• Tidak ada hasil yang ditemukan

This article discusses the history and formation of the Institute of ratification and ways to implement the ratification of international treaties

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "This article discusses the history and formation of the Institute of ratification and ways to implement the ratification of international treaties"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Куаныш А. ... РАТИФИКАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ШЫҒУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

Куаныш А.

РАТИФИКАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ШЫҒУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ В этой статьи рассматривается история и становление института ратификации, способы осуществления ратификации международных договоров.

Ратификация (англ.ratification) утверждение верховным органом государственной власти международного договора, подписанного уполномоченным представителем государства. При ратификации договора оформляется специальный документ — ратификационная грамота.

Международное право — наиболее общий термин, охватывающий всю совокупность правоотношений с участием иностранных элементов и нормативных актов, регулирующих эти отношения. В международном праве выделяются три основных направления: Международное публичное право, Международное частное право, Наднациональное право.

This article discusses the history and formation of the Institute of ratification and ways to implement the ratification of international treaties.

Ratification - (angl.ratification) approval of the supreme organ of state power of an international treaty signed by an authorized representative of the state. When ratifying the treaty drawn up a special document - the instrument of ratification.

International law - the most general term covering the totality of relations with foreign elements and regulations governing these relations. In international law there are three main areas: international public law, private international law, supranational law.

Халықаралық келісім шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеудегі мәні мен рөлі айрықша, себебі халықаралық келісім шарттар мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды бекітудің кең тараған нысаны болып саналады.

Халықаралық келісім шарттарды жасасу халықаралық құқық нормаларымен де, ұлттық құқық нормаларымен де реттеледі.

Ратификация институты өзінің тарихи даму сатысында нақты әлеуметтік- экономикалық шарттармен айқындалған бірқатар өзгерістерге ұшырады. Ежелгі деспоттық мемлекеттерде, сонымен қатар феодалдық кезеңдегі мемлекеттерде халықаралық келісім шарттарды жасасу туралы келіссөздерді жүргізуге құзыретті адамдар монархтардың сенімді өкілдері ретінде өз әрекеттерін жүзеге асырды. Осы жағдайларға байланысты ратификация институты мемлекет басшылары мен олардың өкілдері арасындағы жеке қатынастардың ықпалына ұшырап отырды. Егер құзыретті тұлғалар келісім шарттарды жасасу кезінде өзіне берілген құзырет шегінен тыс әрекеттар жасаса, онда бұл оның өз мемлекет басшысының қалауы мен еркін орындағанын білдіретін еді.

Қазіргі заманғы ратификация институты ежелгі кезеңнен бастау алатын ұзақ тарихқа ие. Парламенттік құрылымның қалыптасуы мен нығаюы бірқатар мемлекеттерде халықаралық келісім шарттарды ратификациялауда мемлекет басшысының келісімі ол парламентпен не оның бір палатасымен алдын ала мақұлдану тиіс деп шектелді. Мысалға АҚШ Конституциясы бойынша Жоғарғы Палата Сенаттың келісімі қажет. Егер парламенттік келісім бұзылған жағдайда жалпы мемлекет басшысымен жасалған ратификацияның дұрыстығы туралы мәселе ғана емес, жалпы халықаралық келісім шарттың дұрыстығы туралы мәселе қарастырылады.

(2)

Халықаралық келісім шарттарды ратификациялау институтының пайда болуы туралы айтқанда мыналарды ескеру керек: тарихи құжаттар көрсеткендей Шығыс елдері арасында сыртқы қатынастар жанданған, б. з. д. II мыңжылдықта Египет фараондары, Вавилон, Ассирия патшалары, сирия және палестина князьдары арасында жанданған дипломатиялық байланыстар орнатылған, төлемдер жинау, сыйлықтар апару және келіссөздер жүргізу үшін елшілер жіберілген, одақтық және бейбіт келісім шарттар жасалынған. Шығыстың құлиеленуші мемлекеттері арасында жасалған кейбір келісім шарттардың мәтіндері бізге тас тақтайшаларға жазылған күйінде жеткен1. Сақталған келісім шарттардың ішіндегі ең атақтысы және маңыздысы — б. з. д. XV вавилон-египет одағы және фараон Рамзес II мен хет патшасы Хаттушилем Ш арасындағы одақтық келісім шарт. Б. з. д. 1296 жылы египет фараоны мен хет патшасы арасында жасалған келісімнің мәтіні Карпаа және Рамесаума храмдарының қабырғаларына илінген. Бұл египеттіктер мен хеттер арасындағы ұзаққа созылған және қанды соғысқа нүкте қойған келісім болды. Келісім шарт мәтіні үшін тақта қолданылған.

Мысалға, хеттердің патшасы египет фараонына келісім шарт шарттары көрсетілген күміс тақтаны жіберген. Оған жауап ретінде египет фараоны Хаттушилю III қабылданған келісім шарт мәтінімен өзге тақтаны жіберген. Жасалған екі келісім шарттың екі түпнұсқасында да монархтардың мөрі пен қолдары тұрды. Жасалған келісім шарт салтанатты антпен бекітілген, онда келісім шартты бұзушыға жаза көрсетілген: «...Осы күміс тақтайшадағы сөздерге келсек, хеттер мемлекеті жері үшін және египет жері үшін, кімде кім оны сақтамаса – хеттер мемлекеті құдайларының мыңы – египет жерінің мың құдайына тең – оның үйін, оның жерін, оның құлдарын жояды2.

Осы күміс тақтайшадағы сөздері кім сақтаса, олар мейлі хеттер мемлекетінен немесе Египет адамдарынан болсын, египет жерінің мың құдайына тең, хеттер мемлекеті құдайларының мыңы оларға оның үйімен, оның жерімен, олардың құлдарымен бірге

игілік пен өмір береді3.

Б. з. д. I мыңжылдықта Қытай мен Үндістан жерлерінде өзара келісім шарттық қатынастарға түскен жаңа мемлекеттер пайда болды. Әдетте мұндай келісім шарттар, қандай да бір сыртқы жауын қорқыту үшін ортақ қауіп кездерінде жасалған. Қауіп-қатер жойылғаннан кейін мұндай келісім шарттардың әрекеті тоқтатылған. Алайда қандайда бір ратификация институтына сілтеме жасау сол кездегі мемлекеттердің келісім шарттық құқығында жоқ.

Грецияда келісім шарттар құқығы жекелеген грек мемлекеттерінің әскери және экономикалық қуатын нығайту шарасы ретінде қалыптасқан. Грек мемлекеттері көрші мемлекеттермен және бір-бірімен жиі соғыс жағдайында болған. Соғыстар алдап- арбаумен және шамадан тыс қаталдығымен немесе қарсыласын жойып жіберумен ерекшеленген. Мемлекеттер арасындағы байланыстардың дамуымен соғыс жариялау мен бейбітшілікті жасасуға қатысты ережелер жасалды. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери әрекеттерді жариялау, бастау және жүргізу ережелерін айқындайтын институттар пайда болады және қалыптасады. Және жаймендеп мемлекеттер арасындағы қатынаста біршама ұзақ мерзімге арналған бейбіт келісім шарттар жасасу жолы реттелді.

Келісім шартқа ерекше бедел беру үшін «келісім шарт мәтіні, яғни оның шарттары, оған қол қойған және адал орындау туралы құдай алдында ант берген адамдардың аттары мәрмәр тақтаға жазылып, қала алаңына немесе көп жағдайда қандай да бір храмға қойылған». Мұндай әрекеттерді қазіргі халықаралық келісім шарттарды ратификациялау үрдісінің сұлбасы ретінде қарастыруға болады.

1 Левин Д.Б. История международного права. М., 1955, сб.

2Лукашук И.И. Источники международного права. Киев, 1996, Гревцова Т.П. Международный договор в системе источников советского внутригосударственного права // СЕМП, 1963. М., 1965.

3Союзный договор между хеттским царем Хаттушилем ІІI и египетским фараоном Рамзесом II / Хрестоматия по истории Древнего мира. М., 1950.

(3)

Ежелгі Рим халықаралық келісім шарттар құқығының әрі қарай дамуына елеулі үлес қосты. Рим тарихшысы Светонияның мәліметтерінше, Римнің мемлекеттің мұрағатында рим мемлекетінің маңызды заң ақтілері, сонымен қатар оның халықаралық келісім шарттары ойылып жазылған 3000-ге жуық тақтайшалар сақталған. Ежелгі Рим мемлекетінде халықаралық келісім шарттар екі түрге бөлінген. Бірінші түрге достық пен бейбітшілік туралы келісім шарттар, ал екіншісіне одақтық келісімдер жатқызылған.

