• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы возможность дальнейшего саморазвития выпускника учебного заведения, его успешную адаптацию к изменяющемуся миру. При этом меняются задачи образования, ими становятся не только усвоение готовой суммы минимально необходимых профессиональных знаний и умений, но и усвоение приемов самостоятельного поиска информации, решение неизвестных ранее и нестандартных профессиональных задач приемов потенциального переучивания на другую профессию и специальность. Изменчивость рынка труда создает новую ситуацию в профессиональном образовании. Исследователи отмечают, что в настоящее время задача учебных заведений заключается «… не только в том, чтобы дать молодежи общее образование и профессию, но и в том, чтобы сформировать у молодежи предпосылки к постоянному, непрерывному в течение всей жизни образованию, получению новых и новых специальностей и квалификаций. Если раньше достижение профессионализма человеком какой-либо конкретной трудовой деятельности было конечной целью образовательного процесса, то теперь это становится, лишь одним из очередных этапов его карьеры» [8]. Иными словами, в содержании профессионального образования должна быть предусмотрена подготовка к гибкой смене профессий и специальностей, что требует формирования у молодых людей соответствующих качеств личности (мобильность, обучаемость и др.). Разрабатываются гибкие, многоуровневые системы подготовки специалистов, представляющие возможность молодому человеку выбрать для себя уровень образования и получить соответствующую квалификацию с учетом совокупности своих индивидуальных возможностей; уровни образования отличаются разной широтой и глубиной профессиональной направленности, перед каждым новым уровнем подготовленность учащихся оценивается, даются рекомендации по дальнейшей специализации. Возрастной состав учащихся и их потребности в профессиональном образовании становятся все более разнообразными - от молодежи до пенсионеров, от овладения первой профессией до переучивания на новую специальность. Появляются новые альтернативные формы образования. Расширяется сфера образовательных профессиональных услуг, осуществляемых не только государством, но и другими общественными и частными учебными заведениями. Таким образом, изменения в профессиональном и социальном мире вызывают изменение потребностей отдельных личностей, а это, в свою очередь, требует новых гибких форм профессионального образования и обучения, учитывающих потребности и запросы специалистов разных возрастов. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.. Список литературы Алексеева М.И. Мотивация учения студентов и удовлетворенность выбором вузом // Сб: Эмоциональная регуляция учебной и трудовой деятельности. – Москва: Одесса. 1986. – С.141. Шалионов Г.М. Личностная зрелость и профессиональное самоопределение в подростковом и юношеском возрасте: Автореф. Дисс. Канд. Психол. Наук. - С-Пб. 1997. – 27 с. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. - Москва: 1990. – С. 15. Формирование личности старшеклассника. / Под ред. И.В. Дубровиной. - Москва: 1989. – С. 252. Илькевич Б. Формирование профессиональной мотивации. // Alma mater (Вест.высш.шк.). – 2001. - № 8. – С. 35. Зеер Э.Ф. Психология личностно ориентированного профессионального образования. – Екатеринбург: Деловая книга, 2000. – 325 с. Вербицкий А.А., Бакмаева Н.А. Проблема трансформации мотивов и контекстном обучении // Вопросы психологии. - 1997. - № 4. – С. 21. Сериков В. В. Образование и личность. – Москва: Логос, 1999. – С. 35. Поступила в редакцию 14.032010.. А.А.Мукашева БОЛАШАҚ МАМАНДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕССІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІКАҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ This article addresses the issues of projecting the process formation of computer and informational students’ competence in the professional training. The article reveals the support of each element and their importance in the students’ process formation in the 76.

(2) № 3 (76) 2010. high-tech innovation. Болашақ маманның компьютерлік-ақпараттық біліктілігін біз тұлғаның тәжірибелік кәсіби есептерді шешуде компьютерлік техниканы, базалық және мамадандырылған қолданбалы программалық қамсыздандыруды пайдалану барысында арнайы білімдер мен ептіліктерді қолдану қабілеттілігі, даралықтың, шығармашылықтың, өз бетінше танымдық қызметке қабілеттіліктің көрінісі ретінде қарастырамыз. Компьютерлік-ақпараттық біліктілік индивидуумға ақпараттық қоғамда өзін таныту, нақты шындық (ауызша қатынас) пен виртуалды нақтылықтың (Интернет) ақпараттық кеңістігінде танымдық қабілеттіліктерді жетілдіру үшін қажет. Қазіргі таңда жас маман (ЖОО-ның түлегі) өндірістегі жоғары технологиялар саласының қалыптасуына көптеген жылдар қажет ететін ондағы біліктілігін стихиялы түрде ие болуға мәжбүрлі. Осыған байланысты білім беру жүйесінің алдында ақпараттық қоғам мен компьютерленген өндіріс талаптарына сәйкес компьютерлік-ақпараттық дайындық деңгейін жоғарылату міндеті тұрады. ЖОО-нда оқыту периодында компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру мәселесін шешу үшін білім беру процессінің шарттарын моделдеу қажет. Ғылымның дамуымен дүниені тану мен өзгерту әдістерінің бірі ретінде моделдеу кең өріс жайды. Қызметтің кез-келген саласындағы құбылыстарды зерттеу мен өзгертуде танымның әмбебап нысаны ретінде қолданылатын моделдеу зерттеу объектісінің мәнін тереңірек білуге мүмкіндік береді [1, 322]. «Модель» термині бастапқыда құрылыспен байланысты болды, «modulus» латын сөзінен аударғанда «өлшем», «үлгі» мағынасын береді. А.Н. Дайхин «модель» түсінігін былай қарастырады: «зерттелетін объектіге ұқсас бола тұрып, қарапайым және тұрпайы түрде осы объектінің элементтерінің арасындағы құрылымды, қасиеттерді, байланыстар мен қатынастарды көрсететін және қайта келтіретін сызба, физикалық құрылым, белгілік нысандар мен формулалар түріндегі жасанды істелген үлгі. ... Педагогикада білім берудің мазмұнымен қатар оқу қызметін де модельдейді» [2, 22-23]. Кез келген білім беру жүйесі қойылған мақсаттарды педагогикалық шарттар арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін білім беру процессінің моделі негізінде қызмет етеді. Біздің жағдайда – компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру шарттары. Бұл компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру моделін құрастырудың қажеттігіне себепші болды. Модельге қойылатын негізгі талап – ол модель орын басып тұрған ағымды процесстерге немесе объектілерге барабарлық. Мұнда объектіні зерттеуінде түпнұсқа-объекттің мәнсіз сипаттамалары, параметрлері алынып тасталады. Оқу мақсаттарына сай маман тұлғасының даму жүйесін қалыптастыру өз құрамына оқыту ынталарын, оқушылардың қажеттіліктерін, оқытудың мақсаттарын, міндеттері мен келешегін зерттеу сияқты элементтерді кірістіретін оқу процессінің моделі негізінде жүзеге асырылады. А.Н.Дайхиннің берген анықтамасына сүйене отырып, біз «модель» түсінігінің жұмысқа арналған мазмұнын тұжырымдадық – бұл білім беру процессінің жүзеге асу құрылымын көрсететін ойдағы бейне. Модель сызбалы бейнеленген терминдердің, түсініктердің және олардың мазмұнының жиынтығы түрінде келтірілген. Ол білім беру процессін қарапайым, жалпыланған түрде бейнелейді. Модельдің қарапайымдылығы оның барабарлығы мен әмбебаптығының кепілі болып табылады. Күрделі модель оның тәжірибелік құндылығын минимумға келтіретін екінші дәрежелі өзара байланыстарды көбірек көрсетеді. Модельді құрудың теориялық-әдіснамалық негізін келесі жалпы ғылыми бағыттары құрастырады: жүйелік, семиотикалық, қызметтік және ақпараттық. Жүйелік бағыты студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру процессін өзара байланысқан құрылымдық элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыруға, жүйенің тиімділігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін механизмдерді ашуға мүмкіндік береді. Студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру моделін құруда семиотикалық бағытын пайдалануда ақпарат пен ақпараттық процесстерді және әр түрлі типті таңбалық жүйелерді зерттейтін «Информатика» ғылымының мәндік табиғаты себепші болды.. 77.

(3) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Семиотикалық бағыттың прагматикалық құрамдасы таныс жүйелер арқылы білім беру процессінің субъектілері қабылдап алатын хабарламаларды ұғынуға, түсінуге және пайдалануға әлеуметтік маңызы бар қатынас қалыптастыруды, сондай-ақ өзара әрекеттесудің барабар нысандарын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Біздің модельді құрудың қызметтік бағыты компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастырудың педагогикалық процессін болашақ маман тұлғасын дамытуға бағытталған, арнайы ұйымдастырылған қызметтің әр алуан түрлерінің үздіксіз алмасуы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Жасалып жатқан объектінің бұрынғы, ағымдағы жағдайы мен болашақ жағдайын болжамдау туралы ақпарат алу процессі педагогикалық жобалаудың ақпараттық бағыты көрсетеді. Студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілігін қалыптастыру моделін құрудың әдіснамалық негізі ретінде біз ақпараттық бағытты таңдадық: бұл амалдың мәні – қосындысының нәтижесінде ағымды процесстің сипаты анықталған мәнге, біздің жағдайда – белгілі бір жағынан ғана зерттелетін нақты педагогикалық процесстің изоморфты ақпараттық көрінісі болып табылатын модельге келетіндей сипаттамалардың мүмкіндіктер жиынын таңдау. Жоғары технологиялар саласында компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру қамтамасыздандырылады, егер оқу процессі арнайы жасалған модельдің негізінде жүзеге асырылатын болса. Студенттің компьютерлік-ақпараттық біліктілігін қалыптастырудың көрсетілген моделінің (1 сурет) мазмұны, А.Н.Дайхин сипаттаған модельдің қисындысемиотикалық түріне сәйкес келетін қисынды тізбектелген элементтерден құралады [2]. Қисынды-семиотикалық модель кәсіби дайындық жүйесінде студенттердің компьютерлікақпараттық біліктілігін қалыптастыруда білім беру қызметінің мазмұнын көрсетеді, жүйе компоненттерінің мағыналық байланыстарын анықтайды және оларды түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Модельдің бұл түрі компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру бойынша оқу процессін ұйымдастыру үшін барынша тиімді болып табылады, себебі біз ұсынып тұрған студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілік моделіндегі элементтердің мазмұны мен олардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Модельдің бірінші компоненті дәстүрлі компьютерлік-ақпараттық технологияларды қолдануға ғана емес, сондай-ақ жаңаларын ендіре алуға, барларын қайта құруға, Интернет-технологиялардың негізінде байланысты жүзеге асыруға, өз бетімен оқу және мамандану дәрежесін көтеру үшін Интернет-көздерді пайдалануға қабілетті, яғни компьютерлік-ақпараттық біліктілікке ие кәсіби маман дайындау болып табылатын қазіргі қоғамның әлеуметтік тапсырысын көрсетеді. Сондықтан маманды ақпараттық қоғамдағы тіршілік әрекеттеріне дайындау барысында басты міндет кәсіби қызметтің жаңа құралы ретінде компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілік қисынды-семиотикалық моделін құрудың мақсаты оқушылардың жоғары технологиялар саласындағы кәсіби білімдері мен ептіліктерін кеңейту болып табылады. Модель компоненттерінің мазмұнын сұрыптау оқу бағдарына, оқушылардың дүниетанымына, теориялық және тәжірибелік дайындығына, тұлғаның пәнаралық білімдер мен қызмет ету тәсілдеріне деген қажеттілігіне байланысты жүргізіледі. Ақпараттық қоғамда кәсібилікке жеткізер жол – компьютерлік жүйелер арқылы кәсіби маңызды білімдерді, ептіліктерді және тәжірибені үздіксіз жаңартып тұру. Ол өзін-өзі дамыту, компьютерлік-ақпараттық қызметтің жеке дара стилін жасап шығаруынан тұрақты жұмысын қажет етеді. Танымға деген ынталандыру негізінде пайда болатын қызығушылық үлкен мәнге ие болатын оқу процессінде қалыптасатын адамның ішкі талпыныстары, ұмтылыстары, оның озаттық, шығармашылық, қатынасшылдық сияқты мақсатты ұстанымдары бұл процессті ынталандырады. Оқу процессіндегі қызығушылық пен ынталар студенттердің білімдерін, ептіліктерін, тәжірибесін бекітеді және дамытады.. 78.

(4) № 3 (76) 2010. Модельдің ынталандырушы компонентін біз сыртқы факторлардың – адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын компьютерлендіру мен ақпараттандырудың – пайда болуы мен жоғары технологиялар саласында субъективті тәжірибе алуға әсер етуінің нәтижесінде қалыптасқан студенттің (оның өткен тәжірибесі мен даралығын ескере отырып) өзінің ішкі ұмтылысы ретінде, сондай-ақ кәсіби өсудің өмірлік келешегі ретінде қарастырамыз.. 1-сурет. Студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктігінің қисынды-семиотикалық моделі. Модельдің мазмұндық компоненті, оқушының болашақ мамандығын ескере отырып, информатика мен ақпараттық технологиялар бойынша пәндер циклінің мазмұнын құрастыруын болжамдайды. Осы элементтің дидактикалық қызметтерін жүзеге асыру, студенттің игеріп жатқан мамандануын, яғни жалпы кәсібиге қарағанда ерекше білімдерді, әлеуметтік тәжірибенің негізінде қалыптасқан және кәсіби білімдермен толықтырылған жалпыланған ептіліктерді ескере 79.

(5) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы отырып, информатикадан арнайы білімдердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қисынды-семиотикалық модельдің қызметтік компоненті оқытушының құрастырылған оқу технологиясының дидактикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру ерекшеліктерін ескереді: оқу материалын беру тәсілі, материал ырғағы мен күрделілігінің өзгерісі, оқушылардың жеке дара мінездемелерін ескеру. Студенттің кәсіби бағдарының қалыптасуы когнитивті, сезінушілік және қызметтік процесстерді жандандыратын оның жемісті оқу қызметіне де байланысты. Маман тұлғасының бір жақты бағытталуының маңыздырақ қасиеттерін кәсіби маңызды есептерді шешуде компьютердің арнайы бағдарламалық құралдарын игеру мен қолданудағы, кәсіби қызметті ұйымдастыруда инновацияларды ендірудегі өз бетімен білім алу мен шығармашылық қызметке деген саналы қатынас деңгейін көрсететін эвристикалық компонент сипаттайды. Эвристика сөзін келесідей түсінеді «ойлаудың жемісті тәсілдерінің қызмет ету шарттарын, ойлау құрылымдарын құрудың тәжірибелік тәсілдерінің дамуын, олардың негізінде мақсатты бағытталған танымдық қызметті зерттейтін педагогикадағы бағыт. Білім берудің эвристикалық қызметінің шарты мен жүзеге асырылуының нәтижесі оқушылардың когнитивті (әуестік, көрегендік, елігушілік, зеректілік), креативті (қиял, өнертапқыштық) және әдіснамалық (жоспаршылдық, қатынасшылдық) қасиеттерінің дамуы болып табылады» [3]. Нәтижелілікті бағалау – ол студенттің қызмет нәтижесі мен белгіленген мөлшерлі өлшеуінің ара қатынасын белгілеу процессі. Бұл компонент студенттің алған компьютерлік-ақпараттық біліктілігінің деңгейі мен сапасының бағасын көрсетеді. Білімдерді тәжірибелік қызметтегі компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану ептіліктеріне түрлендіру механизмінің, сондай-ақ компьютерлік-ақпараттық және шығармашылық қызметтердің өзара байланысының көрінісі біз құрған модельдің ерекшелігі болып табылады. Осылайша модель элементтерінің мазмұнын жүзеге асыру нәтижесінде студенттердің компьютерлік-ақпараттық біліктілігі – қолда бар ақпараттық-компьютерлік ресурстарды тәжірибе жүзінде қолданудандан, мамандық бойынша есептердің белгілі бір түрін шығару үшін жаңа компьютерлік бағдарламалар жасаудан білімдер, ептіліктер қалыптасуы мүмкін болады. Компьютерлік-ақпараттық біліктіліктің бар болуы болашақ маманға компьютердің құралдарымен әр алуан турлі әлеуметтік, экономикалық және басқа да есептерді шығару үшін өзінің тұлғалық әлеуетін жұмылдыру ептіліктерін дамытуда дербестікке және субъективтілікке қол жеткізуді және қоршаған болмысты мақсатты көркейтуді қамтамасыз етеді. Оның сыртында, қарастырылған біліктілік әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты іздеуде дербестікті қамтамасыз етеді, тәжірибелік есептерді шешу, әлеуметтік тәжірибе мен кәсіби білімдер сапасын анықтайтын тұлғалық қасиеттерді дамыту – кәсіби білімдер мен әлеуметтік тәжірибе синтезі – кәсібилікті қалыптастыру үшін қажетті түсініктерді өз бетімен тұжырымдау мүмкіндігін береді. Компьютерлік-ақпараттық біліктілікті қалыптастыру барысында ақпараттық қоғамда маманның кәсіби жарамдылығын сипаттайтын оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту мен жетілдіру мақсатымен оларға мақсатты бағытталған ықпал ету жүзеге асырылады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Рапацевич Е.С. Педагогика // Большая современная энциклопедия. -Минск: Современное слово, 2005. – 720 с. 2. Дайхин А.Н. Педагогическое моделирование: сущность, эффективность и ... неопределенность // Педагогика. 2003. -№4. -С.21-26. 3. Исанова Л.А. Эвристический подход в обучении // Материалы Международной научнопрактической конференции. –Актобе, 2006. -С.83-85. Редакцияға 10.02.2010 қабылданды.. Е.Б. Омаров Тәрбие жүйесін басқаруды жетілдіру үшін студент жастарға дене шынықтыру мен спорт шараларын қолданудың жолдары We investigate the theoretical and methodological analysis of topical problems of managing the 80.

(6)

Referensi

Dokumen terkait

мал мен байлықтың, баршылықтың қадір-қасиетіне жетіп оның сырына терең бойлай білген қазақ: «Бермесе да бай жақсы, жемесе де май жақсы» деп мақалдайды.. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай