«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?
Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдарының әртүрлілігінен туындап отырган деуімізге толық негіз бар. Бұл турасында кезінде көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», - деп жазуы сөзімізді тірілте түседі.
Бір кереметі, араларында қанша талас-тартыс болғанына қарамастан, бұл екі басылымның бірінің сөзін екіншісі сөйлеп, бірін-бірі қолдап отырғаны коңіл аудартпай қоймайды. Бұдан оларды шығарушылардың жеке бас қамынан бұрын ұлт мақсатын биік қоя білген азаматтық болмыстарын жете тани түскендей боласыз. Оған бір ғана мысал, «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген мақала жарияланған. Онда
«қазақтың айналдырған жалғыз журналының бірнеше жыл шығып түрып, ересек болған соң тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдіре отырып, «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған журналды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын газеттерінде көшіріп басуды өздерінің азаматтық борыштары санайды. Ал «айқаптықтар» болса, өз кезектерінде журналдың қаражат тапшылығынан жабылатындығына өкініштерін білдіре келіп, газет төңірегіндегілерге мынадай тілек-баталарын береді: «Журналды шығарғандағы мақсатымыз халыққа жол көрсетпек еді.
Газеташылық, журналшылдық қазақ жігіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек еді. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.
Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Желкілдеп шыққан жас шөптей Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды (Алтынсарин сөзі)».
Осы жолдарды оқи отырып, бұл екі басылым арасында елеулі идеялық қақтығыс болмағандығына көзіміз жете түседі. Бірақ, соған қарамастан күні кешеге дейін ол екеуінің біріне-бірі қарсы қойылып зерттелініп келгені, ащы болса да, тарихи шындық. Оны зерттеушілер кінәсінен емес, уақыт талабынан, яғни сіреспе таптық идеология зардабынан туған олқылық деп қабылдаған ләзім.
«Айқап» пен «Қазақ» арасында туындап отырған айтыс-тартыс туралы алғашқы пікірлерді көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтың тарихи тақырыпта жазған еңбектерінен кездестіреміз1. Бір айта кетерлік жай, өздері өмір сүрген уақыт талабына қайшы екендігіне қарамастан олар бұл мәселеге объективті түрде баға беруге тырысқан. Алайда, үстемшіл орталықтың өктем саясаты салдарынан ол бастама жөргегінде тұншықтырылады.
Бертінірікте бұл тақырып өзгеше өң ала бастаған. Екі басылым арасындағы пікірталасты таптық мүдделерінің қайшылығынан деп
___________________________________
1 Рысқұлов Т. Избранное труды. Алма-Ата, 1984, 159-160-стр.
Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен), -Алма-Ата – Москва, 1935, т.1, 225- стр.
1
түсіндіруге тырысушылық уақыт талабынан туындаған амал-әрекет болатын. Бұл жонінде алғаш пікір білдірген көрнекті ғалым Б.Кенжебаев екендігін зерттеушінің 1950 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген еңбегінен оқып 6ілеміз. Онда осы тақырыпқа қатысты татардың «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санында жарық көрген Нығметолла Күзембаевтың «Айқап» журналы қақында» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып, ғалым негізгі талас туғызған мәселелер: жерге орналастыру, съезд шақыру және әліпби түзу жөнінде болғанын дөп басып көрсетеді. Сөйтіп алғашқы мәселе бойынша, яғни жерге орналастыру турасында туындаған пікір-таласқа былайша сипаттама береді: «Жер мәселесі жөнінде «Айқап» журналының маңында болғандар татарлардың әсерімен жерге отырықшы болуды қуаттады, «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі, қазақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді (астын сызған біз автор)»1.
Мұндай тұжырым сол бір «күйіп» тұрған жеке басқа табыну заманының талабынан туындағаны ешбір дәлелдеуді қажетсінбейді.
Оны айтқанда зерттеуші басқаша мақсат көздеген болуға тиіс. Елуінші жылдардың басына қарай үстемшіл орталықтың өктем саясаты ушығып тұрған уақытта «алашордашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, тар қапаста «кұлыпталып» ұсталынган «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете түсінген ғалым, біздіңше, өзгеше амал-айлаға көшкен. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай болған қазақтың бір газет, бір журналының алғашқысын ақтап ала алмасына көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, тура келген тажал залалынан екіншісін аман сақтап қалу үміті болатын. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін ғалымның екі басылым
_________________________________
1 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы: Қазмембас, 1950, 20-б.
арасындағы айтыс-тартысты тіліне тиек етпесіне амалы да қалмаған. Оның жемісі де жоқ емес. Нәтижесінде, «Айқап» ақталынып», қазақ баспасөзінің тарихынан сылынып тасталынбай, ғылыми айналымда қалуына айқара жол ашьшғандығына тарих куә (біз бұл жерде журналдың кезінде азды-көпті зерттеліп, тіпті диссертациялық жұмыстың объектісі болғанын айтып отырмыз). Мұның өзі кезінде ғалымның үлкен жеңісі, ғылымның айтулы жетістігі болғандығы күмән келтірмейді. Күні кешеге дейін ол журнал бабалар рухын кейінгі ұрпақпен байланыстырып тұрған бірден-бір аспалы алтын көпір қызметін атқарып келсе, ол - зерттеуші еңбегінің жемісі. Сол үшін де қаламгерге халқының алғыстан басқа айтары болмасқа тиіс.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы айтыс-тартысқа қатысты жоғарыдағыдай пікір, яғни оған таптық тұрғыдан баға беріп, журналды
«ақтау» үшін газетті «құрбандыққа шалу» бағыты кейінгі зерттеушілер еңбектерінде де жалғасын тауып, көзжұмбайлықпен көшіріліп беріліп отырылды.
Соның салдарынан қазақ баспасөзі тарихына қатысты оқулықтарда
«буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының түбегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға қарама-қарсы өздерінің баспасөз органын құруға кірісті. Қоғамдық өмірдін мәселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ» газеті шыға бастады. Журнал кейде «Қазақ» газетімен айтысып, буржуазияшыл ұлтшылдар («Қазақ» төңірегіндегілер - С.Қ.) байлардың мүддесін қорғайтынын әшкереледі»1, - деген сыңаржақ пікір қалыптастырылып келді.
Ол бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайтыны былай тұрсын, оған қайшы келетіндігін айтпаса да түсінікті.
Өкінішке орай, осынау көкейкесті мәселе қазақ баспасөзіне қатысты соңғы уакыттарда жарық көріп жатқан зерттеу еңбектерде де тиісті
____________________________
1 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) – Алматы: Мектеп, 1981, 49-б.
бағасын алмай, қалыс қалып отырғандығы қынжылтпай қоймайды. Ал оған заман талабына сай ақиқат тұрғысынан зерттеу жүргізіп, бағасын беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі деп білеміз.
Сонымен, «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? Көрнекті ғалым Б.Кенжебаевтың жазуынша, оның үш түрлі мәселе бойынша өрбитініне жоғарыда тоқталдық. Атап айтқанда, жерге орналастыру, съезд шақыру және әліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған.
Ол - тарихи шындық. Оны газет-журнал тігінділерінің материалдары да растайды.
Екі басылым арасындағы айтыс-тартыс неден ушыға түскенін көрсететін «Қазақ» газетінде мынадай бір мәлімет жарияланған:
«Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сәтсіз күні басталған басқосу мәселесі шыға келді.», - деп жазады ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы 51-нөмерінде жарық көрген «Айқап»
журналы» деген мақаласында.
Бұған қарап, журнал мен газет шығарушылары арасында осы басқосу мәселесі көтерілгенге дейін ешқандай келіспеушілік болмапты деген ұғым тумауы керек. Олай ойлау қателескендік болып шығады. Өйткені бұл екі топтың аражігін аша түскен мәселелер «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып- ақ бой көрсетіп үлгергеніне «Айқап» материалдары куә. Оның бетінде жарияланған Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың және М. Дулатовтың жер туралы, қазақ жазуы қақындағы мақалалары журнал басшылығы тарапынан қолдау таппауы салдарынан алаш азаматтары жеке басылым шығару мақсатына ойыса бастағаны ғылыми жұмысымыздың бірінші тарауында таратыла зерттелінген болатын. Сондықтан оған бұл арада тоқталмаймыз.
Әйтсе де, екі басылым арасындағы айтыстың шарықтау шегіне жетіп, сыртқа сыр алдырған тұсы басқосу мәселесіне тікелей қатысты. Ол былайша өрбиді.
«Айқаптың» редакторы М. Сералин журналдың 1913 жылғы 4-5- сандарында алғашқылардың бірі болып ағымдағы мәселелерді талқылап шешу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде мәселе көтереді. Оған журналдың 10-санында Райымжан Мәрсеков, 13-санында Жұбекен Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қатады. Соған байланысты А. Байтұрсынов апталықтың 1913 жылғы 18-нөмірінде жарияланған «Басқосу турасында» деген мақаласы арқылы «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің пікірін білдіреді. Онда «басқосу қанша керек болғанмен, оған қолайлы кез еместігін» ескерте келіп, Ахаң күрестің басқаша жолын таңдау жөніндегі пікірін былайша жеткізеді: «Қазақтың керегін өзге жолмен сойлей түралық,] бүрынғыдай емес, қазақта қазір бір журнал, бір газет бар, сыйғанынша солар арқылы кеңеселік, сыймағанын хатпен сөйлесуге болады.
Съезде сөйлесіп, кеңескенмен, түбі барып істеушілерге тіреледі. Ісімізді істеушілер, жоғымызды іздеушілер көбейсе, ойлаған пікір, көздеген мақсат жан бітіп тірілмекші».
Алайда, көрген-түйгені мол, отаршылдарға қарсы күресте бай тәжірибе жинақтап, әбден ысылған қаламгердің сөзі «Айқап» тарапынан қолдау таппайды. Журналдың 13-15 нөмірлерінде Жиһанши Сейдалиннің оған қарсылық білдерген ашық хаты жарияланады. Онда ол Ахаң басқаратын «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің съезд шақыруға келіспегендіктерін халық қамынан гөрі, жеке пайдасын жоғары қойғандық деп бағалап, оларға тіл тигізе, тас атады: «Съезд туралы сөз бола қалса, бетегеден биік, жусаннан аласа жұмыс жүргізеді. Осы Указ бойынша съезд шақырып, өздерінің мектеп, клуб, пансион, түрлі серіктік ашу, жерге орналасу, қала сияқты істерін жүзеге асырып жатқан елдер бар», - деп қалайда басқосу керектігін алға тартады. Мұндай қаралау, әрине, «Қазақ»
басқармасының шамына тимей қалмаған. Көп үзамай, газет бетінде Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтың бірін-бірі толықтырған жауап хаттарының жариялануы - соның дәлелі. Екі мақаланың да мазмұны бір, ол съезд шақыру мәселесінің буынсыз жерге пышақ сұққанмен бірдей екендігін
түсіңдіругс саяды. Бірақ, жазылуы әрқалай. Қос публицистің сөз саптау мәнері бөлек-бөлек.
Алдымен, пікірталастың хас шебері Ә.Бөкейхановтың апталықтың 1913 жылғы 24-санында жарық көрген ашық хатынан сыр тарқата, талдап көрейік. Туынды азаматтық пафоста, өткір де өр рухта өрнек тапқан. Әдемі теңеу, ел-жұртқа мәшһүр мысалдарды тиімді пайдалана білуі күрделі ойды қарапайым жеткізудің құрал-жабдығына айналған. Сондай-ақ, оның
«қырағы коз» патшалық цензураның алдында айласын асыруға қызмет еткендігі де публицистің шығармашылық шеберханасының биік деңгейін тайға таңба басқандай айқын танытады.
Жауап хат бос байбаламға құрылмаған. Әр сөзінде мән-мағына бар.
Айтылған ой артынан міндетті түрде дәлелденіп отырады. Мәселен,
«Басқосу - пайдалы, басқосу - мақсат, бірақ бас қосқаннан табылар пайда өлшеулі. Басқосуды Жиһанша бекер қампитады. «Сабасына қарай піспегі», өстіп басқосуды өз орнына салайық», - деген ой-тұжырымын мынадай уәждермен жеріне жеткізе дәлелдеп береді: «Жиһанша болыс басына екі кісі басқосуға жимақ. Бірінші һәм екінші думага қазақ депутат сайлағанда болыс басына екі выборщик болған. Біздің Семей облысының выборщигі 184 еді.
Семей облысының қазағы бар он облыс қазағының бестен біріндей.
Жиһанша сөйтіп басқосуға тоғыз жүз кісі жимақ. Бас қосатын жері - Оренбург. Бұл болмайтын іс емес пе? Тоғыз жүз қазақ қазақ жерінің бір шетіне жиыла ма? «Істің ең қиын жері хакімнен рұқсат алу, іздену, үркітпей, шошытпай жақсы қалыппен сөйлесу» дейді Жиһанша мырза. «...үркітпей, шошытпай» сөйлесемін деген бола ма? Өзі бұрыннан үркіп, шошып тұрса, әуелі қазақ съезіне келе жатып, үркемін, шошимын деп пікір қылса:
«Сен қозы текке қарап жүре алмайсың, Соқтықпа маған десем тіл алмайсың.
Мойныңды қазір жұлып алайын ба, Суымды неге былғап ылайлайсың»
(Байтұрсынов А. «Қырық мысал»), демей ме өзі үйден үркіп шыққан
мырзалар.
Осы откен июнь аяғында Мәскеуде приказчик съезі болып, ақырына жетпей қуылды. Біздің қазақ басқосуы бұл приказчик съезі емес. Қазақ болып бас қоссақ, кемшілікте отырған жетім жүрт үкіметпен екі араны сөз қылмай қоймаймыз, мұны осы күнгі газета тілінде «политика» дейді.
Политика - үкіметке таздың бөркін алғанмен бір есеп.
Қазақ съезі не қазақ жиылмай, не жиылған кісіні сөйлетпей, бұл күнде жақсы басқосу болмай, арамтер болып тарқайды. Басқосқанда сөйлейтін сөздің бәрі сөйленіп, қағазға жазылып, мінеліп, түзетіліп, даяр болмақ шарт.
Басқосу төрт-бес-ақ күн болмақ. Бұрыннан жүртқа жарияланып, жұрт пайдасы осы деген сөзге басқосқан жерде бата қылмақ. Осы бата қылған сөзді жұрт болып іс қылмақ керек».
Бұл жолдардың кім-кімді де ойландырмай қалмасы хақ. Ой тиянақты, оны жеткізуде бір мін жоқ. Қаламгердің публицистік шеберлігі еріксіз өзіне тәнті етеді. Әсіресе, сөз саптау мәнері көңіл төрінен орын тебеді. Ойды астарлап, бүркелемей баяндау, оны оқырманға сыры қанық теңеулер арқылы бояуын бұзбай, қаз-қалпында жеткізе білу - екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Мұнда ол толыққанды көрініс тапқан, шебер пайдаға асырылған. Бір ғана мысал, «Политика» - үкіметке таздың бөркін алғанмен бір есеп» деген бірауыз сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!
Мұндай теңеу - бұрынды-соңды қазақ жазба әдебиетінде кездеспеген құбылыс. Ол тек тапқырлықты ғана емес, терең білімділікті, біліктілікті және сөздің парқын білетін парықтылық пен парасаттылықты талап етеді.
Мақала биік азаматтық рухта жазылған дедік. Оны мына жолдар тайға таңба басқандай айқын аңғартады: «Болатын басқосудан қашпаймын, болмайтын басқосуға арам тер болмаймын. Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». Бұл жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. Елін, жерін, туған тілін сүйген ұлдың жүректен шыққан сөздері жүректерге жылылық ұялатады. Міне, қаламгер шығармашылығының тылсым күші. Публицист шеберлігінің шоқтығы биік
екендігін танытатын мұндай сөз саптау мәнері - бүгінгі журналистер бойынан табыла бермейтін, өнеге аларлық, үлгілі өрнек.
Ә.Бөкейхановтың ізін ала Ж.Сейдалиннің ашық хатына Ахаң да жауап жазып, өзіндік пікірін білдерген. Көсемсөз шеберінің апталықтың 1913 жылғы 30-санында жарияланған «Құрметті, Жиһанша мырза!» атты туындысы қазақ баспасөзіне жаңа бір үлгі алып келуімен де аса бағалы.
Біздіңше, оны ұлттық журналистикамыздың тарихындағы фельетон- мақаланың алғашқы нұсқаларының бірі ретінде қарастырған жөн көрінеді.
Әрине, бұлай дегенде біз белгілі әдебиет теоретигі Б.Томашевскийдің сонау жиырмасыншы жылдары жазып қалдырған: «Жанрды жіктеу өте қиын.
Жанрлардың аражігі тарихи тұрғыдан ғана ажыратылады. Оның дұрыстығы, дәлдігі нақтылы бір тарихи кезеңге ғана байланысты болуы ықтимал»,1 - деген пікірін негізге ала отырып, ой түйгенімізді ашық айтуға тиістіміз. Рас, туындының кейбір тұстары бүгінгі талапқа сай фельетон жанрының фельетон-мақала түріне қойылатын шарттарды толық орындамай тұруы мүмкін. Бірақ, тұтас алып қарағанда, оның бітім-болмысынан соған тән ерекшеліктердің лебі есіп тұрғанын байқамай қалу мүмкін емес. Шығарма,
«біріншіден, өз заманының толғағы жеткен, көкейкесті әлеуметтік мәселесін публицистикалық үнмен баяндау сарынында сөз еткен. Екіншіден, көркем әдебиет, сатира мен юмор элементтерін бірдей қамтыған. Сөйтіп, сатиралық шығарма ретінде оқушының эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ал публицистикалық шығарма ретінде оның логикалық ой-парасатына әсер етеді». Корнекті ғалым, белгілі сатира зерттеушісі Т.Қожакеев белгілеп берген осы шарттарды орындауына қарап және қалам қайраткерінің: «осы екі фактордың тоғысуы фельетонға үлкен күш береді, оның жанрлық ерекшелігін белгілейді»1 деген ғылыми тұжырымын ескерсек, бұл туындының қазақ баспасөзі тарихындағы алғашқы фельетон-мақаланың бірі екендігіне көз жеткізе түсеміз.
Фельетон-мақаланың фельетонның өзге түрлерінен ерекшеленіп тұратын талаптарының бірі — аталмыш автордың жоғарыдағы еңбегінде
көрсетілгендей «қоғамдық мәні зор проблемалық мәселеге, қорытындыланған
________________________________
1Томашевский Б. Теория литературы М.: Госиздат, 1928, 158-162 стр.
1 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы: Мектеп, 1983, 101 б.
ой-пікірге, үлкен идеяға негізделіп жазылуында» екен. А.Байтұрсынов қаламынан туған туындыда бұл талап толық орындалған десек, қателеспейміз: «Сіздің де, біздің де ойлағанымыз - қазақтың азып-тозбасына қызмет ету. Тілегіміз қазақ халқы басқа халықтармен қатар жұрт қалыбында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. Сол үшін әркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз съезд жасаймын деп жатырсыз. Біздер
«домострой» (жаңалыққа қарсы пікір жазылған орыс кітабының аты) кәкір- шүкірді қазақшаға аударып, арзан нәрселер жазып, газета-мазета шығарған болып, тырбанып жатырмыз. Соның бәрін қазақтың көзі ашылып, көкірегіне сәуле кіруіне себепкер бола ма деп істеп жатырмыз» - деген жолдардан көтеріліп отырылған мәселенің жүгі ауыр екендігін тану көп қиындық келтірмейді. Мұнда мысқыл да жоқ емес. Сонымен бірге фельетон жанрының бұл түрінде «Идея ерекше шабытпен, көркем элементтермен, сатиралық пафос, интонациямен, публицистикалық әуез үнмен берілуі»
шарт екенін ескерсек, бұл да шығармада толық көрініс тапқан: «Орыстың мақалы айтқандай, «Ұжмаққа барғым келсе де, күнәларым жібермейді» деп, қазақ үстіне ұжмақты бір күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді. Арзан нәрселермен қазақ жұмысы бітті деп, «гүл жастанып»
көсіліп, рахаттанып қарап жатқаным жоқ. Білгенімше, қолымнан келгенінше істеп жатырмын. Бірақ ұсақ іс істеп жүргеніміз, зор іс істеп жатқан сізге айып көрінетін шығар. Бай жарлының кедейлігін бетіне басады. Сұм аңқаудың аңқаулығын бетіне басады. Іскер жалқаудың жалқаулығын бетіне басады. Өзіңіз қымбат нәрсе жазған соң, арзан нәрсе жазғанымды бетіме басып отырсыз. Өзіңіз күндіз дамыл, түнде үйқы көрмей, жұрт жұмысында жүрген соң, менің «гүл жастанып» көсіліп, рахатта жатқанымды бетіме
басып отырсыз. Өзіңіз буыныңыз өсіп, бұғанаңыз қатып, ер жетіп, есіңіз кіріп, ақылыңыз толысқан соң, емшек табы ернінен кетпеген шәкірттердің балалығын бетіне басып отырсыз. Өзіңіз чиновниктің жылтыр түйме, жан қылышын жұрт үшін құрбан қылып, чиновниктігін қимай, 20-сыншы числомен жалование (жалақы - С.Қ.) алып отырған адамдардың чиновниктігін бетіне басып отырсыз. Көкіректі керіп, көкке карап күпіріп, күйініп әркім-ақ сөйлер. Бірақ маңызы қанша? Мағынасы не? Аю маймылға айтқан екен:
«Маймылжан, бір азырақ етсең төзім, Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім.
Әуре боп балаларыңды сынағанша
Абайлап қарашы әуелі өзіңе-өзің!» - деп.
Кекесін сөйлеп кеміткендей асқан-тасқан еш нәрсе жоқ. Қай- қайсымыздың да істеген ісіміз шамалы ғой. Бай кедейді кекетсе, байып отырып етуші еді. Олай болғанда, арзан нәрсе жазушыға қымбат нәрсе жазған адам күлуі тиіс еді. Сіздің не жөнмен кекесін сөйлеп кемітіп отырғаныңыздың мәнісін біле алмадым», - деген жолдар соның нақты дәлелі. Мұнда ой жалаң берілмейді, туындыгер айтысып отырған автор пікірлерімен келіспейтіндігін жай білдіріп қана қоймай, оның теріс екендігін сатира күшімен әшкерелейді, жеріне жеткізе сынап-мінейді. Әсіресе, кейіпкерінің өз мінін өзіне қарсы қолданып, ар-ождан сотына тартуы мұнда ұтымды шыққан.
«Өзіңіз чиновниктің жылтыр түйме, жан қылышын жұрт үшін құрбан қылып, чиновниктігін қимай, 20-сыншы числомен жалование алып отырған адамдардың чиновниктігін бетіне басып отырсыз» деген сөйлеммен-ақ оған айқын көз жеткізуге болады. Қаламгер мүны бекерден-бекер жазып отырған жоқ. Онда үлкен мән-мағына бар. Оны біреу білер, біреу білмес, бірақ кейіпкердің өзі жақсы түсінуге тиіс. Ол содан бір жыл бұрын болған оқиғаны қозғап отыр. Бұл жөнінде кейіннен тарихшы-ғалым С.Асфендияров мынадай мәліметтер келтіреді: «Когда в 1912 году происходили выборы в 4-
го Гос. Думу, казахи Троицкого уезда Оренбургской губернии, соседного с казахским областями, имели право выборов в Гос. Думу. Когда выборщики от Оренбургской губерний собрались для выбора депутатов в Думу, среди татарских выборщиков произошел раскол. Часть «прогрессивной» татарской буржуазии, группировавшейся вокруг газеты «Уақыт» выступила против кандидата крупной татарской буржуазии Еникеева, требуя дать место в Думе казаху (после 1907 года, как сказано выше, в Думе казахов не было).
Этот маневр давал возможность провести депутата казаха. Русские выборщики также поддержели это требования. Казахи выдвинули кандидатуру Сейдалина. Но Сейдалин отказался менять свою карьеру крупного царского чиновника на звания депутата Гос. Думы и отказался от своей кандидатуры. Со своими приверженцами он голосовал за кандидатуры Еникеева, Еникеев и прошел в Думу»1.
Көрнекті қалам қайраткері А.Байтұрсынов сол оқиғаны есіне сала отырып, қарсыласына үлкен айып тағады. Оны баттитып көрсетпей, астарлы мағынада, сатираның уытты тілімен жеткізе білуі - оның журналистік шеберлігінің үлгілі де өнегелі бір қыры.
Сатира зерттеушісі Т.Қожакеевтің жоғарыдағы еңбегінде жазылғандай, фельетон-мақалаға қойылатын тағы бір талап автор «пікірін дәлелдеу үшін тарихтан мысалдар, саясаттан деректер келтіру арқылы фактіден саяси-әлеуметтік терең қорытынды шығаруы, ой түйіндеуі» керек екен. Бұл шарт та тілге тиек етіліп отырған туындыда қалыс қалмаған.
Ахмет Байтұрсынов көтеріліп отырған мәселенің саяси-әлеуметтік мәні жоғары екендігін егжей-тегжейлі баяндай келіп, «съезге шақырған адамдар тойға шақырған секілді болмай», оған үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін кеңес етеді. Жай ақыл айтумен ғана шектелмей, оғаи тарихтан мысалдар келтіре отырып, сөзіне жан бітіреді: «Сіздің съезіңіз, хатыңыздың сөзіне қарағанда, қазақтардың сходтары, черезвечайный съездері сияқты яки губернатор, генерал-губернаторлардың жасаған съездеріндей болмақшы.
Бұлай болады деп съезд жеңілдету үшін айтатын шығарсыз, он облыстың
қазағынан болыс басыңа екеуден шақырған съезд сход я чрезвечайный съездей болмас. Ең болмағанда генерал съездеріндей болар. Генерал съездері қазақтың не игілігіне болып, қазақ не керегін алып, не кемтігі толғанын мен білмеймін. Ол заман
____________________________________
1 Асфендияров С. Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата:
Казкраизд., 1936, 65-стр.
қазақтың көңілін аулап, ауанына қарап іс ететін заман еді. Крижановский, Кауфман, Колпаковский заманы - тай ноқталаған сықылды іс қылатын заман. Ноқталағанша һәм ноқталағаннан кейінгі істелетін істер басқа-басқа.
...1907 жылы Дала уалаятының генерал-губернаторы Надыров съезд жасады. Сол съезде қазақтың осы күнгі керек деп отырған нәрселерінің бәрі болмаса да бірсыпыралары-ақ айтылды. Бірақ, бүл күнге шейін қазақтың сұрағанынан қолына тиген ешнәрсе жоқ. Жұрттың көбі ойлап жүр - қазақ тілегі хүкіметтің құлағына тимей жатыр, хүкімет қазақтың мұңын білмей жатыр деп. Олай ойлау - қате. Керегін қазақтың өзі қандай білсе, хүкімет һәм сондай біледі. Қазақтың тілегін хүкімет бермей тұрса, білмегеннен емес, беруші мен алушының есебі тура келмегеннен», - деген жолдар арқылы елдің көкірек көзін ашып, саяси сауатын арттыра түседі. Қоғамдағы күрделі әлеуметтік теңсіздіктің тамырын іздегенде оның мәні тереңде жатқандығынан ой қоздатады. Сөйтіп, ел жағдайының жақсаруына жоғарыдан басқарылатын үстемшіл билік жүйесінің ынталы емес екендігін танытып, оңы халықтың өзі талап ете бастағанда ғана орнына келтіруге болатындығын кеңес етеді.
Жауап хатының соңында каламгер былайша ой түйіндейді: «Съезд турасында айырма сөз қыр баласы Бөкейханов һәм менен шығып тұрған көрінеді. Басқалардың бәрі жануға түскен пышақтай жалаңдап тұрған көрінеді. Шеттеп жүрген біз болсақ, қосылдық, енді алалық жоқ. Жалғыз-ақ, айтатын сөз мынау: құр аты съезд болмай, съезд сияқты болсын. ... Съезде де балгер сөзі сияқты дәлелсіз құр мынау былай, анау олай десек, мұның дәлелі
қайда демей ме? Сондықтан даярмыз деген мырзалардың дайындығын ат ерттеліп, киімін киіп, тойға жүруге дайындаған даярланыс емес, съезге алып келіп салатын дәлелді докладтары даяр деп ұғамыз». Бұл жолдардан елім деп еңіреген ердің жан дауысын естігендей боласыз. Мұнда ой ерекше интонациямен, публицистикалық әуезді үн, сатиралық пафоспен беріледі.
Сол арқылы туындыңың фельетон-мақала түрінде жазылғанына көзімізді жеткізе түседі.
Басқосу туралы пікірталас - «Айқап» пен «Қазаққа» жарты жылдан аса уақыт «азық» болған тақырып. «Пікірталастан шындық туады» демекші, оның прогрессивтік мәні де жоқ емес. Соның нәтижесінде ғасыр басындағы қазақ даласының көкейтесті де күрделі мәселелерінің түңғыш рет пердесі түріліп, жұртқа баян болуына қол жеткізілді. Ол өз кезегінде қазақ қоғамын қалың ұйқысынан түртіп оятып, ұлттық сананың бой түзеуіне аз әсер етпегені даусыз. Сонымен бірге оның қазақ журналистикасының дамуына да әсерін тигізіп, оған жаңа леп, жаңа тыныс, жаңа түр ала келгенін де бөлек айтуға тиістіміз. Ұлттық баспасөзіміз осыдан бастап журналистиканың жауынгер жанры фельетон, айтыс (полемика) секілді түрлерімен байытылды. Тек түр жағынан ғана емес, мазмұндық жақтан да жаңа сапаға көтерілді. Осыған дейін газет-журналдар әдебиет, мәдениет, өнер-ғылым мәселелеріне көбірек көңіл бөліп келсе, ендігі жерде қоғамдық-саяси мәселелерді төтесінен қойып, оның оң шешілуіне күш жұмылдыра бастауы үлкен ілгерілеушілік деп бағалануға тиіс. Мұның қазақ баспасөзінің тарихында міндетті түрде аталынып өтілуі керек.
Кез келген нәрсенің екі жағы болады. «Айқап» пен «Қазақтың»
айтысы азаттық үшін бірден-бір күрес құралына айналып отырған баспасөздің беделін түсіріп, қоғамдық күшті әлсірете түскені - мәселенің екінші қыры. Мұны алаштың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары да жақсы түсінген. Сондықтан оны ушықтыра бермей, қандай шартпен болса да келісіп тезірек доғаруға тырысқандықтары байқалады. Жоғарыдағы Ахмет Байтұрсынов мақаласының соңғы түйіні - соның дәлелі. Бүған апталықтың
1914 жылғы 51-санында жарияланған «Айқап» журналы» деген еңбегінде М.Дулатов та үн қосады. Ол екі басылым арасындағы айтыстың неден басталып, қалай өрбігендігін баяндай келіп, былайша ой түйіндейді:
«Айқап» әлі де болса «Қазақ» туралы жазатыным бар десе, қағазда тіл жоқ, не жазса да, шыдайды. Тым асқынып бара жатқан соң «Айқапқа» берген жауабымыздың алды-арты осы. Құдайға шүкір, бір-бірімізді қажаудан басқа да ермегіміз бар ғой. Үмітсіз емеспіз, «Айқап» жолдасымыз орынсыз аузынан көбігін шаша бермес, енді тоқталар деп».
Екі басылым арасындағы басқосу туралы айтыстың асқынып, бас араздыққа ұласып бара жатқаны басқа да қазақ оқығандарын алаңдатпай қоймаған. «Қазақтың» 1914 жылғы 89-санында жарияланған жер-жерден келген хаттар соны айғақтайды. Мәселен, Оралдан Елбаласы деген бүркеншік атпен хат жолдаған қаламгер: «(«Айқап» – С.Қ.) Әлихан Самарда отыр. Қазақ жайын білмейді...» деген Бақытжан төренің бетке басқан сияқты сөзін жазып отыр. Былтыр қыстай «Самарда отыр» деп талайлар Самардың басын ауыртып еді. Ақырында Самарда отырмағандардың да ел жайын қанша білетіндігі мәлім болды. «Әлиханға не қыл дейсіздер?» - деп басу айтады.
Әсіресе, о баста осы басқосу туралы мәселенің көтерілуіне себепші болып, «Айқапта» (1913,10-санында) алғашқылардың қатарында үн қатқан Райымжан Марсековтің ара ағайын ретінде оған тоқтау сала жазған, апталықтың 1914 жылғы 45-санында жарық көрген «Газеталарға сөз жазушыларға» деген мақаласы салмақты да салиқалы. Сондай-ақ, ол осы пікірталасты қорытындылап, қайсысы дұрыс, я болмаса, бұрыс дегенге тең төрелік айтқандығы байқалады.
Ендеше мақаланың өзіне сөз берейік: «Айқап» «Басқосу» деп сөз бастады, оған қарсы «Қазақ» өз ойын айтты. Пайдалы емес демеді, өлі мезгілі емес қой, сөзімізді жиылыс қылмай, баспамен сөйлессек қайтеді деп сақтық айтты. Бұл сақтық сөзді барып «Айқап» аққу мен шаянға апарып соқтырды, онан әрі барып маймыл шықты. Білген кісіге сөз аяқталған
секілді, Ахмет мырза: «Басқосудың ашылатын рұхсаты болса, біз дайын»
деді. Онан артық тағы не керек? Жоқ, ол жетпеген, сьезд турасында әңгімелерін жаңа бастағандары бар көрінеді. Енді «Басқосу» деп ауызға алу бекер, алатын кісі рұхсатын алсын да, ал мінекей, енді келіңіздер деуге жөні бар. Қашаннан бері бір съездің сөзінен басқа нәрсе көрмей отырмыз. Бұл
съезд әңгімесімен әуре болып жүргенде өзге сөз сөйленбей қалып бара жатыр».
Қазақ журналистикасының тарихында есімі ойып тұрып орын алуға лайық тұлға - ірі заңгер, ойы жүйрік журналист Р.Марсеков осы мақаласында бүгінгі журналистер үшін де өнегесі мол пікірлерін ортаға салады: «...газетаға жазғанда, біздің ойлауымызша, әркім ортаға өз білгенін айтып, көпке пайда келтіремін, біреу ойламағанды біреу табады деген оймен жазуы керек. Жазудың мағынасы жұрт қамы, ел сөзі болу керек. Біздің
«Айқаптағы» жазушылар журналдың бетін сахараның даласындай қылып, даланы күңірентіп дауласқысы келетінге үқсайды.
Жазушының міндеті ол емес. Жазғанда біреуді қемітпей, мұқатпай, ешкімге тіл тигізбей, сыпайы, жазу лайық. «Айқаптың» бір нөмірінде біз кордік, «А»-мен басталып, «С»-мен аяқталған сөзді. Онан соң тағы ас ішіп отырған уақытта оқылса, жүрек айнып, құсарлық сөздер көрінеді.
Ол жетпесе, біздің қадірлі мырзаларымыз Әлихан, Ахмет, Міржақыптың хүкімет жағынан тұтқынға алынғанын олардың бетіне басқандай қылады.
Бұл заманда ондай іс - білгендер бетке баспайтын нәрселер. Олар не үшін тұтқында болғанына көз жіберу керек: Жамандық қылды ма, бұзақы, сотқар болды ма? Жоқ. Жұрты үшін қайғырып, елі үшін күйініп жүрген ерлерге ондай іс батырдың басына соғыста салған жарадай болып, батырлық, қаһармандықтың белгісі деп атаймыз біз.
Жазушы ортаға білімін салсын. Басқа жұртта сөз таластырғанда бірін- бірі дәлелмен жығады. Біреуді-біреу кемітпей сейлеседі. Кемітуге басы лайық емес адамдарды кемге санаймын деу, өзі жетпегендік».
Міне, журналист этикасы, оның атқарар қызметі мен оны жүзеге асырудың жолдары. Ардақты алаш азаматының ой-тұжырымдары бүгінгі оқытылып жүрген журналистика негіздері мен оның этикасы пәндерінің мазмұнына сай емес деп кім айта алады? Әрине, сай келеді. Ендеше оны неге мамандар даярлау ісінде игілікке жаратпасқа? Бұл да - өкінішке орай, бүгінге дейін қалыс қалып келе жатқан «ақтандақтың» мыңнан бірі.
Дүниеде екі әділ сыншы бар: бірі - халық, екіншісі - тарих. Бұл екеуінің тезінен өтпеген нәрсенің ғұмыры ұзақ болмайды. «Айқап» пен
«Қазақ» арасындағы басқосу туралы айтыстың қорытындысын өмірдің өзі шығарды. Көкірек көзі ояу көптеген қазақ оқығандарының көңілі біртіндеп соңғы басылым жағына ауа бастауы «Қазақ» төңірегіндегілердің бөл мәселе турасында өстанған жолының дөрыстығын айқындай түседі. Сонымен бірге
«Қазаққа» басшылық еткен үштіктің съезді шақыруға тандаған уақыттың қолайсыз екендігін, оның пісіп-жетілмегендігін және оған жоғарыдан рұхсаттың берілмейтінін тап басып көрсеткен шешімдерінің шындыққа айналуы соны нақты дәлелдеп береді. Бұл жөнінде Торғай губернаторының басқосуға рұхсат бермегендігі туралы татардың «Уақыт» газеті таратқан хабардың анық-қанығына көз жеткізе келіп, басылым басқармасы атынан апталықтың 1913 жылғы 35-санында жарияланған «Басқосуға рұхсат берілмепті» деген мақалада мынадай анықтама беріледі: «Съезд деген сөз басталған кезде заманның түріне қарап, тынымы осылай болады дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр әншейін сарыуайым, сары қайғы, тартыншақтық, қорқақтық деп, бірсыпырасы құр алауыздылық, ұйым бұзарлық, сөз жарыс, ерегіс деп, кейбіреулері съезді біз керек қылмағандай көріп, кейбіреулері жұрттан съезді біз бейне бір қызғанатындай көріп еді.
Біздің онымыз бұл айтқандардың бірі де емес еді. ...біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды айттық, мойыннан борыш түсірдік, ...айтқанымызды алмаса, біз-ақ жұрт ауанымен бола қоялық деп, сөз көбейіп бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де съезшілерге қосылып, қолдан келген көмегімізді істеуге бел байлап едік.
Жиһанша мырза Сейдалин Торгай губернаторынан рұхсат сұраған екен. Рұхсат берілмепті. «Уақыт» басқармасынан қайдан шыққан хабар екендігін сұрастырып едік. Олар бұл хабарды «Русское слово» газетасынан алған екен. «Русское словоның» хабарлары ұшқалақ болушы еді деп, оған қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұрап, әбден анығына жеттік. Рұхсат сұрағаны да, рұхсат берілмегені де рас екен». Бұл жолдар ешқандай түсіндіріп, талдауды қажетсінбесе керек. Онсыз да барлық жай алақанға салғандай айқын баяндалып отыр деп білеміз.
***
XX ғасырдың басында қазақ елінің ең көкейтесті де өзекті мәселесі - жер мәселесі болды. Оны ұлттық сананың ұйытқысы бола білген «Қазақ»
газетінің «бас жазушысы» Ахмет Байтұрсынов апталықтың 1914 жылғы 48- санында жарияланған бас мақаласында «қазақтың тірі я өлі болу мәселесіне»
теңейді. Ол тегін де емес еді.
Он тоғызыншы жүз жылдықтың соңына қарай қарқын алған орыс шаруаларының қазақ даласына қоныс аудару «науқаны» жаңа ғасырдың алғашқы он жылында шарықтау шегіне жетті. Цифр тілімен сөйлесек,
«столыпиндік реформаны іске асыру барысында жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елге сіңісіп кете алмай, кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық жер алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, ол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырағасы бір миллион 200 мың адамнан асады. Бұл саясат «жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздеп»1 жүргізілгендігіне тарих куө. Соның салдарынан қазақ халқы бұрынгыдан да бетер өзінің шұрайлы жерлерінен көптеп айырыла бастайды. «Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін, яғни 12
жылдың ішінде қазақ халқынан 4 миллион десятинадан артығырақ жер тартып алынса, 1906-1912 жылдар аралағында 17 миллион десятинадан астам жер тартып алынған»2.
Сырттың суық та сұқ қолымен жасалынып, ел басына төнген бұл қасірет кезінде халық кабырғасына қатты батқандығы айтпаса да түсінікті.
_________________________________
1 Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 15 қаңтар.
2 Қазақ ССР тарихы, 5 томдық. –Алматы: Ғылым, 1982, 3 т., 418-б.
«Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садақасы» деп білетін ел үшін бұл маңдайдан тиген соққыдан ауыр әсер етті. Жұрт қатты састы.
Шабындығынан, жайлау, қыстауынан, атақонысынан айырылған ауыл- аймақ қайда барарын білмей сахарада сандалып қалды. Тығырықтан шығудың жолын таппай, сеңдей қозғалды. Осының бәрі, сөз жоқ, топ бастаған серкедей, елін соңынан ерткен алаш ардақтылары - қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу оқыған-тоқығаңдарына үлкен жүк арқалатты. Олар елді қорғап, жерді сақтап қалу жолындағы осынау жауапкершілігі мол міндеттерін қолдарындағы жалғыз қаруы баспасөз арқылы атқаруға күш салды. Баспасөз сол кезең жағдайында қазақ елінің бірден-бір билік құралы болды. Өкінішке орай, бұл турасында да осы күнге дейін жете айтылмай келеді. Ал шындығыңда, қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық бейресми басылымдардың осы қызметінің өзі олардың қадір-қасиеті мен құндылықтарын еселеп арттыра түсетінін ешкім теріске шығара алмайды.
«Қазақ» газетін шығарушылар жер мәселесіне айрықша көңіл аударып, оған бірінші мәселе ретінде қарағанына жоғарыда нақты дәлел келтірген болатынбыз. Бірақ, соған қарамастан, басылым басқармасы оған қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салуға асықпайды. Бұл жөнінде тек газеттің 10 нөмірінен бастап, яғни газет басылып шыққаннан соң, 2 ай өткеннен
2
кейін алғаш рет толыққанды сөз етеді. Оның себебі жөнінде сол нөмірінде жарық көрген «Жер мәселесі» атты бас мақалада мынадай түсінік» беріледі:
«Біз бұл туралы бұрын жазған жоқ едік. Жазбағанда ұмытып кеткендіктен яки керексіз деп білгендіктен емес. Әркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл - терең ойлап, тексере қарайтын іс. ... Біздің мақсатымыз жер хақындағы ойымызды бастан-аяқ түгел баяндап жазбақ һәм жазылған сөзді бекітетін толымды дәлелдер келтірмек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол».
Осы мақалада жер мәселесі турасында «Айқап» журналын шығарушылармен бір пікірде емес екендіктері туралы да алғаш рет ауызға алынады: «Бұл күнде әркім өзі істеген ісін ұнатып жүр. Қала салғандар қала болуды, қала болмағандар көшпелілікті мақтап жүр. Көлденең ақылшылар ақылға салып, қала болған жұрт қандай, болмаған жұрт қандай, қазақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып қалады, сондықтан осы күндері өздері жер кестіріп, қала болу керек дейді. Осы айтылғандардың бірі де қазақ жері турасында толымды дәлел келтіріп, қазақтың халін һәм жерінің жайын жете білгендігін көрсеткен жоқ. Екі жылдан бері «Айқап» журналы қала болу керек деп жазды. Қала болған қазақ оған қарап қала болған жоқ, болмаған жұрт артық қобалжыған жоқ», - деп біраз жайдан сыр тарқатады.
Бұдан жер мәселесі жөнінде екі түрлі пікір туындап отырғанын байқауға болады. Оның бірі - қала салып, отырықшылыққа көшу, екіншісі – көшпенділік жолын таңдау. Мұны шешу жеңіл шаруа емес екендігі айтпаса да түсінікті. Ол ат төбеліндей қазақ зиялыларын ғана емес, барша жұртымызды ойландырып, толғандырған аса маңызды мәселе болды.
Осындай жолайрықта тұрған сәтте дұрыс жолды таңдай білу «жеті өлшеп, бір пішуді» талап етті. Мұның кім-кімге де аз жауапкершілік жүктемегені белгілі. Бұл жөнінен апталықтың 1914 жылғы 48-санында жарық көрген
«Аңдаспаған мәселе турасында» деген мақаласында Ахмет Байтұрсыновтың: «Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры - жер мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз бес