ISSN 1996-2029
2022
ДЕЛОПРОИЗ ВОДСТВО
В КАЗАХСТАНЕ ҚАЗАҚСТАНДА
ІС ҚАҒАЗДАР ЫН ЖҮРГІЗУ
4 (18 4 )
2022 ЖЫЛЫ УАҚЫТША ЖҰМЫСКЕРМЕН ЖАСАЛАТЫН ЕҢБЕК ШАРТЫ: ЕҢ КҮРДЕЛІ СҰРАҚТАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖЕТІ ЖАУАП ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІН ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕУ КЕРЕК: ЕСЕП БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ДАЙЫН АНЫҚТАМА СƏУІР ҚҰЖАТЫ: ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТАБЕЛІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ ШЫҒАРАМЫЗ
ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ВРЕМЕННЫМ РАБОТНИКОМ В 2022 ГОДУ: СЕМЬ ОТВЕТОВ НА СЛОЖНЫЕ ВОПРОСЫ КАК РАССЧИТАТЬ ОБЪЁМ
ДОКУМЕНТООБОРОТА: ГОТОВАЯ СПРАВКА ДЛЯ ОТЧЁТОВ
ДОКУМЕНТ АПРЕЛЯ: СОСТАВЛЯЕМ ПРИКАЗ О ВВЕДЕНИИ ЕДИНОГО ТАБЕЛЯ УЧЁТА РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ
Электронная система
«ACTUALIS: Кадровое дело»
Получите демо-доступ БЕСПЛАТНО на сайте vip-kadry.mcfr.kz
НОВОЕ в электронной системе:
www.kadry.mcfr.kz
ПРИМИТЕ УЧАСТИЕ В ПРАКТИЧЕСКОМ ОБУЧЕНИИ
11 апреля 12–13 апреля
15 апреля
21–22 апреля 15 апреля
28–29 апреля 26–27 апреля
«Ведение воинского учëта в организациях с введëнными изменениями в 2022 году»
«Обучение согласительной комиссии
по применению трудового законодательства РК, развитие навыков ведения переговоров и достижение консенсуса в трудовых спорах»
«Делопроизводство на государственном
и русском языках. Номенклатура дел. Документы «ДСП».
Правила работы архива организации»
«ИПН и НДС в 2022 году»
«Государственные закупки в 2022 году»
«Трудовые споры в РК и согласительная комиссия как эффективный инструмент их разрешения»
«Минимизация рисков работодателя при правильном
оформлении кадровых документов согласно
стандартам Республики Казахстан в 2022 году»
ұрметті оқырмандар!
важаемые читатели!
Задумывались ли вы, как интересно, ярко и без лишних подробностей представить себя или компанию, в которой вы работаете, незнакомым людям? Мы расскажем вам как! В новой статье эксперты подготовили самопрезентацию, которая поможет выделиться среди конкурентов и надолго остаться в памяти новых важных знакомых.
В свежем выпуске журнала разберём трудовой договор с временным работником и дадим семь ответов на самые сложные вопросы в 2022 году.
Далее поговорим о том, почему вы ежедневно задерживаетесь на работе, когда другие в 17:55 уже «на старте»? Возможно, вы перегружены работой с документами. В статье подробно разъясним, как рассчитать объём документооборота, чтобы вы смогли обосновать шефу вашу занятость.
Также предлагаем проверить свои знания с помощью мини-курса, пройти тест и предотвратить эмоциональное выгорание сотрудников.
Спасибо вам за оценки и комментарии к статьям. Для нас они очень важны!
Для вашего удобства журнал выходит в печатном и электронном форматах. Оформить подписку на них можно на сайте www.e.delopro.mcfr.kz. В электронной системе «ACTUALIS:
Кадровое дело», доступной на сайте www.vip-kadry.mcfr.kz, размещено ещё больше актуальной Өзіңізді немесе сіз жұмыс істейтін компанияны бейтаныс адамдарға қызықты, жарқын жəне егжей-тегжейсіз таныстыруға болатыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Біз сізге айтып береміз! Жаңа мақалада сарапшылар бəсекелестеріңізден ерекшеленуге жəне ұзақ уақыт бойы жаңа маңызды таныстардың жадында қалуға көмектесетін өзін-өзі таныстыруды дайындады.
Журналдың жаңа шығарылымында уақытша жұмыскермен жасалатын еңбек шартын талдап, 2022 жылы туындайтын ең күрделі сұрақтарға жауап береміз.
Бұдан əрі неліктен сіз күн сайын жұмыста қалатыныңыз, ал басқалары 17:55-те кетуге дайын тұратыны туралы сөйлесеміз. Бəлкім, сіз қағазбастылыққа батып кеткен шығарсыз.
Мақалада құжат айналымының көлемін қалай есептеу керектігін толығырақ түсіндіреміз.
Сондай-ақ біліміңізді мини-курстың көмегімен тексеріп, тесттен өтуді жəне қыз- меткерлердің эмоционалды күйіп кетуін болдырмауды ұсынамыз.
Мақалаларға берген бағаларыңыз бен жазған пікірлеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Олар біз үшін өте маңызды!
Сіздерге қолайлы болу үшін журнал баспа жəне электрондық форматтарда шығады.
Журналға www.e.delopro.mcfr.kz сайтында жазылуға болады. www.vip-kadry.mcfr.kz сайтында орналасқан «ACTUALIS: Кадровое дело» электрондық жүйесінде өзекті жəне пайдалы ақпаратты көбірек табасыздар.
Жанна Цой, бас редактор, е-mail: [email protected] Издаётся с января 2007 года
Периодичность – 1 раз в месяц
4 (184) 2022
Собственник: ТОО «МЦФЭР–Казахстан»
Генеральный директор – Т. С. Бектурсынова ТОО «МЦФЭР–Казахстан»
Редакция тематического направления
«ОХРАНА ТРУДА, КАДРЫ И ДЕЛОПРОИЗВОДСТВО»
Руководитель тематического направления – С. Е. Сергеенко
[email protected] Главный редактор журнала – Ж. Р. Цой
тел.: +7 (727) 323-62-29 (вн. 116) Редактор по работе с авторами – И. В. Пильгук
Литературный редактор-переводчик текстов на казахский язык – К. О. Исламова Руководитель отдела допечатной подготовки – А. Х. Дербесова Дизайнер-верстальщик – М. Д. Ниязбаева Адрес редакции: 050009, г. Алматы, ул. Шевченко, уг. ул. Радостовца, 165б/72г, офис 712
тел.: +7 (727) 323-62-29 (вн. 116) Отдел маркетинга
Ведущий бренд-менеджер – Н. П. Прощалыгина, [email protected]
тел. +7 (727) 323-62-29 (вн. 134) Отдел адресной подписки и сбыта тел./факс: +7 (727) 323-62-12, 323-62-13 e-maіl: [email protected], і[email protected] Менеджер по работе с клиентами – Д. А. Тойчибеков
тел.: +7 (727) 323-62-12, 323-62-13 (вн. 127) Менеджер по работе с клиентами – Г. Е. Жантикеева
тел.: +7 (727) 323-62-12, 323-62-13 (вн. 130) Подписку можно оформить:
• по onlіne-заявке – www.kadry.mcfr.kz
• в редакции, в отделе адресной подписки
• по каталогам (подписной индекс – 75385) – «Казпочта»: почтовые отделения – «Евразия-пресс»: тел. +7 (727) 382-34-87 – «Эврика-пресс»: тел. +7 (727) 375-12-65 Свидетельство о постановке на учёт периодического печатного издания и информационного агентства № 15567-Ж от 18.09.2015 выдано Министерством по инвестициям и развитию Республики Казахстан. Комитет связи, информатизации и информации.
Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов.
Перепечатка материалов, опубликованных в журнале, допускается только с письменного согласия редакции.
Представленные тексты нормативных правовых актов идентичны официально опубликованным версиям.
Редакция не несёт ответственности за содержание рекламных материалов.
PR-материал публикуется на правах рекламы.
Претензии по опубликованной рекламе принимаются в течение 10 календарных дней со дня выхода номера.
Подписано в печать 31.03.2022.
Формат 84×1081/16. Тираж 5 000 экз.
Печать офсетная. Бумага офсетная.
Заказ №____ Цена договорная.
ТОО «МЦФЭР–Казахстан». Юридический адрес:
050009, г. Алматы, ул. Шевченко, уг. ул. Радостовца, 165б/72г, офис 712.
