• Tidak ada hasil yang ditemukan

ІРІ ҚАРА ТУБЕРКУЛЕЗІН АНЫҚТАУДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ (ПТР) ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ІРІ ҚАРА ТУБЕРКУЛЕЗІН АНЫҚТАУДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ (ПТР) ӘДІСІН ҚОЛДАНУ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ІРІ ҚАРА ТУБЕРКУЛЕЗІН АНЫҚТАУДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ-

БИОЛОГИЯЛЫҚ (ПТР) ӘДІСІН ҚОЛДАНУ Джанузакова Г.А магистрант,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Орал қ.

Ғылыми жетекші – Кушалиев Қ.Ж. в.ғ.д., профессор

Ветеринарлық ғылымның ӛзекті мәселелерінің бірі – бҧл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және кҥрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда.

Ірі қара туберкулезімен кҥресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады:

ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және қҧрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың қҧрылу мҥмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ҧйымдастырумен [1].

Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін ӛзіндік алдын алу ҥшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды [2].

Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 тҥрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді тҥрде болады:

 Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бҧл тҥрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек қҧстар ғана (тотықҧстан басқасы) қоздырғыштың осы тҥріне шалдыға алмайды. 

  Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек қҧстарда болмайды. 

  Mycobacterium avium – ҥй және жабайы қҧстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. 

 Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жҥргізіледі, 2007 жылы 12 454,7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң кӛрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді [2,3]. 

29

(2)

Ірі қарада туберкулез кезінде кӛбінесе ӛкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы тҥрде ӛтеді, ал жас тӛлдерде – ӛткір болады.

Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, кӛң тӛсеніші және т.б. арқылы таралады. Жас тӛлдер туберкулезді кӛбінесе ауру жануарлардың сҥтінен және кӛк сҥт арқылы жҧқтырады. Қҧрсақ ішінде де бҧзаулар зақымдалуы мҥмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық тҥрімен де зақымдануы мҥмкін. Ірі қара малы мал қорада кӛбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда – алиментарлы жолмен зақымдалады [3].

Туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу болып табылады.

Туберкулинизацияны 2-айлық жануарларға жҥргізеді. Зерттеу ҥшін туберкулез қоздырғышының ӛлі культураларының стерилденген фильтраты - туберкулин-(аллергенді) қолданады [4].

Туберкулинизация әдістерінің кӛбінесе екі әдістерін қолданады: тері ішілік – барлық сҥтқоректі жануарлар және қҧстардың (жылқыдан басқасы) туберкулезін аллергиялық тәсілмен анықтаудың негізгі әдісі және кӛзді (офтальмосынама) – жылқы туберкулезін анықтау ҥшін қолданылады. Кей кезде бҧл сынаманы ірі қара туберкулезін тері ішілік әдісімен анықтағанда бірге пайдаланады.

Енгізу орны – тері ішілік әдісінде туберкулинді ірі қараға мойынның ортаңғы бӛліміне енгізеді. Ірі қарада ӛтетін реакция нәтижесін есептеу препаратты енгізгеннен кейін 72 сағаттан соң алынады. Туберкулинді енгізудегі реакция нәтижесі оң немесе теріс болуы мҥмкін. Табиғатта туберкулездіктен басқа патогенді-шартты мӛлшерден тыс және сапрофитті микобактериялар болады. Осы микобактериямен жҧқтырылған жануарлар сҥтқоректілерге арналған туберкулинге жауап беруі мҥмкін, бҧл туберкулезді аллергиялық әдіспен анықтау ҥшін қиындық туғызады. Сондықтан да, туберкулезді сенімді тҥрде анықтау ҥшін біз ПТР әдісін қолдандық [4].

Жҧмыстың негізгі мақсаты – ветеринарлық практикаға ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тәжірибелік анықтау ҥшін жаңа әдіс – ПТР әдісін енгізу және қолдану.

ПТР әдісі M.bovis және M.tuberculosis туберкулез қоздырғышын табу ҥшін «МТБ- КОМ» тест-жҥйесін пайдалану арқылы, полимеразалық тізбектік реакция кӛмегімен ӛткізіледі ( ҧйымдастырушы-ӛңдіруші - ФГУН ЦНИИЭ Роспотребнадзора, Москва қаласы).

ПТР (полимераздық тізбекті реакция) – зерттеудің молекулярлық-генетикалық әдісі. Әдістің негізі in vitro-да әр тҥрлі ферменттерді пайдаланып, ДНҚ-ң анықталған бӛлігін кӛшіру болып табылады. ПТР-ң әрбір циклі 2-5 мин болады, ал амплификация ҥрдісі 1,5-4 сағатқа созылады. Бҧл әдіс жоғары сезімталдылықпен ерекшеленеді және оның кӛмегімен ДНҚ матрицасының бастапқы мӛлшерінен амплификаттардың микрограммдық мӛлшерін алуға болады (кей жағдайда бірнеше кӛшірмелерін) [5].

Полимеразалық тізбектік реакция – ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тез анықтайтын әдіс, сонымен қатар, еттен микобактерияны табудағы нәтижелі тәсіл болып табылады. ПТР 3 кезекті стадиялардан тҧрады (денатурация, жасыту, элонгация) (Mullis, 1987) . Реакциондық қоспаның қҧрамында келесідей компоненттер болады: праймерлер, ПТР жҥргізу ҥшін буфер, MgCl 1.5 M, дизоксинуклеотидтрифосфат қоспасы dNTP және Taq-полимераза [5].

Батыс Қазақстан облысы, Круглоозерное ауылында «Светлана» ЖШ-да 65 бас зерттеуге алынды. Ірі қара мал қанынан ДНҚ-ны бӛліп алу ҥрдісі Амплисенс «ДНК-сорб-Б»

атты коммерциялық жиын кӛмегімен жҥргізіледі. 100 мкл M. Тuberculosis spp сынамасына 300 мкл лизирленген ерітіндіден қҧралған алдын ала дайындалған ерітінді және 10 мкл ВКО Mycobacterium tuberculosis complex қосылады. Сынамалар 65 °С 5 минутта лизиске ҧшырайды, кейін 25 мкл сорбент суспензиясы қосылады. Сорбент 5 мың айн/мин, 30 сек микроцентрифугада тҧнбаланып, супернатант бӛліп алынады. Бҧдан кейін № 1 шайып алу ҥрдісі (300 мкл) және № 2 шайып алу (500 мкл) ҥрдістері орындалады. № 2 шайып алу

30

(3)

ҥрдісі қайталанады. Элюцияны 50 мкл ТЕ-буфермен жҥргізеді. ДНҚ-ны бӛліп алу сапасы агароздық гельде электрофорез әдісімен анықталады.

42 циклден тҧратын амплификация бағдарламасы жасалынды. Бҧл бағдарламада 1 этап «денатурация» 95 °С 3 минут, 2 этап «жасыту» 63 °С 1 минут және 3 этап

«элонгация» немесе «талдау» 72 °С 1 минут болады.

1 – Сурет. ПТР ӛткізгендегі алынған нәтиже кӛрінісі.

Диагностикада аллергиялық әдісті қолданған кезде 1 оң нәтиже шықты, алайда ПТР диагностикасын жҥргізгенде нәтиже теріс болғандықтан, бҧл әдіс ауру жануарларды сенімді тҥрде табуға мҥмкіндік бермейді. Осы негіздемелерге сҥйене отырып, біз туберкулезді сенімді тҥрде анықтау ҥшін ПТР әдісін ҧсынбақпыз. Микобактерияны тауып алудағы әр тҥрлі диагностикалардың қҧндылықтарын ҥйрену – туберкулез диагностикасын ӛткізу ҥшін екі әдісті де, аллергиялық және ПТР-ді қатар қолдану керектігін кӛрсетті. Бҧл әдістерді бірге қолдану, қысқа мерзімде қоздырғыштың бар екендігін, тҥрін анықтауға мҥмкіндік береді, ал ол бізге ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін жою және алдын алу шараларын ӛңдеу ҥшін ӛте қажетті.

Әдебиеттер

1. Владимирский М.А. и др. // Проблемы туберкулѐза и болезней лѐгких. 2003. № 12.

2. Баскаков Н.И. и др. // Ветеринария. 2006. № 4.

3. Аксѐнов М.Ю., Гинцбург А.Л. // Молекулярная генетика, микробиология и вирусология. 1993. № 4.

4. Молев А.И. // Ветеринария сельскохозяйственных животных. 2007. № 2.

5. Altamirano M. et al/ // J. Clin. Microbiol. 1992. Vol. 30.

Referensi

Dokumen terkait

Пайдаланылған және жаңа байырғы және шашыраңқы кен орындарында негізгі және ілеспе пайдалы компоненттер қорларының азаюы металлургиялық өндірістің қолда бар көлемін ұстап тұру және