• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Молдахметова П., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Нұғыманов Е.Е., з.ғ.к., доцент

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

В данной статье обсуждается применение авторского права, а так же приведены примеры правонарушений. Эта тема является актуальной в данное время и мы считаем, что подобрана она очень кстати. В статье приведены четкие примеры, которые несут отрицательный характер. К сожалению, в наше время эти правонарушения встречаются все чаще и чаще. Обращено внимание на законодательные акты, которые регулируют эти отношения. Так же привлекают внимание пробелы и недостатки в некоторых нормативно-правовых актах. В конце статьи можно прочитать заключение и предложения, которые могли бы предотвратить данные правонарушения.

Ключевые слова: авторское право, собственность, правонарушения

In given article is discussed using the copyright also cite an instance of offence. Also is paid attention to disadvantages and gaps in the our legislation. Both positive and negative examples occurring in practice. In the end of article are given examples, which might prevent these offences.

Keynotes: legislation, copyrights, disadvantages

Авторлық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы ӛзге де заң актілермен, ал ол арда кӛзделген жағдайда ӛзге де заң актілерімен реттеледі . Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда ӛзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр.

Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау.

1995 жылғы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-сессиясында 23 сәуір (1996 жылдан бастап) - Кітап және авторлық құқық күні болып жарияланды. Интеллектуалдық меншік құқығы, оның ішінде авторлық құқық адамзат ӛмірінде ӛте маңызды жайттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік емес құқығы, немесе оның жеке меншігі. Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, кӛлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің ӛздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және ӛнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды.

Осы авторлық құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны тіркеу, ӛзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы басты талап емес. Авторлық құқықтың қолданылу аясына келетін болсақ, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және автор қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.

Автордың ӛзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын

(2)

қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез келген адам авторлық сыйақы тӛлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Негізінен, авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе ӛсиет бойынша беріледі. Автордың құқығын қадірлеу және қорғау шараларын одан әрі дамыту, жетілдіру үшін болашақта бірқатар қосымша құжаттарды қабылдаумен сипатталады, ӛйткені автор құқығын қорғау – еліміздің мүддесін қорғаумен пара-пар. Қазіргі уақытта автордың құқығын бұзып, оның еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін ӛзгенің пайдалану жағдайлары әлі толастар емес. Солардың ішінде әсіресе авторлық құқық нысандарын пайдалану, музыка саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап шығару ісінде кеңінен етек жайғаны да жасырын емес. Сол себептен де авторлық құқық дегеніміз – бұл жай ғана сӛз, жалған жансыз түсінік емес, ол әрбір ӛнерге құштар адамның, ғалымның, ӛнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нәтижесі.

Қазіргі уақытта тек дүние жүзінде емес, ӛз еліміздің аумағында да авторлық құқықтың бұзылуын, ӛкінішке орай, күнде кӛруімізге болады. Бұның барлығы авторлық құқық саласындағы сауатымыз кемшін екенін мойындағанымыз жӛн. Соның салдарынан әр түрлі құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Алайда, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны анық. Кӛше бойын жағалай заңсыз диск саудалаушылар қаптап кеткен.

Оның арасында не жоқ дейсіз? Адамның қанын суша ағызатын қылмысты насихаттайтын, тіпті ӛзін-ӛзі ӛлімге итермелеуді жарнамалайтын фильмсымақтар ӛріп жүр. Сатушылар, әсіресе, бүгінде шетелдік боевиктер, ресейлік сериалдар мен ӛзбек фильмдеріне сұраныс кӛп екендігін айтады. Сондай-ақ сатира театрларының қойылымдары да қағаз қорапта кӛп жатпайтын кӛрінеді.

Диск сатушыларға тыйым салу мүмкін болмай отырғандығын жасыруға болмас.

Олардың кӛпшілікке ұсынып отырған ӛнімдерінің дені заңсыз кӛшіріліп басылған. Оны таратушылардың тайраңдап кеткені соншалықты, тіпті заңда бұған арнайы бап бар екендігіне пысқырмайды да. Ӛтімді тауардың бағасы да тым арзан. Бар болғаны – 200-300 теңге. Ал ескіріп қалғандарының ӛзін 100 теңгеге бере қояды. Бүгінде шоу-бизнесте жүргендер аудио, бейне таспалар арқылы табыс табу мүмкін емес екендігін әлдеқашан-ақ мойындап қойған. Таспа шығысымен-ақ оның кӛшірмелері қаптап кетеді. Авторлық құқық туралы заңның аяққа тапталғанына осылайша куә болып жүрміз. Ал жасырын цехтар жұмысын тияр емес. Оған мысал ретінде ӛткен жылдың ӛзінде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің күшімен меншікке қарсы барлығы 78 қылмыс анықталса, соның ішінде авторлық құқықты заңсыз пайдалану фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалған.

Былтырғы жылы Тараз қаласында жеке кәсіпкер тұзаққа түскен болатын. Ол қазақстандық иегер компаниялардың рұқсатынсыз олардың авторлық құқықтарын заңсыз пайдаланған. Облыс орталығындағы Қазыбек би кӛшесінде орналасқан үйлердің біріндегі ӛзінің жасырын цехында жүздеген дана контрафактілік DVD дискілеріне шетелдік фильмдер кӛшіріп жазған. Тексеру барысында аталған цехтан сатуға дайындалған қолдан жасалған DVD дискілер, жазатын аудио-видео аппаратуралар және дайын дискілерді қаптайтын қорапшалар табылған. Қолға түскен кәсіпкер қазір осы тауардың ӛтімді екендігін алға тартыпты. Заңнан хабары бола тұра, осы кәсіпті нәсіп етуге мүжбүр болғанын мойындаған. Департаменттің тергеу басқармасы осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 184-ші бабы 2-ші тармағы бойынша (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) қылмыстық іс қозғап, іс материалдарын сотқа жолдады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекінің Ерекше бӛлімінің 6-тарауы, яғни

«Меншікке қарсы қылмыстар» деп аталатын тарауының 184-бабына сәйкес авторлықты

(3)

иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе ӛзге құқық иеленушіге елеулі зардап келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе жүзден бес жүз айлық есептік кӛрсеткішке дейінгі мӛлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе ӛзге де табысының мӛлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Егер келтірілген залалды орнына келтірген әр кәсіпкер осылайша жеңіл жазамен құтылып кете беретін болса, ендігәрі қайта жаза баспасына кім кепіл? Аудандық сот осылайша жеке кәсіпкерге жеңілдік жасап отырған сыңайлы. Мұның ӛзі авторлық құқықты бұзу сияқты заңсыздықтарға даңғыл жол ашып бермей ме? Қалай болғанда да меншік құқығына залал келтіріп, пайда тапқыштардың қатары кӛбейіп барады. Оған әзірге тыйым болар түрі жоқ. «Алаш айнасы» газетінің бір санындағы заңгердің авторлық құқықтың тапталуы туралы мынадай ойы бар екен:

Нышан АҒАБЕКОВ, заңгер:

– Авторлық құқықты аяққа таптап, заңға қайшы әрекетке баратындардың тым кӛбейіп бара жатқаны жасырын емес. Әсіресе аудио, бейнетаспалар нарығында алаяқтық әрекетке баратындардың қарасы тым кӛп. Бұған арнайы заң бар болғанымен, оған тосқауыл бола алмай отыр. Шетелдік ӛнер жұлдыздары осы бір ғана бейнетаспалар арқылы жылына бірнеше миллиардтаған қаржыны қалтасына басады. Оларда кӛшіріп басу, авторлық құқыққа қарсы әрекетке бару заңмен қатаң қадағаланады. Біздің елімізде расында бейнетаспалар сату арқылы байып кету мүмкін емес. Ӛйткені заңның солқылдақ тұсы кӛп.

Авторлық құқыққа залал келтіріп, кӛшіріп басып пайда тапқыштарды 100 айлық есептік кӛрсеткішпен жазалау деген күлкілі нәрсе. Сондықтан заң талаптарын қатайту керек.

«Авторлық құқық туралы» заңның кейбір баптарын қайта қарап, қатаңдатуды ұсынар едім.[3]

Авторлық құқықтар және оларды қорғау туралы елімізде семинарлар, коференциялар ӛткізілуде. Мысал ретінде 2008 жылғы 15 қыркүйекте Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Алматы каласында «Авторлық құқықтарды қорғау және сақтау» тақырыбында семинар ӛткізілгенін айтуға болады.

Семинар жұмысына қатысу үшін Қазақстандағы эфирлік және кәбілдік хабар тарту ұйымдарының, фонограмма ӛндірушілердің және орындаушылардың ӛкілдері шақырылды. Семинарда сабақтас құқық саласында туындайтын сұрақтар мен мәселелер, оның ішінде фонограмма ӛндірушілердің, орындаушылардың, эфирлік және кәбілдік хабар тарту ұйымдарының құқықтарын қорғау, сонымен қатар құзыретті органның сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару бойынша қоғамдық ұйымдармен ӛзара іс- әрекетіне байланысты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстанда авторлық құқықты бұзу жӛнінде жыл сайын 50-ден кем емес іс қаралады. Бұл туралы 11 қарашада бүгін ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әділ сот институтының директоры Мұрат Бейбітов

"Авторлық құқық - ХХІ ғасыр. Авторлық құқықты дамыту және оны сотпен қорғау проблемаларын шешудегі ТМД келешегі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында журналистерге берген сұхбатында мәлім етті. "Қазақстанда авторлық құқықты бұзу жӛнінде жыл сайын 50-ден кем емес іс қаралады", - деді М.

Бейбітов. Оның айтуынша, "ТМД шеңберінде авторлық құқық бойынша заңнаманың орындалуы аса үлкен қиындық тудырады".

Авторлық құқық - ӛнер мен әдебиетті, ғылымды ӛмірінің айнасы ретінде кӛретін адамның ӛмір сүруіне қажетті табыс кӛзі болуымен қатар, оның адами бейнесін, рухани жан дүниесін айрықша білдіретіндіктен бұл қасиетті ұғымның тамыры терең, аясы ӛте кең. Қандай меншік түрі болмасын, санаткерлік меншікпен теңдестірілмейді. Ӛйткені, ол қанша мезгіл ӛтсе де тозбайтын, ескірмейтін қазына, халықтың рухани байлығы. Сол себептен де оны әрқашан қолдап, жұмыла қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз, міндетіміз болып қала бермек. Сол үшін авторлық құқықты қорғау, оның бұзылуын

(4)

болдыртпау – бәрімізге де қатысты мәселе. Зияткерлік меншікке, соның ішінде авторлық құқыққа қатысты мәселелерге Авторлық құқықтың болдыртпауын қадағалайтын авторлар қоғамынан басқа ешкім басын ауыртпайды. Астанада Зияткерлік меншік жӛніндегі комитет бар. Бірақ бұл туралы біреу білсе, біреу білмейді. Негізінде, авторлардың жыртысын жыртып, жырын жырлайтын осы мекеме болуы керек. Бірақ олардың жұмысынан халық бейхабар. Осындай комитеттердің ӛз жұмысын дұрыс атқаруы бұл мәселені біршама жеңілдетер еді.

Заң шикі, бірақ біз сол шикі заңның ӛзін дұрыс жүзеге асыра алмаймыз. Біреудің ақысын жейтіндер үшін біздің заңды білмегеніміз, сауатсыз болғанымыз, ӛз құқығымызды қорғай алмағанымыз тиімді. Сондықтан заңның кейбір баптарымен шектелмей, оның аясын кеңейтіп, жетілдіріп, сондай-ақ ӛз құқықтық білімімізді де арттыру керек. Ал енді елімізде қабылданған заңдардың ӛзін тек біз ғана емес, мемлекеттің ӛзі құрметтей алмайды. Ӛткен жылы Елбасы «интеллектуалдық меншікке жіті назар аудару керек»

деген мәселені қойған кезде ғана прокуратурасы бар, министрліктері бар – барлығы бір- екі айдай даурығып, ӛздерінше қимылдай бастады да, кейін қайтадан тыншып қалды.

Сонымен қатар авторларымыз да ӛздерін-ӛзі айдаһардың аузына итереді де, құқықтарын дұрыс қорғата алмай жүреді. Ал құқық бұзушылар авторлардың селқостығын, мемлекет тарапынан қатаң бақылаудың жоқтығын пайдаланады.

Ғылыми жұмысты жазу барысында авторлық құқықтың қалай қорғалуына аз да болса ұсыныстар бергім келеді. Авторлық құқықтың бұзылуының ең басты мәселесі халқымыздың құқықтық сана сезімінің тӛмендігінде деп ойлаймын. Кез келген жердегі авторлық құқықтың бұзылуына куә болып тұрған азаматтар оны жоюға, немесе жоғарыда аталған заңсыз дискілердің ӛзінде ақ оларды сатып алуға ешбір ұмтылмауы керек деп есептеймін. Бұл құқықтың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы – жәбірленушілердің барлық халық емес, тек қана атаулы авторлар ғана болуында. Яғни, бұл құқық бұзушылық барлығымызға бірдей зиян әкелмейді, тек қана санаулы адамдардың қатарына ғана ӛзінің зиянды жақтарын әкеледі. Авторлар ӛз құқықтарын орында қолдана алуы қажет. Республикада ұжымдық құқықтарды қорғайтын ұйым бар.

Автор ӛз құқығын сол ұйымдар арқылы қорғай алады. Ӛз шығармаларына құқығын тіркеуге ниет білдірген автор тек ӛтініш толтырады. Онда ойлап тапқан дүниесінің атауы мен күнін кӛрсетеді. Міндетті түрде жеке куәлігінің кӛшірмесі және 3 айлық кӛрсеткіш кӛлеміндегі баж салығын тӛлегендігі туралы түбіртекті қоса тіркейді. Ал егер де ешқандай авторлық құқығы жоқ халық әндері немесе қоғамдық игілікке айналған мұралар болатын болса, олардың арнайы тізбесі кӛрсетілуі тиіс деп ойлаймын. Яғни ол заңсыз әрекеттердің санын азайтады деп ойлаймын. Ең алдымен авторлық құқық бұзушыларға тағайындалатын жазаны қатаңдату шараларын қарастыру қажет, ал ол үшін кейбір заңнамаларды қайта қараған жӛн. Ал кейін, дұрыс қабылданған заңдар арқылы оларды дұрыс пайдаланғанымыз жӛн. Әрбір автор ӛзінің құқықтары мен міндеттерін білгені жӛн.

Ал аталған заңнамалардың дұрыс орындалуын қадағалайтын және олардың дұрыс жүзеге асыруын тексеретін, халыққа кӛмек бере алатын комитеттер мен мекемелердің кӛп болғаны және олардың дұрыс жұмыс жасауын қадағалаған жӛн.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы, 2011.

2. Қазақтан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы, 2010.

3. «Алаш айнасы» газеті // «Авторлық құқық және плагиаттар». 25.04.2009.

4. Bnews.kz. «Жамбылдық қаржы полициясы авторлық құқықтарды бұзу фактілерін анықтады» 05.08.2009.

5. www.tor.kz

Referensi

Dokumen terkait

Наразылықтың дефинициясы және саяси наразылық, табиғи ресурстар төңірегіндегі наразылықтар және наразылықтарды зерттеудегі өзге де аспектілер секілді мәселелер бойынша жарияланған

Салықтық құқық бұзушылықтар мен олардың пайда болу түрлері Салықтық құқық бұзушылықтар Пайда болу белгілері Жеке және заңды тұлғалардың ресми және шынайы табыстары