• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚОҒАМДЫҚ ҾМІРДІҢ ТРАНФОРМАЦИЯЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ АХУАЛ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚОҒАМДЫҚ ҾМІРДІҢ ТРАНФОРМАЦИЯЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ АХУАЛ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 327.5 (529)

ҚОҒАМДЫҚ ҾМІРДІҢ ТРАНФОРМАЦИЯЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ АХУАЛ Тажқҧран Нҧргҥл Ерланқызы 4 курс студенті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті. Астана қаласы

Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Даркенов Қ.Ғ.

Қазіргі заманғы ӛркениеттің даму ерекшелігі жаңа геосаяси приоритеттермен, мемлекеттердің радикалды модернизациясымен, саяси және әскери қақтығыстардың бәсеңдеуімен, жаңа жаһандық мәселелердің туындауымен байланысты. Қазіргі таңда жаһандық мәселелердің алды болып халықаралық терроризм болғанымен, халық миграциясы да одан қалыс қалмайтындай кең ауқымды қамтитын мәселеге айналып отыр. Миграция қазіргі таңда барлық дерлік мемлекеттерді қамтиды, ондағы болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік процесстерге араласа отырып, ӛз әсерін тигізеді. Әрбір кезең миграциясының ӛзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі таңда миграциялық ҥрдістердің кең етек алуына аймақтағы шиеленістер, әлеуметтік жағдайдың тӛмендеуі, саяси тҧрақсыздық сияқты негативті факторлар әсер етіп отыр. Жаһандану процесімен қатар миграция да кең ауқымды қамти бастады, осы факторлармен байланысты жоғары білікті мамандардың, ғалымдар («утечка мозгов») мен спортшылардың («утечка мышц») миграциясы және заңсыз еңбек миграциясы әлемдік деңгейде халықаралық қатынастардың ажырамас бӛлігіне айналды. Миграциялық ҥрдістердің әлеуметтік-экономикалық, саяси мемлекет ӛміріне әсерін Орталық Азия мемлекеттерінің мысалынан кӛруге болады.

Орталық Азия мемлекеттері ҥшін 90-жылдардың басы тҥбірлі ӛзгерістерге толы болды. КСРО ыдырағаннан соң, посткеңестік аймақта жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Орталық Азия аймағынан Ресей тарапына мигранттардың ҥлкен ағымы кете бастады, әсіресе орыс ҧлтының тарихи отанына оралуы кеңінен етек алды. Алайда бҧнымен қоса, әлеуметтік жағдайдың тӛмендеуімен байланысты заңды және заңсыз еңбек миграциясының масштабы кеңейді. Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан Ӛзбекстан мемлекеті мигранттарының ӛте кӛп болуымен ерекшеленіп келеді. Олардың басым бағыты Ресейге және Қазақстанға келеді. Қазақстан рецепиент мемлекет болуымен қатар, транзитті мемлекетке де айналды, себебі Ресейге бағытталған мигранттардың ағыны Қазақстан территориясы арқылы ӛтеді. Сондықтан да миграциялық саясаттың дҧрыс бағыттарын айқындай білу мемлекет алдында тҧрған маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.

Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері және Ресей арасындағы миграциялық алмасу қарқынды жҥріп келеді. 90-жылдардың басындағы саяси ӛмірдегі ӛзгерістер Ресейдің Орталық Азия аймағынын ҥлкен кӛлемде мигранттарды қабылдауына себеп болды. Сонымен қатар этно-демографиялық, экономикалық ахуал да аймақтағы миграциялық процестердің

109

(2)

қалыпасуына септігін тигізді. Миграциялық процестердің қатарына амалсыз миграция (әсіресе орыс ҧлтының), сонымен қатар заңды немесе заңсыз еңбек миграция тҥрлері де жатады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Орталық Азия мемлекеттеріне титулды ҧлт ӛкілдерінің келуі және олардан байырғы емес (әсіресе, орыс ҧлтының немесе

«орыстілділердің») халықтарының кетуі тән болды. Орталық Азия және Қазақстанның титулды халқының ӛсімі ауылдық жерде арта тҥсті.

