«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
Бақтыбаева Н.Қ.
№68 орта мектеп, Астана қаласы, химия пәні мұғалімі
Химия пәнінде танымдық қабілетті дамыту үшін, танымдық тапсырмалар беруге болады.Мысалға әр тақырыпты аяқтағанда немесе үйірме сабақтарында көп пайдаланған тиімді. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімге қызығуын, ізденісін тудыруға болады.
Жалпы қызығу әр қырынан алып қарағанда күрделі ұғым. Қызығу – бір немесе асыра зейін аударуға немесе бір нәрсемен танысуға, оны зерттеуге, оны ойлауға тырысу. Сондай-ақ қызығу- оқушылардың білімге деген құштарлық сезімін тудырып, білім қорын өсіретін, іздемпаздығын арттыратын қозғаушы күш.
Мысалы, сөзжұмбақ шешуде олар әр сұраққа жауап беру үшін ізденеді, қарайды соған байланысты есте сақтау қабілеті дамиды.
Танымдыққабілеттілікті дамытуда мынандай әдістерді қолдануға болады : <<Кішігірім топтоарда баспа материалдарымен жұмыс істеу, Қар кесек, Ой генрециясы (Не? Қайда? Қашан?), Датаны жатқа білу, Баяндама, Танымпаз оқушы, Даналық ағашы, КВН (мәтінмен жұмыс істеу),Робин рауынды, Миға шабуыл, Бір-бірін оқыту, Шытырман, Ойлан тап, Жеті химиялық элемент. >>
1. Сөзжұмбақ.
2. Бастырғыш - « Жеті химиялық элемент »
Көденеңінен соңы – ий жалғауымен аяқталатын 5 элемент жазыңыз.
Бірақ диагональ бойымен де ий жалғауымен аяқталатын 2 элемент шығатын болсын. Бұлқандай жеті элемент ?
3. Сөзтізбе - «Ойлан тап»
Ортадағы торгөздегі элементтердің таңбаларының аталуын ретімен орналастырыңыз.
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
3. Шытырман
<<Бір-бірін оқыту>>
Әр оқушыға датамен, фактілермен, ұғыммен қандайда бір ақпарат беріледі. Содан соң оқушылар осы ақпаратты жаттауды бастайды. Осыдан кейін оқушы өз карточкасын әр оқушыға береді, және бақа оқушылардың ақпарыт тыңдайды, яғыни бір- бірін оқытады. Бұл жұмыстан кеіе мұғалім оқушылардан кім көп ақпартты еске сақтағанын сұрайды.
<<миға шабуыл>>
Мұғалім талқылау үшін бір тақырыпты таңдайды. Оқушылар өз ойларын айтады. Айтылған ойлар бағаланбайды және мінге салынбайды. Бұл жұмыс басында сапасына емес, санына қарай бағытталады. Ойдың көп болғаны жақсы. Қатардан тыс ұшқыр ойлар да қабылданады. Барлық ойлар кілттік сөздер немесе фразалар белгілеп алу арқылы жазылады. Сосын тадау жүргізіледі, және оның арқасында аса құнды ойлар таңдап алынады. Кез- келген ойды дамытуға және кеңейтуге тырысуға болады.
<<Робин рауынды>>
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз тапсырмаларын талқылайды.
Барлық ой біткенше әр топ өз ойларын бірінен- соң бірі баяндайды. Содан соң оқушылар жаңа тапсырма алады және ой тізімін құрайды.