• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

306 307

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

- Поддержка институционализации Меркосур

- Поддержка развитию будущего соглашения об Ассоциации ЕС - Меркосур

- Увеличение участия гражданского общества в процессе региональной интеграции [5].

Несмотря на выделение дальнейшего развития соглашения об Ассоциации в качестве одного из основных приоритетов деятельности, в реальности переговоры и реализация данного направления находились в замороженном состоянии.

Возобновление переговоров связано с приходом на пост Председателя ЕС Испании в первой половине 2010 года, и Аргентины – на аналогичный пост в Меркосур в тот же период. Обе страны заинтересованы в оживлении переговорного процесса, так как входят в число наиболее пострадавших от финансово- экономического кризиса, и для них создание такой зоны было бы возможностью улучшить свои позиции.

Уже в марте 2010 года в преддверии VI встречи глав государств и правительств стран ЕС и Латинской Америки, запланированной на май 2010 года в Мадриде. Представители ЕС заявляли, что при благополучном стечении обстоятельств завершение переговоров по вопросу подписания соглашения об Ассоциации может состояться в 2011 году [7].

Европейские и латиноамериканские средства массовой информации высказывают абсолютно разные точки зрения в отношении дальнейших событий. Кто-то оптимистично смотрит в будущее, веря, что в ближайшие 2 года зона свободной торговли между ЕС и Меркосур будет создана, кто-то утверждает, что появление такого блока вообще невозможно. Однако и те, и другие признают, что как бы ни закончился это процесс, он будет очень сложен.

Европейцы очень сильно защищают свое сельское хозяйство от конкуренции со стороны Меркосур, ежегодные субсидии аграрному сектору составляют около $120 миллионов. Однако южноамериканские страны строго стоят на своей позиции требуя обеспечить полный и открытый доступ к рынкам Европы для своих товаров [8].

Также страны Меркосур, в первую очередь Бразилия, имеют очень сильную промышленность, которая также может составить конкуренцию продукции Европейского союза, от чего последний хочет отгородиться.

Но Меркосур, добившись определенных успехов на международной арене, будет также упорно защищать свои интересы.

В целом, идея создания зоны свободной торговли между двумя блоками очень привлекательна. Для Меркосур такая зона послужит диверсификации отношений и снижению зависимости от НАФТА и США, а также подымет международный авторитет данной организации, не говоря уже о рынках сбыта своей продукции и политическом влиянии, приобретенном после подписания соглашения об Ассоциации.

Интерес ЕС заключается не только в больших коммерческих возможностях Меркосур, но и восстановлении исторических взаимоотношений со странами Южной Америки, а также в возможности создания еще одного центра многополярного мира.

Дальнейший ход развития событий будет зависеть от нескольких факторов. Первое. Удастся ли достичь компромисса в области сельскохозяйственной продукции стран Меркосур. Второе. Действия США по продвижению АЛКА. Третье. Смогут ли стороны прийти к общему мнению в разногласиях, возникших в секторе услуг. На эти и другие вопросы мы будем получать ответы уже в ближайшем будущем, 26 марта 2011 года исполнится 20 лет со дня подписания Асунсьонского договора, положившего начало Меркосур.

Новый этап. Новые ожидания. Новые горизонты.

ЛИТЕРАТУРА 1. Relaciones entre la UE y MERCOSUR

http://europa.eu/rapid/pressReleasesAction.do?reference=MEMO/98/57&format=HTML&aged=0&language

=ES&guiLanguage=en

2. Альфонсо Забалета. Европейский Союз – Меркосур: В направлении Соглашения о межрегиональной ассоциации. - Мадрид: Издательство института латиноамериканских исследований, 2007. – 228 с. Текст взят на сайте: http://www.monografias.com/trabajos15/mercosur-ue/mercosur-ue.shtml

3. Рамочное соглашение о сотрудничестве между Европейским союзом и Общим рынком Южного кону- са - Acuerdo Marco Cooperación entre Comunidad Europea y Mercado Común del Sur de 1995

www.mercosur.int/documentos/acuerdos/61_1995_AcuerdoMarcoCoopComEuropea-Mercosur_ES 4. Definiciones de la Unión Europea en el futuro proximo

http://www.revistasice.com/cmsrevistasICE/pdfs/ICE_788_119-132__9B1AC65EEB4FBFB88492DDCFBF9 8A074.pdf

5. Абрамова М.А. «Отношения Европейского союза со странами Латинской Америки» // Европейский союз: Факты и комментарии, 2006 г, №46, с. 62-63.

6. Декларация IV Саммита глав государств и правительств стран Европейского союза, Латинской Америки и Карибского бассейна

http://ec.europa.eu/external_relations/lac/2004/decl_polit_final_en_2004

7. Mercosur-Union Europea etapa final para el acuerdo comercial

http://www.ieco.clarin.com/economia/Mercosur-Union-Europea-etapa-acuerdo-comercial_0_110100005.html 8. Libre comercio Mercosur-Union Europea, lejos de un acuerdo http://publicaronline.net/2010/08/01/libre- comercio-mercosur-union-europea-lejos-de-un-acuerdo/

Поступила в редакцию 07.02.2011.

А. ХОЙЧ

ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ЖҮЙЕҚҰРУШЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

In this article author denoted initiation of first transnational corporations and their evaluation and develop- ing stages in global experiment. Evaluation of transnational corporations have determined and divided into five development stages according to with their historical improvements and their organizational features, strategies, capital scales significantly. In every stage of development transnational corporations have dominated with their goals and advantages of strategies. Indeed author noted that recent tendency and importance of transnational corporations in global market. As a conclusion author highlighted transnational corporations requires permanent research and analysis as a factor of economic catalyst in globalization.

Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статисти-, зерттеу материалдары мен статисти- касы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді.

Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады [1, 256].

ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі.

ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады [3, 56].Қазіргі ТҰК-дың экономикалық қуатын және қызмет масштабын (көптеген сипаттамалардың нанымдылығына сәйкес) олардың дүниежүзінің барлық аймақтарындағы бөлімшелері мен еншілес компанияларының саны, сату көлемі, инвестициялар немесе алатын табыс көлемі бойынша ғана бағалау дұрыс болмаған болар еді. Атап өткен көрсеткіштердің кез келгені, әрине, ең алдымен жалпыәлемдік өндіріс пен айналымдағы салмақты үлесімен үлкен маңызға ие. Алайда бұл жағдайда экономикалық жаһандану дәуіріндегі әлемдік экономикалық үдерістердің объективті өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігінен пайда болатын жүйелік эффект маңыздырақ. Жүйелік эффектіні пайдаланудағы ТҰК артықшылықтары деп мыналарды атап көрсетуге болады.

1. Бір елде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және өз қажеттіліктерін экспорт-импорт мәмілелері арқылы шетелдік ресурстармен қанағаттандыратын компаниялар алдында табиғи ресурстарды, капитал мен білімді, әсіресе ҒЗҰКЖ нәтижелерін иемдену артықшылықтарын пайдалану.

2. Ішкі нарық көлемін, экономикалық өсу қарқынын, жұмыс күшінің құны мен біліктілігін, басқа да экономикалық ресурстардың құны мен арзаншылығын, инфрақұрылымның даму деңгейін, сонымен қатар саяси құқықтық факторларды, ең маңыздысы саяси тұрақтылықты есепке ала отырып, әртүрлі елдерде өз мекемелерін үйлесімді орналастыру мүмкіншілігі.

3. Ең төмен салық стратегиясын жасап шығару мақсатымен бүкіл жүйе шеңберінде қаржы есебінің консолидациясы – салық жеңілдіктерін және т.с.с. пайдаланатындары көбірек табыс алатындай етіп, корпорация құрамына кіретін компаниялар арасында табысты қайта бөлу мүмкіндігі.

4. Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қаржы ресурстарын өз мақсаттарында пайдалану, себебі оларды қаржыландырудың қайнар көзі бас компаниялар ғана емес, қабылдаушы мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары болып табылады. Ол үшін ТҰК шетелдік құрылымдарды қабылдаушы мемлекеттердің, сонымен бірге үшінші мемлекеттердің қаржы институттарының займдарын кең түрде пайдаланады.

(2)

308 309

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

5. ТҰК басшылығының қатаң бақылауында болатын және тұрақты жетілдіріліп отыратын рационалды ұйымдастырушы құрылым екендігі.

6. Әртүрлі елдерде тауар, валюта және қаржы нарықтарының конъюнктурасы туралы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етілуі қомақты түрде пайда түсіру үшін жақсы жағдай қалыптастырған елдерге капитал ағымын жедел аударып отыруға және де ең төмен қауіппен қаржы ресурстарын бөліп таратуға мүмкіндік береді.

7. Жақсы диверсификацияланған ТҰК-дың дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген салаларындағы ұзақ мерзімді құбылыстардан салыстырмалы тәуелсіздігі.

ТҰК қызметінің маңызды да жағымды қырларын атай отырып, олардың жаһандық дүниежүзілік шаруашылыққа төмендегідей бағыттар бойынша айтарлықтай үлес қосатындығын айта кету керек:

• Ресурстардың барлық түрлерін тиімді бөліп таратуға ықпал етеді;

• Өндірістің тиімді орналасуына жағдай жасайды;

• Олардың арасында жаңа тауарлар мен технологиялар анағұрлым белсендірек таралады;

• Жергілікті монополиялардың ұстанымдарына кедергі келтіре отырып, бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді;

• Олардың арқасында халықаралық ынтымақтастық кеңейеді.

ТҰК-дың дүниежүзілік қаржы, материалды-техникалық және еңбек ресурстары саласындағы, шаруашылықтың экономикалық мақсатқа сәйкес және тиімді түріне бірігу тәсілдеріндегі артықшылықтары, ұлттық корпорациялармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігінің айтарлықтай өсімі мен кәсіпкерлік қауіптің төмендеуін қамтамасыз етті.

Дүниежүзілік шаруашылықты өз мүмкіндігінше халықаралық (трансұлттық) өндіріске айналдыра отырып, ТҰК көп жағдайда оның әртүрлі бағыттары бойынша алға жылжуына жағдай жасайды:

техникалық деңгейін, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін жоғарылатудан менеджмент пен компанияларды басқару формаларын жетілдіруге дейін жүздеген елдердегі еншілес компаниялар мен филиалдары арқылы олар бас компанияларда жасалатын бірыңғай ғылыми-өндірістік және қаржы стратегиясы бойынша қызмет етеді, әлемдік экономикалық жүйенің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін үлкен ғылыми-өндірістік және нарықтық потенциалға ие [2, 234-256].

XX ғасырдың II жартысындағы халықаралық бизнестің бүкіл тәжірибесі әлемдік экономикалық жүйедегі тікелей шетел инвестицияларының масштабын анықтайтын негізгі субъектілері капитал шығару мен өз экономикалық қуатын қалыптастыру үшін негіз ретінде шетелде оның тиімді орналастырылуы болып табылатындығын көрсетеді. Өндірістің біраз бөлігін шетелге аудару, онда тауар мен қызметтің трансұлттық өндірісінің біртұтас жүйесіне біріктірілген еншілес компаниялар мен бөлімшелерін құру ТҰК-қа бәсекелі артықшылықтарын пайдалана отырып, өзіне тиесілі ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ТҰК-дың тікелей шетел инвестицияларының мүмкіндігі мен көлемін анықтайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады:

1. Технологиялық көшбасшылық: корпорация шетелдік инвестицияны жүзеге асыра отырып, осы салада бәсекелі артықшылықтар беретін технологияға бақылауды ұстап қалуға талпынады.

2. Әдеттегі еңбекақының орташа деңгейімен өлшенетін жұмыс күші біліктілігіндегі артықшылықтар.

Корпорацияда еңбекақы деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның шетелге тікелей инвестиция көлемі соғұрлым көп болады.

3. Халықаралық маркетингтің жинақталған тәжірибесін көрсететін жарнамадағы артықшылықтар.

Корпорацияның сату көлемі бойынша жарнамаға деген меншікті салмағы неғұрлым жоғары болса, оның тікелей инвестиция көлемі соғұрлым жоғары болады.

4. Ауқымды үнемдеу. Ішкі нарыққа бағытталған корпорация өндірісінің көлемі неғұрлым жоғары болса, корпорацияның тікелей шетел инвестиция көлемі соғұрлым жоғары болады. Алайда капиталды шетелге инвестицияламас бұрын ТҰК әдетте ішкі нарық шеңберінде ауқымды үнемдеу эффектісін толығымен пайдалануға талпынады.

5. Өндірістің шоғырлану деңгейі. Ол өссе, ТҰК–тың тікелей шетел инвестиция көлемі де ұлғаяды.

6. Табиғи ресурстармен қамтылуы.ТҰК-дың нақты бір табиғи ресурстарға қажеттілігі неғұрлым жоғары болса, оның дәл осы ресурсы бар елге тікелей шетел инвестициясының экспорт көлемі соғұрлым көп болады.

7. Компанияны жақын қашықтыққа салу арқылы тұтынушыға тауар жеткізу үшін алынатын транспорттық шығындарды қысқарту.

8. Шет мемлекеттің импорттық кедергілерін берілген мемлекет территориясында ТҰК бақылайтын компания құру арқылы жою.

ТҰК-дың белгілі бір мемлекет экономикасына құятын тікелей шетел инвестициялары оған қарама-қайшы әсер етуі де мүмкін. Негізінен қабылдаушы мемлекет экономикасына тікелей шетел инвестицияларының оң ықпалын келесі бағыттардан анықтауға болады:

1) ТҰК еншілес компаниялары мен бөлімшелерін құру экономикаға капитал құю көлемінің өсуіне, еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне ықпал етеді;

2) Технологиялардың, сауда маркаларының, патенттер мен лицензиялардың, сонымен қатар басқару және маркетингтік дағдылардың берілуіне ықпал ету;

3) Экспорттық диверсификацияны қамтамасыз ету: ТҰК бір мемлекеттен басқа мемлекеттер нарығына тауар тасу каналдары ретінде жиі пайдаланылады;

4) Қабылдаушы экономика жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету.

ТҰК-дың нақты экономикаға тікелей шетел инвестицияларының мүмкін деген теріс нәтижелері мыналар болуы мүмкін:

1) Жергілікті компаниялар тарапынан ұлттық өндіріс пен ұлттық даму стратегиясын қалыптастыруға бақылауын жоғалту;

2) Шетел инвестицияларының ішкі капитал құюды ығыстыруы және ТҰК-дың ұлттық нарықтан отандық компанияларды ығыстыру;

3) Егер бөлімшелердің өндірісі импорт көлемін айтарлықтай ұлғайтуды талап етсе, қабылдаушы мемлекеттің төлем балансы жағдайының нашарлауы. Бұл өндіріс экспорттық нарыққа емес, ішкі нарыққа неғұрлым көбірек бағытталса, жағымсыз ықпал соғұрлым күштірек болады;

4) Мемлекеттен шығарылған капитал (ТШИ бойынша репатрияцияланған табыстар мен «роялти»

түрінде) көлемі ұлттық экономикаға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемінен асып түскен жағдайдағы ұлттық экономиканың шығындары.

Қабылдаушы мемлекет үшін ТШИ нәтижелерін қарастыра отырып, инвестициялар дамыған және дамушы мемлекеттер экономикасына әртүрлі әсер ететіндігін түсіну қажет. Дамыған мемлекеттер ТШИ ағымдарының белсенділігінен ұтады: өз мүдделеріне сай әрекет ете отырып, олар көп жағдайда дүниежүзі мемлекеттерінің үштен бірінен астамының экономикалық дамуын анықтайды. Бұл мемлекеттерге ТШИ ағымы онсыз да жоғары тиімділікті экономиканың одан әрі дамуына қосымша ынталандыруда. Сапалы нормативті-құқықтық база, банктік жүйе дамуының жеткілікті деңгейі, ТҰК алған табыстарды реинвести- циялау үшін экономиканың жоғары тартымдылығы дамыған мемлекеттерге тікелей шетел инвестицияла-естицияла- рын тартудан барынша пайда түсіруге мүмкіндік береді [4, 178].

ТШИ-дің дамушы мемлекеттер мен өтпелі экономикасы бар мемлекеттердің экономикалық жүйесіне әсері жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. ЮНКТАД алдыңғы қатарлы ғалымдарының жүргізген қабылдаушы мемлекет экономикасына ТШИ әсерін зерттеулері төмендегідей үш негізгі қорытындыға алып келді:

1. Шетел инвесторларымен өзара қарым-қатынастың үкіметтік бағдарламасын және шетел инвестицияларын тиімді пайдалану, оларды тарту бойынша сапалы саясат болғанда ғана ТШИ қабылдаушы мемлекет экономикасына жағымды әсер етеді.

2. Нақты бағдарлама мен мемлекетке қаржы құюды жүзеге асыратын жаһандық компаниялармен өзара қатынастың ойластырылған саясаты болмаған жағдайда ТШИ ағымы мемлекеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігіне де, оның әрі қарай экономикалық өсу болашағына да кері әсерін тигізеді.

3. ТШИ-дің жағымды әсерінің қажетті шарты шетел инвестициялары құйылатын салада бәсекелестік деңгейінің жоғары болуы болып табылады.

Қабылдаушы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық дамуына оң ықпалын тек қана ұзақ мерзімді шетел капиталы ғана беретіндігін айта кету қажет, себебі қысқа мерзімді капитал спекулятивті, яғни, керісінше, қаржылық тұрақсыздықты туғызады және сәйкес мемлекеттің экономикасына көбіне жағымсыз әсер етеді.

ТҰК-дың халықаралық бизнеске қатысуы әртүрлі және бірнеше деңгейі бар. Ең алдымен олар халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі формасының және халықаралық деңгейдегі бәсекелестіктің қатысушылары болып табылады. Жекелеген мемлекеттер шеңберінде олар шикізат пен өтім нарығы үшін, сонымен қатар жергілікті дотациялар мен басқа да жеңілдіктер үшін жергілікті компаниялармен, сондай-ақ басқа да халықаралық компаниялармен бәсекелеседі.

Осы күрделі де шиеленісті жүйе шеңберінде ТҰК-дың мемлекеттермен және үкіметтермен қатынасының екі саласы бар: бірі – халықаралық корпорацияның бас компаниясы мен оның отанының (негізі қаланған мемлекеттің) үкіметі арасында; екіншісі – трансұлттық корпорациялар мен қабылдаушы мемлекет үкіметі арасында.

ТҰК-дың қызметі оның негізі қаланған мемлекет мүдделерімен тығыз байланысты деген тезиске ешкім қарсы шыға қоймас. Оған қоса көп жағдайда мемлекеттердің және олардың территориясында орналасқан ТҰК негізгі мүдделері объективті сәйкес келетіндігін дәлелдеуге болады. «Дженерал Моторс»

компаниясында болған сәтті, жақсы нәтиже Америка экономикасы үшін де сәтті, жақсы болып табылады.

Басқа мемлекеттер территориясына тікелей саяси бақылау жүргізу мүмкін емес заманда ТҰК экономикалық және технологиялық артықшылықтарға ие «өз» мемлекеттеріне басқа мемлекеттердің ресурстарына кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер экономикасы дамыған мемлекеттердің тауарларына қатысты протекционистік саясат қолдануы мүмкін жағдайда, ТҰК осы мемлекеттер территориясына өндіріс орналастыра отырып, «өз» мемлекетін протекционистік кедергілерді жою қажеттілігінен құтқарады, сонымен бірге халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесі шеңберінде берілген

(3)

310 311

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

нарықтық кеңістікті сақтап қалады. Ол басқа мемлекеттер территориясында бөлімшелер не еншілес компаниялар түрінде өз жеке меншіктерін құра отырып, шетелде негізі қаланған мемлекеттің ұстанымдарын жасайды әрі оны нығайтады.

Дамыған мемлекеттер трансұлттық капиталды қолдаудың түрлі шараларын пайдалана отырып, өз кезегінде өзіне меншікті ТҰК-дың дамуына белсенді ықпал етеді.

ТҰК кейде мемлекеттің экономикалық қолдауына да тікелей жүгінеді. Бұл ҒЗҰКЖ қолдауы, белгілі бір жоғары технологиялы салалар пайдасына арнайы субсидиялар, жиі трансұлттық компанияларға айналып отырған бизнес саласындағы «ұлттық чемпиондарды» құру, т.с.с. мәселелер болуы мүмкін. Мәселен, ақпарат, өнім өтімін ынталандыру, негізі қаланған мемлекеттің дипломатиялық құралдары мен қызметтерін қосу көмегімен трансұлттық корпорацияларды тікелей қолдауды жүзеге асырған мысалдар көп.

ТҰК-дың негізі қаланған мемлекетпен қатынасындағы жаңа тенденция кейбір мемлекеттер үкіметтерінің олардың үстінен белгілі бір мемлекеттік бақылау орнатуға талпынуы болып табылады. Бұл мемлекеттің қатысуымен трансұлттық корпорациялардың көптеген топтарының пайда болуына әкелді, олардың ең ірілері Франция, Италия, Австрия және Үндістанда орналасқан. Жоғарыда атап өткендерді ескере отырып, өз территориясында ТҰК-ты қабылдайтын әрбір мемлекет мемлекет пен оның азаматтарының ұлттық мүдделерін қамтамасыз етудің деңгейін барынша көбейту мақсатымен трансұлттық капиталдың өз экономикалық (және саяси) жүйесіне әсерінің барлық мүмкін болатын жағымды да жағымсыз аспектілерін ескеруі тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Alan M. Rugman, Yale University Press. “Multinationals and development”, 2007.

2. John Dunning, UN “The theory of Transnational corporations”, 2000.

3. Jorn Kleinert, “The role of Multinational enterprises in Globalization ” , 2004.

4. UN, “World Investment Report”, 2007.

Редакцияға 28.12.2010 қабылданды.

М.М.ЯКУБОВА

ТАБИҒАТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ТАНУЫ МЕН МӘДЕНИЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

In this work to consider artistic-aesthetic education pupil and their profitable decisions on landscape genre.

But it in the same way considered landscape genre and its history and theory, role in Kazakhstan graphic arts.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық ахуалының, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Табиғат көрінісі (пейзаж) - бейнелеу өнерінің жеке дара өзіндік ерекшелігі бар жанры болып табылады.

Сондай-ақ бұл жанр, жанрлық сюжеттік және тарихи туындыларда да негізгі роль атқарады. Болашақ мұғалімдер табиғат жанрымен жан-жақты таныс болуы тиіс.

Француз тілінен аударғанда «пейзаж» сөзі (paysage) «табиғат» дегенді білдіреді. Дәл осылай көркем сурет өнерінде негізгі мақсаты табиғи немесе адамның өзгертуімен табиғатты көрсетуі болып табылатын жанрды айтады.

