• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адамның суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

тұқым – потомство зәру – нужда

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение демікпе – одышка, астма құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность күйзеліс – депрессия

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Дені сау адамның, ауыр ой еңбегінен кейін, бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан, тарылу, осының салдарынан, жүрек көлемі ұлғаю, бұлшық еті қалыңдау, қайғы- қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу, қан қысымы өршіген кезде, күшпен тарту, башпай, көзі қарауыту,елес пайда болу, ұйқысы нашарлау, тез шаршау, сал болу, көңіл-күй күйзелістері, есеңгіреу, тері жамылғылары қызару, қалтырау.

Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз, асты сызылған сөздердің құрамын талдаңыз.

Гипертония— қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы- қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады.

Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.

Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды.

Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.

Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін.

Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:

 көңіл-күй күйзелістері;

 ауа- райы өзгерістері;

 тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады.

Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Құрысу түрінде науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.

Кардиалды түрінде жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

Емдеу.Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.

В) Берілген сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құраңыз.

қолдану (қалай?) өзгеруі (ненің?) қарауыту (не?) болу (қандай?) дірілдеу (қай жері?) бұзылуы (ненің?) қою (қайда?) сақтау (не?

ауа – райдың мазасыз аяқ-қолы

есту қабілетінің мөлшерден көп көз

тыныштық тілдің астына

Г) Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін мағынасы жақын сөздермен алмастырыңыз.

қауіпті емес – қажу –

тұрмыстың жағдайсыздығы – майлы тағам пайдалану – сезілмейді –

қалпына келтіру –

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша Ғ) Төмендегі зат есімдердің құрамын талдаңыз.

Көңіл-күйіне, ауруының, науқастың, басын, төсекке, тыныштық, дәрі-дәрмектің, қоспасын, тілінің астына.

Д) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

Е)Төменде ұлы Абайдың он төртінші қарасөзінен үзінді берілген, қалай түсінетініңізді әңгімелеңіз. Қарамен белгіленген сөздер мен фразаларды түсіндіріңіз.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?...Рақымдылық, мейірбандылық, я әрбір адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі.

Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.»

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіру.

Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және құлақта шудың естілуі, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен

кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін, өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы

ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, гипертонияның пайда болуына әсер етеді.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен

өзінің қалыпты деңгейінен басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.

Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса,

бірақ ол қауіпті емес.

Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы- қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу –

мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша Ж) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Гипертония неден болады?

Гипертония ауруының себептері қалай өтеді?

Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?

Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?

Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?

Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?

Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?

Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?

Гипертониялық криздерді өршітуші себептер қандай?

Церебралды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Құрысу түрінде қандай белгілер пайда болады?

Кардиалды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Бұл ауруларды қалай емдейді?

Коммуникативті компетенциябойынша

8. Мәтін бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

– ...?

– Басым қатты ауырады.

– ...?

– Иә, басым айналады.

– ...?

– Көзім қарауытады.

– ...?

– Аяқ-қолдарым дірілдейді.

– ...?

– Иә, жүрегім шаншиды.

– ...?

– Ентігемін.

– ...?

– Мойнымның да, қолдарымның да терісі қызарып кетті.

– ...?

– Құлағым шуылдайды.

Ж) Емдеуші дәрігердің атынанан бас дәрігерге палатаға түскен науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (сырқатнама емес). Науқастың аты-жөні, жасы, өзіңіз қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері т.б. жайында.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

12. Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.

« ...Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден... »

Өлең жолдарындағы «қырық жамау», «қиянатшыл» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

13. Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.

Жүрегі айну толқу

Жүрегі алып ұшу жайлану, жай табу

Жүрегі тас төбесіне шығу құсқысы келу

Жүрегі орнығу қатты қорқу

14. Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).

15. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№8 Тақырыбы: Аралық бақылау

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Garis besar

Dokumen terkait