиғаты туралы сұрақты әр түрлі шешеді. Мысалы, Италияда қылмыскерлерді беру туралы нормалар Қылмыстық кодекске (1984 ж.) енгізілген. Ресейдің жаңа Қылмыстық кодексінде де беру туралы бап бар.

Халықаралық құқық жүйесіндегі экстрадицияның, яғни қылмыскерлерді беру институтының орны бір мағынада талқыланбайды. Кейде оны өмірі біткен болмашы институт деп есептейді. Алайда қылмыстылық күрделенуде және шексіз болып табылады;

түрлі елдердің ұйымдасқан қылмыстарды тығыз байланыстар орнатады; бір елде қылмыс жасаған қылмыскерлер тұрғылықты жерлерін ауыстыра отырып, өздерінің

«бауырластарынан» қолдау мен көмек ала отырып басқа елдің аумағында жасырынады.

Мұның бәрі экстрадиция мәселесін өте өзекті етіп отыр. Осы кезде көптеген мемлекеттердің, егер олар дипломатиялық иммунитетті иеленбесе де, шетелде қылмыстар жасаған өздерінің азаматтарын бермеуге талпынысы байқалуда. Ал кейбір елдер өздерінен олардың ресоциализация ауыртпалықтарын алып тастай отырып, «өздерінің»

қылмыскерлерін қуана-қуана береді.

Экстрадицияның құқықтық табиғаты ұғымы да бірдей емес3. Кейбір ғалымдардың ойынша, қылмыскерлерді беру – бұл таза әкімшілік сұрақ, өйткені ол туралы шешімді сот емес, жиі түрде үкімет немесе кез келген оның органы қабылдайды. Демек, бұл институтты әкімшілік немесе мемлекеттік құқыққа жатқызуға болады. Сондай-ақ экстрадицияны қылмыстық іс жүргізу құқығының элементі ретінде қарастыруға болады, өйткені көз алдында нақты іс жүргізу кепілдерін орындаумен басқа елге қылмыс жасаған адамды беру тәртібі. Экстрадицияны қылмыстық құқықтың, нақты – жазалауды орындау институтының бір бөлігі деп санауға болады.

Қылмыскерлерді беру туралы Ресейдің, Францияның, Германияның, Ирландияның, Италияның, Португалияның, Испанияның конституцияларында да айтылған.

Ереже бойынша, еуропалық елдердегі экстрадиция сұрақтарын тәжірибелі түрде бәрібір де сот органдары, әсіресе дәстүрлі қылмыстық соттар шешеді. Сондай-ақ көптеген елдер қылмыскерлерді беру сұрақтарын шешу үшін экстроардинарлы соттар немесе ad hoc соттарын құруды мүмкін деп мойындайды.

Бұл туралы Австрияның, Данияның, Францияның, Португалияның, Швейцарияның және Испанияның заңнамалық актілерінде және заң әдебиеттерінде еске алынады.

Сондай-ақ Исландия, Финляндия және Швеция экстрадиция сұрақтарын шешу үшін ерекше соттарды құруды жоққа шығармайды.

Тарихи мәлімет ретінде қылмыскерлерді беру туралы сұрақ алғаш рет басқа елдерде лайықсыз әрекеттер немесе қылмыстар жасаған дипломаттарды жөнелтуге байланысты пайда болғанын еске алайын4. Жаңа институт - «дипломатиялық иммунитет» пайда болды, кейін бұл иммунитет таралған субъектілердің шеңбері кеңейді. Әрі қарай «бермеу құқығын» бұған дейін қашып кеткен елдің заңдары бойынша жазаланатын қылмыс жасап, басқа мемлекеттен саяси баспана өтінгендер пайдалана бастады. Соңында, саяси сенімдер түрімен «бермеу құқығын» қарапайым қылмыстық қылмыстар жасағандар пайдалана бастады. Белгілі факт болып кеңестік ұшақтың жолсерігін өлтірген Бразинскас литва террористерін Түркия мен АҚШ-тың бермеуі болды.

Қарастырылып жатқан институтты сынай отырып, көптеген ғалымдар мемлекеттер арасындағы экстрадиция туралы шарттар Адам құқықтары туралы Пактіге әрқашан сәйкес

3 Богачева Е. Экстрадиция//Законность. 2000. № 5.

4 Бойцов А.И. Выдача преступников. – СПб.: Пресс заң орталығы, 2004.

(3)

келе бермейтінін атап өтеді. Мұндай сәйкессіздіктің сипаттырақ мысалы – көбінде бірнеше жылға созылатын елдер арасындағы беру туралы келіссөздер жүрген жағдайлар, ал күнәсі әлі сотпен дәлелденбеген азамат осы жылдар бойы қамауда болады. Бұл жағдайлардағы халықаралық құқықтың жалпы және әбден ақылды ережелері ұлттық құқық қорғау органдарының қызметін шиеленістіреді, ішкі заңнамаға және адам құқықтары туралы пактілерге қарсы келеді. Сол себепті экстрадиция туралы шарттарға мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын міндетті құрметтеу кезіндегі адам құқықтары туралы пактілерде орын алатын жалпы қағидалар мен нормалар енгізілуі тиіс.

Бірақ, бұл қиындықтар мен қарсылықтарға қарамастан, халықаралық қылмыстылықпен күресте экстрадиция институтынсыз өту мүмкін емес екені анық.

Қылмыскерлерді беру үшін құқықтық негіздер болып халықаралық қылмыстық қылмыстардың жеке түрлерімен күрестегі халықаралық келісімдер табылады. Бұдан басқа, екіжақты тәртіпте бірнеше мемлекеттер экстрадиция немесе қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасаса алады. Қылмыскерлерді беру үшін заңды негіздерді белгілеу кезінде ұлттық заңнаманың нормалары және өзара құрметтеу қағидасының болуы назарға алынады.

Мемлекеттер қылмыскерлерді беру мәселелерін қалайша шешеді? Басты түрде – екіжақты немесе аймақтық келісімдер арқылы.

Экстрадиция туралы көптеген екіжақты шарттар бар. Бұл, мысалы, Германия және Югославия арасындағы келісім (1970 ж.), Германия және Австралия арасындағы (1987 ж.), Италия және Австралия арасындағы (1973 ж.), Испания мен Мексика арасындағы (1978 ж.), Бельгия және Австралия арасындағы (1985 ж.), Бельгия және Норвегия арасындағы (1981 ж.), Ирландия және АҚШ арасындағы (1983 ж.), сондай-ақ Латын Америкасы, Еуропа елдері арасындағы және т.б. келісімдер. Аймақтық келісімдердің ішінен 1966 жылы Ұлттардың британдық ынтымақтастығының мүшелерімен жасалынған қылмыскерлерді беру туралы шартты еске алуға болады.

Бұрынғы КСРО құқықтық көмек туралы бірнеше шарттар жасасты: ҚХДР-мен (1957), Польшамен (1958), Румыниямен (1959), Албаниямен (1958), Венгриямен (1958), Югославиямен (1962), Монғолиямен (1988), Финляндиямен (1978) және басқалары.

Алайда кейбір шарттарда экстрадиция туралы тараулар жалпы түрде, қажетті айқындаусыз қисынға келтірілгенін атап өткен жөн. Құқықтық көмек туралы шарттар жалпы беру туралы келісімнен кеңірек. Оларға мемлекеттік, азаматтық және құқықтың басқа салаларының сұрақтары жатады, олардың көмегімен экономикалық, мемлекетаралық және басқа қатынастар реттелінеді. Көбінде бұл шарттарда кез келген мәселе, соның ішінде экстрадиция, жеке реттелуі қажет екенін көрсететін нұсқаулықтар бар.

Қазір, егемен болған әрбір бұрынғы кеңес республикасы өзінің жаңа қылмыстық заңнамасын иеленеді немесе құрайды, ТМД-да қылмыскерлерді беру мәселелерін реттеу сұрағы ерекше өзектіге айналды. Көптеген жағдайларда бұл мемлекеттер арасында тиісті келісімдер әлі жоқ; беру сұрақтары түрлі елдердің прокуратуралары және ішкі істер немесе қауіпсіздік министрліктері арасындағы нақты жұмысшы келісімдер жолымен шешіледі.

Әлемде экстрадиция мәселесі бойынша жалпы сипаттағы келісімдер аз емес. 1957 жылы Парижде Экстрадиция туралы Еуропалық конвенция5 қабылданды. 1975 жылы Страсбургте бірнеше сұрақтарды анықтайтын осы Конвенцияға Қосымша хаттама6 қабылданды. 1978 жылы тағы да Страсбургте осы Конвенцияға Екінші Қосымша хаттама7

5 1957 жылғы 13 желтоқсандағы Беру туралы Еуропа Конвенциясы// «Консультант Плюс» мәлімет- құқықтық жүйесі.

6 1975 жылғы 15 қазандағы Беру туралы Еуропа конвенциясына Қосымша хаттама//«Консультант Плюс»

мәлімет-құқықтық жүйесі.

7 1978 жылғы 17 наурыздағы Беру туралы Еуропа конвенциясына Екінші қосымша хаттама//«Консультант Плюс» мәлімет-құқықтық жүйесі.

(4)

қабылданды. Еуропалық кеңес еуропалық мемлекеттер арасындағы экстрадиция мәселесі ұғымын жақындатуға тырысады.

Экстрадиция мәселелерін аз да болса шешетін бірнеше конвенцияларды атауға болады, мысалы 1983 жылғы Қылмыстарды жасаған тұлғалармен алмасу туралы Конвенция (Страсбург).

Қылмыскерлерді беруді реттейтін ережелер бар Еуропалық қауымдастық мүшелері арасында бірнеше келісімдер бар. Мысалы, "Аut dedere aut judicare" қағидасын талқылау туралы Еуропалық қауымдастық мүшелері арасындағы келісім (Брюссель, 1987 ж.) және Қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы Келісім (Брюссель, 1987 ж.), сондай-ақ Халықаралық қылмыстармен күрестегі ынтымақтастық туралы Конвенция (Брюссель, 1991 ж.).

Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлерді беру шарттарына мыналарды жатқызады8:

 жасалған әрекет беру туралы шартпен қарастырылуы керек немесе қылмыстық қылмыстардың жеке түрлері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда қарастырылуы керек;

 қылмыстық әрекет екі мемлекеттің (аумағында қылмыскер бар мемлекет пен экстрадицияны қажет ететін мемлекет) қылмыстық заңдары бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалануы керек;

 берілетін тұлға берілген жасалған қылмыс үшін ғана сотталынады;

 экстрадиция шарттары бойынша, егер беретін мемлекеттің заңнамасымен қарастырылмаса, өлім жазасы тұлғаға қолданылмайды;

 егер беру туралы өтініш қамауға алу туралы үкімді немесе бұл құқықбұзушылыққа қатысты шығарылған қамауға алудың басқа түрін орындау мақсатында ізделінетінге қатысты болса, беру егер бұл жазалау мерзімінің аяқталуына төрт-алты айдан аз қалғанда (мемлекеттер арасындағы келісім бойынша) рұқсат етіледі.

1990 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы «Беру туралы типтік келісім»

резолюциясын қабылдайды. Берілген кепілдеме актісін қабылдау БҰҰ мүше-мемлекеттері қылмыстық қылмыстылықпен күрес сұрақтарында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тиімділігін нығайтуға жәрдемдесті. Әлемдік бірлестік кепілдемелері бойынша беруден бас тартудың императивтік және факультативтік негіздері бар.

Беру келесі кез келген жағдайлар негізінде рұқсат етілмейді (императивтік негіздер)9: а) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан құқық бұзушылық сұралған мемлекетпен саяси сипаттағы құқық бұзушылық ретінде қарастырылса;

б) егер сұралған мемлекетте беру туралы өтініш тұлғаны нәсілі, діни сенімі, азаматтығы, этникалық тобы, саяси көзқарастары, жынысы немесе мәртебесі бойынша жазалау немесе соттық ізге түсу мақсатында жасалынған немесе мұндай тұлғаның жағдайына бұл себептердің кез келгені бойынша зиян тиюі мүмкін деп болжауға салмақты негіздер болса;

в) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан құқық бұзушылық әскери құқықпен қарастырылатын құқық бұзушылық болса, бірақ дәстүрлі қылмыстық құқыққа сәйкес құқық бұзушылық болып табылмаса;

г) егер сұралған мемлекетте тұлғаға берілген тұлғаны беру туралы өтініш түсіп жатқан құқық бұзушылық үшін соңғы үкім шығарылса;

д) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан тұлға қандай да бір елдің заңнамасына сәйкес ескіру мерзімінің аяқталуы немесе рақымшылықты қосқандағы кез келген себеп бойынша соттық ізге түсуден немесе жазалаудан иммунитетті иеленеді;

е) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан тұлға сұралған мемлекетте қатал қинауға, адамгершіліксіз немесе абыройды төмендететін қатынасудың немесе жазалаудың

8 Ю.М. Колосов. В.И. Кузнецов. Международное право // Учебник.

9 Ю.М. Колосов. В.И. Кузнецов. Международное право // Учебник.

(5)

түрлеріне ұшыраса немесе ұшырайтын болса, немесе оған қатысты қылмыстық тексеру үрдісіндегі минималды кепілдіктер қолданылмаса;

ж) егер сұралған мемлекеттегі сот шешімі қорғанысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мүмкіндіксіз немесе оның қатысуымен істің қайталап тыңдауынсыз шығарылса.

Бас тарту үшін факультативтік негіздерге мыналар жатады10:

а) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан тұлға сұралған мемлекеттің азаматы болып табылса;

б) егер сұралған мемлекеттің құзыретті органдары беру туралы өтініш түсіп жатқан тұлғаны соттық ізге түсуден босату немесе істі қозғамау туралы шешім шығарса;

в) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан құқық бұзушылыққа қатысты соттық ізге түсу, күтілетіндей, сұралған мемлекетте берілуі талап етілетін тұлғаға қарсы қозғалса;

г) егер беру туралы өтініш түсіп жатқан құқық бұзушылық сұраушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес өлім жазасына кесілсе. Бұл кезде, егер мемлекет өлім жазасын енгізбеу немесе оны орындамау туралы жеткілікті кепілдіктер берсе – онда беру жүзеге асырылады.

Беру туралы өтініш жазбаша түрде жіберіледі. Құжаттарды және кейінгі хаттарды мақұлдайтын өтініштер дипломатиялық каналдар арқылы немесе келісімде көрсетілген және тараптармен тағайындалған құзыретті органдар арасында тікелей беріледі. Бұл кезде, беру туралы өтініш сұралған тұлғаның нақты сипаттамасынан және экстрадиция үшін барлық қажетті ақпараттан тұру қажет.

Ал шығындарға келетін болсақ, сұралған мемлекет беру туралы өтінішке байланысты пайда болатын өзінің құзыреті шегіндегі кез келген сот талқылауының шығындарын көтереді. Сұралған мемлекет мүлікті тұтқындаумен және тапсырумен байланысты, сондай-ақ беру туралы өтініш түсіп жатқан тұлғаны тұтқындаумен және қамауға алумен байланысты өз аумағында болған шығындарды да көтереді. Сұраушы мемлекет транзит бойынша шығындарды қосқандағы сұралған мемлекет аумағынан тұлғаны ере жүруге кеткен шығындарды жабады.

Көбінде қылмыскердің өзі жылдам экстрадицияны талап етеді немесе, керісінше, оған қарсы шығады, себебі, ең алдымен, оны апаруы мүмкін жерден қарағанда, ол талпынып жатқан елдің абақтысында оны ұстау режимі «жеңілірек». Абақты режимінің позитивтік бағасы Скандинавия абақтыларына ерекше қатысты. АҚШ заңгерлері бүгінде Ресейден және ТМД басқа елдерінен шыққан қылмыскерлерге қатысты америкалық абақтылар туралы да солай дейді.

Халықаралық келісімдерде, сондай-ақ тиісті келісімдер болмаған немесе олар жетіспеген жағдайларда экстрадиция мәселелері қандай шарттарда және қалай шешілетінін қарастырайын. Кейбір жағдайлар құқықтық көмек туралы шарттардан шешімдерін таппайды, ал кейде мүдделі елдер арасында бұл шарттар болмайды да. Онда прецеденттерге сүйену қажет немесе әрбір істі нақты келісім арқылы шешу қажет.

Қылмыскерді беруді талап етумен байланысты жағдай әр алуан болуы мүмкін. Ол берілетін (берілмейтін) тұлға қай мемлекеттің азаматы екеніне, қазір ол қайда екеніне, қандай қылмыс жасалынғанына, және басқа жағдайларға байланысты айрықшаланады.

Қылмыскерді беруді талап етумен байланысты көбірек таралған жағдайлардың бернешеуін қарастырайын.

Мысалы, Н. Азаматы Ресейде ауыр қылмыс жасады да, Маврикия аралына қашып кетті. Онда ол Интерпол қызметкерлерімен ұсталынып, Ресей консулдығына берілді және кейін тергеу және сот үшін отанына қайтарылды.

Егер азамат «бөтен» аумақта («Б» мемлекетінде) қылмыс жасаса және қазір сонда немесе үшінші елде орналасса, іс басқаша болады. Негізінде «Б» мемлекеті бұл адамды өзі соттауға құқылы және ол азаматы болып табылатын «А» мемлекетіне оны беруге міндетті емес (егер, әрине, тиісті келісім болмаса). Алайда тәжірибеде мәселе әр түрлі шешіледі.

10 Бекяшев К.А. Международное публичное право. Учебник, 2005.

(6)

Ресей азаматы Сурков Манилада оқ қаруын заңсыз иеленгені үшін қамауға алынып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 1994 жылы Филиппин президенті оған кешірім жасау және оны Ресейде қылмыс жасаған филиппин матросына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сурков ресей билік органдарына берілді; жасалған қылмысқа байланысты қылмыстық іс қозғалынды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың әскери қылмыскерлері, соның ішінде шекарадан тыс қылмыс жасағандар олар азаматтары болып табылатын елдерге берілді (бірақ барлық жағдайда емес). Мұндай азаматтарды беру мәселелері елдер арасында жасалынған келісімдер негізінде, ал егер олар болмаса – дипломатиялық жолмен шешілуі керек11. Егер бөтен мемлекеттің азаматы «А»-ның аумағында қылмыс жасаса, бірақ қазір «өз»

мемлекетінде болса, оны көбінде сол жерде соттайды. Қазақстанның Қылмыстық кодексінде сұрақ осылай шешіледі. Егер мұндай қылмыскер үшінші елде болса, онда бұл ел оны «А» немесе «Б» елдеріне беруі мүмкін, алайда, егер халықаралық қылмыс жасалса, өзі соттауы мүмкін. Алайда басқа шешімдер де бар.

1993 жылғы қыркүйекте үш иран азаматы Ресей аумағында Бакуден Пермьге ұшып бара жатқан ұшақты басып алды, және экипажды маршрутын өзгертуге және Ослоға қонуға мәжбүрледі. Онда айдаушылар ұсталынды. Бір жылдан кейін Норвегия үкіметі бұл шетелдіктерді Иранға емес, Ресейге беру туралы шешім қабылдады.

Беру туралы мәселе аумақтық қағидасы (қылмыс жасалған орын мен қылмыскердің орналасқан жері) мен бұл тұлғаның азаматтығының үйлесімімен шешілетінін атап өтуге болады. Менің ойымша, беру үшін шешуші болып азаматтық қағидасын есептеген жөн, яғни жауапкершіліктің аумақтық емес, персоналды қағидасы әрекет етеді.

Тергеу және сот үшін қылмыскерлерді беру сұрақтарына қылмыс жасағаны үшін

«бөтен» мемлекетте сотталған тұлғаларды отанына тапсыру мәселесі қосылады. 1978 жылы көптеген елдер, соның ішінде КСРО, Азаматтары болып табылатын мемлекетке жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айырылған тұлғаларды беру туралы Конвенция жасалынған.

Бұл Конвенцияға сәйкес, мұндай тұлғалар жазасын өтеу үшін отанына жіберіледі, алайда келесідей шарттармен. Беру жүзеге асырылмайды, егер:

а) сотталған «өз» елінде бұл қылмыс үшін жазасын өтесе немесе ақталса не іс тоқтатылса;

б) ескіру мерзімдері аяқталса немесе үкімді отанында орындау үшін басқа кедергілер болса;

в) сотталғанның үкім шығарған елде тұрақты тұратын жері болса.

Шетелде сотталынған тұлғаларды жазасын өтеу үшін «өз» елдеріне қайтару тәжірибесі салыстырмалы түрде үлкен емес.

Экстрадиция аясында әлі толығымен өңделмеген, алайда халықаралық ғылыми бірлестікпен мойындалған бірнеше негізгі келесі қағидалар бар:

а) экстрадиция туралы келісімдерде адам құқықтарының жүйелі орындалуы, олардың адам құқықтары туралы патілерге сәйкестігі;

б) экстрадиция туралы халықаралық конвенциялар мен келісімдерде қарастырылған адамның негізгі құқықтарын ішкі заңнамаға инкорпорациялау;

в) жалпы өлім жазасына деген қарсылықты есепке ала отырып, жазалаудың бұл шарасын қолдану мүмкіндігі жағдайларындағы экстрадицияға абай қарау (кейбір елдердің заңнамалық актілерінде егер қылмыскерді бергеннен кейін оған өлім жазасы қолданылатын болса, экстрадицияның болмайтыны тура көрсетілген);

г) экстрадиция туралы келісімдерде және оны қолдану тәжірибесінде БҰҰ ұсынылған тұтқындармен қатынасудың минималды ережелерін қатаң орындау;

д) сотталғандарды қинау немесе қатал қарау қолданылатын елдерге экстрадицияның қолданылынбауы;

11 Бекяшев К.А. Международное публичное право. Учебник, 2005.

(7)

е) нәсілдік, діни немесе басқа негіздер бойынша шектеу бар елдерге экстрадицияның қолданылынбауы;

ж) адамгершілік қағидасы орын алатын, соның ішінде қылмыс жасағандарға да, елдерде экстрадицияны қолдау.

Қылмыскерлерді беру мәселелерін қарастыруды қорытындылай келе, құқықтың кешенді саласы ретінде халықаралық қылмыстық құқық бұл институтсыз өмір сүре алмайтынын атап өткен жөн12. Оның тек халықаралық емес, басқа қылмыстарға да қолданылуы халықаралық қылмыстық құқықтың дамуында жаңа кезең басталғанын білдіреді. Ол халықаралық, халықаралық сипаттағы қылмыстар және жалпы қылмыстылықтың көптеген түрлері арасындағы шекаралар барған сайын ашық болып бара жатқанына байланысты. Сондай-ақ бұл үрдіс халықаралық қылмыстық құқықтың мемлекеттердің ішкі құқығын, немесе керісінше жұтуы ретінде бағалануы мүмкін емес.

Айырмашылықтар әрқашан болады. Олардың «араласуы» мүмкін емес. Бірақ әлемде болып жатқан процесстерді есепке алу қажет. Бұл салалардың мақсаты – қылмыстық озбырлықтан барлық халықаралық бірлестікті және әрбір адамды қорғауға бағытталған түрлі түрлермен және түрлі әдістермен қылмыстылықпен күресу.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. 1957 жылғы 13 желтоқсандағы Беру туралы Еуропа Конвенциясы// «Консультант Плюс» мәлімет-құқықтық жүйесі.

2. 1975 жылғы 15 қазандағы Беру туралы Еуропа конвенциясына Қосымша хаттама//«Консультант Плюс» мәлімет-құқықтық жүйесі.

3. 1978 жылғы 17 наурыздағы Беру туралы Еуропа конвенциясына Екінші қосымша хаттама//«Консультант Плюс» мәлімет-құқықтық жүйесі.

4. Богачева Е. Экстрадиция//Законность. 2000. № 5.

5. Бойцов А.И. Выдача преступников. – СПб.: Пресс заң орталығы, 2004.

6. В.Н.Кудрявцева. Международное уголовное право. – М.: 1999.

7. Ю.М. Колосов. В.И. Кузнецов. Международное право // Учебник.

12 В.Н.Кудрявцева. Международное уголовное право. – М.: 1999.

Referensi

Dokumen terkait

Жиында «Болашақ» Президенттік халықаралық білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік кеңістікке ықпалдасуы үдерісіндегі рӛлі, «Болашақ» Президенттік