Аймақта мигарциялық ахуалдың және жаппай мигранттар ағымының қалыптасуына ӛмір сҥру деңгейінің, әлеуметтік экономикалық жағдайдың тӛмен болуы тікелей әсер етті. КСРО ыдырағаннан кейін Орта Азия мемлекеттерінің экономикасында қҧлдырау басталып, ЖІӚ ӛте тӛмен деңгейге жетті. 1990-1999 жылдар аралығында Бҥкіләлемдік банк деректері бойынша Қырғызстанның жалпы ішкі ӛнімі долларлық эквивалентте 4,2 есеге, Қазақстан, Тәжікстанда 2,3, Тҥркменстанда 2,7 есеге, ал бҧл кӛрсеткіш Ӛзбекстанда 1,4 есеге тӛмендеді.

[1; 260-261]

Мемлекеттік органдар миграциялық процесті бақылай алмайтындай дәрежеге жетті.

Қазіргі таңда жҧмысшы кҥшін импорттайын және экспорттайтын тҧтастай жҥйелік қҧрылымдар қалыптасты. Әрбір Орталық Азия мемлекеттерінде экономикалық қызметтің жаңа секторы дамып келеді, оның кірісін тіпті ЖІӚ-нің жартысымен салыстыруға болатындай деңгейге жетті, дегенмен бҧл сала мемлекеттік басқарудың саласынан тыс және мониторингке де мҥмкін болмай отыр. [ 2; 21.]

1991-2005 жылдар аралығында Орталық Азия халқы (Қазақстанды есептемегенде) 28%-ға артты. Байырғы емес халықтың кетуі және табиғи ӛсімнің болмауы салдарынан Қазақстанда халық саны бҧл кез аралығында 7,9%-ға кеміді. Тҧрмыс деңгейінің нашарлауы салдарынан, халық кӛн кӛріс жолдарын іздестіре бастады, олардың ішінде, әрине, ең бастысы миграция болды. [3; 23]

1994-1995 жылдар аралығында МакАртур қаржылық фондының қолдауымен, Қазақстан, Қырғызстан және Ӛзбекстанның титулды емес халықтарының арасында әлеуметтік сҧрау жҥргізілген болатын. Ол сҧрау бойынша миграциялық ахуалдың қалыптасуына әсерін тигізген негізгі факторлар анықталған болатын. Оларды атап ӛтсек:

Этникалық себептер:

Этносаяси; этникалық дискриминация (мысалы, мемлекет басында титулды ҧлттық топтардың болуы, азаматтардың қҧқықтарының тапталуы, ҧлттық немесе тілдік дискриминация (әсіресе, орыс ҧлтына қатысты));

Этноәлеуметтік себептер:

Тҥрлі ҧлттар арасындағы шиеленістен қорқу; Этномәдени себептер:

Тілдік барьер және басқа да этникалық дискомфорт; Балалардың болашағы ҥшін алаңдау (балаларға білім беру кезіндегі туындайтын

мәселелер).

Изоляцияда қалудан қорқу (туыстарынан алыста болу, мысалы, Ресейден алыста болуы, оның азаматтығын ала алмауы).

Перспективаның болмауы, болашаққа

сенімсіздік. Демократиялық режимнің болмауы.

Әлеуметтік-саяси тҧрақсыздық.

Экономикалық себептер (экономикалық жағдайлардың нашарлауы, ӛндіріс орындарының тоқтап қалуы, тҧрақсыз экономикалық жағдай, болашағы бҧлдыр экономикалық саясат, жҧмыссыздық қаупі, әлеуметтік қамсыздандыру және медициналық қызмет деңгейінің тӛмен болуы, тҧрақсыз ақша жҥйесі, жоғары баға).

Экологиялық жағдайдың нашарлауы.

Криминалды жағдайдың ушығуы.

Жеке басқа да себептер (жанҧя немесе денсаулық жағдайы және т.б.). Жҥргізілген әлеуметтік сҧрау нәтижесі бойынша, Орталық Азияның титулды емес ҧлттарының арасында

110

(3)

этникалық себептер алдыңғы орынға шыққан болатын: Ӛзбекстанның потенциалды мигранттарының 67%-ы, Қазақстанның – 59%, Қырғызстанның 53%-ы миграцияның басты себебі ретінде жоғарыда аталған мотивті кӛрсетті. [4; 28]

1999 жылғы дерек бойынша жалпы тіркелген иммигранттардың арасында титулдық этностардың ҥлестік салмағы 5% -ға жетті. Сол жылдары мигранттардың басым бӛлігі азамат соғысы болып жатырған Тәжікстаннан келді. Тәжікстаннан басқа Ресейге еңбек миграциясы Қырғызстан, Ӛзбекстаннан ҥлкен кӛлемде келген болатын. Мигранттардың бҧл мемлекеттерді тастап шығуына себеп болған факторлар – таулы және шӛлді ландшафтардың басым болуы салдарынан жер-су ресурстарының жетіспеушілігі, ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдай.

Мигранттардың сапалық және сандық қҧрамы әркелкі болып келеді. Әрине олардың басым бӛлігі қарапайым жҧмысшы ретінде келгендіктен айтарлықтай білім дәрежесі жоқ.

Сандық қҧрамына келер болсақ, Тәжікстанның еңбек мигранттарының 85%, Қырғызстанның 60% жуығы және Ӛзбекстанның 70% жҧмыс кӛзін табу мақсатында Ресейге қарай бет алады.

Орталық Азия аймағында халық санының артуы нәтижесінде халықтың орналасу тығыздығы артып отырса, керісінше Ресейде демографиялық дағдарыс салдарынан 2006 жылдан бастап, халықтың еңбекке жарамды бӛлігі 1 млн. адамға дейін қысқарып келеді.

Мигранттарды қабылдау мемлекет экономикасына пайдалы ма, әлде мигранттарды жіберуші мемлекеттер кӛп пайда ала ма, осы сҧрақтарға жауап іздеп кӛрейік. Мысалы, сырттан келген мигранттар келуші мемлекеттің жҧмыс кҥшіне айтарлықтай бәсекелес бола алады, себебі олар арзан жҧмыс кҥші болып келеді. Оған мысал ретінде Ресей және Қазақстан жағдайын қарастыруға болады, бҧл мемлекеттермен салыстырғанда кӛрші Ӛзбекстан және Қырғызстанда әлеуметтік жағдай және тӛлем балансы тӛмен. Дегенмен, келетін еңбек мигранттарының кейбір бӛлігі экономиканың кӛлеңкелі секторында қызмет жасайды, салық тӛлемейді, соның салдарынан мемлекеттік және жергілікті бюджетке айтарлықтай зиян келеді. Сонымен қатар ауылшаруашылық, қҧрылыс, сауда-саттық саласында сырттан келген мигранттардың шоғырлануы осы салалардың монополизациялануына алып келеді. Жергілікті ҧсақ ӛндіріс кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Тіпті криминалды жағдайдың ушығуына да себеп болуы мҥмкін

Осы мәселенің жағымды жағын Ресей мысалында қарастырсақ, біріншіден, Ресейдегі демографиялық дағдарыс салдарынан еңбекке жарамды халықтың азаю процесін сырттан келген мигранттар ғана тоқтата алды. Кейбір жоғары квалификациялы мамандарды талап етпейтін, жалақысы тӛмен саладағы жҧмыс кҥшін қажет ету мәселесін тек мигранттар ғана шеше алды. Себебі олардың жасаған жҧмысының сапасы мен нәтижесі айтарлықтай жақсы делінген. [ 5; 104]

Екіншіден, Орталық Азия аймағынан еңбек мигранттарының кетуі осы аймақтағы жҧмыс кҥшінің шектен тыс кӛп болуын тежеп, жҧмыссыздық мәселесін шешеді.

Әлеуметтік тӛлемдерге кететін шығын азаяды.

Ҥшіншіден, мигранттар шете елде жҧмыс жасай отырып, ӛзінің квалификациясын арттырады. Бҧл Орталық Азия мемлекеттерінің титулды ҧлт ӛкілдері ҥшін ӛте маңызды екендігі белгілі.

Тӛртіншіден, Орталық Азия мемлкеттері мигранттарының ақша аударымдары есебінен бҧл мемлекеттерде тӛлем балансы артып, халықтың ӛмір сҥру деңгейі жақсарған.

Дҥниежҥзілік Банктің зерттеу мәліметтері бойынша, мигранттардың ақша аударымдары Тәжікстандағы ЖІӚ-нің 30% -н, ал Қырғызстанда шамамен 10%-н қҧрап отыр. [6;4]

Жоғарыда атап ӛткендей, ақша аударымдары ЖІӚ-нің белгілі бір мӛлшерін қҧрап отырғандықтан, ақша аударымдары жҥйесін тиімді пайдалана отырып, мигранттарды жіберуші мемлекет еңбек миграциясын реттеп отыру қажет. Мысалы оларды реттеу жолдарының біріне медициналық сақтандыру, білім беру, ипотека, жобаларды қаржыландыруды жеңілдету. Жергілікті қауымдастықтардағы әлеуметтік және экономикалық жобалардың жҥзеге асуына мҥмкіндік жасау, осылайша біртіндеп аймақтың дамуына жол ашылады.

111

(4)

Қазіргі таңда аймақтың мемлекеттері ҥшін жҧмыс кҥшін экспорттаудың нәтижесінде жҥздеген мың адамның материалдық жағдайын жақсартуға, бюджетті толтыруға, кӛптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мҥмкіндік болды. Сыртқы еңбек миграциясы Орталық Азия мемлекеттері ҥшін хроникалық жҧмыссыздық проблемасын шешетін бірден-бір жол болып отыр. Дегенмен, миграция нәтижелері қанша жерден перспективті десек те, ол қарама-қайшылыққа толы. Себебі кӛптеген сарапшылардың айтуы бойынша, заңсыз мигранттардың есебінен аймақтағы криминалды жағдай ушығуы мҥмкін, сонымен қатар «ислам факторын» да естен шығармау керек. Миграциялық процестердің нәтижесінде Орталық Азия аймағында мекендейтін халықтар генетикалық және этникалық ӛзгерістерге ҧшырауы әбден мҥмкін. Тіпті кейбір ғалымдардың болжауынша, Ресей аймағында Орталық Азияның титулды халқынан қҧралған этникалық диаспоралар да пайда болуы мҥмкін. Аймақта миграциялық процестер нәтижесінде туындаған мәселелерді шешуде посткеңестік аймақта қҧрылған ШЫҦ, ЕврАзЭҚ, ТМД сияқты ҧйымдар ӛз септіктерін тигізуде.

Осы және басқа да процестер Евразия континентіндегі геосаяси теңдіктің маңызды факторларының біріне айналады. Сондықтан да осы процестердің зерттелу нәтижелері геосаяси тенденциялардың реттелуі мен болжануына тікелей әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Әдебиеттер

1. World Development Report 2005.World Bank. Wash. D.C. 2005. P. 260-261.

2. Боришполец К., Бабаджанов А. Миграционные риски стран Центральной Азии // Аналитические записки МГИМО (У) МИД России. Вып. 2 (22). М. 2007. 21 б.

3. Статкомитет СНГ, 2006. Статистический ежегодник. Москва. 2006. 23 б.

4. Современные этно-политические процессы и миграционная ситуация в Центральной Азии. / Под ред. Г.Витковской. М.1998. 28 б

5. Миграция и безопасность в России / Под ред. Г.Витковской и С.Панарина, Московский Центр Карнеги. - М.: Интердиалект+, 2000. 104 б.

6. Сегни К., Куиллин Б. И др. Денежные переводы в странах СНГ. Исследование выборочных коридоров отправки и получения. Всемирный банк. Регион Европы и Центральной Азии. Серия региональных публикаций. 2007 г. Том 2. N2. 4 б.

Referensi

Dokumen terkait

Аймақтардың экономикалық дамуының және экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аймақтарын беске бӛлеміз: - Батыс Қазақстан; - Солтүстік