http://www.enu.kz Б. Ақбұзауова Астана қ., Қазақстан ТАРИХИ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ
АРИБУТ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҰМСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ http://www.enu.kz
Түркі тілдерін салыстыра зерттеу алғаш М.Қашқаридің ХІ ғасырда «Диуани лұғатынан» басталса, бұған қоса сақталмай қалған араб – парсы – түрік – монғол тілдерін салыстыра зерттеген әл-Замахинаридің “Мукаддимат әл-адаб” (XІІ ғ.) атты ғылыми еңбегі болғанын тюркологтар растап отыр. В.В.Бартольд осы еңбектің түркі тіліне арналған бӛлімі Орта Азия түркілерінің ХІІ, ХІІІ ғасырлардағы әдеби тілін зерттеуге арналғанын анықтаған. Түркі тілдерінің лексикасын зерттеген Л. Будагов, Г.
Вамберилерден ӛзге фонетика мен грамматикада салыстыра зерттеу ісіне айтарлықтай үлес қосқан В.В. Радлов еңбектері одан кейінгі зерттеулерге үлгі болғанын ғалымдар атап кӛрсетуде. Түркітанудағы салыстыра зерттеу ісін жалғастырған елеулі еңбектер қатарында ғалымдар Н.Ф. Катановтың “Опыт исследования урянхайского языка”
зерттеуін атайды. Тарихи-салыстырмалы зерттеуге ӛз үлестерін қосқан фин ғалымдары М. Рясянен, К. Гренбек, түрік ғалымдары А. Эмре мен А. Жафароғлылар болғанын атау орынды.
Анықтауыштың сӛйлем мүшесі ретіндегі қызметін де, сӛз тіркесі, байланысу әдістері тұрғысынан да зерттейтін сала – синтаксис. Сондықтан түркологияда осы сала бойынша жазылған еңбектердің барлығы арнаулы анықтауышты зерттеген еңбектер қатарынан саналмағанмен, оны айналып ӛте алмайтыны тағы да түсінікті. Бұл еңбектердің барлығы синтаксис саласындағы әр кезеңде сапалық та, сандық та ӛзгертулер әкелген іргелі зерттеулер екенін айту орынды. Демек оларды зерттеудің бүгінгі күнгі деңгейіне жетуге мүмкіндік туғызып, іргетасын қалаған еңбектер тұрғысында бағалау орынды болмақ. Жалпы түркі тілдерінің құрамдас бӛлігі болып табылатын жеке тілдер бойынша жазылған бұл жұмыстардың салыстырмалы-тарихи зерттеулер үшін құндылығы ӛте зор.
Түркі тілдері бойынша жазылған тұңғыш еңбектердің бірі – Казем-Бектің “Общая грамматика турецко-татарского языкасында” есімше формаларын рай түріне жатқызып, септелетін және септелмейтін есімшелер деп қарастырғаны белгілі [1, 271]. Бұған себеп есімшелердің кейбір түрлерінің (-ар,-мыш) таза етістікке кӛшіп, абстракциялануынан деп қорытынды жасауға болады. Керісінше, шығыс түркі тілдерінде есімшелердің атрибуттық мәнінен ажырамай дамығандығы белгілі. Мұның ӛзі әр тілдік топтың ӛзінің даму ерекшеліктері бар екендігін кӛрсетеді.
Қазақ тілін арнаулы зерттеу объектісіне айналдырып, күні бүгінге дейін ӛз құндылығын жоймаған, жазылғанына 2 ғасырға айналып бара жатқан С.П.
Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка”. Ч.2 (Синтаксис), ӛткен ғасырдың 30-жылдарында жарық кӛрген А.К. Боровковтың ұйғыр тілі бойынша зерттеуі, 40-жылдардағы И.А. Батмановтың қырғыз тіліне арналған, Л.П.
Поцелуевскийдің түрік-мен тілі, Н.П. Дыренкованың ойрот тілі, Н.К. Дмитриевтің башқұрт тілі бойынша, 50-жылдары Н.А. Баскаков қарақалпақ тілінің, Е.И. Убрятованың якут тілінің, 60-жылдары А.Н. Кононов ӛзбек тілінің, М.З. Закиев татар тілінің материалдары бойынша күрделі еңбектер жазғанын айту керек. Бұлардың ішінде А.Н.
Баскаковтың 70-жылдары жазылған “Историко-типологическая характеристика структуры тюркских языков” деген еңбегі де бар. Осы еңбектерді оқу барысында түркі тілдеріне оның ішінде анықтауыштың түрлеріне, оның ішінде, етістік формаларынан (есімше мен қимыл есім) жасалған түрлерінің жасалу, қолданылу ерекшеліктеріне байланысты қандай ортақ заңдылықтар мен ӛзгешеліктер бар деген сұрақтарға жауап іздегенде түйгеніміз тӛмендегідей болды.
Түркі тілдерінің дамуындағы байқалатын ортақ заңдылық тілдердің грамматикалық құрылымы мен негізгі сӛздік қордың ӛзгергіштігі, сыртқы факторлардың әсеріне
http://www.enu.kz бейімделуі, тілдің лексикалық, фонетикалық ӛзгерістеріне қарағанда баяу бола-тындығы.
Тарихи оқиғалардың әсері, сондай-ақ тарихи даму процесінің ұзақтығы туыстас тілдердің арасында айырмашылық әкелмей тұрмайды, алайда ол ӛзгеріс, тілдің грамматикалық құрылымын мүлдем ӛзгертетіндей түбірлі ӛзгерістер емес, оның тек фонетикалық не лексикалық жағын қамтитыны анық. Мәселен, қыпшақ тобынан тарайтын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің бойындағы ӛзгешеліктер осыны дәлелдейді.
Қазақ тілінде –атын/-етін/-йтін формалары қолданылса, ноғайда – (-атаған/-етеген);
қарақалпақта -атуғун/-этуғун немесе осы тілдерде қолданылатын келер шақтың форманттары -ажақ/-эжақ пен -айақ/-эйақ қазақ тілінде қолданылмайды. Осы тұрғыдан келгенде бір тілдік топқа жататын ғана емес барлық түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар қатарында мыналарды атауға болады:
1)Анықтауыштың ӛзі анықтайтын сӛзінің алдынан келуі; 2) Анықтауыштың а) есім сӛздерден, оның ішінде сын есім, сан есім, есімдік (жіктеу есімдіктерінің тәуелденіп келуі арқылы), ә) зат есім мен зат есімнің қабысу және матасу арқылы анықтауыш болуы, б) етістіктің есімше формасының анық-тауыш болуы, в) қимыл есімнің анықтауыш болуы; 3) мұндай анықтауыштардың қимылдың динамикалық сынын білдіруі; 4)есімшелі анықтауыштардың дара, күрделі, үйірлі және сӛйлемді анықтауыштар болатындығы. Ал енді есімше формаларының осы қызметіндегі ӛзгешеліктері әр тілдің ӛзінің ішкі ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен: ӛзбек тілінде есімшелердің -ған, -етган, -диган, -ар форманттары бар. Бұлардың ішінде –ар мен -диган тек атрибуттық қызметте жұмсалса, -ған, -етган, -диган формалары үйірлі анықтауыш сондай-ақ сӛйлем предикаты қызметінде де жұмсала алады. –ар форманты үйірлі анықтауышқа атрибут болмағанмен сӛйлем предикатын жасауға қатысады. Ӛзбек тілін зерттеген А.Н. Кононов ЕА сӛйлем субъектісінің қимылдық сынын, сӛйлем объектісінің қимылдық сынын, әрекеттің мезгілдік және мекендік сынын білдіреді деп кӛрсетеді.
Қырғыз тілінің материалдарына сүйеніп И.А. Батманов: “Любая знаменательная часть речи в тюркских языках может выступать в роли различных членов предложения…
Для киргизов и ряда других тюркских языков содержание категории “причастий”
должно быть пересмотрено, так как образования на “-ған” и “-ар” по своему значению выходят за пределы причастий и выступают в значении как чистых глаголов, так и имен действия” [2, 4] деген пікір айтады. Зерттеуші бұл жерде есімшелердің жіктеліп баяндауыш болуын және субстантив-тенген түрлерін айтып отыр. Автордың бұларды таза есімше емес етістікке де тән қызметі бар деп есептеуі, қазіргі үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің кӛбінде (орыс тілінде де) есімшенің предикат қызметі жоқ тек атрибут қызметін атқаруынан. Есімшелердің мұндай екі жақты қызметін түркі тілдерінің ерекшеліктерінің бірі деп есептеуге болады.
Түрікмен тіліне қатысты зерттеулерінде А.П. Поцелуевский сӛз тіркестерін 4 топқа бӛліп: 1)детерминанттық – сын есім мен зат есімнің қабыса байланысуын (ұлы сардар), зат есімдердің матасуын (Лениннің сөзі) жатқызады. Алғашқысын эпитеттік анықтауыштар, соңғысын айқындауыштық толықтауыштар деп атайды. 2) салаластырғыш анықтауыштар дегенге “сядаш Мередов” тәрізді қосарлы анықтауыштарды жатқызады. 3) сабақтастырғышқа жалғаулар мен шылаулар арқылы байланысқан сӛз тіркестері кіреді. 4) сӛйлем деңгейіндегі сӛз тіркестері. Мысалы: Ораз язар дегенде пікір бар деп есептейді [3, 54]. Кӛріп отырғанымыздай, мұнда есімше я қимыл есім сӛздерден болған анықтауыштар жайында пікір жоқ.
Башқұрт тілін зерттеуші Н.К. Дмитриев түркі тілдеріндегі анықтауыш жасалуының ерекшеліктеріне тоқтала келе, оны сӛйлем мүшесі ретінде қарастыру бағыты дұрыс емес, ӛйткені ол анықтайтын сӛйлем мүшесі шектеулі емес, зат есім немесе оның орнына жүретін барлық сӛзді анықтай алады. Сондықтан оны анықтауыш – анықталушы деп сӛз тіркесі ыңғайында қарастырған дұрыс. Анықтауыштың сӛйлемдегі орны анықтай-тын сӛздің орнына байланысты. Ал түркі тілдеріндегі анық-тауыштар анықтайтын сӛзінің алдынан келіп ешқандай грамматикалық ӛзгерістерге түспестен онымен қабыса байланы- сады деп кӛрсетеді. Ал анықтауыштың анықталатын сӛзінен кейін келуі ол түркі тілдеріне тән құбылыс емес, ол поэзияда немесе араб-парсы тілінен енген сӛздерінен
http://www.enu.kz қалған қалдық-тардың кейбір кӛріністері деп есептейді. Мәселен, өзбек тілінде – Ахмәд мархум, түрікмен тілінде– Какым пакыр, әзірбайжан тілінде–Сеил мәлун тәрізді осыны растайды. Зерттеушінің бұл пікірлеріне қосылуға болады. Алайда түрколог ғалымдардың пікірлері бір жерден шыға бермейтін тұстары да бар.
Мәселен, зерттеушінің мына бір тұжырымдары: “Так же конструируются и сложные определения, по существу придаточные определительные с выраженным или опущенным сказуемым” [4, 28]. Бұл жерде күрделі анықтауыштарды құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарымен теңестіру бар, ал баяндауышты дегені – үйірлі анықтауыш болса керек. Әрине бұл пікірмен келісуге болмайды. Күрделі және үйірлі анықтауыштардың орыс немесе басқа да үндіеуропа тілдеріндегі сӛйлемнің бағыныңқы сыңарымен сәйкес еместігі дәлелденген мәселе.
Ал керісінше А.Н. Баскаков қазіргі түрік тілінің сӛз тіркестерін зерттеген еңбегінде кӛптеген еуропалық түркологтар түркі тіліндегі есімше, кӛсемше, қимыл есімдері арқылы келген құрылымдарды үндіеуропа тілдеріндегі құрмалас сӛйлемдердің бағыныңқы сыңарымен теңестіріп, салыстыра зерттеуі дұрыс емес деген оң пікір айтады.
Осы жерде зерттеушінің түрік тілінің материалдарына байланысты еңбегіндегі ЕА-ның жасалуына тоқтала кетсек. Түрік тіліндегі бүгінгі тілдік қолданыстағы есімше формантының 7 түрінің 5-уі (-аn, -dіk, -ar, -mіs, -acak) болымды, болымсыз және етіс түрлерінде атрибут-тық қызметте жұмсалады екен. Олар ӛзі анықтайтын сӛздермен қабыса байланысады және есімшелердің анықтауыштық қызметі негізгі синтаксистік функциясы болып табылады. Бұған қоса түрік тіліндегі масдарлар (қимыл есімдері) да атрибуттық қызметте қолданылады. Мұндағы ерекшелік олар ӛзі анықтайтын сӛзінің тәуелді формада тұруын қажет етеді, демек қиыса байланысады делінген. Сондай-ақ қимыл есімдерінінің адъективтенген түрлері ӛзі анықтайтын сӛзімен қабыса келіп, анықтауыш қызметін атқарады екен. Мысалы: сешме мия (іріктелген жеміс), ічме су (ішетін су), т.б.
Түркі тілдерінің бірі – қырғыз тілін орыс тілімен салыстыра зерттеген Р.А. Вафеев [5, 41] кез келген сӛйлем мүшесінің қызметі оның сӛйлемдегі орнына байланысты. Осы тілдерде заттық, мағлұмат беруде, сондай-ақ оның сӛйлемнің ӛзекті мүшесіне айналуына, әрі берілетін ақпараттың стильдік тұрғыда ӛзгеруіне тікелей әсер ететін сӛйлем мүшесінің орны деп есептейді. Және де бұл түркі және орыс тілдеріне ортақ заңдылықтардың бірі екенін дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбекте де автор сӛйлем мүшелерінің орны деген анықтаманың шартты екенін ескертеді. Ӛйткені мұнда екі мәселе қамтылатыны ескеріледі: Біріншіден, сӛздердің жалпы сӛйлем ішіндегі орын тәртібі, екіншіден, сӛздердің сӛз тіркесі ішіндегі орын тәртібі бар. Сондықтан осы жағдайды ескере келе, сӛйлем компоненттерінің орын тәртібі деген анықтама қолайлы деген пікірмен келісуге болады. Мәселен (түркі тілдерінде) сӛз тіркесі құрамында анықтауыш ӛзі анықтайтын сӛздің алдында келсе, сӛйлемге қатысты орны ӛзі анықтайтын мүшенің орналасуына қарай әр жерде болуы мүмкін. Сондықтан анықтауышқа қатысты талдауда оны жалпы сӛйлемге емес ӛзі анықтайтын сӛзге қатысты – сӛз тіркесі тұрғысында талдау практикалық жағынан ұтымды болмақ. Ал орыс тілінде анықтауыш анықталатын сӛздің алдынан да соңынан да келуі мүмкін. Бұл тілдің ӛзінің ішкі ерекшеліктерінен туындайды. Демек салыстыра зерттеуге арқау болады.
ӘДЕБИЕТ
1. Казем-Бек А. Общая грамматика турецко-татарского языка. -2-ое изд. – Казань, 1846. - 457с.
2. Батманов И.А. Современный киргизский язык. Вып.1. – Фрунзе: Изд. АН Киргизстан, 1963. – 166 с.
3. Поцелуевский. А.П. К вопросу о происхождении настоящего времени в тюркских языках юго-западной группы. – Ашхабад: Туркменучпедгиз, 1946. -27 с.
4. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. – Москва, 1962. – 607 с.
http://www.enu.kz Вафеев Р.А. Порядок слов как средства выражения вещественной, актуальной,
стилистической информации в русском и киргизском языках: Дис. канд. фил. наук. - Фрунзе,