Сонымен қатар, пейзаж – көрермендерге табиғатты көрсететін графика немесе суретте нақты көркем бейнелеу. Мұндай бейнелеудің «кейіпкері» табиғи немесе автордың ойлауымен шығарылған табиғат мотиві болып табылады.

Табиғат көрінісін бейнелеудің тарихына үңілсек, ол сонау неолит дәуірінде алғашқы шеберлер үңгірлердің қабырғаларында өзен, көлдер, ағаштар мен тасты кесектерді сұлбалы түрде бейнеледі.

Сахарадағы Тассилин-Аджер платосында табын айдау мен аңшылық сипатталған суреттер табылды.

Адам мен жануарлар мүсіндерінің жанында ежелгі суретші іс орнын нақтылау мүмкін емес қарапайым пейзажды салған. Көне Шығыс пен Қытай мәдениетінде пейзаждық мотив – қабырғалы жазбалардың ең кең кездесетін бөлігі. Табиғаттың көрінісін бейнелеу жеке жанр болып қытай мәдениетінде VI ғасырда пайда болды. Бұл өнерді қалыптастыруда үлкен үлесті еуропалық миниатюристтер алды. Орта ғасырда, Қайта өрлеу дәуірінде белгілі заңдылықтар ашылып, перспективалық ландшафтты әсері көрсетілді.

Көне табын айдау. Тастағы кескіндеме. б.з.д. II мыңжыл. Тау платосы Тассилин-Аджер. Сахара.

Хакасия тауының қабырғасындағы суреттер.

Айқын прогресске қарамастан, XVI ғасырға дейін суретшілер өзінің өнер туындыларына табиғат бөлшектерін діни сахналар, жанрлық композиция немесе портрет үшін фон ретінде қолданды. Оған айқын мысал Леонардо да Винчидің туындысы Мона Лизаның белгілі портреті болып табылады (шамамен 1503 жыл, Лувр, Париж).

Леонардо да Винчи, «Мона Лиза» XVI ғасыр.

Ерен шеберлігімен ұлы суретші өзінің туындысында көрерменді бірнеше ғасыр бойы «Джоконда»

алдында тамсандырған адам мен табиғаттың ажырамас байланысын, гармония мен әсемдікті көрсете білді.

Жас әйелдің артында әлемнің шексіз кеңістігі ашылады: таулы аймақтар, орман, өзен, көлдер. Қоршаған ортаның көп сырларын адам шеше алмайды, бұны Джоконданың ғажайып күлкісі дәлелдейтін тәрізді.

Табиғат көріністері қай заманда да бағалы, адамға сыйлар рухани байлығы мол. Табиғат пен адам арсындағы тылсым құпияның негізін ұғынуға деген талпыныс тоқтаған жоқ. Бұл орайда суретшілердің қылқалам құдіретімен әсем бейнені сипаттауға деген құштарлығы айғақ.

Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы суретші Әбілхан Қастеев осы табиғат тақырыбын бояу түрімен кең жырлаған болатын. Молдахмет Кенбаев кемеңгер суретшіміздің де кейіннен салған суреттерін айтпасқа болмас, қазақ халқының табиғатпен етене араласқан өмірін көрсетіп, қарасаң көз тоймайтын сұлу табиғат көріністері адам жанын тебірентпей қоймайды. Орыстың ұлы сурешілері Репин, Шишкин, Куинджи,

Referensi

Dokumen terkait

Приведенный выше анализ описания синонимов русского слова в русско-арабском словаре позволяет утверждать, что, несмотря на весьма большую актуальность проблемы синонимии в русском языке

Оның мынадай басым бағыттары бар: • мемлекеттік қызметтің ашықтығы және оған кәсіби даярлығы мен қабілеттілігіне байланысты тең дәрежеде орналасу; • қызметкерге оны іріктеу, қызмет