• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF www.enu

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF www.enu"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

www.enu.kz

Қ.А. ЕҢСЕНОВ, Астана қ., Қазақстан

Л.Н. ГУМИЛЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ КӚШПЕНДІЛЕР ӚРКЕНИЕТІ

Әлемдік тарихта әр елдің жүріп ӛткен жолы және ӛзіндік тарихы бар. Кӛне заманнан бүгінге дейін кез келген ел ӛз даму жолынан ӛтіп, ұлт болып ұйысып, жұрт болып жинақталды.

Нәтижесінде тұтас халықтар пайда болды.

Міне, осындай әлемдік тарихтың және ӛркениеттің құрамды бӛлігін «Кӛшпенділер»

құрайды. Бұл біздердің ата-бабаларымыздың әлемдік тарихтан орын иеленгендігін байқатады.

Ӛйткені, Еуразияның кең даласында кӛшпенді ру-тайпалар кӛшпенділер қоғамында ӛмір сүріп, қыс қыстауда, күз күзеуде, жаз жайлауда және кӛктеуге шығып, қоршаған орта аясында табиғат ырғағымен үйлесімдікте ӛмір сүрді. Яғни, кӛшпенділер қоғамының басқа ӛркениеттер мен мәдениеттерден ерекшелігі болды.

Еуразия кеістігіндегі тайпалық одақтар, түркілер тарихын зерттеген Л.Н. Гумилев ӛз еңбегінде белгілі бір ұлттың ел болып қалыптасуы ұзақ мерзімді қамтиды және ол үшін кеңістік пен уақыт қажет екендігін атайды [1]. Бұл дұрыс тұжырым, ӛйткені қандайда болмасын ру- тайпалық одақтар тілдік, салт-дәстүрлік және этникалық жағынан жақын болғандықтан топтасып, кӛшіп-қона жүріп, белгілі бір ұлттың қалыптасуына этникалық жағынан бірігеді. Соңында кеңістік пен уақыттың аралығында ұлттар пайда болады.

Тарих ғылымының саласы бойынша кӛне заманнан бүгінге дейін зерттеушілер кӛшпенділер тарихына әртүрлі баға беріп келе жатыр. Мысалы, ағылшын тарихшы-филосфы Арнольд Дж. Тойнби ӛз еңбегінде «Ӛркениеттің кешеуілдеуі» деген тарауында эскимостар мен кӛшпенділерді ӛркениетті қоғамнан артта қалған және томаға тұйық ӛмір сүрген деген баға береді [2]. Ал, шын мәнінде оның кешеуілдеу деп отырғаны ғылыми техникалық революциялардан кеш қалғандығын салыстырса керек. Бұл жерде кӛшпенділер қоғамы әлемдік ӛркениетке ӛз үлестерін қосты. Мысалы, сақтардың «аң» стильіндегі әшекей бұйымдар, ғұндардың әскери ӛнердегі ондық, жүздік, мыңдық және түмен басы деген құрылымды қалыптастырған. Түркілер заманында ӛзіндік кӛне түркі жазуы, алғашқы далалық алып иперияны құруы, 28 сатылы әкімшілік басқарудағы лауазым иелері және тағы басқа жетістіктер баршылық. Сондықтан, кӛшпенді қоғамда ӛмір сүрген халықтың тарихы мен мәдениетін бағалау үшін сол уақыт контекстінде қарау керек.

Кӛшпенділер тарихына қалам тартқан академик М.Қ. Қозыбаев ӛзіндік тұжырымдар жасаған болатын. Ғалымның пікірінше, «Дала ӛркениеті мен тарихы, әлемдік ӛркениет пен тарихтың құрамды бӛлігі» екендігі аталады [3]. Бұл ӛте дұрыс жасалған түйін. Ӛйткені, кӛшпенділер ғасырлар бойы ӛмір сүріп, шыңдалып, ӛзіндік ӛмір салтымен дәстүрлі қоғамы болды.

Мемлекеттілік туралы қағиданың М.П. Цицероннан басталатын 2000 жылдан асатын тарихы бар. Ал мемлекеттілік жайлы еуропалық классикалық ілім XYII-XYIII ғғ. қалыптасты.

Бірақ осы ғасырларға дейін еуропалықтар іс жүзінде азиялық, әсіресе, кӛшпенділердің ӛмірінен бейхабар болғанын кезінде академик Н.И. Конрад ӛкіне отырып жазған еді.

Кӛшпенділердің мемлекеттілігі туралы еуроцентристік ілімнің қайнары немістің таңдаулы филосфтары Ф. Гегель, И. Канттың философиялық кӛзқарастарында жатыр. Олар кӛшпенді мал шаруашылығының табиғатын, динамикасын түсіне алмады. Кӛшпенділерді «малымен бірге ӛріп, бірге жусап күнелтіп, ат жалында жүрген жаугершілер» деп таныған олар кӛшпенділерді адамзат ӛркениетінің тарихқа дейінгі ІІ кезеңіне жатқызады да «Кӛшпенділер мемлекет деңгейіне кӛтеріле қоймаған жұрт, олар тек ӛркениетке жетілген еуропалықтардың ықпалында немесе отырықты мәдениетпен ұштасқанда ғана мемлекет деңгейіне кӛтеріле алады» деп түйді. Бұл іс жүзінде еуропалықтардың Азияны отарлау саясатының идеологиясы болды.

Дж Тойнби «Империялық деңгейге кӛтерілген елдерді ғана «әмбебап мемлекеттер» деп танып оларды «еуропалық демократиялық және азиялық деспоттық мемлекеттер» деп екіге бӛлді.

Оның пікірінше, «кӛшпенді империялар күштің арқасында құрылған ӛткінші құбылыс, сондықтан, олар үш ұрпақтан әрі ӛмір сүрмек емес, деп сәуегейлік танытты. Бірақ тарихтың сабағы оның айтқанынан басқаша нәтиже кӛрсетті, - дейді тарихшы З. Қинаятұлы ӛзінің

«Кӛзқарас» атты ғылыми еңбегінде [4]. Демек, еуропалық зерттеушілер ӛздерінің ұлттық мүддесінен тұжырым жасап, шынайы бағалаудан алшақ кеткенін байқаймыз.

(2)

www.enu.kz

Ал кӛшпенділерде мемлекет болды деп қарайтындар ӛзара тағы екіге бӛлінеді. Е. Прицак, Л. Коэн, Н.А. Аристов, Р.В. Радловтар кӛшпенділер мемлекетінің құрылуын тайпа кӛсемдері, басқа батырлардың рӛлімен байланыстырды.

Дала мемлекеттерін тудырған басты шарттар – әуелі ру-тайпалық қақтығыстар, ата қоныс, жайылым жерін қорғау үшін жүргізген жанталасқан күрестер болатын. Ғұн, Түрік, Моңғол державаларын тудырған негізгі фактор – осылар дейді [5] кӛне және ортағасырлық мемлекеттердің тарихын саралай отырып зерттеуші З. Қинаятұлы ӛзінің ғылыми еңбегінде. Иә, бұл ӛте орынды берілген баға деуге болады. Ӛйткені, ру-тайпалық одақтар бірлесіп жорыққа аттанған және қорғанған, соңында мемлекеттік құрылымның негізін құрай бастаған. Сӛйтіп, мемлекеттіліктің алғашқы типтерінің құрылымы жасақтала түсті. Олар ӛздерінің қоршаған ортасы мен табиғатына бейімделген – дала демократиясы бойынша дамыды. Онда халықтың қалауы бойынша тайпа кӛсемін немесе хан сайлады. Бұл да кӛшпенділерге тән ерекшелік болатын.

Тарихшы ғалым З. Қинаятұлының пікірінше кӛшпенділердің меншік иелену жайына келсек, «Қауымдық, Хандық, Ру-тайпалық, Соерхол, Дархандық» меншік жүйесін тарих тұрғысынан Б.Я. Владимирцовтан асып талдай алған ешкім жоқ деуге болады», - дейді [6].

Қазақ сахарасында ертеректе пайда болған ең алғашқы далалық алып империя – Түркі қағанаты еді. Міне, осы қағанаттың ең ірі ұлығы – Шад, одан Тегін, Елтебір, Тудынбер, барлығы 28 дәрежеден тұрды. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болды. Еуропада бұған сай келетін балама жоқ. Кӛне түркілердің туында бӛрінің зермен айшықталған басы бейнеленген. Орда гвардиясын

«Бӛрілер» деп атаған. Алты ұшты жебе мен балауыз мӛрді олар куәлік ретінде пайдаланды.

Астанасын Ӛтукен бӛктерінде құрды. Түркі қағанаты Ордасы Чин патшалығына 370 рет елші аттандырыпты. Батыс Түрік қағанатының қағаны Мұқанның әскері миллионға жетті деген дерек бар [7]. Бұл туралы Л.Н. Гумилев ӛз еңбегінде «Мемлекет – бұл анықталған территориясы мен билігі бар құрылым» [8] дейді. Демек, жағарыда аталған құрылым еуропалықтардың басқару үлгісінен ӛзгеше форманы иеленгені анық байқалады.

Ерте және орта ғасырлардағы мемлекеттік бірлестіктер тарихын зерттеген тарихшы З.

Қинаятұлының еңбектеріне назар аударсақ, ертеде сақ, ғұн және түркі қағанаттарында ӛзіндік заңдар болған екен. Міне, осы аталған заңдар бойынша ел билеушілері халықты басқарып, бүлік шығарушыларды жазалап, қоғамдық тәртіпті сақтаған. Сондай-ақ, кӛшпенділерге қамал қорғандар мен қалаларды біреу келіп салып берген жоқ, олар ӛздері сондай ӛркениет пен мәдениетті қалыптастырды [9]. Оған дәлел Қазақстандық археологтар зерттеулері бойынша аршылған қалалар мәдениеті, ондағы тартылған су құбырлары, монша, ақша сарайлары, мешіттер және мұнаралар барлығы ӛркениет жетістіктері екені анық.

Қазақ мемлекеті ежелгі түрік және ортағасырлық моңғолдық мемлекет жүйесінің түрлі реформация, трансформацияларынан ӛтіп, ӛз даласында шыңдалып жетілген түрі болып табылады. Ол біріншіден, қазақ даласында әрбір тарихи кезеңдерде салтанат құрған Сақ, Үйсін, Қаңлы, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ және Шығыс Түрік қағанаты және Керейт, Найман хандығының мемлекеттік жүйесінен жинақталып сақталған элементтер арқылы, екіншіден, ІХ-ХІІІ ғғ. Қимақ, Қыпшақ мемлекетінің басы қосылып жинақталған қазақ тайпалары негізінде құралған Ақ Орда мемлекетінің ұлыстық жүйесі арқылы қалыптасты. Ал қазақ хандығы Қазақ мемлекеттігінің ӛсу динамикасының бір елеулі кезеңі болып табылады. Осыдан келіп қазақ мемлекеттігі тарихын кезеңге бӛлу мүмкіндігі туады, - деп Кӛшпенділердің мемлекеттік құрылымына З. Қинаятұлы әділ баға берген [10].

Демек, кӛшпенді ата-бабаларымыз сонау ӛткен замандардан бері эволюциялық жолмен дамып, елдіктің негізін құраған. Қазақ даласында Керей мен Жәнібек «Қазақ хандығының» туын тігуі де, тарихи заңдылық, уақыты жетіп, ұлт болып құралу процесі екені анық. Ӛйткені, кӛшпенді салтпен ӛмір сүрген ру-тайпалар мен одақтар этникалық, тілдік, салт-дәстүрлік жағынан ӛте жақын топтасты. Бұл одан бұрында болуы мүмкін еді. Бірақ, оған кедергі жасаған моңғол шапқыншылығы, ұлыстарға бӛлу мен мемлекеттік бірлесттіктерге қаратып басқару кезінде тежеліп қалды. Дегенмен де, құралуы керек болған ұлттың «қазақ» деген атауды иеленіп, ел болуы XV ғасырда заңды құбылыс еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. М., 1997. 113 с.

2. А.Дж. Тойнби. Постижение истории. М., 1990. С. 187.

(3)

www.enu.kz

3. Қозыбаев М.Қ. Дала ӛркениеті – әлемдік ӛркениеттің құрамды бӛлігі // Егемен Қазақстан, 1998.

– 13 маусым. 6-б.

4. Тойнби А.Дж. Исследование истории: Возникнавение, рост и распад цивилизаций / Арнольд Дж. Тойнби; с англ. К.Я. Кожурина. – М.: АСТ: АСТ МОСКВА, 2009. – 326- с.

5. З. Қинаятұлы Кӛзқарас (ұлт, тарих және адамдар тағдыры жайында). – Павлодар: «Brand print»

баспасы, 2010. – 103-б.

6. З. Қинаятұлы Аталған еңбек...105-б.

7. З. Қинаятұлы Аталған еңбек...105-106-бб.

8. З. Қинаятұлы Аталған еңбек...107-б.

9. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера...83 с.

10. З. Қинаятұлы Аталған еңбек...108-б.

Referensi

Dokumen terkait

Распределение концентрации карьерных предпочтений среди казахстанских подростков, обучающихся в сельской местности % № Код ISCO-08 Специальности 2022 Апробация 1 2211 Врачи

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттары: – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымын қалыптастыру; – шағын және орта бизнес субъектілеріне