1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы: Қайнар, 2002 ж.
102-106 беттер.
2. Ш.Бектұров. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.
3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы, 2000 ж, 96-107 беттер.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№14 тақырыбы: Буынның шығуы Көмекші етістіктер
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Буынның шығуы Көмекші етістіктер
2.Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін көмекші етістіктерді дұрыс қолдана алуға машықтандыру. Көмекші етістіктер туралы мағлұмат беру. «Буынның шығуы» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айта білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Сабақтың міндеті.
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша студенттердің сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Көмекші етістіктерді дұрыс қолдануды практикалық жолмен меңгерту. «Буынның шығуы» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту. Тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында ашық, еркін шығармашылық қатынас орнату
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту
4.Негізгі ұғымдар:
грамматика бойынша:
1. Көмекші етістік туралы түсінік.
2. Көмекші етістіктің түрлері 3. Олардың қызметі
Лексика бойынша: Буын жалғастырады, жамбас буыны, шынтақ буыны, кірігіп жалғанады, қозғалмалы сүйектер, шеміршекті ткань,буын шығу, толық шығу, жартылай шығу,буын нашар қозғалады, іштен шығып туу, сүйектің орнынан қозғалуы, ауру салдары, иық буыны ,сүйегінің сынуы, таңғышпен байлау, буын қалтасында
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты) Ұйымдастыру барысы– 5мин
Үй тапсырмасын сұрау – 30мин Өткен сабақты қорыту – 15мин
Жаңа грамматикалық тақырып – 15мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 15мин Жаңа сөздермен жұмыс – 10мин
Мәтінмен жұмыс – 20мин
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15мин Бақылау жұмыстары – 15мин
Үй тапсырмасын беру – 5мин Студенттің білімін бағалау – 5мин
6.Оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, пікірталас, бақылау т.б.
7.Көрнекі құралдар: Кесте, үлестірмелі карточкалар, суреттер, көркем суретті кітаптар.
8.Тапсырмалар.
Көмекші етістіктер
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор.
Аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.
Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, баста, бол, жатыр, тұр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, отыр, жүр, шық, қыл, ет т.б.
В казахском языке нет предлогов и приставок. Различные оттенки значений, выражающиеся в русском языке посредством предлогов и приставок, в казахском языке передаются при помощи вспомогательных глаголов. Нужно отличать вспомогательные глаголы жүр, тұр, отыр, жатыр от всех остальных вспомогательных глаголов. Вспомогательных глаголов в казахском языке очень мало. Все они могут употребляться и с самостоятельным значением. Н а п р и м е р:
Түсіп кетті – упал (кетті – вспомогательный глагол).
Кетті – ушел кетті основной глагол.
Қалды– остался, осталось қалды основной глагол.
Баста– в качестве вспомогательного глагола соответствует русским глаголам стать, начинать.
Келе бастады – начали прибывать.
Айта бастады – стал говорить.
Қал– указывает на оттенок мгновенности, неожиданности и пр.
Кетіп қалды – уже ушел.
Сынып қалды –сломалось.
Кет – имеет почти такое же значение, как қал.
Құлап кетті – упал, выпал.
Шығып кетті – 1. Вышел; 2. Взобрался; 3.
Соскочило.
Қой – указывает на кратковременность действия, в некоторых случаях соответствует однократному действию.
Жауып қойды– закрыл.
Алып қойды– забрал.
Бара тұр – иди пока.
Тұра тұр– подожди.
Тоқтай тұр – подожди
1-жаттығу Кестеге көмекші етістіктерді жазып, сөйлем құраңыз.
Бара тұр Құлап қалды
2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып, көмекші етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз.
1.Алғашқы қазақ дәрігерлері елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді. 2.Көктемде құстар ұшып келе бастады. 3.Дәрігер кабинеттен шығып кетті. 4.Мәтіннің түпнұсқасын толық жазып берді. 5.Досы ерте кетіп қалды.
3-жаттығу.Төмендегі сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Стал говорить, кончилось, упал, забрал, достань, продолжай говорить, уже ушел.
4-жаттығу. Мәтінде кездесетін сөз тіркестерімен танысып, аударыңыздар.
Буын жалғастырады, жамбас буыны, шынтақ буыны, кірігіп жалғанады, қозғалмалы сүйектер, шеміршекті ткань,буын шығу, толық шығу, жартылай шығу,буын нашар қозғалады, іштен шығып туу, сүйектің орнынан қозғалуы, ауру салдары, иық буыны ,сүйегінің сынуы, таңғышпен байлау, буын қалтасында
5-жаттығу. Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақ құрастыру,сұрақтарға жауап беру.
Буынның шығуы
Буын – бір сүйекті екінші сүйекпен жалғастырушы аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғанады. Буын кірігіп жалғасқанда, сүйек аралығында дәнекер немесе шеміршекті ткань болады. Ондай буын нашар қозғалады.
Буын қозғалмалы болып жалғасса, ол мүше жақсы қозғалады. Буынның шығуы-буын сүйектерінің әдеттегі орнынан қозғалуы. Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен түйісіп, беттесіп тұрады. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін.
Буынның іштен шығып тууы көбінесе жамбас, иық, шынтақ буынынан жиі кездеседі. Ол буынның толық өсіп жетілмеуіне байланысты болады. Буын шығуының өте жиі кездесетінтүрі оқыс жағдайда жарақаттанудан болады. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер,қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүмкін. Мұндай сүйек қана тайып қоймайды,сонымен қатар буынға жақын орналасқан өқан тамыры және жүйкелер де зақымдануы мүмкін. Буынның патологиялық шығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит,полиартрит,жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Тайған буынды орнына таңғышпен байлау керек. Мезгілінде емделмеген,орнына түспеген буын «ескірген шығу» деп аталады. Мұндай буын тек операция арқылы қалпына келтіріледі.
Бақылау
Коммуникативті компетенциябойынша а) лексикалық тақырып бойынша
1. Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?
2. Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?
3. С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?
4. Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?
5. Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?
6. Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?
ә) грамматикалық тақырып бойынша
Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызме
1. Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?
2. Қандай көмекші етістіктерді білесіз?
3. Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.
4. Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
тапсырма. Берілген көмекші етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Құлап кетті, шығып кетті, жауып қойды, алып қойды, бара тұр, тұра тұр, тоқтай тұр.
Когнитивті – білім компетенциясы:
Тест тапсырмалары: