Ккүнтізбелік тақырыптық жоспарды құрастыру деңгейіСабақ жоспарларын құрастыру деңгейі Оқу бөлімінің құжаттарының толтырылуыКабинеттің паспорты Кабинеттің жұмыс жоспары Оқу-әдістемелік, дидактикалық, ТОҚ-ның картотекаға сәйкесіОқу-әдістемелік кешеннің кабинет профиліне, білім стандартының талабына сай болуы
ҚТ ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар, безендірілуі Оқу жылы ішініде есептелетін марапаттаулар Үнемі есептелетін марапатталуар Жұсықа кешігу Сабақтан қалуы Оқушылармен, ата- аналармен қарым- қатынасыҚоғамдық жұмысқа қатысымы
2.4. ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
табылады. Оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық немесе тәжірибелік мәселелерді шешу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, оны көзбен көру, санада сәулелендіру, көңілге тоқу және оны жүзеге асыру.
Бастауыш сынып мұғалімдерін, мектепке дейінгі ұйымның басшыларын, тәрбиешілерін дайындауда біздің көзқарасымызда бұл жобаны тәжірибеде пайдалану тиімді болмақ, өйткені, жобаны жасау үдерісінде мамандар алға қойған мақсат, міндеттерге сәйкес өз еңбегінің нәтижесін көре алады.
Өзінің сыртқы формасына сәйкес жобалау, бір жағынан жағдаяттарды шешуді еске түсіреді, оның қажетті атрибуттары, қарама- қайшылықтаоры, іс- әрекетке бағытталу негіздерінің жеткіліксіздігі, ақпараттар, жағдаяттар туралы тұтас көзқарас, ал екінші жағынан-мәселені шешу арқылы оны жою мақсаты көзделеді. Жобалау әдісінде ең маңыздысы –жеке тұлғаның алдына қойылған мәселе кәсіби жағынан маңызды болып табылады. Осылайша, жобаны құру жағдаяттардың туындау сипаттамасы тек қана объективті мәселе емес, педагогикалық қызметтің субьектісі үшін осы мәселеге сәйкес сол фактыны таба білуімен маңызды. Сонымен қатар, жобаны дайында, оны елдің алдында қорғау, яғни өзіңнің негізгі мәселеңе басқаларды да тарта білу қажет.
Жоғары мектеп студенттерімен жүргізілген жобалау жұмыстарында олар:
біріншіден, өздерінің ынта-ықыласымен, алған білім, білік дағдыларын өз іс- әрекетінде пайдалана білуге ұмтылса, екіншіден, болашақ мамандықтарына қызмет етуге және жаңа идеялармен тың бағыт–бағдар алуға жұмсайтындықтарын көрсетті. Жалпы студенттермен жұмыс жасауда оларды үш топқа бөлдік:
1.Жобаға (формальді түрде) құлықсыз қатысып, алдын-ала берілген алгоритм үлгі бойынша тапсырманы орындауға қатысушылар. Өз іс-әрекетіне рефлексия жасамайтындар. («керек, бірақ керек емес», «істей алмаймын»).
2. Ұсынылған шығармаларды ынта – ықыласымен орындап өз ойын, көзқарасын дәлелдеп, жобаны жасауға белсенді түрде атсалысып, бірақ кейбір кәсіби шеберліктерінің жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтарға кезедсетін адамдар. «керек, жасағым келеді бірақ қолымнан келмейді».
3.Өздерінің іс-тәжірибелерін шынай байытқысы келетін, өз көзқарастарын қайта қарауды, басқа адамдардың пікірлерімен санасатын Танымдық және кәсіби жағдаяттардан шығатын «керек, істегім келеді және жасай аламын».
Жобалау әдісімен жұмыс жасауда тәрбиеші және бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс жоспарларын технологиялық карта жасау арқылы жүзеге асыруы тиімді болмақ.
Технологиялық карта (Васерман Ф.Я.) – бұл тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде нәтижеге жетуде тәрбиеші педагогтар мен балалардың бірлескен оқу іс-әрекетін басқаруды жоғары деңгейде ұйымдастыру кезеңдерінің алгоритмі. Технологиялық карта-оқу-іс-әрекетін басқару кешені.
Іс-әрекеті кезеңдері
Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 1 кезең 3-5 жастағы балалардың таным- -баланың мақсатты жеке
Мотивациялық -
қызығушылық
түсінігіне сәйкес оқу-іс- әрекетіне мақсат қою.
Қойылған мақсатқа сәйкес баланың бұрынғы білімі мен әлеуметтік тәжірибесін ескере отырып іс-әрекетке бағыттау.
Іс-әрекетке баланың танымдық қызығушылығын ояту.
Іс-әрекетті орындауға жағдай жасау, жағдайға сәйкес моделдеу.
Жағдаятты құру және оны шешу жолдарын бірлесіп іздеу.
стратегия тұрғысынан қабылауы; (принятие)
-іс-әрекетке (проявление) қызығушылық танытуы;
- өздері көргендері және білетіндерін еске түсіру;
(вспоминание)
- белгіленген талапқа сәйкес мәсенені шешуге кірісу, (осознание)
- әр баланың өзіндік шешім қабылдауы (определение);
2 кезең
Ұйымдастыру шылық-
ізденушілік
- белгіленген мақсатқа сәйкес танымдық іс-әркетті ұйымдастыру. - проблемалық жағдаятты шешу жолдарын қарастыру;
- зерттеу мәселесіне баланы бағыттау және бірлесіп шешу жолдарын іздеу;
- үлкен, ауқымды проблеманы
шешуде қарапайым
тапсырмаларға бөліп беру;
- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында қажетті көмек көрсету:
- баланың іс-әрекетті орындауы барысында психологиялық- педагогикалық тұрғыдан бақылау мен басшылық жасау;
- танымдық іс-әрекетке кірісу (включение);
- ұсынылған ойынға қатысу (участие);
- қойылған сұраққа, тапсырмаға белсенді қатысып, жауап іздеу;
(активный поиск);
- мәселені зерттеудің тиімді жолдары мен құралдарын пайдалану (исследование);
-қажетті көмек керек болғанда үлкендерге ұсыныс жасау (обращение);
- бастаған іс-әрекетін соңына дейін аяқтауға ынталандыру; (стремление) 3 кезең
Рефлексивтік- түзетушілік
-оқу іс-әрекетін ұйымдастыру барысын талдау;
- зерттеу іс-әрекетінің әрбір кзеңдеріне бақылау жасап отыру;
- оқу іс-әрекетінің жоспарына сәйкес нәтижеге жетуге үшін түзетулер жасап отыру;
-оқу іс-әрекетін
ұйымдастырудың нәтижесіне талдау жасау;
- өзінің іс-әрекеттінің нәтижесін рәсімдеу (оформление);
- мен не жасадым? Не жасай алмадым? деген сұрақтарға жауап іздету;
- өзінің іс-әрекетін түсіну, жетістіктерін сезіну;
(осознание);
- іс-әрекет барысында педагогикалық көмек көрсету нәтижесінде түсінуі;
Тәрбиешінің іс-әрекеті баланың іс-әрекетіне қызығушылығын тудыруға бағытталуы қажет. Сондай-ақ, технологиялық картаның соңында балалардың нені білуі керек, нені игерді және қандай іскерлік дағдыларды меңгергендігі нақты көрсетіледі.
Бастауыш сынптарда жобалау әдісін орындау үлгісі Жобалау
кезеңдері
Бастауыш сынып мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті 1 кезең 1. Мәселені анықтап, мақсат қойып
және нәтижені айқындап алады.
2. Ойын іс–әрекетіне, жағдаяттарға балаларды ендіру.
3. Міндеттерді анықтап алу.
4. Қандай матералдармен жұмыс жасайтындарын, ережесін таныстыру.
1.Мәселені анықтау, оқып үйрену.
2.Ойындағы
жағдаяттарды шешу.
3. Міндеттер қабылдау.
4. Жобаның міндеттерін толықтыру.
2 кезең 5. Технология пәнінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес жасалатын заттардың орындалу ретін нақтылап алады.
6.Алға қойған міндеттерді шешуге көмектеседі.
7. Іс–әрекеттерді жоспарлауға көмектеседі.
8. Іс–әрекеттерді ұйымдастырады.
5. Оқушыларды жұмыс топтарына біріктіру.
6. Оқушылардың
рөлдерін және
қызметтерін бөлу.
7. Оқушылардың өздігінен дербес әрекет
етуі, қажетті
құралдарды пайдаланып жұмыс жасауы.
3 кезең 9. Тәжірибелік көмек көрсету. (қажет болуына қарай)
10. Жобаны жүзеге асыуға бағыт береді және бақылау жасап қадағалайды. Еңбек іс-әрекетінде ұқыптылық және ереже сақталуын қадағалайды.
8. Іс–әрекетке қатысты өзіндік білім, білік, дағдыларды пайдалану.
9. Жұмыс барысында оқушылардың
шығармашылықпен өздігінен үлес қосуы, ойлануы, ізденісі.
4 кезең 11. Жұмысты қорғауға дайындалу.
12. Қорытындылау және талдау жасау.
8.Өздері жасаған заттарына тұсаукесер жасауға дайындық.
9. Жобаға тұсаукесер жасау.
МЕКТЕПАЛДЫ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІ
Мектепалды және кіші мектеп жасындағы баланың әртүрлі іс-әрекетін меңгеретін синзитивті кезеңі болып саналады және оның құрамды элементі ретінде баланың өмір сүру тәжірбисіне қажет білімі алынады, ол өз кезегінде баланың тұлғалық маңызды өмір тәжірибесіне айналады. Жобалау әрекеті еңбек іс-әрекетітің субъектісін дамыту құралы болып табылатын, оқыту процесінің әртүрлі жақтарының сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ететін, шығармашылық жобалауларды жасаудағы саналы қойылған мақсатқа мотивациялық жетудегі балалардың оқу-танымдық белсенділігінің формасы ретінде қарастырылады. Жобалау әрекеті бойынша жұмыс кезеңдерінің анологиясын ұжымдық шығармашылық жұмысты орындаудың бірізділігі арқылы анықтауға болады: жоспарлаудан => орындауға => қорытынды жасау.
Біз жобалау әрекетінің мекетепке дейінгі кезеңнен үйретілуі себебін ерекшелігіне тоқталудан бастағанды жөн көрдік. Мектепалды балаларының жобалау тақырыбын таңдаудың келесі ережелерін белгіледік: балаға тақырып қызықты болуы; тақырып өзгеше және оны баланы өздігімен жүзеге асыруы;
жұмыс ерікті негізде құрылуы керек. Мектепке дейінгі жастағы балаларға іздену жүргізудің әдістемесін үйретуде зерттеуді жүргізудің «техникасымен»
таныстыру ұсынылады. Ол үшін балаларға келесі бағыттармен жұмыс жүргізу ұсынылады: ойлану, басқа адамнан сұрау, бақылау және эксперемент жүргізу, кітаптардан суреттер көру, теледидардан немесе бейнетаспадан қарау. Өткен тараудағы зерттеушілердің жұмысын талдау барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың жобаны орындаудың негізгі кезеңдері:
мәселені қою, мәселені шешуге байланысты ақпарат жинау, оның кезеңдерін анықтау, жұмысты орындаужәне педагогтың жұмысты қорытындылау немесе жобаны қорғау алынды. Сонымен қатар, қарастырылған кезеңдерде балалардың өз мүмкіндіктерін диогностикалау, олар орындаған жұмыстың рефлекциясы және жұмысқа қажетті түзетулер еңгізу сияқты маңызды компоненттер кездеседі.
Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, мектепалды балаларының еңбек іс-әрекетінің құрылымын бес еңбек басқышы түрінде қарастырамыз: не істеу қажет; таңдалатын материалды анықтау; жұмысқа қажетті құрал-саймандарды таңдау; әрекет ретін ойластыру; алынған нәтижені көрсету. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың белгілі жас ерекшелігіне сәйкес келетін шығармашылық жобалау әрекетін орындаудың 3 бірізді деңгейін анықтадық. Еліктеуші-орындаушы (3,5 - 4жастан 5 жасқа дейін) => дамытушы (5 жастың соңы) => шығармашылық (5-6 жаста) . Бұл шығармашылық жобалау әрекетті орындаудың кезеңдері ересектер мен балалардың әрекет алгоритімінен тұрады. Көпшілік еңбектерде шығармашылық жобалау ұғымына саралау жасамайды, жобалау әрекеті мен жобалау әдісін біртұтас қарастырады.
Мектепалды балаларының жобалау әрекетін ұйымдастыруда тұлғаға- бағдарлы әрекеттің екі субъектісін – бала мен педагогтың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыда қарастыру қажет. Ол үшін:
1) Кез келген жобалау әрекетінде бірлескен ізденісті қажет ететін мәселе болады, онда тепе-тең қарым-қатынасты сақтайтын балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылығын ескеру қажет. Педагог баланы бірлескен шығармашылыққа бірте-бірте алып келеді: оның әрекетіне бақылау жасаудан
=> оған эпизодтық қатысудан => жобалау әрекеттегі бірлескен әрекетке жеткізеді.
2) Жобалау әрекеті – бұл «шынайы ойын» екенін білу қажет, жобалау әрекетінің нәтижелері осы әрекеттің екі субъектісі үшін маңызды;
3) Балаларды өздігімен әрекет етуге үйретіп, олардың бастамасын тежемей, тікелей нұсқауларды қолданбау керек;
4) Баланың жобалау әрекетін жүзеге асыруда өзекті және жақын маңдағы аумақтары ескеріледі. Аталған талаптардың негізінде біз мектепалды балаларының жобалау әрекетін жүзеге асырудың (8-кесте) кезеңдерін анықтадық.
Кесте 8 – Мектепалды балаларының жобалау әрекетін жүзеге асырудың