• Tidak ada hasil yang ditemukan

МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ"

Copied!
10
0
0

Teks penuh

(1)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Министерство образования и науки Республики Казахстан Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Международная научно-практическая конференция

«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним

Азиатским играм

International science-practical conference

«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»

devoted to 7

th

winter Asian games

(2)

Астана қаласы – 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Министерство образования и науки Республики Казахстан Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ 4-5 ақпан, 2011 жыл

«Современные проблемы физической культуры и спорта»

МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции

посвященной 7- ым Зимним Азиатским играм

4-5 февраля 2011 года

(3)

Астана

УДК______

ББК______

Қ________

Бас редакторы/Главный редактор

Редакция алқасы/Редакционная коллегия Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:

Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.

ISBN________________

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми- зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.

ISBN _________ УДК_____

Қ ____________ ББК__________

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011

(4)

МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

П.І. Шойбекова

№ 51 орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары, Астана қаласы.

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы, үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі.

Адам үшін өте маңызды денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма- салауатты өмір салты. Ол адамның мәдениетінің бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адамның бақытының негізгі бөлігі. Еліміздің болашағы- сол елді мекендеуші жастарымыздың денсаулығына тікелей тәуелді екені баршамызға аян.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері спорт саласы оқушылар мен жастардың дене тәрбиесіндегі маңызды мәселелеріне мектепте , оқу орындарындағы дене тәрбиесі сабағына көңіл бөлу. Мұндағы басты мақсат- оқушы жастардың шынығуына маңызды баға беру, өз ағзасының шынығу деңгейін бағалайтын бөлек сынамаларды өткізетін әдістерді игеру. Дене жүктемелерінің түрлі ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайының әсерін білу. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшық ет әлеуетті қызмет етеді. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сиымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады.

«Денім сау болсын десең-жүгір,сұлу боламын десең-жүгір, ақылды боламын десең- жүгір»-деген көне грек нақылының мағынасы тереңде жатқандығын әрбір сөздерінен анық байқауымызға болады.

Сонда адам организмі қимыл –қозғалыс арқылы бұлшық еттері ғана емес, сонымен қатар бүкіл организмнің қоректенуін жақсартады. Өткен ғасырда өмір сүрген дәрігер Труссоның «қимыл өзінің жағымды әсері жағынан кез келген дәріден жақсы әсер етсе, әлемнің барлық дәрісі қимылдың құдыретіне пара-пар келе алмайды» деген пікірінің бүгінгі таңда да өте келелі екендігі дау тудырмайды. Табиғатты адам тек қана табиғатпен үйлескенде ғана жеңе алады. Демек, жасөспірімдердің дене қимылы, дене әрекеті бізді өзіміз мекендейтін космологиялық ортамен үйлестіретін тетік екендігін түсінудің маңызы зор. Дене тәрбиесі - әлеуметтік іс-әрекеттің бөлімі, өзінің материалдық және рухани құндылықтарын ұсынатын, тұлғаның гармоникалық дамуына үлесін қосатын, және адамдардың физикалық дамуы мақсатында қоғамда қолданылатын және орындайтын, мәдениеттің бір бөлігі.

Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дамуына әсер ету, өмірде қажетті қимыл-

(5)

қозғалыс дағдыларына үйретіп, дене, жігер және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу болып табылады. Спорт дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болып табылады. Спорттың маңызды ерекшелігі оқушылардың жан-жақты дене дамуының негізінде дене жаттығуларына біршама тар көлемде мамандану болып есептеледі.

Дене тәрбиенің білімі саласындағы жалпы мақсаттары:- тұлғаның дене тәрбиенің қалыптасуы,дене тәрбиесінің түсінігін ұйымның дұрыс өмір сүру тәсілі ретінде қарау;- мектеп оқушыларының өмірінің денсаулық сақтау шарттарын қалыптастыру, денсаулықты нығайту мен сақтауға физикалық тәрбиенің әдістерін, формаларын, тәсілдерін иелену; -жалпы қауіпсіздік негіздерін және жұмыс қабілеттерін физикалық дайындықтың жоғарғы деңгейін, өмірге қажетті дағды мен іскерлікті қалыптастырады.

Орта білімнің негізгі меңгеру міндетті:-денсаулық сақтау мен нығайту үшін әдістер, тәсілдер мен түрлерін білу;-жеке физикалық жаттығулардың жүйелеу ережелер мен тәсілдерін жүйелерін жобалау; - жаман қылықтар мен аурулар профилактикасында тірек белсенділігің сақталу мен қызмет ету мүмкіншілігінің дамуы, рационалды орынды тамақтану, еңбек пен демалу тәртібінің рөлін білу және түсіну.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамаларға кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан қарағанда дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.

Мектептегі дене тәрбиесі өнегелі әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттерімен бірге көмек көрсету, адалдыққа, өзін қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарауға, еңбекшілдікке ерік сапаларын қалыптастырып тәрбиелеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің мүмкіндіктерін арттырып өздерінің шығармашылығын дамытуға сезімі мол болып, ертеңге деген сенімі арта түседі. Нәтижесінде ертеңге деген сені мол болашаққа сенімді маман мектеп қабырғасынан өз жолдамасын алады. Ендігі күрделі мәселе, қосымша білім алып дене тәрбиесі субьектісі ретінде жаңа талапқа сай функцияларын өзгерту мен тиімді амалдарды табу, жалпы дене тәрбиесі жұмыстарының жаңа тәсілдері мен әдістерін оларды ұйымдастыру қағидаларын анықтау шараларын жүзеге асыру міндеттері тұр. Ескере кететін бір жағдай, көпшілік денешынықтыру мен спорттың физиологиялық, моральдық, жалпы денсаулықты қалыптастырудағы пайдалы жақтары бүгінгі таңда терең зерттелуде.

Қимыл- денсаулық көзі, ал денсаулық-адам бақытының негізі. Олай болса, үлкен спорт пен қарапайым денешынықтырудың денсаулыққа әсерінің айрықша екендігі дәлелсіз шындық. Үлкен спорт адам организмне арнайы әсер ететіндіктен, сол спорттың түрлері тұтас организмнің белгілі бөліктерінің ерекше дамуын қалыптасырады. Мысалы, ауыр атлетикамен шұғылданатын адамдардың қол, кеуде бұлшық еттерінің дамитындығы байқалса, велосипед спортымен шұғылданатындардың аяқ, денесінің

(6)

төменгі белдеуінің ерекше дамитындығы ақиқат. Олай болса, организмнің үлестік-мүшелік ара- қатынасының өзгерістері бір мүшенің қалыптан тыс дамуына, екінші мүшенің белгілі дәрежеде шектелуіне ықпал етуі сөзсіз.

Үлкен спорттағы жетістікке жету жолындағы еңбек пен ізденіс саналы түрде дамуы қажет. Демек, ата-анасы баласының спорттағы болашағын алдын-ала дәйектемей, оның үлкен спорттан қаншалықты моральдық, материалдық ләззат алатыны жөніндегі ой-өрісіне ықпал ете отырып, алдында тұрған ауыртпалықтың да болғандығын пайымдауына мүмкіндік бергені абзал.

Денешынықтыруға келетін болсақ, оны «жалпы дене қимылы»

деп қарастыруға болады және ол бүкіл организмге жағымды әсер етеді.

Осының айғағы ретінде соңғы кезде жүгірудің, гольф, конки т.б. спорт түрлерінің шынайы бұқаралық спорт түрлеріне айналуын айтуға болады.

Ғалымдардың пайымдауынша, жүрек, асқазан, ішек,бауыр,бүйрек және басқа ішкі ағзалардың қызметінің жақсы болуы сорттың осы түрлерімен күніне 25-30 минут айналсыпы, орта есеппен 3-4 шақырым жүгіріп отырудың пайдалы кенедігі анықталып отыр. Өйткені қан мен клеткалар арасындағы зат алмасу процестері жүретін нәзік құрылымдарды реттейді.

Міне, ғалымдар уағыздайтын «Дене қимылы-денсаулық кепілі»

қағидасының физиологиялық мәні осындай.

Спорт түрлерінің барлығымен адам айналысуы қажет екендігін ғылыми-теориялық және практикалық дәлелдер берілгендігін барлығымыз білеміз. Мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер спорт ойындарын өте қажет етеді, соған мүмкіндігінше ұлттық ойындарымызды жадынан шығармау үшін сәби кезден бастап бойына сіңіре білу қажет. Ол үшін мектептер мен балабақшаларда ұлттық ойынды ұтымды пайдалану керек.

Сол арқылы халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүние мен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын.

Денсаулықты сақтаудың шарты-дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде. Денешынықтыру- денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену: - дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады; - сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi

(7)

бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi.

Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым.

Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;

2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;

3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек- көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар - аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бәйге, бәйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады;

үшiншi топты саяси-әлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар — хан жақсыма, қаһарлы бану, ұжымақ-тозақ, мырш-мырш, сиқырлы таяқ, тобық ойнау сияқтылар құрайды.

Ойын-сауық — ақыл мен жiгердiң тартысы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi:

- жарысқандардың әңгiмелесiп желпiнуi, әндетiп серпiлуi, әсемдене есеюi; - әзiл-әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi; - тапқырлықтың алданышы, қуанышы, жұбанышы, ептiлiктi үйрену, батылдықпен үйлесу, қайсарлықты үйрету;- нақты мақсатқа ұмтылу, жүйелi әрекеттi ұйымдастыру, тиiмдi әдiстi ұтымды пайдалану. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық қасиеттер арқылы таныса алады. Осы сөздеріме дәлел ретінде оқушылардың жас ерекшелігіне арналған ұлттық ойындарды атап өтсем: «Жаяу көкпар» - 4 сынып оқушылары шақырылады (2 топ) Ойын орны спортзал. Ойынға керек көкпар( заттармен толтырылған қапшық). Ойын жүргізу түрі:

(8)

спортзалдың бір жағына сызық сызылады. Одан 50 м. тағы бір сызық сызылып онда көкпарды қояды. 500-1000 м. аралығында финиш сызығы сызылады. Оқушылар 2 командаға бөлініп сызық жанында тұрады. Жетекшінің сигналынан кейін оқушылар көкпарға жүгіреді.

Көкпарды алған оқушы әрі қарай жүгіреді. Әр оқушы көкпарды алып қоюға тырмысады. Финишқа көкпармен келген оқушы жеңеді.Ережесі:

-әр командадағы оқушы көкпарды бір біріне беруге болады; -Киімнен тартуға, итеруге болмайды; -Қуып жеткен оқушы көкпары бар оқушыны қолымен тисе жеткені, көкпар оған беріледі; Көкпарды бір–

біріне лақтыруға болмайды. «Арқан тарту» 3-сынып оқушылары.

Оқушылар арқанды тартып ойнайды. 2 командаға болінеді, ортасына сызық сызылады. Сызықты аттап өткен команда жеңіліп қалады.

«Атты спортшылар» 2- сынып оқушылары. Спортзалдың бір шетіне шеңберлер сызылады. (ойыншылардан шеңберлер 3-ке кем).Ойыншылар атта отырған жүреді. Жүргізүшінің командасын орындайды; «Аттың жүрісі», «бұрылу», «шабу», «орын табу». Орынсыз қалған ойыншы шығып қалады. Ойынды 3-4 рет ойнайды. Ережесі:

Жүгіргенде тізесін көтеріп жүгіру керек.Ережені орындамаған ойыннан шығады. Орныннан бірін бірі итеріп шығаруға болмайды. 2- сынып оқушылары. «Ұшты, ұшты»,Ұшты, ұшты» не ұшты? Ойын жетекшісі заттарды, құстарды, жануарларды атайды. Ойыншылар қолын тек ұшатын затқа көтереді. Дұрыс орындамаған ойыннан шығады.

Мектептегі орта буын және жоғары сынып оқушыларына дәл осындай ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі – тоғызқұмалақ ойынын жүргізу қажет. Ол ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы.

Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері. Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы

«құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат»,

«ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі, жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғыз-тоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті.

Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік спорттық ойын түрі екенін

(9)

атап өтуіміз керек. Міне, бұл – тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшелігі.

Басқа спорттық ойындардан айырмашылығы – бұл ақыл-ой ойыны.

Дамуы, насихатталуы жайында айтар болсақ; қазіргі ақпараттық технологиялар заманында келешек ұрпақтың тек мектеп пәндері арқылы ғана емес, осындай ұлттық ойындарымыз арқылы өзінің ойлау қабілеті мен зердесін дамыта білуі зор жетістік болар еді. Әрине, тағы бір ерекшелік, қазіргі жаһандану заманында біз өзіміздің мәдени ерекшеліктерімізді сақтап қалу үшін де мәдени мұраларымызды жаңғыртуымыз қажет. Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік спорттық ойын түрі екенін атап өтуіміз керек. Міне, бұл – тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшелігі. Басқа спорттық ойындардан айырмашылығы – бұл ақыл-ой ойыны. Дамуы, насихатталуы жайында айтар болсақ; қазіргі ақпараттық технологиялар заманында келешек ұрпақтың тек мектеп пәндері арқылы ғана емес, осындай ұлттық ойындарымыз арқылы өзінің ойлау қабілеті мен зердесін дамыта білуі зор жетістік болар еді. Әрине, тағы бір ерекшелік, қазіргі жаһандану заманында біз өзіміздің мәдени ерекшеліктерімізді сақтап қалу үшін де мәдени мұраларымызды жаңғыртуымыз қажет.Тоғызқұмалақ Қазақстанда кеңінен қанат жайып, қазіргі таңда елде шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.

Қазіргі ұлттық биіміз «қара жорға» биінің дене қимылына пайдасы орасан зор, осы жағдайды ескере отырып мектептегі дене тәрбиесінің гимнастикаларына «қара жорға» биінің элементтерін алып пайдалансақ бұл да ұлттық гимнастиканы өмірге алып келгеніміз болып саналатындығын ескерсек.

Қорыта келе, әрбір оқушыға өз қалауы мен хоббиін табуына, тіпті сапалы білім алуына осы спорт ғана көмектесе алады. Қажырлы еңбек ету, үнемі өз-өзін жетілдіруге ұмтылу, білім алу, ата-ананың, ұстаздарының айтқанын бұлжытпай орныдау- өмірлік табысқа жетудің кілті. Халқымыз сонау ерте заманнан алуан өнердің әр саласына қанатын кең жайып келді. Сол өнер өресін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізіп отыр. Дүниедегі кез келген ұлттың белгілі бір мәдениет үлгісі мен өнері түрлі тарихи және қоғамдық себептердің салдарынан, өмірге келгенімен, бірақ, солардың барлығының ғасырлардан-ғасырларға ұласып, ұзақ уақыттар бойы адамзат игілігіне жарай беруі тым күрделі құбылыс. Тек осылардың ішінде құны бар, өміршеңдік қуаты күштісі ғана кейігі ұрпақтарға жалыны өшпей, жыл өткен сайын маңызы күшейіп жетеді.Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарының бас қа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы-оның шығу, пайда болу тегінің

(10)

ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат беруін көздейтінінде.

Әдебиеттер:

1. "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қ Р Заңы.

02.12.1999. - №490-1

2. www.iggamecenter.com сайты

3. Жұлдыз» журналының (1992 ж. №1)

4. Бөкейхан. Ә. Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995-478б.

5. Қазақ совет энциклопедиясы-2том

6. Очерки Ф.К. испорта в Казахстане.г. Алма-Ата 1959г.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИК кафедрасы, 6М050600 – Экономика

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИМ кафедрасы, 6М050700 – Менеджмент

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті БжәнеК мектебі, ИМ кафедрасы, 6М050700 – Менеджмент

Баймендинова 1* 1Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан 2Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикалық Білім беру мазмұнын

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК

– Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Абай 8 Ауесбеков Н.– Казахский Национальный Аграрный Исследовательский Университет, Республика

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК