• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, тыныс алу жүйесінің суретін, жіктік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану

залалсыздану – обезвредить шеміршек – хрящ

түкті – волосистый

сіңір – сухожилие

тармақталу – разветвление аңқа – носоглотка

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ағза мен сыртқы орта, бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, дыбыс шығару қызметі, бүйір қабырғалары, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауаның залалсыздануы, ауаның ылғалдануы, ауаның жылынуы, доға тәрізді, шеміршекті сақиналар, біртіндеп кішірею, ауа жүретін түтікшелер, адам өміріне қажетті, газ алмасуды қамтамасыз ету.

Б) Мәтінді оқыңыз.

Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей немесе көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады. Тыныс алу мүшелері тыныс алу, газ алмасу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады.

Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзіледі.

Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Мұрында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.

Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге (көмекейге) барады, көмейден кеңірдекке өтеді.

Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы шеміршектерден түзілген.

Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекиді. Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Оның ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдек доға тәрізді, 16-20 шеміршекті сақиналардан тұрады Кеңірдек бесінші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті шырышты қабықшамен қапталған. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді. Өкпеде олар өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады.

Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Көпіршіктердің саны 300-350 миллиондай.

Өкпелер кеуде қуысында орналасады. Әр өкпе өкпеқаппен қапталған. Ерлердің өкпесінің биіктігі 27-30 см, әйелдердікі 21-23 см. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінген. Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 . Адам минутына орта есеппен 16-18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8 л. ауа өткізіп, адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.

В) Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы).

тыныс алу (ненің?) денеге

таралу (қайда?) ауа

басталу (неден?) екі бронхыға заласызданады (не?) кеңірдектен

қамтамасыз ету (нені?) мұрын қуысынан

өтеді (қайдан?) жасушалардың

бөліну (неге?) газ алмасуды 9. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Г) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ғ) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Д) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

 Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі.

 Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады.

 Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.

 Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.

 Бронхы– кеңірдектің жалғасы.

 Өкпелер кеуде қуысында орналасады.

Е) Төменде берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

 Обмен газов между кровью и воздухом происходит в органах дыхания.

При спокойном вдохе в легкие взрослого человека поступает около 3500 воздуха.

 У разных людей жизненная емкость легких неодинакова.

 Углекислый газ из венозной крови поступают в легочные пузырьки.

 Кислород из легочных пузырьков проникает в кровь. Как происходит газообмен в легких?

 Почему надо дышать через нос?

Ж) Зат есімнің жіктік жалғаулары тек адамға қатысты сөздерге ғана жалғанатынын еске сақтай отырып, мамандыққа байланысты сөздерге жіктік жалғауларын жалғаңыз (-мын, -мін, -мыз, -мыз, -міз, -бын,- бін,-пын,-пін,-пыз,-піз,быз, -біз)

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша З) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Ағза оттегіні сіңіріп, сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және

дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері

қысқа болғандықтан, көмір қышқыл газын бөліп отырады.

Оттегі жасушалар мен ұлпалардың адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.

Бір минутта өкпе 8 л ауа өткізіп, көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар

жатады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей немесе

тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

 Тыныс алу дегеніміз – ағза және _____ аралығында газ алмасу үрдісі.

 Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты____ астарлайды.

 Тыныс алу жүйесі ______ қан айналу жүйесіне өткізеді.

 Адам минутына орта есеппен______ тыныс алады.

 Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс______ қысқа болғандықтан, дауысы_____

болады.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

 Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.

 Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан.

 Әйелдердің дауысы жіңішке болады. Олардың көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа.

 Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейінің оның орташа ұзындығы 36 мм.

Қ) Ауаның қалай жылжитынын(қандай мүшелерден өтетінін) ретімен жазыңыз.

(аңқа, өкпе, бронхы, мұрын қуысы, кеңірдек, мұрын, көмей) Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Л)Мұрынның сипатын білдіретін тіркестердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Мұрынның сипатын білдіріретін тіркестер Мағыналары

Қыр мұрын мұрынның қыры түзу, әдемі формасы

Пұшық мұрын мұрынның қысқалау, ұшының көтеріңкі бітуі

Тәмпіш мұрын кішкене мұрын

Пісте мұрын мұрынның ұшының үшкірлеу, көтеріңкі бітуі

Құс мұрын мұрынның үстінің көтеріле бітуі

М) Тыныс алу мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңіз.

фразалық тіркестер Білдіретін мағыналары

а Мұрнына су жетпеу 1 дем алуы қиындау

ә Мұрнын шүйіру 2 уақыты болмау, үлгермеу

б Өкпесі аузына тығылу 3 дауысы ерекше әнші

в Күміс көмей 4 менсінбеу

Н) Берілгенсөйлемдерді жоғарыдағы фразалық тіркестерді пайдалана отырып толықтырыңыз.

 Былтырдан бері Салтанат екеуіміз бір компанияда жұмыс істегенмен, ол маған әлі ... .

 ... жүгіріп жүрген көршімді көріп, қасына жақындадым.

 Бала кезінен өнерімен тек ауыл арасында ғана белгілі досым бүгін республика танитын ...

әнші.

 Мәреге бірінші боп жеткен Санжардың ... . 10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 22-25 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№10 тақырыбы: Туберкулез Зат есімнің тәуелденуі

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Garis besar

Dokumen terkait