Отпечатано в соответствии с предоставленными материалами
ҚАЗАҚСТАНДА
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ
ДЕЛОПРОИЗВОДСТВО
В КАЗАХСТАНЕ
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ
C. Қ. Шілдебай
директор Центрального государственного архива Республики Казахстан
А. Н. Нысанбаев
академик-секретарь Института философии, политологии и религиоведения Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, академик НАН Республики Казахстан, доктор философских наук, профессор
В. П. Стремский
первый вице-ректор Института государственного и местного управления, кандидат исторических наук, профессор
Т. Н. Тойбаев
директор Республиканского государственного учреждения «Центральный государственный архив кинофотодокументов и звукозаписей»
Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
З. Б. Агибетов
руководитель Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по Алматинской области
Р. С. Шимашева
руководитель управления по развитию языков, архивов и документации акимата
г. Алматы C. Қ. Шілдебай
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің директоры
Ә. Н. Нысанбаев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор
В. П. Стремский
Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының бірінші вице-ректоры, тарих ғылымдарының
кандидаты, профессор
Т. Н. Тойбаев
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік
кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазба архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
З. Б. Агибетов
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы
Р. С. Шимашева
Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы
МАЗМҰНЫ
Іс қағаздарын жүргізушінің кітапханасы
БАЛА ҮШ ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН ОНЫҢ КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫДЕМАЛЫСТАҒЫ ЖҰМЫСКЕРДІҢ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ ӨТІНІШІНІҢ ҮЛГІСІ
«Сұңқар» ЖШС бас директоры Ә. Төлжанұлына
Салық бөлімінің бастығы К. С. Петровадан
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100 - бабының 4-тармағына сәйкес балам үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысымды мерзімінен бұрын тоқтатуға ниетті екенімді және 2022 жылдың 11 мамырынан бастап толық жұмыс күні режимінде лауазымдық міндеттерімді атқаруға дайын екенімді хабарлаймын.
2022 жылғы 11 сәуір жеке қолы К. Петрова
Келісілді:
Келісуші адамның тегі, аты, әкесінің аты ________________
Күні
Библиотека образцового делопроизводителя
ОБРАЗЕЦ ЗАЯВЛЕНИЯ РАБОТНИКА, НАХОДЯЩЕГОСЯ В ОТПУСКЕ ПО УХОДУ ЗА РЕБЁНКОМ, О ДОСРОЧНОМ ВЫХОДЕ НА РАБОТУ
Генеральному директору ТОО «Сұңқар» Төлжанұлы Ә.
от начальника налогового отдела Петровой К. С.
ЗАЯВЛЕНИЕ
В соответствии с пунктом 4 статьи 100 Трудового кодекса Республики Ка- захстан, довожу до Вашего сведения, что я намерена досрочно прервать отпуск без сохранения заработной платы по уходу за ребёнком до достижения им воз- раста трёх лет и готова приступить к выполнению должностных обязанностей в режиме полного рабочего дня с 11 мая 2022 года.
11 апреля 2022 года личная подпись К. Петрова
Согласовано:
Фамилия, имя, отчество и должность согласовавшего ________________
Дата
МАЗМҰНЫ
Келесі нөмірден оқитындарыңыз:
► Зейнеткерлік жастағы жұмыскермен еңбек шарты:
құжаттарды ресімдеуде қателіктер жібермеу және құқықтарын бұзбау
► Электрондық дыбыс-бейне құжаттар: құру, есепке алу және сақтау. Метадеректерді жазуға арналған 10 міндетті элемент
► Эмоционалды зият: бақытты өмір сүру үшін ең маңызды бес дағдыны қалай дамытуға болады
Шартты белгілер
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Ш. Әбдіғалиқызы
2022 жылы уақытша жұмыскермен жасалатын еңбек шарты: ең күрделі
сұрақтарға берілетін жеті жауап... 9 ҚҰЖАТ РЕСІМДЕЙМІЗ
А. Адельгужин
Сәуір құжаты: жұмыс уақытын есепке алудың
бірыңғай табелін енгізу туралы бұйрық шығарамыз ... 17 ХАТШЫҒА АРНАЛҒАН ПРАКТИКУМ
Құжат айналымының көлемін қалай есептеу керек:
есеп беруге арналған дайын анықтама ... 21 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Н. Артонкина
Хатшыға арналған күнтізбе:
Google-да қалай жасау керек ... 26 ТАБЫСҚА ЖЕТУ ФОМУЛАСЫ
Өзін-өзі таныстыру: өзі, басшысы және компания
туралы жарқын әсер қалдыру ... 34 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ
Е. Кристаль
Қызметкердің эмоционалды күйіп кетуін
қалай болдырмауға болады ... 38 КӘСІБИ СЕРГІТУ СӘТІ
Е. Кристаль
Тест: сіз қандай эмоционалды
жай-күйдесіз? ... 42 ЖАДЫНАМАЛАР ЖӘНЕ ШПАРГАЛКАЛАР
Істерді ресімдеген кездегі тоғыз негізгі қате ... 48 CҰРАҚ-ЖАУАП ... 49
СОДЕРЖАНИЕ
Читайте
в следующем номере:
► Трудовой договор
с работником пенсионного возраста: как избежать ошибок при оформлении документов и не ущемить в правах
► Электронные
аудиовизуальные документы:
как создавать, учитывать и хранить. 10 обязательных элементов для набора метаданных
► Эмоциональный интеллект:
как развить пять самых важных навыков для счастливой жизни Условные обозначения
ПРАКТИКУМ ПО ДЕЛОПРОИЗВОДСТВУ
Ш. Әбдіғалиқызы
Трудовой договор с временным работником в 2022 году: семь ответов на самые
сложные вопросы ... 53 СОСТАВЛЯЕМ ДОКУМЕНТ
А. Адельгужин
Документ апреля: составляем приказ
о введении единого табеля учёта рабочего времени ... 61 ПРАКТИКУМ ДЛЯ СЕКРЕТАРЯ
Как рассчитать объём документооборота:
готовая справка для отчётов ... 65 ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
Н. Артонкина
Календарь для секретаря: как составить в Google ... 70 ФОРМУЛА УСПЕХА
Самопрезентация: как создать яркое впечатление
о себе, руководителе и компании ... 78 ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ ПРАКТИКУМ
Е. Кристаль
Как предотвратить эмоциональное
выгорание сотрудников ... 82 ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ РАЗМИНКА
Е. Кристаль
Тест: В каком эмоциональном состоянии
вы находитесь? ... 86 ПАМЯТКИ И ШПАРГАЛКИ
Девять ключевых ошибок при оформлении дел ... 92 ВОПРОС – ОТВЕТ ... 93
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
ҚОЛДАНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ҚЫСҚАРТУЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
ҚР ЕК – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 414-V Еңбек кодексі (2021.30.12 берілген өзгерістермен және толық- тырулармен)
ҚР АК (Жалпы бөлім) – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған (2022.12.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)
Құжаттама жасау қағидалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары (2020.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)
/npd-doc?npmid=93&npid=2193
/npd-doc?npmid=93&npid=280
/npd-doc?npmid=93&npid=8910
НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ
СПИСОК СОКРАЩЕНИЙ, ИСПОЛЬЗУЕМЫХ НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТОВ
ТК РК – Трудовой кодекс Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года
№ 414-V (с изменениями и дополнениями по состоянию на 30.12.2021)
ГК РК (Общая часть) – Гражданский кодекс Республики Казах- стан (Общая часть), принят Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (с изменениями и дополнениями по состоянию на 12.01.2022)
Правила документирования – Правила документирования, управле- ния документацией и использования систем электронного документообо- рота в государственных и негосударственных организациях, утверждённые постановлением Правительства Рес публики Казахстан от 31 октября 2018 года № 703 (с изменениями и дополнениями от 30.11.2020)
/npd-doc?npmid=93&npid=2408
/npd-doc?npmid=93&npid=271
/ n p d -
doc?npmid=93&npid=8909
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Ш. Әбдіғалиқызы, іскерлік әкімшілік магистрі, нұсқаушы-тренер, Алматы қ.
2022 жылы уақытша
жұмыскермен жасалатын еңбек шарты: ең күрделі сұрақтарға берілетін жеті жауап
«
»
Әрбір ұйымда уақытша жұмыскерді қабылдау қажеттілігі болады.
Негізгі себептер – негізгі жұмыскердің декреттік демалысқа кетуі, жұмыскердің ұзаққа созылған сырқаттануы, оқуы және т. б. Уақытша жұмыскермен еңбек шартын жасасу әрқашан көптеген сұрақтар туды- рады: қалай ресімдеу керек, қандай мерзімге және негізі бұл ресмилікті болдырмау мүмкін бе? Жауапкершілікпен мәлімдейміз: бұдан құтылуға болмайды. Сондықтан мәселені мұқият зерттеңіз, біз көмектесеміз.
Мақалада уақытша жұмыскермен жасалатын еңбек шарты туралы жиі қойылатын жеті сұраққа жауап беріп, дайын шешімдерді береміз.
Негізгі жұмыскердің орнына жұмыс беруші уақытша жұмыскерді қабылдай алады (ҚР ЕК 30-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы). Бұл ретте оның ұйымдағы жұмысының ұзақтығы негізгі жұмыскердің жұмысқа шығу мерзіміне байланысты.
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Уақытша жұмыскерді қашан қабылдайды?
Негізгі жұмыскер:
● төрт айға дейін босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалысқа шыққан;
● бала үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс алған;
● бір (екі) жылға мерзімді әскери қызметке кеткен;
● ұзақ мерзім еңбекке қабілетсіз болған;
● зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін бір жарым айдан екі айға дейін болуы мүмкін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан;
● оқу демалысына шыққан және т. б. жағдайларда жұмысқа уақытша жұмыскерді қабылдайды.
Уақытша жұмыскерге ресімделген еңбек шартының және бұйрықтың мәтінінде уақытша жұмыскер қабылданған негізгі жұмыскердің толық аты-жөнін көрсету қажет (1-қосымша).
Негізгі жұмыскер бала күтіміне байланысты демалыстан жұмысқа қашан шыға алады?
Негізгі жұмыскер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыға алады (ҚР ЕК 100-бабының 4-тармағы). Бұл ретте ол жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті, өйткені ол жоқ болған кезде оның орнына уақытша жұмыскер қабылданған.
(2-қосымша). Ал егер негізгі жұмыскер өзінің жұмыс орнына шықса, онда уақытша жұмыскерді жұмыстан шығаруға тура келеді. Сондықтан уақытша жұмыскер өзіне жұмыс тауып алуы үшін, негізгі жұмыскердің жұмысқа мерзімінен бұрын шығатыны туралы хабардар ету керек, өйткені уақытша жұмыскер осы ұйымда үш жыл жұмыс істеуге ниетті болды ғой (3-қосымша).
Уақытша жұмыскермен еңбек шарты қай кезде тоқтатылады?
Негізгі жұмыскер жұмысқа шыққан кезде уақытша жұмыскермен еңбек шарты бұзылады. Уақытша жұмыскерді жұмыстан шығару үшін негізгі жұмыскердің белгіленген мерзімде жұмысқа келетініне көз жеткізіңіз.
Мынандай жағдайлар болады: уақытша жұмыскер негізгі жұмыскер жұмысқа шығар алдында бір күн бұрын жұмыстан босатылады, бірақ уақытша жұмыскер жұмыстан шығарылғаннан кейін келесі күні негізгі жұмыскер жұмысқа сол күйі шықпайды. Мысалы, үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс мерзімі аяқталған әйелдің жағдайы осындай болуы мүмкін. Баласы үш жасқа толғаннан кейін ол жұмысқа келмеуі мүмкін, өйткені ол екінші баланы дүниеге әкелді, бірақ бұл туралы ол жұмыс берушіге хабарламады, ал жұмыс беруші ол жұмысқа шығар алдында бір күн бұрын уақытша жұмыскерді жұмыстан шығарып үлгерді.
1-СҰРАҚ
2-СҰРАҚ
3-СҰРАҚ
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Негізгі жұмыскердің жұмысқа шыққанына көз жеткізу керек, содан кейін ғана уақытша жұмыскер жұмыстан босатылады.
Уақытша жұмыскер жұмыстан қашан босатылады?
ҚР ЕК 51-бабының 4-тармағына сәйкес уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi болып табылады. Бұл ретте уақытша жұмыскердің соңғы жұмыс күні жұмыс орны (лауазымы) сақталған негізгі жұмыскер жұмысқа шығатын күннің алдындағы күн болады, өйткені жұмыскерлер бір қызметті атқарады, сондықтан штаттық кестеде бір ғана бірлік болғанда екеуі де жұмыс істей алмайды.
Егер негізгі жұмыскердің баласы 2021 жылдың 11 қарашасында үш жасқа толса, онда негізгі жұмыскер жұмысқа 2021 жылдың 12 қарашасында шығады. Уақытша жұмыскердің соңғы жұмыс күні 2021 жылдың 11 қарашасы болады (4-қосымша).
Егер негізгі жұмыскер тиісті күні жұмысқа шықса (демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін және т. б.), онда «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 11-бабына сәйкес белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына, маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек шарты тоқтатылған кезде еңбек шартын тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.
Бала күтіміне байланысты демалыстағы уақытша жұмыскерді жұмыстан қалай босатуға болады?
Егер жұмыс беруші негізгі жұмыскер болмаған кезде оның орнына үш әйелді жұмысқа қабылдап үлгерсе, олардың екеуі босанып, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан болса, ал үшінші жұмыскер негізгі жұмыскердің орнында жұмыс істеп жүрсе, онда олардың барлығы негізгі жұмыскер жұмысқа оралғанда, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР ЕК 49-бабының 2) тармақшасы) бойынша жұмыстан босатылады. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға болады.
4-СҰРАҚ
5-СҰРАҚ
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Уақытша болмаған жұмыскерді ауыстырған жағдайда жұмыскерлердің ешқандай санатымен еңбек шартының мерзімі ұзартылмайды (ҚР ЕК 51-бабының 2-тармағы).
Негізгі жұмыскерді өз бастамасы бойынша жұмыстан қалай босатуға болады?
Негiзгi жұмыскер жалақы сақталмайтын демалыс кезiнде әртүрлi жеке себептермен еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуы мүмкiн.
Негізгі жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi болып табылады (ҚР ЕК 51-бабының 4-тармағы). Яғни, негізгі жұмыскердің орнына жұмысқа қабылданған барлық жұмыскерлер (не гізгі жұмыскер болмаған кезде бала туып, бала күтіміне байланысты де малысқа шыққандар және негізгі жұмыскердің орнында жұмыс істейтін жұмыскер) ҚР ЕК 49-бабының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартының мерзімі аяқтал ғаннан кейін жұмыстан босатылады, өйткені, еңбек шарты бойынша олар бос орынға емес, негізгі жұмыскердің орнына қабылданған.
Негізгі жұмыскер жұмыстан босатылған кезде ол болмаған кезде жұмысқа қабылданған барлық уақытша жұмыскерлер де жұмыстан босатылады.
Негізгі жұмыскер жұмыстан шығарылғаннан кейін бос орын пайда болады, сонда жұмыс беруші өз қалауы бойынша кез келген жұмыскерді: жұмыстан босатылған үш уақытша жұмыскердің бірін немесе басқа жаңа жұмыскерді осы лауазымға қабылдай алады.
Уақытша жұмыскерді негізгі жұмыс орнынан қалай ауыстыру керек?
Егер ұйымда бос жұмыс орны пайда болса, жұмыс беруші өз қалауы бойынша уақытша жұмыскерді негізгі жұмыс орнына ауыстыруы мүмкін.
Бұл жағдайда олар еңбек шартына екіжақты қосымша келісімге қол қояды және уақытша жұмыскерді негізгі жұмыс орнына (жұмыскер ауыстырылатын құрылымдық бөлімшенің атауы және лауазымы көрсетіледі) ауыстыру туралы бұйрық шығарады, сондай-ақ еңбек кітапшасына басқа құрылымдық бөлімшеге басқа лауазымға ауыстырылғаны туралы жазба енгізіледі.
6-СҰРАҚ
7-СҰРАҚ
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
1-қосымша Уақытша жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
«СҰҢҚАР»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью «СҰҢҚАР»
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
2020 жылғы 12 қараша Алматы қаласы
№ 156-ж/қ город Алматы
К. О. Орынбасарованы уақытша жұмысқа
К. С. Петрованы алмастыру үшін қабылдау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2020 жылғы 12 қарашада Камшат Оралбаевна Орынбасарова салықты есепке алу бөлімінің бастығы лауазымына баласы үш жасқа толғанға дейін күтім жасау үшін демалыс кезеңінде болмайтын Клавдия Сергеевна Петрованың міндетін уақытша атқару үшін қабылдансын.
Негіздеме: 2020 жылғы 12 қарашадағы № 58 еңбек шарты.
Бас директор жеке қолы Ә. Төлжанұлы М. О.
Орынд. А. С. Шаймерденова
Қолбелгі: парақтың сырт жағында мүдделі құрылымдық бөлімшелер басшыларының жеке қолы.
Бұйрықпен таныстым, куәландырылған көшірмесін алдым.
