• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Нұғыманов Е.Е. з.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық,

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Нұғыманов Е.Е. з.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық,"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н Гумилева Серия Юридические науки. 2011 №1 (7)

Нұғыманов Е.Е., з.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық, табиғиресурстық және экологиялық құқық кафедрасының доценті

АРЫ БИІК АЛЫП ТҰЛҒА

С. Зиманов – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, еліміздегі құқықтық ғылымды ұйымдастырушы.

1921 жылы 19 ақпанда - Гурьевте (Атырауда) дүниеге келген.

Гурьевте С.З. Зиманов Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Мұғалімдік курсты оқығаннан кейін Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Форт-Шевченкодағы орта мектепте мұғалім болып істеді.

Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде Закавказье, Солтүстік Кавказ, Степной, 1-ші және 2-ші Украина, 1-ші және 2-ші Белорусия майдандарында қатысқан.

1990 ж. С.З. Зиманов ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және егеменді Қазақстанды қайта құрудың тарихы кезеңінде Қазақстан Республикасының ХII және ХIII шақыруына депутат болып сайланды.

С.З. Зиманов республикалық концепцияның Одақтық келісімшартын дайындауға қатысты. КСРО-ның құлауы қарсаңында одақтас республикалардың ресми ӛкілдерімен Одақтың келісімшартты дайындау және келісімге келу жӛніндегі болған кездесуіне қатысты. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен ӛзара қарым-қатынас келісімшарты – егеменді Қазақстанның алғашқы мемлекетаралық келісімін дайындау және қол қою кезеңдерінде арнайы делегация құрамында және жұмыс тобы құрамында жұмыс жасады.

Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда саяси және құқықтық жүйенің теориясы мен тарихын, конституциялық құқықтың қыр- сырын жетік меңгерген заңгер ретінде Салық Зимановтың мемлекетіміздің құқықтық негізін қалауға және заңдарды жетілдіруге бағытталған заңнамалық реформалардың кӛш басында тұрғанын жақсы білеміз. Оның 200 аса ғылыми еңбектері мен қатар 12 монографиясы жарық кӛрді. Сонымен қатар үш томдық «История государства и права Советского Казахстана» атты кітаптың және Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер=Древний мир права казахов. Материалы, документы и исследования. 10 томдық ғылыми еңбектің авторы.

Заң саласында алып тұлға абзал ағамыздың құқық саласының дамуына қосқан үлесі орасан зор. 2004 ж. – бүгінгі күнге дейін –

«Интеллектуал-Парасат» заң компаниясының бас директоры.

Белгілі ғалым Ел басымен кездесу кезінде заң саласының әр дайым реформаланып отыру қажеттігін, ӛйткені күн сайын ӛмір ӛзгеруімен қатар оның талаптары да ӛзгеріске ұшырап отыратындығын мәлімдеген. Академик Салық Зимановтың пікірі бойынша отандық және халықаралық тәжірибемен қатар «дала» құқығын да ескеру қажет

(2)

Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н Гумилева Серия Юридические науки. 2011 №1 (7)

Оның саланы реформалаудағы ең негізгі ұсынысының бірі болып Кеңес және Билер сотын жаңғырту болып табылды.

Салық Зимановтың Ата заңның әрбір бабын талқылап айқындау мақсатында елеулі еңбек етіп, еліміздің тәуелсіздік алуының алғашқы жылдарында елімізді дұрыс бағытқа қойғандығына ешкімнің күмәні жоқ және әр дайым естен шығармайтынына біз сенімдіміз.

Ол ел сыйлайтын жақсы азамат, кӛрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, сонымен бірге үлгілі отбасының иесі және де ғылым жолында сүбелі еңбектер жазып, жұртшылық құрметіне бӛленген белгілі биік тұлға.

Биiк мақсат қойып, арман қуған жеткiншекке ӛмiрдегiнiң бәрi қымбат, бәрi әсерлi. Жасынан ӛзi ӛлеңдерiн сүйiп оқитын хакiм Абай:

Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап, Әуре етедi iшiне қулық сақтап.

Ӛзiңе сен, ӛзiңдi алып шығар

Еңбегiң мен ақылың екi жақтап, - демеушi ме едi?!

Ол елдi танитын, ел оны танитын жүзінен ақжар бұлақтай тазалықтың, байыпты байсалдылық пен тектіліктің, саналы азаматқа тән қарапайымдылықтың нышаны бірден байқалады. Абзал ағамыз кейінгі толқын інілерін жақсылыққа бастап жол сілтейтін, ғибрат алар, үлгі болар ӛнегелі ӛмір кешіп келе жатқан ағаларымыздың бірегейі. Бар саналы ғұмырын ӛз басының қамынан гӛрі үнемі ел қамын ойлайтын жандардың бірі ретінде есімі ерекше аталады.

Академиктің Салық Зимановтың жер мәселесін оның ішінде жер қойнауын пайдалу мәселері жӛніндегі кӛзқарастары қазақстандық білікті заңгерлер арасында кеңінен жан-жақты талқылануда. Салық Зиманов мемлекеттің тәуелсіздігі ретіндегі мәртебесін жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңнамасында ескеруге бағытталған тұжырымдарының саяси және құқықтық маңыздылығы зор екендігін айтқан.

Салық ағамыздың жаңа ғасырмен бірге студенттердің жан-жақты білім алуына ӛз үлесін қосып, еліміздің жоғары оқу орындарының жыл сайын жаңарып, мәртебелерінің шыңдалуына, ілгері дамуларына сіңірер еңбегі мол.

Оның жарқын кӛрінісі ретінде Салық ағамыздың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, заң факультетінің студенттеріне оқыған дәрісі.

Салық ағамыздың оқыған әр дәрісі, әр сӛзі студенттерді баурап алатындығы соншалықты, олар бірнеше сағаттар бойы қызыға тыңдайды.

Зерттеушілік жұмысты педагогикалық қызметпен ұштастыра отырып, Сіз қазақтың дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеуде зор үлес қостыңыз. Сол ұстаныммен үміт қиялы аралас білім іздеп келген болашақ жас мамандарды білімнің кәусар бұлағынан сусындатып қана қоймай, олардың тәрбиесінеде кӛніл бӛліп, келелі кенес беріп, жетекшілігіңіз бен тәжірибеден бірлесе нәтиже түзген, терең танымдық танытып, ойшылдықтың, еңбектің ең жоғарғы әрі саналатын – шәкірт – мамандарыңыз саналы ӛмірініздің ғылыми

(3)

Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н Гумилева Серия Юридические науки. 2011 №1 (7)

жемісі болмақ. Сіздің жемісті педагогикалық және ғылыми еңбегіңіз бен белсенді қоғамдық қызметімен біте қайнап, астасып жатыр.

Әрине, пайымы мен парасаты терең, адамшылық мұраты биік кез келген адам «біраз істі тындырыппын» деп арқаны кеңге салып, елге сіңірген еңбегін салмақтап, атақ-дәрежесін бұлдамасы анық. Біздің Салық ағамыз да осындай жан.

Алға биік мақсаттар қоя білген адам ғана осылай тереңдік танытары хақ. Мардымси сӛйлеп, асып-тасуды білмейтін Салық ағамыз қашанда ӛзінің қарапайым қалпын жоғалтқан емес. Дана қазақ «Қарапайымдылық - кемеңгерліктің кӛркі» деген ұлы сӛзді ӛзінің осындай ұлдарын кӛріп айтқан шығар, бәлкім. Дегенмен, оның ғылыми - педагогикалық ӛмір жолы, еліміздің білімі мен ғылым саласын дамытудағы үлесі, азаматтық ұстанымы мен адами қасиеттері ӛзіндік орнын ерекшелеп, ел ағасы ретінде толысып келгендігін кӛрсетеді.

Шығыс даналарындағы астары ауқымды, ойы терең мынындай ұлағатты сӛз бар «Он жылдығыңды ойласаң - мал бақ, жүз жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, мың жылдығыңды ойласаң – ұрпай тәрбиеле».

Иә, ғасырлар жылжып ӛтсе де «Ұстаз» сӛзінің мән-мағынасы ӛзгермек емес. Жалпы ұлтжанды білімді жастар тәрбиелеу - аға буын ӛкілдерінің алдындағы борыш.

Ешқашан да ӛзіңіздің сүйікті ісіңізді, жоғары білікті маман – заңгер тәрбиелеуді, назарыңыздан тыс қалдырмадыңыз. Жоғары білікті маман ретіндегі ерекше қаситетіңіз – заңгер, ғылым, кәсіби біліктілік сіздің егеменді қазақстанның бүкіл ғылыми қоғамына еңбегі сіңген құрметті дәрежеге кӛтерді.

Жұмысқа қабілеттілігіңізді, жас ғалымдарды қолдаудағы ұстаздық мейірбандығыңызды ерекше атап ӛткіміз келеді. Еліміздің білімі мен ғылымы үшін үлкен ықыласпен заң ғылымдарының докторы мен кандидаттарын даярладыңыз!

Заңгер мамандығымен қатар, ғылымын да меңгеруге ұмтылған жастарға

ӛз ақыл ойларын, ғылыми кӛзқарастарын ортаға сала отырып олардың ғылым жолдарында жетекшілік еттіңіз.

Сол жастардың кӛбі қазір ғылым кандидаттары атанып, құқықтық мемлекет құру жолында, қазақ елінің ӛзіне тән заң ғылымының негізін қалауда табысты еңбек етіп келеді. Халықағарту ісіне ӛз үлестерін қосып, болашақ заңгерлер мен ғалымдарды тәрбиелеуде.

Мұны ұрпақтар жалғастығы демеске болмас. Тау баласы тауға қарап ӛседі екен. Ағамыздың ӛз бойымызға дарыта алмай жүрген игі қасиеттері мен қабілеті әлі де кӛп. Біз ұстазымызды айтып мақтаныш етсек, ұстаздың шәкіртін айтып марқайуынан асқан бақыт бар ма. Ұлағатты ұстаздың шәкірттері, Салық Зиманұлының мектебінен ӛттік деп болашаққа үлкен сеніммен қарауда, талаптары да жоғары.

(4)

Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н Гумилева Серия Юридические науки. 2011 №1 (7)

Сіздің жемісті педагогикалық және ғылыми еңбегіңіз бен белсенді қоғамдық қызметімен біте қайнап, астасып жатыр. Сіздің қоғамдық және ғылыми еңбегіңіз Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан жоғары бағаланып  дәрежелі Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерінмен, Халықтар Достастығы орденімен , «Парасат» орденімен , ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Отан» мемлекеттік орденімен марапатталдыңыз. Сонымен қатар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың алғашқы иегері, Президенттік бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының иегері, ҚазКСР-і ғылымының еңбегі сіңген қайраткері атағына ие болдыңыз.

Дана халқымыз «Жақсы жүрген жерінде із қалдырады» дейді. Ізгілік пен парасаттылық дәнін сеуіп, ұстаздық ұлағаттылықпен қатар қарымды қайраткерлігімен танылған қоғам және ғылым, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Салық Зиманұлы Зиманов ағамыз бүгінде тоқсанның асқарына шығып отыр. Құрметті ағамызға ұзақ ӛмір, еңбегіңіз әлі де жемісті, денсаулығыңыз келісті болсын, абырой- атағыңыз арта берсін деп тілек білдіреміз.

Referensi

Dokumen terkait

Гумилев атындағы ЕҰУ Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығы Журналистика және қоғаммен байланыс факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «5В051400– Қоғаммен

Ахмедсафиным в многочис- ленных публикациях и трудах: «Подземные воды песчаных массивов южной части Казахстана», «Формирование грунтовых и артезианских вод Казахстана», «Формирование и