• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,жүрек-қан тамырлар жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану

1. Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі

8. Тапсырмалар:

А) Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

Ә) Егер мәтін адамның жүрегі, қан тамырлары туралы болса, онда қандай мәселелер жөнінде айтылуы мүмкін?

Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г., ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады.

Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады.

Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.

Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.

Қан тамырларына күретамырлар, көктамырлар, қылтамырлар жатады. Күретамырлар мен көктамырлар аралығында қылтамырлар бар.

Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күретамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күретамыр қолқа деп аталады. Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күретамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қылтамырларға бөлінеді, қылтамырлары арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қылтамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.Қылтамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады. Қан қылтамырдан көктамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды.

Көктамырда қан қысымы төмен болады. Қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысты үлкен және кіші қан айналым шеңберінен тұрады. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа арқылы басталып, бүкіл денеге тарайды, одан көктамыр арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан басталады. Ол өкпе күретамыры мен қылтамырлар арқылы өтіп, сол жүрекшемен аяқталады.

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл —қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара

байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10%

минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.

В) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Көлденең, ауыр дене еңбегі, спортпен шұғылданатын, еркін өтуіне мүмкіндік жасау, кері қарай ақпау, алға қарай, жүрек жұмысы немесе жүректің соғуы, тынығу, айналадағы жағдайлар, баяу, үлкен қысыммен, айдау, көмір қышқыл газын сіңіру, қанның түсі өзгеру, қоректендіру қызметі, шақырым, қан айналым шеңбері, өкпеден жасушаларға тасу, бір қалыпты болу, барлық қызметтерін атқарып үлгеру, жұқпалы аурулар.

Г) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

бұлшық ет – мышцы талшық – волокно құлақша – предсердие қарынша – желудочек

жиырылу – сокращение; сжиматься босаңсу – расслабление

күретамыр – артерия көктамыр – вена қылтамыр – капилляры

қаныққан – насыщенный алқызыл – алый; румяный ұлпа – ткань

жасуша – клетка серпімді – упругий

тарамдалу – разветвление қолқа – аорта

күкірт – сера

қалқу – всплытие, всплывание 9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

 Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады.

 Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады.

 Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар.

 Қанның атқаратын маңызы орасан зор.

 Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан тұрады.

Д) Мәтіннен көмекші есімдерді тауып, қандай мағынада қолданғанын түсіндіріңіз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Е) Төмендегі суреттерді пайдалана отырып, жүректің құрылысы туралы әңгімелеңіз.

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қан қылтамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды,

айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты.

Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауында)

оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп,

сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне,

оның әрекетінде де маңызы зор.

Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды,

көктамырда қан қысымы төмен болады.

Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда,

және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше

болады.

Коммуникативті компетенциябойынша

З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Жүрек кеуде қуысының оң жағына жақын орналасады.

Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Эндокардтың астында қолқа орналасады.

Адам қансыз өмір сүре алады.

Жүректің жұмысы өте күрделі.

Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды.

Ересек адамдарда 10 литрдей қан болады.

Қан 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады.

Кіші қан айналым шеңбері сол қарыншадан басталады.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

 Қақпақшалар тек _____ жаққа ғана ашылады, қанның құлақшадан _____ еркін өтуіне жасайды, соңдықтан ол ______ қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

 Босаңсу және үзіліс______ жүрекке қан келіп, оның _______ қанға толады және жүрек тынығады.

 Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап ______ да, тарамдалып _______ бөлінеді, қылтамырлар арқылы зат алмасу _________ қатысады.

 Қан оттегін өкпеден ______ тасып, оның _________ көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді.

 Қан мен қан айналымының адам ______ сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

 Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды.

 Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.

 Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Қ) Жүрек, қан сөздеріне қатыстыжасалған фразалық сөздердің мағынасын сәйкестіріңіз.

Қаны басына шабу қатты қуану

Жүрегі ұшу өз-өзіне келу

Жүрегі орнына түсу тамақтану

Жүрегі жарыла қуану қатты қорқу

Жүрек жалғау қатты қайғыру

Қан жұту қатты ашулану

Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

 Біз таңертеңнен бері тамақ ішпей енді ғана жүрек жалға... .

 Ілулі тұрған тізімнің ішінен інімнің аты-жөнін оқығанда жүрегі... жарыла қуанды... .

 Бәсе, мен де адамның баласы едім ғой деп, жүрегі орнына түс... боп, Айша баласын кеудесіне басты.

 Шешесі соғыстағы баласынан хат ала алмай, қан жұт... отырғанда күтпеген жерден хабар келіп, жүрегі орнына түс... .

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№7 Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер Сөз құрамы. Зат есім

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Garis besar

Dokumen terkait