• Tidak ada hasil yang ditemukan

ІСТЕРДІ РЕСІМДЕГЕН КЕЗДЕГІ ТОҒЫЗ НЕГІЗГІ ҚАТЕ

Істі ресімдеген кезде қажетті элементтерді жіберіп алған, бұл құжаттарды есепке алуда, іздеуде жəне пайдалануда қиындықтар туғызады.

Іспен қажет емес қосымша жұмыстарды жүргізді, мы- салы, парақтарын нөмірледі, түптеді, құжаттарды қайтадан жүйелендірді.

Уақытша сақтау мерзімі бар істі толығымен ресімдеді.

Біртекті құрамдағы құжаттары жəне қарапайым тіркеуі бар істегі, мысалы, негізгі қызмет бойынша бұйрықтары бар істегі ішкі тізімдемені ресімдеді.

Істің тақырыбы олардың мазмұнын ашпайтын құжаттардың құрамы əртүрлі істерге ішкі тізімдеме жасамаған.

Істегі парақтарды қате нөмірлеген, сондықтан істегі парақтардың санын қате санаған.

Істің парақтарын сиямен немесе сүрмемен нөмірлеген, қате нөмірді өшіргішпен өшірген, құжаттың мəтіні парақтың нөмірінен көрінбей қалған.

Уақытша сақтау мерзімі бар істерді ресімдемеген.

Істің мұқабасын дұрыс толтырмаған – міндетті дерек- темелер туралы ұмытып кеткен.

СҰРАҚ – ЖАУАП

Сұраққа жауап беретін Ш. Әбдіғалиқызы, іскерлік әкімшілік магистрі, нұсқаушы-тренер,

«Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу»

журналының авторы, Алматы қ.

Басқа ұйымға жұмысқа орналасып жатқан жұмысты қоса атқаратын қызметкерге еңбек жағдайлары, жұмыс сипаты, негізгі жұмыс орны бойынша лауазымы туралы анықтаманы қалай дұрыс жазу керек?

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 56 тармақшасына сәйкес жұмысты қоса атқаратын адам жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шар- ты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауға тиіс.

Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін ҚР ЕК 32-бабының 4-тармағына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.

Медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (ҚР ЕК 26-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы).

ҚР ЕК 68-бабының 3-тармағында негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақ- тығы күнделікті жұмыс ұзақтығының 8 сағаттық нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. Осылайша, негізгі жұмыс орнынан анықтама қажет, бұл қоса атқаратын жұмыс уақытын анықтайтын еңбек шартының тар- мағында оның негізгі жұмыс уақытымен сәйкес келмейтін жұмыс уақыты көрсетіледі, және оның жұмыс күні күніне 12 астрономиялық сағаттан аспа- уы керек.

Сондай-ақ, егер негізгі жұмыс орны бойынша жұмыскер зиянды, қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасаса (медициналық қызметкерлерді қоспаған- да), онда ол жұмысты қоса атқаратын қызметкер ретінде қабылданбайды.

Сондықтан негізгі жұмыс орнынан алынған анықтамада негізгі жұмыс ор- нында жұмыс уақыты мен оның зиянды және қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты еместігін көрсету қажет.

Анықтаманың үлгісін ұсынамыз:

Æ ұмысты қоса атқаратын

жұмыскерге негізгі жұмыс

орнынан еңбек жағдайлары

туралы анықтаманы қалай

дұрыс жазу керек?

СҰРАҚ – ЖАУАП

Ұйымның бланкісі Ұйымның атауы

Күні тіркеу нөмірі

АНЫҚТАМА

Анықтама Т. А. Ә. оның «АВГД» ЖШС-нде 2018 жылғы 12 тамыздан бастап өнімді сату бөлі- мінде сату жөніндегі менеджер лауазымында жұмыс істейтіні туралы берілді.

Қызметін жүзеге асыратын орын: Алматы қ., Жандосов көшесі, 17.

Жұмыс уақытының режимі: бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Жұмыс зиянды және қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты емес.

Жұмыс уақыты: сағ. 9:00 бастап сағ. 17:00-ге дейін. Үзіліс сағ. 13:00-ден бастап, сағ. 14:00-ге дейін.

Тұратын орны: Алматы қ. 2-ші ықшам ауданы, ____ үй, ____пәтер.

Анықтама талап ету орны бойынша берілді.

Кадр бөлімінің бастығы қолы Н. Накенов Мөр

Телефон +7 727 381-00-00 +7-777-00-00-000

Егер жеке құрам бойынша бұйрықтардың үздіксіз нөмірленуі бұзылса не істеу керек: бір бұйрық екі рет нөмірленіп, содан кейін басқа бұйрықтар жазылады ма?

Бір бұйрық екі рет нөмірленгеннен кейін бұйрықтарды нөмірлеу жалғасқандықтан, оны әрі қарай солай жүргізу керек. Бір бұйрықтың екі рет нөмірленгені туралы күнтізбелік жылдың соңында істі ұйымның архивіне сақтау үшін тапсыруға дайындау кезінде бұйрықтармен бірге Істің куәландырушы жазбасы жазылуға тиіс. Сондай-ақ осы бұйрықтары бар істер жататын құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасындағы бұйрықтары бар бағанда, «Ескертулер» 5-бағанда бұйрыққа қате нөмір (бұйрықтың нөмірін көрсету) берілгені туралы жазба жасау қажет.

Æ бойынша еке құрам

бұйрықтардың

үздіксіз нөмірленуі бұзылса не істеу

керек

СҰРАҚ – ЖАУАП

Демалыс уақытын есепке алу және ресімдеу алгоритмі қандай, және кәсіпорында осы процесті реттейтін құжатты әзірлеу қажет пе?

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында «демалыс күні» де- ген ұғымға анықтама жоқ. Осыған байланысты бұл ұғым нені білдіретінін анықтау қажет және ол үшін ҚР ЕК-нің нормаларына жүгіну қажет.

Демалыс күні, яғни қосымша демалыс күні мыналарға:

– қанды донациялауға (ҚР ЕК 126-бабы, Халық денсаулығы туралы кодекстің 167-бабы;

– үстеме жұмысқа (ҚР ЕК 108-бабы);

– демалыс немесе мереке күніне (ҚР ЕК 85-бабының 2-тармағы) байланы- сты беріледі.

Біз жұмыскерлердің еңбек демалысы есебінен бір күн (күндер) алатын, сондай-ақ орташа жалақысы сақталмайтын демалыс (жұмыскер жұмыстан сұранған кезде) алатын жағдайларды қоспадық, өйткені мұндай күндер қосымша демалыс күндері болып табылмайды.

Егер ұйымда демалыс күндері жиналып қалса, онда қосымша демалыс күндерін пайдалану тәртібін ұйымның жергілікті актісінде, атап айтқанда, демалыс беру туралы өтініш беру мерзімін, заң бойынша тиесілі қосымша демалыс күнін пайдаланбас бұрын еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс берушінің іс-әрекетін реттейтін және т. б. ережелерді бекіткен жөн.

Демалысты құжатпен ресімдеудің ерекшеліктері оның негізіне байла- нысты болады. Қосымша демалыс күнін беру кезінде оның себебіне қарамастан, бұйрық шығарылуы тиіс. Үстеме жұмыс туралы немесе қосымша демалыс күніне құқық беретін басқа да негіздер бойынша бұйрықта оның нақты күні көрсетілген жағдайларды қоспағанда. Бұйрықты шығаруға негіз жұмыскердің өтініші болып табылады.

Сондай-ақ демалыс күндерін жұмыс уақытын есепке алу табелінде белгілеу қажет, өйткені ҚР ЕК 79-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте

h t t p s : / / v i p - k a d r y . m c f r. k z / # / document/93/2193/dfasc5po0v/

h t t p s : / / v i p - k a d r y . m c f r . k z / # / d o c u m e n t / 9 3 / 4 8 3 / mes165648s1745/

h t t p s : / / v i p - k a d r y . m c f r. k z / # / document/93/2193/dfas6temni/

h t t p s : / / v i p - k a d r y . m c f r . k z / # / document/93/2193/dfas9vuixf/

Сұраққа жауап беретін: Н. Маликова,

«Factor Of Time» ЖШС заң департаментінің директоры, Алматы қ.

СҰРАҚ – ЖАУАП

үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

Осылайша, демалыс беру үшін жұмыскердің өтініші негізінде шыға- рылған бұйрық қажет. Демалыс уақыты жұмыс уақытын есепке алу табе- лінде жүргізіледі. Егер сіздің компанияңызда жұмыскерлер жиі дема лыс алатын болса, арнайы жергілікті актіні, мысалы, Қосымша демалыс күн- дерін беру туралы ережені әзірлеуді ұсынамыз.