• Tidak ada hasil yang ditemukan

Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету

Предложение состоит из слов, каждое из которых выполняет определенную синтаксическую функцию в предложении. Все значимые слова являются членами предложения.

В казахском и русском языках сөйлем мүшелері (члены предложения) делятся на 5 видов:

бастауыш – подлежащее, баяндауыш – сказуемое, толықтауыш – дополнение, пысықтауыш – обстоятельство, анықтауыш – определение.

Тұрлаулы мүшелер (главные члены предложения) – бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое).

Бастауыш (подлежащее) обозначает, о ком или о чем говорится в предложении.

Подлежащее отвечает на вопрос кім? кімдер? (кто?) не? нелер? (что?). Мысалы: Көктем (не?) келді. Айдар (кім?) оқыды.

Бастауыш – главный член предложения, который чаще всего выражается именем существительным или местоимением, причастием, числительным в именительном падеже.

Мысалы: Дәрігер айтты (Врач сказал). Төрт екіге бөлінеді (Четыре делится на два).

Баяндауыш (сказуемое) обозначает, что говорится о подлежащем. Сказуемое отвечает на вопрос не істеді? не қылды? қайтті? (Что делал? Что сделал?), а также может быть выражено различными частями речи. Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?). Жел күшейді (қайтты?). Ол он сегізде (қаншада?).

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения) делятся по своим значениям на толықтауыш (дополнение), анықтауыш (определение) и пысықтауыш (обстоятельство).

Дополнением (толықтауыш) называется второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы косвенных падежей.

В казахском языке различаются: тура толықтауыш (прямое дополнение) и жанама толықтауыш (косвенное дополнение).

Тура толықтауыш (прямое дополнение) выражается табыс септік (винительным падежом). Тура толықтауыш (прямое дополнение) относятся к переходным глаголам и обозначает предмет, на который направлено действие. Прямой объект выражается аффиксальной и нулевой формой табыс септік (винительный падеж). Мысалы: Бала дәрі (нені?) ішті. Анаңды (кімді?) тыңда.

Жанама толықтауыш (косвенное дополнение) обозначает различные отношения предмета к действию и выражается косвенными падежами, кроме винительного. Отвечает на вопросы кімге?

(кому?) неге? (чему?) кімде? (у кого?) неде? (с чего?) кімнен? (от кого?) неден? (от чего?) кіммен?

(с кем?) немен? (с чем?). Мысалы: Несепағар қуықпен (немен?) жалғасқан. Тыныс алу жолы мұрын қуысынан (неден?) басталады.

Анықтауыш (определение) – второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы қандай? (какой? какое? какая?) қай? (который?) қанша? неше? (сколько?) нешінші?

қаншасыншы? (который?) кімнің? (чей? кого?) ненің? (чей? чего?) и выражается прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастиями. Мысалы:

Дәрі дәрілік (қандай?) шөптерден жасалады. Бүйректің (ненің?) қызметі күрделі.

Анықтауыш, отвечающие на вопрос қай? (который?), указывают на порядок предметов при счете. Мысалы: Ол үшінші (қай?) курста оқиды.

Пысықтауыш (обстоятельство) – второстепенный член предложения, относящийся к глаголу, обозначает обстоятельства, при которых совершается данное действие (время, место, цель, причина) и отвечает на вопросы қайда? (где?) қашан? (когда?) неге? (зачем? почему?) не үшін? (для чего?) қалай? (как?).

Пысықтауыш может быть выражено существительным, наречием, числительным.

Мысалы: Мен дәріске ерте (қашан?) бардым. Өкпе кеуде қуысында (қайда?) орналасады.

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

396 беттің 163 беті

1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жазып алыңыз. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сызып, оларға сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Ол (кім?) дәрігерге көріну үшін емханаға барды (не істеді?)

1. Науқастың бүйрегі ауырады. 2. Несеп қаннан түзіледі. 3. Зәр шығару мүшелері екі безден тұрады. 4. Қуық жедел және созылмалы түрде қабынады. 5. Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар.

6 Денеге керексіз зиянды заттарды шығаруға белгілі мүшелер қатысады.

2-жаттығу. Сөйлемдердегі баяндауыштарды қазақ тіліне аударып, сұрақ қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды ... (выполнили). 2. Бас дәрігер жиналыс ... (проводил). 3. Олар студенттермен ... (говорили). 4. Дәріс сағат тоғызда ... (началась). 5. Біз достарымызбен емтиханға... (готовились). 6. Бүгін қызық дәріс ... (слушали).

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1.Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады. 2. Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені, не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. 3. Жіті пиелонефрит кенеттен басталады. 4. Бүйректе зәр түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.

4-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыз.

1. 1796 жылы Э.Дженнер ең қауіпті ауру шешекті болдырмаудың ... іздеп тапты. 2. Науқас адам ұзақ жыл ... емделсе, жүрек ақауынан тез айығып кетеді. 3. Қан ағзаны түрлі зиянды ...

сақтайды. 4. Полиурия - ... 2 литрден көп бөлінуі. 5. Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының ...

ауыруы.

(Керекті сөздер: сыздап, әсерлерден, жолын, несептің, ұқыптылықпен) Кім тез тауып айтар екен?

1. Кімнің? Қанша? деген сұрауға жауап болатын анықтауыш мүшесі бар 5-6 сөйлем жазыңыз.

2. Анықтауыш мүшесі бар 1-2 жұмбақ ойлап айтыңыз.

