• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут) Ұйымдастыру кезеңі (5мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.) Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.) Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.) Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.) Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.) Жаңа сабақты қорыту (10мин. ) Студенттің білімін бақылау (10 мин. ) Студенттің білімін бағалау (5 мин. ) 6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: Витаминдерге арналған кесте, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, мезгіл үстеуіне арналған кесте, сөздіктер, үлестірмелі парақшалар.

9.Тапсырмалар

Үстеу

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико- грамматикалық тобы үстеу деп аталады.

Үстеу (Наречие) – это часть речи, которая обозначает признак действия и его состояния, признак и степень качества, признпк предмета, а также различные обстоятельства при которых совершается действие.

Түрлері (Типы) Мысалдар (Примеры)

I.Тұлғасына қарай (По способу образования)

1.Негізгі (Непроизводные) Әрең, әзер(еле),әрі(туда,дальше), бері(сюда), дәл(точно), сәл(чуть-чуть) 2.Туынды (Производные) Ескінше(по старинному), мұнша

(настолько), жаялап(пешком), астыртын

(подпольно) II.Құрамына

қарай (По составу)

1.Дара

(Простые) Ерте (рано), кеш(поздно), тым(слишком), ерекше (особенно), басқаша (по другому), қыстай (всю зиму), кешке (вечером)

2.Күрделі

(Сложные) а)биыл(в этом году), бүгін(сегодня), бірталай, біраз(немало)

ә)анда-санда(временами), қысы-жазы (зимой и летом),

б)алдын-ала(заранее),күні кеше (только вчера)

III.Мағынасына қарай (По значению)

1.Мезгіл (Времени)

Қашан? (когда?), қашаннан? (с каких пор?)

Кеше(вчера),бүгін(сегодня), ертең(завтра), қазір(сейчас),кешке(вечером),ертемен (с утра), ертесіне(на завтра),таңертең

(утром),түнеугүні(тогда),жаздыгүні(летом), биыл(в этом году),былтыр(в прошлом году), анда-санда (временами).

2.Мекен (Места) қайда?(где?

Куда?), қайдан?(откуда?)

Әрі(туда), бері(сюда), жоғары(на верху), төмен(внизу), алға(вперед), артқа(назад), ішке(во внутрь),

іште(внутри),ілгері(вперед), мұнда(здесь), сонда(там)

3.Мөлшер (Количество и меры) қанша? Қаншама?

(сколько?)қаншадан?

(по сколько?)

Сонша, соншама (столько?), онша (не очень), едәуір (значительно, намного), бірталай (немало), бір-бірден(по одному).

4.Сын-бейне (образа и способа действия), қалай? Қалайша?

(как?), қайтіп? (каким образом? Каким способом?)

Әрең,әзер(еле), дереу (тотчас),

жедел,шапшаң, тез, жылдам (быстро), кенет(вдруг), түгел (все), ауызша

(устно),өзгеше (по другому), осылай (так), тіәкелей (непосредственно), бірге (вместе), зорға (насилу).

5.Күшейту (Усилительные) қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?), қандай? (какой?)

Аса(очень), нағыз(настоящий), ең(самый),тым(слишком),

айырықша(особенный), әбден (совсем, окончательно).

6.Мақсат (Цели) неге?(зачем?) не үшін? (для чего?), не

мақсатпен? (с какой целью?)

Әдейі, біле тұра (специально), жорта (нарочно), қасақана (назло).

7.Себеп-салдар(Причины и следствия) неліктен? (почему?

Отчего?) не себепті? (по какой причине?), қалай?(как?)

Бекерге (напрасно), босқа, текке (зря), амалсыздан (вынужденно), лажсыздан, шарасыздан (поневоле).

8.Топтау (Разделительности) қалай? Қаншалап? (как?)

Екеулеп (вдвоем), бір-бірлеп (по-одному), он-ондап (по десять), аз-аздан (по-

немножку), бас-басына (на каждого), жұп- жұбымен (по-парам), рет-ретімен (по- порядку).

Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары 1 – жаттығу.Төменде берілген мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем жазыңыз.

Жаздай, бұрын, былтыр, күні бойы, ежелден, таңертең.

2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.

1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.

3 – жаттығу.Туынды үстеулерді қатыстырып, 5 сөйлем жазыңыз.

4– жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеулерін қойып жазыңыз.

1. Самат достарымен ... кетті. 2.Жүрек бауырдан ... орналасқан. 3.Ол үнемі ... жүргенді ұнатады.

4. ... отырған науқастардың барлығы анализ тапсырған. 5.Жүйкесі ауыратын науқастарды ...

шақырды.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

Ерекше - особый

Қалыпты - нормальный Жеткіліксіз - недостаточно Қорғаныш - защита

Алабұға - окунь

Шаршау - усталость, утомляться

Жүйкесі тозу - повышенная нервозность Ашуланшақтық - вспыльчивость,

раздражительсноть Өнімдер -продукты Құрамы -состав ұнтақ- порошок

2-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Мал өнімдері, өсімдік, қалыпты тіршілік, жүрек қызметі, көмірсу, зат алмасу, тез шаршау, витаминдердің жетіспеуі, ағза, көз жанары нашарлау.

3-тапсырма.Төмендегі берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Витаминдер

Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ витаминсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады. Витаминдер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

А витамині ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

В витаминінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В витаминдерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 витамині жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 витамині жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл витаминдер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д витамині денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын витаминдер таблетка, драже, ұнтақ т.б.

қалыптарда дәріханаларда сатылады.

4-Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қалыпты тіршілік үшін не қажет?

2. С витамині қандай жеміс пен көкөністерде болады?

3.В12 витамині жетіспесе қандай ауруға шалдығады?

4.В15 витамині қандай мүшелерге әсер етеді?

5.Көздің көргіштігін жақсартатын қандай витамин?

5-тапсырма. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.

6-тапсырма.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша ) Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

Garis besar

Dokumen terkait