• Tidak ada hasil yang ditemukan

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ

Кесте 8 Мектепалды балаларының жобалау әрекетін жүзеге асырудың кезеңдері

3.2. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік дағдыларын беру үдерісі болып табылады. Екіншіден адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру үдерісінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әртүрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с. Мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті тәрбие жұмысы деп айтамыз.

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысын анықтау негізгі мәселелердің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды.

Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формаларын және әдістерін анықтайды. Егер тәрбие жұмысының мақсаты дұрыс қойылмаса, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуын көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады. Мақсат қою үшін оны анықтап алу маңызды.

Мұндай жағдайда:

А) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;

Ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;

Б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте ескеру қажет.

Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсіндірілуі шарт.

Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:

1. Педагогикалық үдерісті алдын-ала болжау.

2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.

3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.

4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.

Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.

Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізінен мынадай кезең арқылы жүзеге асады:

1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді?

2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды?

4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді?

5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай?

6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі қандай.

Міне осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал тигізеді.

Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы-сынып сағаты),

Тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы

(КВН), еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.

Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы-сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.

Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу.

Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

Сынып ұжымын ұйымдастыру формасы жеке топ және ұжымдық шығармашылық әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық істерді ұйымдастырудың нәтижелі формасына–жеке топ болып әрекет етуді жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке мүмкіншіліктерін, қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады.

Жеке топтық жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қоймайды сонымен бірге, қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесу барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.

Дегенмен де қазіргі психологиялық - педагогикалық зерттеулерде сыныпта ұжымдық шығармашылық әрекеттің басым болу қажеттілігіне аса маңыз берілген. Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың өздеріне және басқа да адамдарға ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оны жалпы бағытын ұстанып отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады.

Ұжымдық шығармашылық форма- оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін:

 Әрбір қатысушысының қатысушысының қызығушылығы және қажеттілігі ескерілуі тиіс;

 Жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;

 Ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс.

Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылырдың тәжірибе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара бірлескен

әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.

Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады.

1.Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын ала белгілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әртүрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенді қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.

2.Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады.

Басшысы сайланады.

3.Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.

Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқушылардың бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып тұрады.

4. Іс-шараларды өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сынып жетекшісі шараның өту барысын ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беріп, жағымды көңіл күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрде түзетіп отырады.

5. Іс-шараның нәтижесін қорытындылау. Іс-шараны өткізіп болғанан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша оның қалай белгіленген, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді.

Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сынып жетекші үшін маңызы ерекше.

Мұндай жағдайда оқушыларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн.Шараның жетістігі мен кемшіліктері сарапталып, болашақта оның болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасуы барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет. Сынып жетекші онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.

Тәрбие жұмысының формасы.

Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты жүйелі процесс. Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі», т.б. Соған орай «Педагогикалық

энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

1.Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2.Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;

3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін