• Tidak ada hasil yang ditemukan

topinamburdin-zher-usti.pdf

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "topinamburdin-zher-usti.pdf"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

3949

2. Watari F, Takashi N, Yokoyama A, Uo M, Akasaka T, Sato Y, Abe S, Totsuka Y, Tohji K. Material nanosizing effect on living organisms: non-specific, biointeractive, physical size effects. //J R Soc Interface 2009; volume 6, pages 371-388.

3. И.П. Суздалев, Нанотехнология: физикохимия нанокластеров, нано-структур и наноматериалов. – М.: КомКнига: 2006, 226c.

4. I. Rabiasa, H. Pratsinis, and G. Drossopoulou, M. Fardis3, T. Maris4, N. Boukos5, N. Tsotakos6, D. Kletsas6, E. Tsilibary6 and G. Papavassiliou7 . In vitro studies on ultra small super paramagnetic iron oxide nanoparticles coated with gummic acid for T2 MRI contrast agent. // Biomicrofluidics, 2007, volume 1, Issue 1, pages 11–21

5. J.F. Banfield, S.A. Welch, H. Zhang, T.T. Ebert, and R.L. Penn. Aggregation-based crystal growth and microstructure development in natural iron oxyhydroxide biorrimeralization products. // Science, 2000, Volume 289, pages 751-754.

6. Сергеев Г.Б. Нанохимия. -М.: Изд-во МГУ, 2003. - 288 с.

7. Lau, M. L, E. Strode, A. Fabel, С J. Lavemia and E. J. Lavemia. Synthesis and characterization of nanocrystalline Co-Cr coatings by plasma spraying. // NanoStructured Materials.- 1998. 10E. P. 723-730 8. Babita Baruwati, Rajender, S Varma Dr.. High Value Products from Waste: Grape Pomace Extract—A

Three-in-One Package for the Synthesis of Metal Nanoparticles. //Chem Sus Chem, Volume 2, Issue 11, pages 1041–1044, November 23, 2009

9. S.S.Shankar, A.Ahmad, M.Sastry. Geranium leaf assisted biosynthesis of silver nanoparticles. //

Biotechnology progress,2003, volume 19, pages 1627-1631

10. R.R.Naik, S.J.Stringer, G.Agarwal, S.E.Jones, M.O.Stone. Biomimetic synthesis and patterning of silver nanoparticles. //Nature Materials, 2002, volume 1, pages 169-172

11. Polshettiwar, Baruwati & Varma. Self-Assembly of Metal Oxides into Three-Dimensional Nanostructures:

Synthesis and Application in Catalysis. // ACS Nano, 2009, volume 3, pages 728-736

12. Кузнецов В.А., Липсон А.Г., Саков Д.М. О пределе измельчения кристаллов // ЖФХ. 1993. Т. 67. ғ 4.

С. 782–786.

УДК 663.542.547.458.65

ТОПИНАМБУРДЫҢ ЖЕР ҤСТІ БӚЛІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҦРАМЫН АНЫҚТАУ Арыстанова Айдана Кенжебекқызы

[email protected]

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Алматы Ғылыми жетекшілері - Б.Изтелеу, Г. Азимбаева

Қазіргі таңда дүниежүзі ғалымдарын толғандырып отқан маңызды мәселелердің бірі- фармацевтикалық ӛсімдіктердің негізгі бӛлігін ӛсімдіктерден алу болып отыр. Соңғы жылдары дәрілік препараттардың 30%-нан астамының кӛзі ӛсімдіктектіден болып келеді. Мамандардың пікірінше, XXI ғасыр-фитотерапия ғасыры болады. Соңғы жылдары зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отырған ӛсімдіктер тобы-күрделігүлділер тұқымдасы. Бұл тұқымдас ӛкілдерінің бірі-топинамбур. Бұл ӛсімдік тек дәрілік ӛсімдік ғана емес, тағам ӛндірісінде де, фармацевтикада да қолданылады. Қазіргі таңда топинамбурдың жер үсті бӛлігінің химиялық құрамын анықтау болып отыр [1].

Зерттеудің мақсаты: Топинамбурдың жер үсті бӛлігінің құрамындағы биологиялық активті заттарды анықтау.

Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы Қарасай ауданында ӛсірілген топинамбур ӛсімдігінің

«Интерес» сортының күздік және кӛктемгі жапырақ, сабағы жиналып алынды.

Топинамбурдың жерүсті бӛлігінің химиялық құрамы физика-химиялық әдістермен анықталды. Алынған мәліметтері 1-кестеде кӛрсетілген.

Кесте 1 – Топинамбурдың жер үсті бӛлігінің химиялық құрамы ғ Шикізаттың атауы Ылғалдылығы,

%

Күлділігі,

%

Экстрактивтілігі,

%

рН Суда спиртте суда спиртте

(5)

3950

1 Кӛктемгі жапырақ 76,41 6,2 42,39 25,43 6,94 7,99

2 Күзгі 83,7 7,34 70,55 15,34 6,71 7,77

3 Кӛктемгі сабақ 79,4 6,6 24,27 16,99 6,5 7,81

4 Күзгі 83,2 7,0 14,88 2,97 6,19 8,31

1-кестеде кӛрсетілгендей, топинамбурдың жер үсті бӛлігінің ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды. Анықтау нәтижесінде ылғалдылығы 76-83%, күлділігі 6-7%

құрайды.

Топинамбурдың жер үсті бӛлігінің құрамындағы аскорбин қышқылы, пектинді заттар, илегіш заттар титриметриялық әдіспен, антоциандар, флавоноидтар, полифенолдар, каротин, кумариндер мен фенол қышқылдары фотоколориметрлік әдіспен КФК-2 маркалы фотоколориметрінде, шикі май мӛлшері Кьелдаль әдісімен, клечатка А.Е.Ермаковтың модификациясы бойынша салмақтық әдіспен анықталды [2]. Алынған нәтижелер 2-кестеде кӛрсетілген.

Кесте -2. Топинамбурдың жерүсті бӛлігінің құрамындағы биологиялық активті заттардың мӛлшері

ғ Биологиялық белсенді заттардың атауы Жапырақ Сабақ

1 Аскорбин қышқылы (С дәрумені) мг/% 22,36 14,56 10,92 9,56

2 Каротин (А дәрумені) мкг/100г 826 482 172 82

3 Илегіш заттар Конденсирленген 2,46 3,57 3,76 8,08

Гидролизденген 1,76 2,55 2,69 5,77

4 Пектинді заттар Суда еритін 0,80 1,40 1,50 0,90

Суда ерімейтін 2 2,01 2,05 1,54

5 Антоциандар, % 0,23 1,01 0,16 0,06

6 Флавоноидтар, % 1,2 1,3 1,1 1,6

7 Полифенолдар, % 2,3 2,4 2,42 2,5

8 Фенол қышқылдары,

%

Галл қышқылы 5,25 6,5 6 5,5

Кофеин қышқылы 5,7 5,4 5,09 5,9

9 Кумариндер, % 8,7 8,9 7,5 7

10 Белок, % 25,8 12,0 7,06 1,38

11 Клечатка, % 24,5 28,4 31,5 42,7

12 Май, % 2,42 1,98 1,12 0,86

2-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, аскорбин қышқылының мӛлшері кӛктемгі жапырақ пен күзгі жапырақты салыстырсақ, кӛктемгі жапырағында 1,53 есе кӛп, кӛктемгі мен күзгі сабақты салыстырсақ, кӛктемгі сабағында 1,14 есе кӛп болатындығы анықталды. Ал кӛктемгі жапырақ пен сабақты салыстырсақ, жапырақта 2 есе кӛп, ал күзгі жапырақ пен сабақты салыстырсақ, 1,5 есе кӛп болады. Аскорбин қышқылы (С витамині) – адам мен жануар ағзасындағы тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзадан түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтетін суда еритін дәрумен.

Егер аскорбин қышқылы жетіспесе, түрлі ауруларға шалдығады. Топинамбурдың құрамындағы күзгі мен кӛктемгі жапырақты салыстырсақ, кӛктемгі жапырақта 1,71 есе кӛп болады. Ал күзгі мен кӛктемгі сабақтарын салыстырсақ, кӛктемгі сабағында 2,13 есе кӛп болатындығы анықталды.

Каротин – ӛсімдік клеткаларының құрамында болатын сарғыш-қызғылт пигмент. А провитамині болып табылатын, ағзада ыдырап бӛліну арқылы А дәруменіне айналады.

Ал илегіш заттарға келетін болсақ, олар конденсирленген және гидролизденген болып бӛлінеді. конденсирленген илегіш зат күзгі жапырақ пен сабақта кӛп болады. Сол сияқты гидролизденген илегіш зат конденсирленгеннен аз мӛлшерде күзгі жапырақ пен сабақта кӛп болады.

Илегіш заттар ӛсімдіктің құрамында кездеседі. Ол ӛсімдіктің ӛсуінің әртүрлі процестеріне қатысады.

Сондықтан топинамбурдың жапырағына қарағанда сабағында кӛп болады.

Пектинді заттар топинамбурдың құрамындағы суда еритін және ерімейтін болып жіктеледі.

пектинді заттарды барлық ӛсімдіктердің құрамында болады. Олар клетканы бір-біріне біріктіріп тұрады. Пектинді заттар күрделі полисахаридтер болғандықтан, қанттар ӛсімдіктің пісіп жетілуі кезінде кӛп болады. Ал топинамбурдың кӛктемгі және күзгі жапырағын салыстырсақ, күзгі жапырағында 1,75 есе кӛп, күзгі сабағына қарағанда кӛктемгіде 1,6 есе кӛп болады. Пектиндер

(6)

3951

ӛзбетімен адсорбенттеледі және ағзадан атеросклероз және асқазан ауруларын тудыратын себепкер улы заттарды, холестерин, триглицериндерді шығарады.

Полифенолдар мен флавоноидтарды салыстырсақ, екеуінің кӛрсеткіштері бірдей болатындығы анықталынды. Флавоноидтар мен полифенолдар ӛсімдіктің құрамында болатын пигменттер. Флавоноид ӛсімдіктің микроорганизмдермен қарым қатынасқа түскенде антимутагендік белсенділік немесе сигнал беруші ретінде қызмет атқраса, полифенол антиоксиданттық қасиет кӛрсетеді. Топинамбурдың кӛктемгі және күзгі жапырағын салыстырсақ, полифенол мен флавоноидтар күзгі жапырағында кӛп болады. Ал күзгі сабағында кӛктемгіге қарағанда кӛп болатындығы анықталды. Күзгі жапырақ пен сабақты салыстырсақ, сабағында кӛп болады.

Фенол қышқылдары ӛсімдіктің құрамында галл және кофеин қышқылы түрінде, бос және байланысқан күйде болады. Ол ӛсімдіктің құрамындағы заттарды синтездеу үшін қажет.

топинамбурдың күзгі мен кӛктемгі жапырағын салыстырсақ, күзгі жапырағында галл қышқылы кӛп болса, ал кӛктемгі жапырағында кофеин қышқылы кӛп болады. Ал топинамбурдың сабағында керісінше кӛктемгіде галл қышқылы кӛп болса, күзгіде кофеин қышқылы кӛп мӛлшерде кездеседі.

Фенол қышқылдары адам ағзасындағы микроағзалардан, бактериялардан, вирустардан қорғайтын қорғағыштық қасиет кӛрсетеді.

Кумаринді алатын болсақ, топинамбурдың күзгі мен кӛктемгі жапырағын салыстыратын болсақ, күзгі жапырағында кӛп болады. Ал сабағында керісінше, кӛктемгіде кӛп болады. Кумариндер тері ауруларуна қарсы қасиетке ие, сондықтан кумаринді косметикада кеңінен қолданылады.

Белок ӛсімдіктің қор заты болып табылады. Ол кӛктем кезінде кӛптеп кездессе, күзге қарай біртіндеп азаяды. Ол зат алмасу процесіне қатысады да, аминқышқылдарына дейін ыдыратады.

топинамбурдың кӛктемгі жапырағында күзгіге қарағанда 2 есе кӛп болса, кӛктемгі сабағы күзгіге қарағанда 5 есе кӛп болатындығы анықталды. Ал топинамбурдың сабағына қарағанда жапырағында белок мӛлшері кӛп болады [3].

Клечатка ӛсімдіктің кӛмірсутектерінен тұратын компонент. Ол адам ағзасында жеткілікті болса, адам ұзақ ӛмір сүреді. Топинамбурдың күзгі жапырағында кӛктемгіге қарағанда кӛп болады.

Ал сабақта керісінше күзгі сабақта кӛп мӛлшерде болады. Кӛктемгі мен күзгі жапыраққа қарағанда күзгі мен кӛктемгі сабақта кӛп мӛлшерде болатындығы анықталды.

Қорытындылай келе, топинамбурдың жер үсті бӛлігі биологиялық белсенді заттар қоры екендігі анықталды. Атап айтсақ, кӛктемгі жер үсті бӛлігінде аскорбин қышқылы, белок, май кӛп болса, күзге қарай полифенолдар, флавоноидтар, фенол қышқылдары, илегіш заттар, пектинді заттар, клечаитка жоғары болтындығы, ал күзгі жерүсті бӛлігінде клечатка, кумариндер, илегіш заттар, полифенолдар, пектинді заттар жоғары болатындығы анықталды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Налеев О.Н., Қаржаубаев Е.К. Топинамбур. –Алматы, 2006. -219 б.

2. Институт биологии и биотехнологии растений НЦБ МОН РК. Институт ботаники и фитоинтродукции МОН РК Казахский национальный университет им. аль-Фараби МОН РК.

Миссисипи, США. Введение в фитохимические исследования и выявление биологической активности веществ.-Алматы, 2008.-С 68.

3. Дроздова И.Л. Аминоксилотный и минеральный состав листья лопуха // Фармация.-2004. - ғ3.-С.89.

УДК 581.522.4.

ФИЗИКО-ХИМИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ CISTANCHE DESERTICOLA Асымова Айгерим Жанатовна

[email protected]

Научный сотрудник Института теоретической математики и научных вычислений ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, Астана, Казахстан

Научный руководитель – К.Бейсембаева

В столонах цистанхе пустынной (Cistanche deserticola, СD) накапливаются высокие концентрации биологически активных соединений, однако еѐ потенциал, как растения с высокой

Referensi

Dokumen terkait

2-кестеде көрсетілгендей май қышқылының құрамы бойынша пальмитин қышқылы O.felineus зарарланған балық етінің құрамында 14,63% болса, салыстырмалы түрде алынған, зарарланбаған балықта