5-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, жазып алыңыз. Толықтауыштың түрлерін анықтаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

1. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

/ Ж.Аймауытов/

2. Денсаулығы мықты кісі ыстыққа да, суыққа да төзе алады. Сол сияқты жаны сау адам ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, қалған басқа сезімдерді де көтере алады.

/Эпиктет/

3.Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

3-тапсырма.Өлеңді оқып, мазмұнын айтыңыз. Өлеңде кездесетін медициналық атауларды орыс тіліне аударыңыз.

Сырқат сыры Шамадан тыс толғануды бұйыра,

Зорланғанның келер зақым миына.

Әр нәрсеге наразы боп үнемі, Жүргендердің ауырады жүрегі.

Кім шектен тыс қызғаншақ келеді, Оның қауіп бүйрегіне төнеді.

Үрейленгіш, күдікшілдің жауы-ірі, Ауыратын болар түбі бауыры.

Тек сүюмен өтсе кімнің көп кеші, Ондайлардың ауырады өкпесі.

Ашуланшақ, ұрыс құмар шетінен, Көресіні көреді өзі өтінен.

Ауырудың себебі жүз, сыры мың, Ең бастысы – Аллаға жат қылығың.

Оразақын Асқар

4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Фельдшер

Это слово происходит от немецкого «фельдшерер», что означает полевой, то есть военный цирюльник (парикмахер). В русский язык оно вошло во времена Петра Первого, приобрело смысл

«помощник врача» и осталось до сих пор. В немецких армиях XVII-XVIII веков фельдшеры ставили банки, делали кровопускание и клизмы, лечили переломы костей, останавливали кровотечения.

Цирюльники производили некоторые операции. В средние века их называли костоправами.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Дыбыс-звук

Өткізу-пропустить,провести Бұлық-гной,ушная сера

Дабыл жарғағы-барабанная перепонка Жарылу-взорваться,трескаться

Саябырсу-стихнуть,спокоиться Бітелу-закупорка,закрыться

2-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Есту қызметі, құлақтың үш бөлімі, бір-бірімен байланысты, үш бөлімі, сыртқы құлақ, есту орталығына жіберу, әр түрлі микробтардың енуі, құлақтың қатты ауруы, ірің жарылу, ауру саябырсу, ауру жазыла бастау, ас қорытудың бұзылуы, өкпе ауруларына шалдығу, тұмау эпидемиясы, құлақтан қан ағу, құлақ аурудың зардабы, инфекцияның қанға тарауы, сырқаттың алдын алу, дер кезінде емделу.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Құлақ аурулары және оның алдын алу

Есту қызметіне құлақтың бір-бірімен байланысты үш бөлімі қатысады. Мысалы, сыртқы құлақта жиналған дыбысты ортаңғы құлақ ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ осы дыбысты қабылдап, оны есту орталығына жібереді. Міне, осы жүйенің түрлі себептермен бұзылуы көбінесе жедел және созылмалы құлақ ауруларына әкеліп соқтырады.

Әр түрлі микробтардың енуінен құлақтан бұлық ағады. Бұл аурудың жедел түріне жатады.

Бастапқыда құлақ қатты ауырады, онан соң дабыл жарғағындағы ірің жарылып, ауру саябырсып, ақыры жазыла бастайды. Егер мезгілінде емделмесе, аурудың созылмалы түріне айналады. Кейде 396 беттің 165 беті

бұл сүйекті де зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдай балалар арасында 2-пайыз, ал ересектер арасында 1 пайызға жуық кездеседі.

Құлақтан бұлақ ағу емшек жасындағы сәбилерде ас қорытудың бұзылуы және өкпе ауруларына шалдығумен байланысты туындап дамиды. Ал тұмау эпидемиясы кезінде құлақ ерекше қабынады, одан қан ағып, есту бірден нашарлайды.

Құлақ ауруларының зардаптары ауыр. Мысалы, инфекцияның қанға тарауына (сепсис), ми қабықтарының қабынуына(менингит), ми мен мишықтарда іріңнің(абцесс) пайда болуына, көк тамыр қуыстарының бітелуіне(трамбоз) әкеліп соғады. Дегенмен, соңғы кезде мұндай зардаптар азайып келеді. Әрине бұл сырқаттың алдын алу мен дер кезінде емделудің нәтижесі.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Есту бөліміне нелер жатады?

2.Үш бөлімнің қызыметтері қандай?

3.Есту жүйесінің бұзылуы неге әкеліп соқтырады?

4.Құлақтан қай кезде бұлық ағады?

5.Бұл аурудың қандай белгілері бар?

6. Құлақ ауруларының зардаптары қандай аурулаға себеп болуы мүмкін?

5-тапсырма.

Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.

1-...?

-Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).

2.-...?

-Жақсы(нашар) естимін.

3-...?

-Бала кезімде ауырған.

4-...?

-Жрақат алған жоқпын.

5-...?

-Жоқ,қазір бұық ақпайды.Бірақ бала кезімде бұлақ ағатын.

6-...?

-Иә,аппараттармен қарап көріңізші.

7-...?

-Ішкі құлағыма жараның орны бар дейсіз бе?Ол неден қалуы мүмкін?

8-...?

-Иә,бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

9-...?

-Барлық емдеріңізді(антибиотиктеорді де,физиоемдеуді де,құлаққа массаж жасауды да) орындаймын.

6-тапсырма. Жалпы мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгемелеп беріңіз.

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша ) Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Бастауышы есімшеден болған сөйлемді

Garis besar

Dokumen terkait