Рим мен өзге мемлекеттер арасында жасалған бейбіт келісім шарттардың маңыздылығы ерекше болған. Бұл бейбіт келісім шарттар өте кең ауқымдағы мәселелерді (мысалға, сауданы қайта жандандыру, әскери әрекеттерді тоқтату, уақытша бітімге келуді бекіту және т.б.) қарастырғандықтан, олар әмбебап сипатқа ие болған.

Кейінірек, Римде Сенат пен рухани тұлғалардың Коллегиясы (шамамен 20 фециалдар) сыртқы қатынастарды халық атынан жүзеге асырған. Халықаралық келісім- шарттарды жасасу сатысында өзге тұлғалар да қатысқан, мысалға Сенатпен өкілеттілік берілген әскерибасшылар, диктаторлар, консулдар. Мынадай ереже әрекет еткен: егер лауазымды тұлға “imperium” ие болып және өзіне берілген нұсқауды бұзбаса, онда жасалған келісім шарт мемлекеттің жоғарғы билігінің мақұлдауынсыз күшіне енген.

Уақытша «induitiae» және ұзақ «facdus» сипаттағы келісім шарттардан өзге Римде

«sponsio» деп аталатын келісім шарттар жасалынған. Бұл келісім шарттар негізінен соғыс пен бейбітшілік мәселелеріне қатысты болған. Осы келісім шарт түрлері консулдармен не әскерибасшылармен арнайы Сенаттың өкілетінсіз жасалынған. Мұндай келісім шарттарды

«Рим, егер олар ратификацияланған болса, яғни олар рим халқының жоғарғы санкциясына ие болған жағдайда ғана міндетті деп мойындаған». Мұндай келісім шарттарды ратификациялау Сенатпен, кейінірек императормен жүзеге асырылған. Мұнымен қатар Сенат жасалған келісім шартты кері қайтаруы мүмкін. Бір жағдайда келісім шартты жасасқан тұлға оның әрекеттерін мемлекеттің жоғарғы билігі мақұлдауы үшін әрекеттер жасай алды және мұндай келісім щарт бекітілді. Өзге жағдайда Сенат жасалған келісім шартты кері қайтарды. Біріншіден, егер тұлға өзіне берілген нақты өкілеттіктерді асыра сілтесе не алынған нұсқаулықты бұзса. Және екіншіден, тәжірибеден мынадай жағдай кездесуі мүмкін, егер келісім шарт оны жасасуға құқығы бар қолбасшымен жасалып, бірақ ондай келісім шарт рим халқы үшін тиімсіз болған кездері. Жасалған келісімнің шарттарын бекітуден бас тарту өте қиын болған, тіпті мүмкін де емес. Келісім шартты жасасу сәтінде діни сипаттағы ерекше әрекеттер орындалғандықтан одан бас тарту одан әрі қиындай түсті. Үлкен фециал (pater patritus) құрбан торайдың басын жарды және келісім шартты бекітетін салтанатты ант сөздерін айтты. Ант беру кезінде жасалған келісім шартты бұзған құдайлардың қаһарына үшырасын деп айтылды. Римдіктер келісім шартты бұзушыны жою үшін Юпитерді шақырған «мен қазір мына құрбан жануарды жойып жатқандай, бірақ құдай адамнан қаншалықты күшті болса, бұл да соншалықты».

Мұндай күрделі жағдайдан Рим келісім шартты жасасқан тұлғаны өзге тарапқа беру арқылы шыққан, содан кейін келісім шартты ратификациялаудан бас тартылады, нәтижесінде жасалған келісім шарттан бас тартылды. Келісім шартты жасасу мен оның күшіне ену сәті салтанатты ант беру сәтімен қатар болды. Сондықтанда Рим келісім шартты ратификациялаудан бас тарту өзге тарап мүдделеріне зиян әкелетінін мойындаған.

Мұндай бас тарту келісім шартты адал орындау антын бұзғанмен тең деп саналған және сол үшін нақты өтем өтелген. Мұндай өтем Рим үшін қолданылуы мүмкін емес келісім шартты жасасқан тұлғаны беру туралы Сенат қаулысы болып табылды.

Сонымен, Сенат қаулысы бойынша, б. з. д. 321 жылы Кавдан шатқалында жасалған бейбіт келісім шарт кері қайтарылған үшін, екінші тарапқа осы келісім шартты жасасқан рим консулы берілген. Өзге мемлекеттермен келісім шарттар жасасқан тұлғалар, қол қойылған келісім шарттарды ратификациялаудан бас тартылған жағдайда өздерін қауіпсіздендіру үшін оның мәтіндеріне, келісім шарт Сенатпен ратификацияланған жағдайда ғана күшіне енеді және сақталады деген ескертпелерді енгізе бастады.

Империяның барлық өмір сүру кезеңінде мұндай келісім шарттар императормен

(4)

ратификацияланғаннан кейін ғана күшіне енген. Осылайша, ратификацияланғаннан кейін ғана күшіне енетін және келісім шарт күшіне ие ерекше келісімдер (sponsiones) пайда болды.

Осы кезеңде император тұлғасы мен атағы ерекше мәнге ие бола бастады.

«Республика уақытында жеңімпаз-қолбасшыға жеңістен триумфқа дейінгі мерзімде бірілген атақ өмірлік болып табылады және оны алып жүрушінің атының құрамдас бөлігіне айналады». Бұл атақ «тұрақты және одақтық барлық әскерлерге билікті, салық салу мен жүргізуді, соғыс жариялау мен бейбітшілік жасасуды» білдірді. Осылайша, сыртқы қатынастарда «халық» атынан өкілдік ететін Сенат функциясы (сондай-ақ келісім шарттарды ратификациялау) императордың қолына өтті.

Сөйтіп, феодалдық кезеңге дейін халықаралық келісім шарттарды ратификациялау жекелеген мемлекеттердің келісім шарттық тәжірибелік институтын қалыптастырды және жүзеге асырды.

Заң әдебиеттерінде осы институттың пайда болуы туралы басқаша көзқарастар айтылған. Ратификациялау институты орта ғасырларда пайда болған. Ол кездері бірқатар жағдайларда келісім шарттар өз құзыретті тұлғалары не жайында келіскені туралы мемлекет пен оның өкілдерінің өздері білмейтін жағдаймен жасалған.

Ратификация – мемлекеттер арасындағы алғашқы келісім шарттармен бір мезгілде туындаған ежелгі институттардың бірі. Алайда ратификациялаудың сипаты мәні бойынша өзгерді. Бұрындары халықаралық қатынастардың субъектілері монархтар болды.

Қатынастар жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға сәйкес құрылды. Келісім шарттарды рәсімдеу соған ұқсас сипатта болды. Онан өзге, арнайы өкілеттік беріп өзге мемлекетке жіберілген тұлғамен тұрақты байланыста болу мүмкін болмады, сондықтан да мемлекет басшысы келісім шарт онымен берілген өкілеттілікке сай келетінін айқындау үшін соңғы сөзді өзінде қалдырды. Мәні бойынша, бұл жағдайда келісім шарт бойынша міндеттемеге келісу туралы ғана емес, сонымен бірге өкіл өзіне берілген өкілеттілікке сай әрекет еткенін бекіту туралы болып отыр. Өкілдің өз өкілеттілігін бұзуы ратификациялаудан бас тартуға негіз болды. О.Э. Поленц былайша жазды: "Орта ғасырлар кезеңінде бекіту, ратификациялау суверен үшін берілген өкілеттілікті бұзуымен немесе онсыз оның өкілінің жасаған әрекеттерін сакнциялау қажет болды». Бұл пікір сол уақыттың тәжірибесімен расталады. Ол доктринада да расталды.

Соған сәйкес ратификацияның халықаралық аспектісі кейінірек рәсімделе бастады.

Маңызды келісім шарттар оларды бекітуді қажет етті. «Ратификация» және

«ратификациялық грамоталар» терминіне келер болсақ, Ресейде ол Петр I заманынан бастап қана қолданыла бастады.

Ратификацияның қазіргі заманғы институты XVIII ғасырда атқарушы билікті парламенттің бақылауына қою құралы ретінде қолданыла бастады. Нәтижесінде ратификацияның мағынасы өзгерді. Келісім шарттың өзі ол міндетті болғанша мемлекеттің содан кейінгі ратификациясының пәніне айналды. Себебі сол кездері көптеген келісім шарттар маңызды халықаралық мәселелерге қатысты болды, сондықтан келісім шарт ратификацияланғаннан кейін ғана міндетті болады деген пікір қалыптасты.

Осыған байланысты сол кездегі халықаралық құқық ғылымында арнайы берілген өкілеттілік шегінде жасалған келісім шарт мемлекет басшысының немесе өзге жоғарғы билік органының ратификациялауына жатқызылуы тиіс деген көзқарас қалыптасты. Егер де өкілетті тұлға өз құқықтарын асыра пайдаланған және мемлекет басшысының нұсқауларын орындамаған жағдайда, онда соңғысы ратификациялаудан бас тарту немесе ұсынылған келісім шарт жобасын кері қайтару құқығына ие болды.

Осылайша, бастапқыда ратификация өкілеттіліктің қаншалықты сақталғанын және орындалғанын тексеру шарасы ретінде көзделді. Егер келісім шарт берілген өкілеттілікті асыра пайдаланып жасалған болса, онда мемлекет басшысы оны мақұлдаудан бас тартты не оны қолдануға болады деп шешім қабылдайды, сол арқылы ол өз өкілдерінің жеке бастамасымен жасаған әрекетін мақұлдады. Осыған байланысты халықаралық құқық

(5)

ғылымында, Гроцийдан бастап өкілеттілікті асыру ратификациясы емес деген көзқарас пайда болды.

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттіліктің жағдайында ратификация тепе теңдік және тежемелік механизмінің құрамдас бөлігінің біріне айналды – атқарушы биліктің халықаралық келісім шарттарды жасасу өкілеттілігі болса, ал заң шығарушы биліктің атқарушы биліктің жасасқан халықаралық келісім шарттарына, жалпы аталған биліктің әрекеттеріне бақылау жасауға құқығы бар. Сондықтан да ратификация институты заң шығарушы биліктің атқарушы билікті бақылау шарасы ретінде қолданыла бастады.

Статистика бойынша, шамамен шарттардың үштен екісі, ереже бойынша ратификация сатысын өтеді екен. Осы жағдаймен ратификация институтының халықаралық құқық үшін маңыздылығы айқындалады.

Ратификация институты өзінің тарихи дамуында нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен көрініс тапқан бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Ерте кездегі деспоттық мемлекеттерде, сонымен бірге феодалдық кезең мемлекеттерінде халықаралық шарттарды жасау жөніндегі келіссөздерді жүргізуге өкілеттілер монархтың жеке өкілдері ретінде әрекет етті. Осындай жағдайлардың күшімен ратификация институты өзіне мемлекет басшысы мен оның өкілдері арасындағы жеке қатынастардың ықпал ететінін сезінді. Егер шартты жасау кезінде өкілетті тұлғалар өздеріне берілген өкілеттік шегінде әрекет етсе, онда бұл олардың толығымен мемлекет басшысының еркін орындағанын білдіреді. Осыған байланысты, сол кездегі халықаралық құқық ғылымында мынандай көзқарас қалыптасты, яғни белгілі бір берілген өкілеттік шеңберінде жасалған халықаралық шарт мемлекет басшысының міндетті түрде қолдауын немесе жоғары өкілді органмен ратификациялаудықажет етеді. Егер өкілеттілер өздерінің құқықтарын асыра пайдаланылған болса және мемлекет басшысының тапсырмаларын тиісінше іске асырмаған болса, онда соңғысы даусыз түрде ратификациядан бас тартуға және ұсынылған шарт жобасын қайта қарауға қалдыруға құқылы.

Осылайша, ратификация басынан өкілеттіліктер қалай сақталып және орындалып жатқанын тексеру шарасы ретінде әрекет етті. Егер шарт өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған болса, онда мемлекет басшысы оны қолдаудан ба тартады немесе оны қолданысқа жарайтындығын көөрсетеді де өзінің өкілеттілерінің жеке бастамасымен жасалған әрекеттерді қолдайды. Осы байланыста халықаралық құқық ғылымында, Гроцидан бастап өкілетті асыра пайдалануға қатысты ратификацияламауды негіздеге көзқарас пайда болды.

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттілік жағдайында ратификация институты тежеуші механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады, соған сәйкес атқарушы билікте халықарлық шарттарды жасау өкілеттілігі жинақталды, және сол уақытта заңшығарушы билік атқарушы билік қызметіне, оған қоса халықаралық шарттардың жасалуына бақылау жасау құқығына ие болды. Сондықтан ратификация институты заңшығарушы биліктің атқарушы билікке бақылау жасау шарасы ретінде қарастырылды.

Халықаралық шартты ратификациялау – оның мемлекеттің жоғары өкілетті органымен бекітілуін білдіреді. Ол екі әр түрлі, яғни халықаралық және мемлекетішілік ратификацияның екі қызметіне сәйкес келетін нысанада көрініс табады: халықаралық (ратификациялық грамота) және мемлекетішілік нормативтік актіде (заң, жарлық және т.б.).

Ратификация халықаралық шартты жасаудың міндетті сатысы болып табылмайды.

Халықаралық құқық Комиссиясының бастапқы халықаралық шарттар туралы баптар жобасының 12 бабында «халықаралық шарттар ратификациялауды қажет етеді», делінген ереже көпшілік тарапынан үлкен сынға ұшырап, ақыр соңында түпкілікті жобаға кірмей қалды. Өзіміз байқап отырғандай, ол халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена Конвенциясының қолдауына да ие бола алмады. Осы жағдайға қарамастан, егер халықаралық шарт ратификациялауға жататын болса, бұл саты шартты жасаудағы маңызды саты болып табылады. Себебі ратификация мемлекеттің жоғары өкілетті

(6)

органдарымен жасалады және халықаралық шарттың өздеріне міндеттілігін көрсететін мемлекеттердің келісім білдірулерінің анағұрлым беделді нысаны болып табылады.

Вена Конвенциясының 14 бабына сәйкес, «Мемлекеттердің шарттың өзіне міндетті болатындығына келісім беруі ратификация арқылы анықталады, егер:»

 егер, шарт осындай келісім ратификация арқылы айқындалатындығын қарастырса,

 басқаша сипатта келіссөздерге қатысушы мемлекеттер ратификацияның қажеттілігі жөнінде келіссе;

 мемлекет өкілі халықаралық шартқа ратификация шартымен қол қойған болса;

 мемлекеттің шартқа ратификация жағдайында қол қоятыдығы жөніндегі ниетін білдіруі, оның өкілінің өкілеттігінен шығады немесе келіссөздер кезінде айқындалады».

Ратификация институтын сақтап қалу қажеттілігі тек заңдық қана емес, сонымен бірге саяси ойлаулармен де анықталады. Ратификация тағы бір қайтара халықаралық шарт мәтінін қалыпты жағдайда ойлануға, өзінің өкілеттілерінің әрекетін бақылауға, сонымен бірге қоғамдық пікірді дайындауға мүмкіндік береді. Кей кездері қол қойылған шартқа қосымша анализдер мемлекетпен бұл шартты ратификациялаудан бас тартуға әкеліп соқтырады. Ратификациядан бас тарту халықаралық құқықтың бұзылғандығын білдірмейді. Осылайша, КСРО қаратеңіздік бұғаз режимі жөніндегі 1923 жылғы Лозанндық конвенцияны, оның КСРО қызығушылықтарына әйкес келмейтіндігіне сілтеме жасап, ратификацияламай қойды4.

Қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық теория негізінен мемлекеттің өкілдерімен жасалған халықаралық шартты ратификациялаудан бас тартуын әрбір мемлекеттің өзіндік мойындау құқығы дегенге саяды. Бұл өзінің айқындамасын 20. 02. 1928 жылғы Гаван конвенциясының 7 бабынан алды, онда «Шартты ратификациялаудан бас тарту немесе оның қалыптамасына ескерпе жасау мемлекеттік егеменділіктің көрініс табуы болып табылады және халықарлық норманы да, этикетті де бұзыбатын құқықтардың жүзеге асырылуына жағдай жасайды», делінген. Мартенстің халықаралық құқық оқулығында

«Халықаралық құқық тұрғысынан ратификациядан бас тарту құқыққа сай емес акті болып табылмайды» деп көрсетілген5.

Алайда, әдебиеттерде әрбір нақты жағдайдағы ратификациядан бас тартудың себептері көрсетілуі тиіс екендігі айтылады. Ф. Мартенс, мысалы ратификациядан бас тартуға жол беріледі және қажетті деп көрсетеді:

 келіссөздерге қатысушы өкілдер өз өкілеттіліктерн асыра пайдаланса;

 парламент шарт жасауға рұқсат бермесе;

 жағдай мәнімен өзгерсе;

 қол қою мәжбүрлеп, күш көрсету нәтижесінде жасалса.

Алайда, халықаралық шарттарды ратификациялаудан негізсіз бас тарту жөніндегі кездесіп жатқан жағдайларға қарамастан, шарттың жоғары өкілетті органдармен қабылдануының қосымша қағидасы, қазіргі заманғы халықаралық құқықтың негізделмеген ережесі болып табылады. Осындай ережемен мынанды ескеру қажет, яғни ратификациялық грамоталарды кері қайтарып алуға жол берілмейтіндігі, себебі мұндай әрекеттердің жасалуы pacta sunt servanda қағидасының бұзылғандығын көрсетеді.

Белгілі жағдай, яғни ратификациядан негізсіз бас тартулар халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етпейді. Мысалы, АҚШ, Конституциясының қабылдану сәтінен 1946 жылға дейін 100 ден аса шартты ратификациялаудан бас тартты, ал басқаларына қатысты 57 белгілі бір уақытқа дейін шегерілді. 50 жылдан астам уақыт АҚШ 1925 жылғы химиялық және бактериологиялық қаруды қолдануға тиым салу жөніндегі Женева хаттамасын ратификацияламады. 1977 жылдың тамыз айында АҚШ

4Блищенко И.П., Солнцева М.И. Международная политика и международное право. – М., 1970. 5. Мартенс Ф.

Современное международное право цивилизованных народов. – М., 1888, с.388

5Действующее международное право. В 3 т. Сост. Колосов Ю.М. и Кривчикова Э.С. – М., 1996.

(7)

сенаты 1948 жылдың өзінде БҰҰ қабылданған геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау жөніндегі Конвенцияны ратификациялаудан бас тартты. 1963 жылы АҚШ сенаты 1952 жылғы әйелдердің саяси құқығы және 1957 жылы ХЕҰ қабылданған мәжбүрлі еңбекті жою туралы шартты ратификациялауға кері ықпалын тигізді. АҚШ және батыстың көптеген алдыңғы қатарлы елдерімен ратификацияланбаған шарттардың ішінде мыналар көрініс тапқан: 1968 жылғы әскери қылмыстарға және адамзатқа қарсы қылмыстарға мерзімнің өтілуін қолданбау туралы конвенция, 1966 жылғы адам құқықтары жөніндегі пактілер, 1973 жылғы апартеид қылмысының алдын алу және оны жазалау шаралары жөніндегі халықаралық конвенция, 1965 жылғы нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция, 1972 жылы АҚШ қол қойған, КСРО мен жасалған сауда келісімдері. Одан басқа да біршама мысалдар келтіруге болады. Өзінің Халықарлаық Еңбек Ұйымындағы мүшелігі кезінде АҚШ осы ұйыммен қабылданған 149 конвенцияның тек 7 ратификациялады.

Ратификация және халықаралық келісім – шарт туралы барлық анықтамаларды жинақтай келе, оларға мынадай анықтама беруге болады: Ратификация – бұл келісім шарт міндеттемесіне келісімін білдіретін мемлекеттің жоғарғы органының келісім шартты бекітуі. Ал, халықаралық келісім – шарт – бұл халықаралық құқық субъектілері арасындағы өзара құқықтар мен міндеттемелердің туындауына, тоқтатылуына, өзгертілуіне қатысты келісім.

Қазіргі мемлекеттер арасындағы өзара келісімдер жасасуда ратификацияның алатын орны орасан зор болып табылады. Өзара саяси, экономикалық, сауда, халықаралық тасымал және т.б. көптеген келіссөздер, келісім – шарттар жасау барысында үлкен мәнге ие болып отыр.

Referensi

Dokumen terkait

Сорокина ОЦЕНКА ДЕСЯТИЛЕТНЕГО РИСКА РАЗВИТИЯ САХАРНОГО ДИАБЕТА 2 ТИПА В КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ: ПОПУЛЯЦИОННОЕ КРОСС-СЕКЦИОННОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ Карагандинский государственный медицинский

Олар:  мемлекетіміздің басты ішкі саяси ұстанымы- ұлтаралық келісім мен татулығы болып табылуы;  Қазақстан Республикасы Конституциясында ұлтаралық және дінаралық мәселелерді оңды