• Tidak ada hasil yang ditemukan

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кесте 8 Мектепалды балаларының жобалау әрекетін жүзеге асырудың кезеңдері

3.3. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

1.Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2.Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;

3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін

- ана тілі пәнінде еңбек және еңбек адамдары, еңбек құрал-жабдықтары туралы білім ендірілген. Бірақ балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қазіргі техникалық әлемге байланысты ақпараттармен толықтырылуы қажет деп санаймыз.

-математика пәнінде көлем, өлшем, шама, әрекет альгоритімін меңгеретіндей шығармашылық тапсырмалармен толықтыруға болады;

- қазақ тілі пәнінде технологиялық терминднрге және қол өнер туындыларының атаулардың семантикалық мағынасына талдау жасау, оның мәнін түсінуге әсерін тигізеді;

- ұлттық және әлемдік деңгейдегі адамның еңбек әрекеті, шаруашылық.

Техника әлеміне ақпараттық-технологиялық мәліметтермен толықтырулар еңгізу баланың тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді;

- информатика пәнінде ұлттық бұйымдарды құрастыруға технологиялық суреттер, сызбалар, карталар және шығармашылық ойындармен толықтырылуы қажет. Кіші мектеп жасындағы балалрдың өзі эскизі, моделін құрастыру қолданылады;

-өзін-өзі тану пәнінде еңбек және адамдар еңбегінің рухани-адамгершілік мазмұнынан бала өзінің және басқаның еңбегінің мәнәі түсінеді, «Мен»

тұжырымдамасын дамытуда, субъекті ретінде және әлеуметтенуі, еңбектегі тәжірибесін қалыптастыруға пайдаланылады. Бала өзін еңбек іс-әрекет арқылы таниды. Кіші мектеп жасындағы балалардың мәтіндер және тапсырмалар арқылы еңбек және технологиялық мәдениетіне, эмоционалдық-құндылық қатынасын тәрбиелеуге болады.

Мектеп алды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға педагог мамандарды даярлау мазмұны және бағыттары:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында (2007) және

«Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында»: «Жаңа формация мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, комуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман» болуы тиіс делінген. Олай болса, мектепке дейінгі ұйым педагогының педагогикалық іс-әрекеті мектептегі мұғалімнің еңбегімен ортақ белгілерінің болуымен қатар, кейбір айырмашылықтары болады. Педагогтың педагогикалық іс-әрекетінің өзгешелігі мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігімен негізделеді.

Сонымен, мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс- әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда педагогтарды даярлау мазмұны және бағыттары:

1) Мотивациялық-тұлғалық бағыты еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін тиімді қалыптастыруға қажет педагогтың тұлғалық келесі сапаларын анықтадық:

- тұлғаның шығармащылық бағыты, ол әр түрлі үдерістермен құбылыстарға тұрақты қызығушылық танытумен, өз әрекетін болжау және сыни бағалауға бейімділігін, өз еңбегінің тиімділігін арттыруға ұмтылысымен, педагогикалық білім және біліктерді үнемі жетілдіру және жаңарту қажеттілігімен, іс-әрекетке шығармашылыққа (креативтілік) бағдарлануымен, қиялының және елестеудің дамығандығымен сипатталады;

- педагогикалық бағыттылық, ол «педагог» кәсібіне деген мотивациясынан көрінеді, онда негізгі-баланың тұлғалық дамуына әрекетті бағдарлану болып табылады;

- педагогтың жоғары адамгершілік ахуалы балаларды еңбек іс-әрекетін рухани-адамгершілік тәрбиемен тығыз байланыста жүзеге асырудың қажетті шарты ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделінген қазіргі замаңғы қоғамдағы құүндылықтарды дамытудың қажеттілігімен түсіндіріледі. Демократизм, оптимизм, объективтілік, азаматтық сана, әлеуметтік жауапкершілік, балалардың тәжірибесін, шығармашылық дамуын жүзеге асырудың өзектілігі мен қажеттілігін саналы түсіну сияқты педагогтың тұлғалық маңызды сипаттамалары енеді. Балаға деген сенімге бағдарлана отырып, оның әрқайсысының тұлғалық-адамгершілік құнды сапаларын дамыту керек.

Ғылыми теориялық бағытты педагогикалық процесті аталған бағытта жүзеге асыру үшін қажетті білім көлемімен сипатталады.

- білімнің психологиялық-педагогикалық бағыты – мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетін басқаруға ақпараттық компоненттерінің болуын болжайды: 1) осы жастағы балалардың эмоционалды – ерік танымдық әрекетінің психологиялық негіздерен, тұлғасының даралық ерекшіліктерін білу; 2) еңбек іс-әрекетінің психологиялық-педегогикалық негіздерін білу; 3) балалардың психикаық дамуының негізгі заңдылықтарын және ерекшеліктерін білу; 4) оқыту және тәрбие психологиясын, педагогикалық іс-әрекет және педагогтың жеке тұлғасының психологиясын; 5) оқыту, дамыту және тәрбиенің өзара байланысын; 6) тұлға, тұлғаға бағдарлану, субъекті-субъектілі байланыс туралы білімі.

- технологиялық материялдар және оның қасиеттері. Құрал-жабдықтар және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы мәліметтер; еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру, еңбек және технологиялық мәліметтері туралы білім және т.б.;

- әдістемелік – 1) технологиялық (еңбек) оқытудың теориялық негіздері ( технологиядан оқу процесін ұйымдастыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары); 2) негізгі проектілі-технологиялық ұғымдардың (проект, проектілеу, проектілі білім, оқу шығармашылық проект, проектілі әрекет және т.б.) мәні туралы білім; 3) технологиялық және отандық жетістіктері туралы білім; 4) біртұтас педагогикалық процесте технологиялық білімнің мәні мен рөлі; 5) технологиялық білім берудің дидактикалық негіздері (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен формалары), балалардың диогностикалау әдістері; 6) бағыты және мазмұны бойынша оқу шығармашылық проектілердің жіктелуі туралы білім; 7)

балаларды жобалау әрекетінің барлық кезеңдерінде әдістемесін білу; 8) жобаға қойылатын талаптарды, орындалатын шығармашылық жобаны бағалау және қорғаудың өлшемдерін білу шарт.

Қызметтері бойынша бағыттарының жиынтығы: қозғаушы, когнитивті, әрекеттік, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау қызметі, диогностикалау, конструктивті, мобилизациялық, ұйымдастырушылық,бағдарлы, дамытушы. Комуникативті, гностикалық, ата- аналарға педагогикалық білім беру қызметі, прогностикалық және эвристикалық. Оларды жеке қарастырайық.

-қозғаушы- педагогтың жеке тұлғасын жан-жақты дамуына ықпал етеді; бұл болашақ педагогтың қызығушылықтары, талпыныстары, сенімдері, педагогикалық процесінің аталған бағытының рөлі мен мәнін саналы түсіну арқылы көрінеді;

- когнетивті- мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың мәні, мақсаттары мен міндеттері, оны басқарудың әдістері мен тәсілдері туралы жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етеді және ынталандырады;

-әрекеттік- мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс- әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруды басқару міндеттерін шешуге бағытталған әрекеттіұйымдастыру және жүзеге асыру біліктерін меңгеруге көмектеседі; педагогикалық іс-әрекетке білім және біліктерді қолдануды болжайды;

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауқызметі- балалардың еңбек іс- әрекетін ұйымдастыра отырып, педагог қауіпсіздік ережелерін сақтауда, денеге түсетін жүктемені дұрыс қолдануға қажет шараларды сақтау керек;

- диогностикалау (зерттеушілік қызметі) – педагогтың балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесінің қалыптасуын диогностикалаудың әдістемесін меңгеруін болжайды; балалардың тәжірибнеі меңгеру деңгейін зерттеу және анықтау; еңбек іс-әрекетінде субъекті ретінде тәжірибесін қалыптастыру жүзеге асатын шараларын зерттеу;

- жоспарлау (өзіндік педагогикалық функция) – ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың ЕӘТ-ін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде роектілі әрекетті басқару және жүзеге асырудың мазмұны, формалары мен әдістерін диогностиканың мәліметтері негізінде мақсатты бағытталған таңдауды болжайды; еңбекке деген құнды қатынастарын тәрбиелейді;

- құрастыру қызметі- балаларға білім берудің мақсаттары мен иіндеттерін жоспарлау; балалардың еңбек іс-әрекетінде субъекті ретінде қалыптастырудың қолайлы құралдарын, мазмұның, әдістері иен формаларын таңдау; мектепке дейінгй ұйымда көркем еңбек және бастауыш мектепте технологияны оқу барысында пән аралық байланыстарды жобалау;

технлолгиядан нақты материялды таңдау және оны оқу пәнінің мақсаты мен балалардың дайындық деңгейіне сәйкес қайта құру;

- мобилизациялық қызметі – балалардың еңбек іс-әрекетіндегі жеке тәжірибесінің, субъектілігінің, білімдерінің өзектілігі; балалардың еңбекгегі

әлеуметтік қолдауға ие болған саналы қажеттіліктерінің қалыптасуы және дамуы;

- ұйымдастырушылық қызметі – мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетін жетістікпен меңгеру үшін жағдай жасау, шығармашылық элементтеріне балаларды тікелей оқыту процесін жүзеге асыру;

- бағдарлы қызметі – балалардың қоршаған дүниенің құбылыстары мен процестеріне бағдарлану біліктерін қалыптастыру;

- дамытушы қызметі – мектепалды және кіші мектеп жасындағы балаларды еңбек іс-әрекеті субъектісі ретіндегі тұлғасын дамыту; көркем еңбек, технологияны оқыту процесінде балалардың біртұтас және үйлесімді дамытуға бағытталған дамытушы міндеттерді шешу;

- комуникативтқызмет – педагог пен баланың өзара ақпарат алмасуы:

балалардың білімінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагог диолог процесінде қарым-қатынастың тұлғалық дамытушы және эмоционалды ахулын құру;

- гностикалық қызметі – педагогтың өзіндік білім алуы, мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъекатісіретінде тәжірибесін қалыптастыруды практикалық басқаруын жүзеге асыруда және өскелең ұрпақты шығармашылық дамытудағы міндеттерді шешуде озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, осы тәжірибені сыни тұрғыда саналау және оны өзіндік педагогиклық іс-әрекетке қолдану;

- ата-аналарға педагогикалық білім беру қызметі - әсер етудің біртұтас жүйесін қамтамасыз ету мақсатында педагогтың күш-қуатын нңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда, жоьалау әрекетінде отбасымен өзара іс-әрекет мәселелеріне бағыттайды.

Қарастырылған қызметтер қалыптасқан біліктердің болуы арқылы тиімді диогностикалық біліктіліктер – педагогқа балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибені меңгеру деңгейін анықтауға (еңбек туралы білім, біліктер мен дағдылар, еңбекке деген қатынас және т.б.); баланың дамуын педагогикалық әсер ету әдістермен байланысын көруге мүмкіндік береді. Олар еңбек тәрбиесі бойынша жұмыстың дұрыс стратегиясымен тактикасын анықтау мақсатында педагогикалық байқампаздықты дамыту, арнайы диогностикалық әдістемелерді меңгеруді болжайды. Диогностикалық біліктер төмендегілерді қалыптастыруды болжайды: 1) диогностикалық шешім қабылдау үшін балаларға бақылау жүргізу білігі; 2) диогностикалық шешім қабылдау үшін балалармен әңгімелесу білігі; 3) балаларды зерттеу үшін сауалнама, тест жүргізу білігі; 4) балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде көрінуі мен тәжірибесінің деңгейін зерттеу үшін балалардың шығармашылық жұмыстарын талдау біліктілігі; 5) балалардың тәжірибесінің дәрежесін бағалау және түсіндіру үшін педагогтың әлеуметтік- адамгершілігін және психологиялық-педагогикалық білімдерін қолдану біліктілігі; 7) балалардың еғьек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесінің қалыптасу мәселелерінің, топтар мен ұжымды зерттеу үшіе қарапайым тәжірибелер (эксперименттер) жүргізу біліктілігі.

-жобалаушы біліктілігі - педагогта төмендегілердің қалыптасуын болжайды:

1) мақсат қою біліктілігі, жұмыстың міндеттерін анықтау және оларды ситуацияларға сәйкес өзгеертуі; баланың қажеттіліктері,қызығушылықтары, бағдарлары, мотивтерінің өзгешелігін ескеру, материялдық база мен өзіндік жеке тәжірибені ескеру; 2) әрбір баланың жеке тұлғасын және ұжымның дамуын жобалау біліктілігі; 3) күтпеген жағдайларға байланысты жылдам әрекет ететін педагогикалық ситуацияларда мақсаттарды тез өзгерту біліктілігі.

- гностикалық біліктілігі – білімін өздігімен жүйелі толықтыруы, оқу материялына, оқыту құралдарына әдістемелік талдауы және сыни бағалауды, оларды шығармашылықпен қолдануды қалыптпстыруды болжайды.

- прогностикалық біліктілігі – мәселені шешуді болжауды, балагың тұлғасын субъекті ретінде дамытуды болжауды, нәтижелерді көре біледі.

- жоспарлау біліктілігі – педагогтың әрбір баланы субъекті ретінде тәжірибесінің қалыптасу деңгейін диогностикалау негізінде, еңбек тәрбиесінің құралдарының өзара байланысы арқылы жұмысты жоспарлау біліктілігін болжайды; балалардың тұлғалық ахуалын, еңбектегі шығармашылығын қамтамасыз ету; еңбекке құндылық қатынысын қалыптастыру біліктілігі.

- ынталандырушы біліктілігі – педагогқа балалардың еңбекке деген қызығушылықтарын арттыруға, еңбектегі тәжірибесін меңгеруге, даралықерекшелігі көрінуге ынталандыру; еңбекке және еңбек нәтижелеріне деген эмоционалды, мотивациялық-құнды қатынасы баланың еңбек іс- әрекетіндегі тәжірибесін меңгеруге деген ұмтылысын қамтамасыз етеді, күнделікті еңбек іс-әрекетіне қызығушылық танытуға мүмкіндік береді.

- қалыптастырушы біліктілігі – балалардың еңбек іс-әрекетінің барлық компоненттерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

- ұйымдастырушылық біліктілігі – педагогқа балалардың іс-әрекеті үшін заттық ортаны дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді; балалар ұжымына және шынайы еңбек байланыстарына еңгізуге ықпал етеді. Аталған біліктіліктер мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс- әрекетін мазмұнды және қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

- коммуникативтік біліктілігі педагогқа еңбекіс-әрекетінде балалармен эмоционалды-жағымды өзара қатынастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді; педагогтың балалармен, ата-аналармен педагогикалық өзара қатынастарын қамтамасыз етеді.

- құрастыру біліктілігі – балаларға түсінікті турде ақпаратты хабарлау;

дәлелдеу, сендіру;педагогикалық жұмыстың мазмұнына сәйкес құралдарды қолдану; балаларға жеке тұлғасының үлгісін және көрнекілікті көрсету арқылы педагогикалық әсер ету; балаларды белгілі бір әрекетті орындаудың жолдары немесе тәсілдері арқылы ынталандыру; тапсырма беру біліктілігі;

қарым-қатынас барысында өз әрекетін балалар мен ата-аналармен келісу арқылықұру; олардың өзара қатынастарын кикілжің туындатпай реттеу;

балаларды өзіне тарту.

- рефлексивті біліктер –педагогтың өзіндік әрекетінің барлық кезеңдерінде өзіндік талдауын, оның жағымды жағымсыз жақтарын саналауды, бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру білігін, сәтсіздіктердің себебін табу білігі, тиімді жұмыс үшін қолайлы жағдай жасау білігі, балаларды бағалау және өзіндік бағалауға баули отырып,еңбек іс-әрекеті нәтижелерін бағалау, кемшіліктердің себебін табу және оларды жою білігін болжайды.

- түзетуші біліктер – педагогқа балалардың еңбек іс-әрекетінде субъекті ретінде тәжірибесін меңгеруге пайда болатын қателерді түзетуге, педагогикалық әсер етудің тиімді тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.

3.4. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ СӘНДІК - ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІