• Tidak ada hasil yang ditemukan

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ӨТКІЗУДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

- еңбекті бөлісу (әрекет процесінде ұжым мүшелерінің арасында өзара тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады;

- өзара бақылауды жүзеге асыру;

- тақырыпқа қызығушылықтың алғышарты ретінде әріптестердің іскерлік қарым-қатынасы.

Әдістемелік кеңес-презентация жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу кабинеттері, әдістемелік әдебиеттерді ресми түрде таныстыру үшін қолданылады.

Әдістемелік кеңес-сайыстың мақсаты – педагогикалық ұжымдағы шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару.

Әдістемелік кеңес-конференция - мектеп педагогтерінің белсенді қатысуымен белгілі бір тақырыпты талқылау. Нәтижесінде педагогикалық ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады.

Әдістемелік кеңес-аукцион белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер неғұрлым тиімді идеяларды «сатып алады». Әдістемелік кеңес-аукцион

«жобаны қорғау» түрінде өткізу мұғалімдердің бастамаларын, шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру маңызды.

Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-бірін көріп отыра алатындай орналастырған дұрыс. Қатысушыларды осылайша үшұрыштап отырғызу неғұрлым көп қатысушыларды орналастыруға және жетекшілердің орнының бөлек болуына (комиссия, әділ қазылар алқасы) ыңғайлы.

Әдістемелік кеңес-фестиваль түрліше көркемделіп, рәсімделген оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, құралдарын көрсететін кең көлемді қоғамдық шара болып табылады.

Әдістемелік кеңес-іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп оқытатын форма. Іскерлік ойын адамдардың өзара қарым-қатынастарының күрделі мәселелерін талдауға және шешуге үйретеді. Бұл мәселелерді талқылау кезінде қатысушылардың өзара қарым-қатынастары, дауыс ырғақтары, ым-ишаралары, интонациялары маңызды. Іскерлік ойындардың бір формасы – «миға шабуыл».

Әрбір мектеп өз мұғалімдерінің әлеуетіне байланысты әдістемелік кеңесті түрлендіріп өткізе алады.

1.5. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ӨТКІЗУДІҢ

және т.б.); ғылыми-әдістемелік сабақтар (конференция, семинар);

тәжірибелік сабақтар (педагогикалық шеберлік пен әдістемелік табыстар сайысы, панорама сабақтар, озық тәжірибе эстафетасы, түрлі ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар, шеберлік сыныптар, т.б.).

Әдістемелік апталық педагогтер өз еңбектерінің нәтижесін көрсеткісі келген жағдайда ғана жылына бір рет өткізіледі. Педагогтің уақыт шығыны шамамен 10-16 сағатты құрап (күніне 2-3 сағаттан), 5-6 мәселеден артық қарастырылмайды.

Технология пәнінен апталықтың өтуіне жауапты мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, технология пәнінің мұғалімдері. Олар жоспарға сәйкес басқа да пән мұғалімдерін, оқушыларды, ата-аналарды тарта алады.

Технология пәні апталығының барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс формасын қолдануға болады. Аталған шараны ұйымдастыру барысында шығармашылық сабақтар панорамасы, сыныптан тыс жұмыс бойынша шығармашылық күні, «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысушы оқушылар жұмыстарының көрмесі, «Технология пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігі» озық педагогикалық тәжірибені тарату т.б.

тақырыптар мен формаларды үлгі ретінде басшылыққа алуға болады.

Апталықтың жоспары алдын ала жасалып, мектеп ұжымының назарына ұсынылады. Технология пәнінен апталық жоспарын дәстүрлі түрде немесе кесте түрінде көрсетуге болады.

Кесте. Технология пәнінің апталық жоспары.

Апта күндері Формасы Мазмұны Мерзімі Жауаптылар

Мектеп әкімшілігі немесе мұғалімдердің тәжірибе алмасу мақсатымен өзара сабаққа қатысу барысында Л.В.Голубева ұсынған үлгі бойынша мұғалімнің педагогикалық еңбегін зерттеу бағдарламасын қолдануға болады.

Кесте. Мұғалімнің педагогикалық еңбегін зерттеу бағдарламасы.

р/н Қатысу мақсаты Зерттеу бағдарламасы 1 Оқушылардың

оқу-танымдық әрекетін

белсендіру формалары, әдістері, құралдары

1. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру үшін мұғалім қандай әдістерді қолданады?

2. Оқытуды ұйымдастырудың қандай формасы сабақта оқушылардың белсенділігін қалыптастыру бойынша неғұрлым жоғары нәтижені қамтамасыз етеді?

3. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас сипаты қандай? Ол оқыту кезінде оқушылардың белсенділігіне қалай әсер етеді?

4. Мұғалім зейін мен ойлауды белсендірудің қандай

құралдарын пайдаланады? Нәтижесі қандай?

5. Жеке жұмыстар қандай жолға қойылған?

2 Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін дамыту процесіндегі

іскерліктері мен дағдыларын

қалыптастыру формалары, әдістері, құралдары

1. Сабақта оқушылардың жалпы оқулық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қандай орын берілген? Бұл жұмыстың нәтижесі қандай?

2. Пән бойынша оқушылардың арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру оқу-танымдық белсенділікті дамытуға әсер ете ме? Қалай?

3. Өз білімінің іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру процесінде оқытудың қандай формалары, әдістері, құралдарын үйлестіру неғұрлым жоғары нәтиже береді?

3 Жалпы оқу

іскерліктері мен дағдыларын

қалыптастыру жағдайы.

Оқушылармен сабақта жеке жұмыс

ұйымдастыру формалары мен әдістері

1. Оқытк процесінде оқушыларда қандай оқу еңбегінің дағдысы қалыптасады? (Не қалыптасады?)

2. Ол үшін мұғалім сабақта не қолданады?

3. Бұл жұмыстың нәтижелілігі қандай?

4. Оқушылар қандай оқу еңбегінің дағдысын игерген?

5. Сабақта оқушылармен жеке жұмыстың болуы.

6. мұғалім оқушылармен жеке жұмыстың қандай формасын қолданады? Олардың тиімділігі қандай?

7. Оқушыларға арналған сараланған тапсырмалар сипаты.

8. Оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстар олардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіруге әсер ете ме?

4 9-сыныптарда сынынптық- жалпыламалық бақылау

1. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау сапалығы. Сараланған тапсырмалардың деңгейі мен оларды тексеру әдістемесі.

2. Сабақта оқушылардың еңбегін ұйымдастыру.

Оқушылардың өз бетінше білім алу дәрежесі.

3. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру формалары мен әдістері. Оқушылардың оқу пәндері мен ілімге қарым-қатынасы.

4. Оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынас сипаты. Ол оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің нәтижесін қалай көрінеді?

5. Сынып оқушыларының сабақты себепсіз босатуы. Сынып жетекшісі мен мұғалімнің оқушылардың сабақты себепсіз босатуының алдын алу.

6. Пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік дағдыларының деңгейі.

7. Оқушылардың күнделіктері мен дәптерлерінің жағдайы, оларды тексеру сапасы.

8. Сыныптағы сыныптан тыс жұмыстың жағдайы (сауалнама нәтижесі).

5 5-6 сыныптағы оқытудағы

тәжірибелік бағыттылық

1. Сабақтағы мақсатқа бағыттылық.

2. Ауызша және жазбаша жаттығулар, ауызша және тәжірибелік жұмыстардың алмасуы.

3. Оқыту (тіл дамыту) дағдысының қалыптасу деңгейі.

4. Оқытылатын материалдың туған өлке, мектеп пен сыныптың оқушыларымен байланысы.

5. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

6. Өзін-өзі бақылау тәсілдерін қалыптастыру.

7. Оқытудың техникалық құралдары мен басқа көрнекі құралдарын қолдану.

8. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының болуы және сапасы.

9. Оқушылардың жеке еңбегін ұйымдастырудың сапасы (тапсырмалардың саралауы).

6 Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы

1. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

2. Оқушылардың белсенділік деңгейлері.

3. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру (тапсырмалардың саралануы)

4. Шығармашылық тапсырмалардың болуы.

5. Оқытудың техникалық құралдары мен басқа құралдарын қолдану.

6. Оқушылардың білімдерін есепке алу жүйесі (бір сабақтағы бағалардың жиынтығы).

7 Мектептің міндеттеріне

сәйкес мұғалім еңбегінің

тәрбиелік

нәтижелілігінің жағдайы

1. Оқу және тәрбие процесінде оқушыларға даралық тұрғыдан қарау мен оның сапасы.

2. Сабаққа қойылатын мақсаттар мен олардың шешімі:

а) оқыту;

ә) тәрбиелеу;

б) дамыту.

3. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру тәсілдері.

4. Сабақтың тәрбиелік нәтижелілігінің деңгейі:

а) оқу материалын тәрбиелеу мақсатында қолдану;

ә) сабақтығы бағалаудың тәрбиелік рөлі.

8 Педагогикалық тәжірибедегі қиындықтарды анықтау және ары қарайғы жұмыста

1. Мұғалімнің өз пәнінің теориялық негіздерін білуі.

2. Мұғалім өз пәнінің әдістемесін меңгерген бе?

а) сабақта жеке еңбекті ұйымдастыру;

ә) оқушылардың еңбегін ұйымдастыру;

олардың алдын алу

б) сабақ мақсатының мақсатқа сәйкестілігі;

в) сабақ мақсатының оқыту мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігі;

г) сабақтың логикалық құрылымы;

ғ) сабақта оқушылардың өз бетіндік жұмысын ұйымдастыру.

3. Мұғалім оқытудың белсенді формаларын тиімді қолдана ма?

4. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіру іскерлігі.

9 Оқу пәні

құралдарымен оқушы

тұлғасында азаматтық қасиеттерін қалыптастыру

1. Сабақтың тәрбиелік сәттері мен олардың нәтижелілігі.

2. Сабақтың оқу материалының мазмұны оқушы тұлғасының азаматтық сапаларын қалыптастыру мақсатында қолдана ма және ол қаншалықты тиімді?

3. Сабақта қандай азаматтық сапалар қалыптасты?

Олардың тәрбиелеудің мектеп бағдарламасына сәйкестігі қандай?

4. Оқушылардың мұғалімнің сабақтағы тәрбиелік ықпалына қатынасы қандай?

5. Техникалық оқу құралдарының тұлғаның азаматтық сапаларын тәрбиелеудегі орны және оларды қолдану тиімділігі қандай?

10 Оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеу және олардың

сыныптың өзін- өзі басқаруын дамыту

негізіндегі қоғамдық белсенділігі

1. Сабақтағы тәртіп.

2. Мұғалім әрекетті басқарудың қандай әдісі арқылы оқушылардың қажетті тәртібін орнатады?

Оған оқушылардың қарым-қатынасы қандай?

3. Сыныпта тәртіп бұзылған жағдайдағы оқушылар мен мұғалімнің реакциясы қандай?

4. Мұғалім сабақта тәртіп бұзушы оқушылармен жеке жұмыс жасай ма?

5. Сабақта және сабақтан тыс уақытта саналы тәртіпті қалыптастыруды ынталандыру тәсілдері.

11 Мектептегі үйірме

жұмыстарының жағдайы

1. Сынып жетекшісінің оқушылардың үйірме жұмыстарына қатысуын сынып журналында есепке алуы.

2. Үйірме жұмыстарының толықтығы.

3. Оқушылардың үйірме жұмыстарына қатысу жиілігі.

4. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігі.

5. Журналдарға сабақтардың жазылуы.

6. Сабақ кестесінің болуы.

12 Сыныпта жұмыс істейтін

1. Оқушылар еңбегін ұйымдастыру:

а) сабаққа дайындық пен үй тапсырмасының

мұғалімдердің бірыңғай талап қоюы. Оқу-тәрбие процесіндегі

оқушылармен жұмыста

сабақтастықтың болуы

орындалуын тексеру;

ә) сабаққа мақсат қою;

б) оқушылардың жұмыс қарқыны мен оның жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы;

в) сабақ уақытын тиімді пайдалану;

г) сабақтың қорытындысын шығару, оқушылар еңбегін бағалау;

ғ) үй тапсырмасын түсіндіру;

д) оқушылар еңбегін ұйымдастыру формалары мен олардың мақсатқа сәйкестілігі;

е) қандай жалпы оқу іскерлік, дағдылары қалыптасады?

2. Оқушылардың сабақтағы оқу-танымдық әрекетінің белсендіру:

а) мәселені қою;

ә) салыстыру, талдау және жалпылаудың болуы;

б) оқушылармен жеке жұмыстың нәтижесінің болуы;

в) оқушылардың өз бетіндік жұмыстарының сипаты;

г) оқушыларды белсендіру құралы ретінде техникалық оқу құралдары, көрнекіліктерді қолдану нәтижелілігі;

ғ) оқушылар белсенділігін ынталандыру тәсілдері мен оларды қолдану тиімділігі.

3. Сабақтың тәрбиелік бағыттылығы:

а) қандай азаматтық сапалар қалыптасады (олардың тәрбие бағдарламасына сәйкестілігі);

ә) мұғалімнің сабақтағы тәрбиелік рөлі;

б) тәрбиелік талаптар мен ықпалдардың бірлігі (сабақтастық).

13 Мұғалімнің міндеттерге

сәйкес сабақта тәрбиелік

бағыттылықта оқушылар еңбегін ұйымдастырудағы қайта құрудың нәтижелілігі

1. Мұғалім жұмысында қайта құрудың болуы. Ол сабақтардың нәтижелілігінен көріне ме?

2. Сабақта оқу пәндерінің құралдары арқылы тәрбиелік ықпалдың болуы.

3. Оқушылар еңбегін ұйымдастырудың тәрбиелік бағыттылығы.

4. Мұғалімнің сабақтағы белсенділік деңгейі.

5. Оқушылардың сабақтағы белсенділік деңгейі.

6. Сабақта оқытудың белсенді формаларының болуы және оларды мұғалімнің тиімді қолдануы.

7. Мұғалім жұмысының тәжірибесінде жаңадан не пайда болды? Ол мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас сипатына қалай ықпал етеді?

8. Оқытудың ғылымилығы.

9. Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы.

10. Сабақта тұлғаның әсіресе қандай қасиеттері белсенді дамиды?

14 Мектептің міндеттеріне

сәйкес сынып жетекшісі

еңбегінің тәрбиелік нәтижесінің жағдайы

1. Сынып сағаттарын өткізудегі жүйелілік.

2. Сынып сағаттарының тақырыптарының алуан түрлілігі мен олардың сынып оқушыларының жасына сәйкестігі.

3. Сынып сағатының мақсатты бағытылығы мен оның тәрбиелік нәтижелілігі.

4. Балалар мен олардың ата-аналарының сынып сағатын дайындау және өткізуге қатысуы.

5. Сыныптан тыс шараларда мәселелерді талқылау кезінде балалар мен мұғалімнің өзара қызығушылық атмосферасының болуы.

6. Аталған тәрбиелік шара оқушылар тұлғасында қандай азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

7. Сыныптан тыс шаралардың көркем, көрнекілік, эстетикалық... қамтамасыз етілуі.

15 Мектептің әдістемелік тақырыбын

жүзеге асырудағы мұғалімнің

жұмыс тәжірибесін

анықтау және зерттеу

1. Жас ерекшелігіне сәйкес оқушы тұлғасының азаматтық қасиеттерін қалыптастырудағы сабақтың тәрбиелік рөлі.

2. Сабаққа мақсат қою, оның оқушылардың ойлау әрекетін белсендірудегі ұтқырлық рөлі:

а) үй тапсырмасын тексеру кезінде;

ә) оқу материалын түсіндіру кезінде;

б) оқу материалын бекіту кезінде.

3. Оқытудың белсенді формаларының болуы.

4. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолдану идеясы. Сабақта оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі даралық тұрғының болуы және оның тиімділігі:

а) сұрау кезінде;

ә) жаңа оқу материалын хабарлау кезінде;

б) өз бетіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде.

16 Ұзартылған күн тобының

жұмысының тиімділігі.

Ұзартылған күн тобындағы

сабақтар

оқушылардың білім, іскерлік, дағдылардың

1. Топтың толықтығы.

2. Тәртіп.

3. Оқу еңбегінің нақты ұйымдастырылуы.

4. Даралық тұрғының болуы.

5. Еңбек мәдениеті.

6. Қарым-қатынас мәдениеті.

7. Клуб сағаттарының тәрбиелік рөлі.

8. Тәрбиеші еңбегін жоспарлау.

сапасының өсуі мен олардың интеллектуалдық дамуына ықпал ете ме?

Оқу-зерттеушілік әрекеттің негізгі формаларының бірі оқушылардың ғылыми қоғамы болып табылады. Ғылыми-зерттеушілік әрекет оқыту формасы да болып табылады, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етеді. Әдістемелік кеңес оқу-зерттеушілік әрекеттің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттерін шешеді, зерттеудің басымдық бағыттарын анықтайды, ұсыныстар мен жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, тақырыптарға сараптама жасайды.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Технология пәнінің мақсат, міндеттері, теориясы мен тарихы жайында сипаттаңыз.

2. Технология пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін және мұғалімге қойылатын талаптарды сызба нұсқа түрінде көрсетіңіз.

3. Технология пәні әдістемелік қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз 4. Технология пәнін ұйымдастырудығы әдістемелік басқару түрлері

5. Технология пәнінен әдістемелік апталық өткізудің логикалық құрылымы қандай жүйеде берілген.

2 ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ САБАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