WWW.ENU.KZ М.А. Алпысбес Астана қ., Қазақстан Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫНДАҒЫ
ҒҰНДАР ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Л.Н. Гумилев тарихи таным дамытуда бірнеше ғылым салаларын ұштастырып, "ұлт", "этнос",
"халық" құбылысы, оның қалыптасуы, ӛркендеуі, құлдырауы туралы ӛзекті мәселе жайында география, этнография, тарих, және т. б. кӛптеген ғылым әдістерін жұмылдырған ізденімпаз ғалым. Л.Н. Гумилев тарихи уақыт пен кеңістік мағыналарын шын мәнінде ӛте ауқымды қарастырған, аса кең тұрғыдан зер сала білген зерттеуші. Оның еңбектері ғасырлар қатпарын бірден шолып ӛтетін, кең құлаш кӛзқараспен келсе де әрбір фактіге тиянақты қарайтын, жан- жақты талдайтын, тұжырымдары әрқашан ғылыми зерттеуге де, кәдімгі қисынға да сүйенетін, міндетті түрде бір уәж айтылатын зерттеулерден құралады. Л.Н. Гумилев кӛбінесе түркі халықтарының тарихына ерекше әуес болғаны байқалады. Басқа халықтардың тарихын кӛбінесе түркілер, оның арғы бабаларының тарихымен байланыстырып қарайды. Онысы заңда да, ӛйткені түркі рулары, түркі халықтарының ӛкілдері араласпаған ӛзге ұлттың тарихы да жоқ болар. Кӛп жағдайда сіңіріліп кетіп отырған. Л.Н. Гумилевтің ӛз тегі де соның бір мысалы бола алады. Бірақ бұл мәселе мақаланың міндетінен тыс жеке тақырып.
Сонымен, Л.Н. Гумилевтің зерттеулері кӛбіне-кӛп түркі тарихы. Соның ішінде, ол хунну, гун, яғни ескі ғұн жұрты, елі, мәдениеті туралы кӛп жазған. Бұл ғылыми тұрғыда ӛте күрделі тақырып екені сӛзсіз. Л.Н. Гумилев ғасырлар тұңғиығына бойлау беруден сескенбейді. Ғұн тарихы ежелгі дәуірге қатысты. Соған тиесілі мұра археология деректері, кӛне қытайлық, рұмдық, араб-парсы тарихи әдебиет мәліметінде сақталған. Кейде тікелей тарихи дерек кӛздеріне, кейде тарихнамалық еңбектер жеткізген әртүрлі айғақтарды талдаған Л.Н. Гумилев, ӛз еңбектерінде жеке кӛзқарас, айрықша ұстанымда болуға тырысады. Сол үшін ол ӛзінің этногенез заңы жайында айтылған, жеке, ӛзінше ой жүйесімен қалыптастырған ғылыми концепциясын да дүниеге келтірді. Оның басты принципі – ғылыми кешенділік. Тарихи деректі қатаң сынға алу, мәліметтеріне сенімсіз қарау Л.Н. Гумилевке тән. Әрбір тарихи құбылысты ол дүниетаным мен ой, биологиялық, психологиялық, географиялық, діни-философиялық аспектілерін ескеріп қарастырады. Осындай талғамалылық, әлбетте, анық ақиқатқа, мәселенің шындығына жету үшін ұмтылыстан туындайды.
Л.Н. Гумилев догмаға жау. Оны ол "фарисейлік" деген ұғымға сыйдырады. Ал енді Л.Н. Гумилевтің ғылыми баяндау тәсілі жайында айтар болсақ, ғалым тудырған мәтінде қаламды еркін ұстау, ойды бұғауға түсірмеу сияқты белгілер анық байқалады. Міне, Л.Н. Гумилевтің осы қасиеттерін тағы бір байқау үшін, оның ғұн тарихы тақырыбына жазған бірнеше еңбегіне назар аударайық.
Археологияда ескі жұрттардың тарихын мәдениет үлгілері арқылы ӛзара байланыстыру тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан ежелгі тарих нақты бір халықтармен байланыстырылмай, ғылым атап қойған шартты атаулармен белгіленеді. Сондай шартты атаулардың бірі қола дәуірінің жәдігерлерін біріктіретін "андронов мәдениеті" ұғымы бар. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде андронов мәдениетіне жатқызылатын кешендер ӛте кӛп. 1946 жылы Орталық Қазақстанның археологиясын ғылыми негізде зерттеуге алған ӛкіметтің нысанды зерттеулері, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және кӛп жыл баскарып келген Ә.Х. Марғұлан, қола дәуіріне тиесілі археологиялық мұраларды нақты халықтардың тұрмысы мен шаруашылығына байланыстырды. Академик Ә. Марғұланның ғұндар туралы жазған еңбектерінде Л.Н. Гумилев пайдаланатын француз ғалымы Абель Ремюза, археолог С.В. Киселевтің зерттеулеріне1 кӛп сілтеме жасайды. Қола дәуірі уақыт межесі тұрғысынан, тарихи хронология жағынан да, тым ерте, тым бұлыңғыр, белгісіз мезгіл емес. Сол тарихи уақыттың ӛзі кәдімгі сақалар мен ғұндардың заманы болып табылады. Бірі Орталық Азияның батыс бӛлігін алып жатса, екіншісі шағысына қарай орналасқан. Мал шаруашылығымен күнелткен олар, дала белдеуімен күншығыстан батысқа, күнбатыстан шығысқа бет алып, арқадан түстікке, түстіктен арқаға қарай үнемі қозғалып отыруы шаруашылық-тұрмыс бабымен болған.
Л.Н. Гумилев болса хуннулардың бір бӛлігіне археологиялық глазков мәдениетіде тиесілі екенін айтады. Сақалардың мәдениеті археологиялық тұрғыда афанасьев мәдениетімен де сабақтасты.
1 Киселев С.В. Древние города Монголии // СА. 1957. -№ 2. С. 91-101.
WWW.ENU.KZ
«Вестник древней истории» атты журналда Л.Н. Гумилевтің «Некоторые вопросы истории хуннов» деп аталатын мақаласы 1960 жылы жарыққа шықты. Мұнда Л.Н. Гумилев 1945 жылы жарияланған америкалық тарихшы Отто Мэнчен-Хелфеннің2 хунну мен гун екі түрлі халық деген кӛзқарасына қатысты пікірталас етті. Бұл мәселеге деректік негіз болатын Н.Я. Бичуриннің еңбектері3, В.В. Бартольдтің зерттеулері, А.Н. Бернштам жазып шығарған ғылыми монография4, басқа де кӛп басылымдар бар еді. Әсіресе, белгілі ғалым К.А. Иностранцевтің тұжырымды еңбегі ерекше құнды5. Ал Л.Н. Гумилевтің ӛзі эфталиттер туралы мақаласын 1959 жылы жариялаған еді.
Отто Мэнчен-Хелфеннің хунну мен гун екі түрлі халық деп айтылған пікірі сол ескі дәуірге қатысты жәдігерлерді салыстыру, олардың тілі, зат күйіндегі мәдениеті, шаш, сақал-мұрт қою әдеттері, бет әлпет, бас сүйегі, дене бітімі, этнонимдері, шаруашылығы, саясаты, ақсүйектері туралы айтылған мәліметтер мен деректерді салыстыру негізінде жасалған. Хуну мен гундардың арасын Л.Н. Гумилев те шартты түрде бӛліп қарайды. Үлкен совет энциклопедиясында да
"Хунну", "Гундар" деп екі тақырып жазған да Л.Н. Гумилев. Хунну деп ол б.з.д. жасаған ұлысты атаса, гундар деп б.з. алғашқы ғасырларында болған ұлы жұртты атап ӛткен.
Еуразияның түркі тектес халықтары ӛздерінің алдындағы рулар сияқты ұзақ уақыт бойы түркі тілді халықтардың бәріне ортақ тарихты жасады. Тарихта саяси мағынадағы бір ірі әулет орнын екіншісі ауыстыруы алдыңғы әулеттің тарихтан ӛшуі деп есептеуге болмайды. Олар пайда болған жаңа әулет, рудың саяси құрамынан, арийліктердің, сақтардың, ғұндардың этностық кӛрініс беріп, ӛзгеріске ұшыраған түрде тарих сахнасына қайта шығады. Хуннулар, немесе ғұндар қауымы ру құрылымы негізінде қауымдасып ел болған. Олардың алғашқы әулеттері ежелгі қытай жылнамаларының мәлімдеуінше Юй, Тхан патшалықтары дәуірінде аты мәлім болған. Юй патшалығы б.д.д. 2278 жылы император Яо басқарған жерін 9 ӛлкеге бӛлген. Осындай жақсы істері үшін император Шунь оны ӛзінің мұрагері ретінде жарялап, б.д.д 2205 жылы таққа қонған.
Юй б.д.д. 1766 ж. дейін билік құрған Ся әулетінің негізін қалады. Ғұн әулеттерінің мұрагерлері тарихын б.д.д. ІІ ғасырда Сыма Цянь жазған тарихи еңбектерінде де аталады.
Даланың этностық ортасы бірте-бірте ӛзгере бастауы әуелі ІІІ-V ғасырлар аралығындағы орын алған әлем тарихындағы үлкен маңызы бар оқиға – ескі ұлттардың ұлы кӛші-қоны жүруімен байланысты. Ғұндардың құрған үлкен ұлыстары амал тапқыш Қытайдың патшалықтарымен жүргізген үздіксіз соғыстары нәтижесінде күш сарқылып, мемлекеттік жүйе тозғанын кӛрсетті.
Ғұн әулеттері батыс аймақтарға қарай жӛңкілді. Осы мезгілдегі арғытүркі тарихына зерттеу жүргізген Л.Н. Гумилев, хуннулар мен ғұндардың тұтас бір этнос болғанын, олардың шартты межесі тек саяси тарих оқиғаларымен байланысты болғаны айтылады. Міне, осы мезгілде дамыған оқиғалардың шым-шытырық тарихында біз үшін маңызды мәселе – мәдени-этностық, діни- идеологиялық, саяси-әлеуметтік кешендердің сабақтастығын айқындап алу.
Далалықтардың қай заманнан бері ілік-жілік аралас, тұтас тұрмыс кешкенін ғұн мәдениеті кӛрсетеді. Қазақстан аумағында үндіеуропалық, орал-алтайлық бірнеше үлкен ӛркениет қабаттары, кӛне тұрандықтар, сақалар, ғұн, сармат, түркі, оғыз, қыпшақ мәдениетінің дәуірлері, қоғамы, мемлекет, елдігі ретінде тарих дамығаны анық. Ғұн – байырғы түркі кӛне жұртында болған. Әуелі ғұн әулеттері болды, артынан түркі әулеттерінен әлеуметтік ұйымдар құрылды.
Жасақталды, жарақталды. Елін жерін дұшпаннан қорғады. Қорғану үшін ру одақтары болып ӛзара бірігіп отырды. Бірінші мыңжылдық мезгілінде, Еуразия далалары мәдени-рухани үлкен ӛзгеріске келді. Кӛнедегі ғұндардың ежелдегі түркілермен арасындағы байланысы, олардың рулық құрамы, оның ӛзгеру, ел ынтымағының тетігіне айналған рулық одақтардың ӛзгеруі, сол одақтардың басын біріктіріп, билік жүргізген ақсүйек әулеттері туралы ізденіс жасау қажет. Байырғы бір топқа кӛсемдік ету амалынан дамып саяси билік жүйесінің қалыпты басқару ісіне айналуына қарай, қоғамның әлеуметтік ішкі ӛзара бірігуі жедел дамыды. Бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, тӛменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді қауымдардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді.
Ғұндар мен хуннулардың арасында мәдени айырмашылық қаншалықты болғанын ойға алсақ дейді, - Л.Н. Гумилев, - америкалықтар ағылшыннан қаншалықты алшақтап кетсе, ғұндар мен хуннуларды осы мысалмен салыстыруға тұрады.
Л.Н. Гумилев қазақ этносының шығу тегі бұрынғы түркі халықтарының этникалық тарихымен тікелей қатысты, ал ғұндар түркі этносы ретінде б.д.д ІІІ ғасырда қалыптасқан, олар
2 Maenchen-Heifen О. The Huns and the Hsiung-nu // Byzantion. American Series, III. T. XVII (1945). P. 222-243.
3 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. II. М.; Л., 1950.
4 Бернштам A.H. Очерки истории гуннов. - Л.: Изд-во. ЛГУ, 1951. – 256с.
5 Иностранцев К.А. Хунну и гунны // Тр. туркологического семинария. Т. I. Л., 1926.
WWW.ENU.KZ сол уақытта саны жағынан 60 мың әскер, яғни 300 мың адам болды, - дейді. Шығыс Жоу (б.д.д 770-256) заманынан қалған ескі жазбаларды зерттеген ғалымдар олардан қалған қария сӛздерінде ескі дәуірдегі хұндардың ұлы қариясын Шоң би (Шун Вэй) деп келтіреді. Қытай тарихшысы Сыма Цянь дерекнамасында ғұндардың әулетінде үш негізгі тармақ бар екендігін жазды. Ол әулеттер ақсүйектерден еді деген. Ғұндардың тарихын қытай жазба жылнамаларынан зерттеп, олардың хан әулеттері, елді-мекендері, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, рәсімдері, әскери ӛнері, мемлекет басқару жүйесі, халықаралық қатынастары, сауда байланыстары, соғыс тарихы турасында дерек табамыз.
Ғұндардың ұлысы солтүстік және оңтүстік иеліктері болып б.з. 48 жылы шағылған.
Ғұндардың солтүстік ӛлкесінде орналасқан ұлысы қытаймен б.з 155 жылына дейін үздіксіз соғысып келгенін Л.Н. Гумилев атап ӛтеді. Тура осы уақыттан кӛп уақыт ӛтпей, б.з. 160 жылы ғұндардың бір бӛлігі шығыс Еуропа аудандарына келген. Бұл жайында алғашқы тарихи ақпаратты Дионисий Периегет жазған. Сӛйтіп, ғалымның айтуынша, ғұндар екі-үш жылдың ішінде Тарбағатай жерінен Еділ бойына ӛте шыққан. Орта есеппен күніне 26 шақырым жер кӛшіп отырған. Әлсіз, әскери күші сарқылған ғұн ұлыстары батыс Тарбағатайда, Ертіс бойында қалды.
Кейін олар Іле ӛзені бойына қоныс аударды дейді. Осы жерде олар Жұбан (Юэбань) ұлысын құрған. Жұбан мәдениетін жасаған ғұн әулеттері, Л.Н. Гумилевтің айтуынша, дене тазалығын ерекше сақтаған кӛшпелі халық болған, күніне олар үш рет жуынып тамақтануды әдет қылған дейді6.
Шығыс Еуропа далаларын қонысқа айналдырған ғұндар бұл аймақта Азиядан келген алғашқы халық емес. Бұған дейін киммерийліктер де б.з.д. бірінші мыңжылдықта осы ӛлкелерде болған.
Киммерийліктерді кӛне грек авторлары "керберии" деп атаған. Бұның дыбысталуының ӛзі кейін тарихтан ғұндардың бір тармағы ретінде белгілі кидарит атымен белгілі кердері атына ұқсайды.
Рұмдық тарихшылар Аммиан Марцеллин мен Иордан болса, ғұндар туралы IV ғасырда жазған.
Міне, бұл авторлар ғұндар бұған дейін белгілі басқа кӛшпелі, жылқы баққан халықтардан келбетінде, тұрмысында біршама ӛзгешілігі болғанын аңғарады. Ғұндар IV ғ. орта шенінде аландармен де шайқасқа түсті, соғысты. Ғұндар сӛйлеген тіл туралы Л.Н. Гумилев Сиратори еңбегіне сілтеме жасайды7. Сиратори хуннулар туралы айтылған деректерде келтірілген сӛз де, сӛйлем де түркі тілінде болғанын айтады. Мысалы, кәдімгі "сағдақ" = "садақ" сӛзі. Қорамсаға сыймаған жебелерін ғұндар етіктің қонышына тыққан.
Приск Паннийскийдің айтуынша, ғұндар басқа да кӛшпелі жұрттармен қатар ортақ сақа-скиф қауымын құрайды. К.Иностранцевтің зерттеу еңбегінде Азияның шығыс бӛлігінде жасаған хуннулардың мемелекетіне, билігіне түркілерден басқа жұрттар да, тұнгус, корей, тибет халықтары да қараған. Хуннулардың батысқа қарай қозғалуына орай хуннулардың құрамында түркілік этностық белгілері күшейе түсті делінеді. Америкалық зерттеуші О. Мэнчен-Хелфен хуннулар мен ғұндардың айырмашылығы тілі жағынан да, олардың тұтынған тұрмыстық заттары:
әшекейлері, ұсталардың жасаған құралдары, қолӛнер бұйымдары – бәрі ӛзгеше болғанға ұқсаған деген. Л.Н. Гумилев осыған байланысты мынадай уәж айтады: А.Н. Бернштам ғұндардың шығу тегі екіұдай болуы тиіс деген, бірақ ӛз пікірін дәлелдейтін ешбір айғақ келтірмеген. Сондықтан, Л.Н. Гумилев ғұнның бір бӛлігі шығыс Еуропа ӛлкесінде автохтонды халық ретінде пайда болған деген кӛзқарасты құптамайды. Бұл мәселеде ол Л.Р. Кызласов пен Н.Я. Мерперт білдірген ойға қосылады, ал А.Н. Бернштамның пікірін жаратпайды. Ғұндардың шығу тегі Орталық Азия байтақ жерімен байланысты болғанын қолдайды, ғұнның шығысқа ойысып кӛшкенін мойындайды.
Этнология мен тарихтың осындай күрделі сұрақтарына нақты жауап беріп, күмән тудырмайтын дәлелді келтірген тұжырымдар антропологиялық талдаулардан шыққан. Антрополог Г.Ф. Дебец Паннония мен Байкал маңындағы қабірден алынған ғұндардың бас сүйегін салыстыра келе, олардың бір түрлі палеосібір нәсіл ӛкілдері болғанын растаған.
Л.Н. Гумилевтің ғұн қоғамының басынан аласапыран заман ӛткеру себептері туралы да айтылады. Ӛз зерттеуінде ол ғұндардың рулық құрылымы, ру қатынастарының құлдырауы, соғыс жағдайындағы әскери демократия тәртібін орнау себептерін қарастырған.
Қорыта айтқанда, Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасындағы ғұн тарихын зерттеуге арналған еңбектерінің орны ерекше. Қазақ тарихшылары ғұн тарихнамасына қатысты үлкен қорда сақталған құнды мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуді, тарих оқытуда кеңінен қолдануды ескеруі қажет. Соның ішінде Л.Н. Гумилевтің еңбектері де құнды.
6 Гумилев Л. Некоторые вопросы истории хуннов // "Вестник древней истории" 1960, № 4. -74-75 б.
7 Sciratori K. Uber die Sprache der Hiungnu und der Tunghu-Stamme. Bulletin de l'Academie Imperiale des Sciences de S.-Petersbourg. V Serie. Bd. XVII. N2 (отдельный оттиск). SPb., 1902.
WWW.ENU.KZ