жеке қолы К. Орынбасарова 2020.12.11
Эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
2-қосымша Негізгі жұмыскердің мерзімнен
бұрын жұмысқа шығу туралы өтініші (Қарар)
Қаламқас Сәрсенбайқызы бұйрық дайындасын, маған қол қоюға берсін.
қолы Ә. Төлжанұлы 2021 жылғы 12 қазан
«Сұңқар» ЖШС-ның
бас директоры Ә. Төлжанұлына салықты есепке алу бөлімінің бастығы К. С. Петровадан
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес балам үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалы- сымды мерзімінен бұрын тоқтатуға ниетті екенімді және 2021 жылғы 12 қарашадан бастап толық жұмыс күні режимінде лауазымдық міндеттерімді атқаруға дайын екенімді хабарлаймын.
2021 жылғы 12 қазан қолы К. Петрова
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
3-қосымша Уақытша жұмыскерге негізгі жұмыскердің жұмысқа мезімнен бұрын шығуына
байланысты еңбек шарты тоқтатылатыны туралы жіберілетін хабарлама
«СҰҢҚАР»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью «СҰҢҚАР»
ХАБАРЛАМА УВЕДОМЛЕНИЕ
2021 жылғы 12 қазан Алматы қаласы
№ 13город Алматы
Салықты есепке алу бөлімінің бастығы К. О. Орынбасароваға Еңбек шартының мерзімі аяқталуына
байланысты тоқтату туралы
Құрметті Камшат Оралбаевна!
2021 жылғы 12 қазанда Клавдия Сергеевна Петрованың жұмысқа шығуына байланысты Сізбен оның жұмыста болмаған уақытына 2020 жылғы 12 қарашада № 58 жасасқан еңбек шарты 2021 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 2) тармақшасы бойынша еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылады.
Сондай-ақ Сізге «Сұңқар» ЖШС-да қазіргі уақытта бос жұмыс орны болмауына байланысты сізді басқа жұмыс орнына алмастыру мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз.
Кадр бөлімінің бастығы жеке қолы Қ. Сәрсенбайқызы М. О.
Хабарламамен таныстым, бір данасын қолыма алдым қолы К. Орынбасарова 2021.12.10
Эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
4-қосымша Еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты
уақытша жұмыскерді жұмыстан босату туралы бұйрық
«СҰҢҚАР»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью «СҰҢҚАР»
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
2021 жылғы 11 қараша Алматы қаласы
№ 78-ж/қ город Алматы К. О. Орынбасаровамен жасасқан
еңбек шартын тоқтату туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Клавдия Сергеевна Петрованың бала күтіміне байланысты демалысының аяқталуына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. 2021 жылғы 12 қарашада Клавдия Сергеевна Петрованың болмаған уақытына салықты есепке алу бөлімінің бастығы Камшат Оралбаевна Орынбасаровамен 2020 жылғы 12 қарашада жасасқан № 58 еңбек шарты мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылсын.
2. 2020 жылғы 12 қараша – 2021 жылғы 11 қараша аралығындағы жұмыс кезеңі үшін жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін күнтізбелік 24 күнге өтемақы төлемі жасалсын (И. К. Пернебаева).
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп айырысу жасал- сын және жалақы берілсін (И. К. Пернебаева).
4. Ресімделген еңбек кітапшасы және бұйрықтың куәландырылған көшірмесі берілсін (Қ. Сәрсенбайқызы).
Негіздеме: 2020 жылғы 12 қарашадағы № 58 еңбек шарты.
Бас директор жеке қолы Ә. Төлжанұлы М. О.
Орынд. А. С. Шаймерденова
Қолбелгі: парақтың сырт жағында мүдделі құрылымдық бөлімшелер басшыларының жеке қолы.
Бұйрықпен таныстым, куәландырылған көшірмесін алдым.
жеке қолы К. Орынбасарова 2021.11.11
Эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
ҚҰЖАТ РЕСІМДЕЙМІЗ
А. Адельгужин, құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды архивтік сақтау жөніндегі сарапшы, Алматы қ.
« »
Ñ әуір құжаты: жұмыс
уақытын есепке алудың бірыңғай табелін енгізу
туралы бұйрық шығарамыз
Құрметті оқырмандар, «Құжатты ресімдеу» бөлімінде біз ай сайын соңғы заң талаптарын ескере отырып, әртүрлі құжаттарды дайындау мен ресімдеудің ерекше белгілерін егжей-тегжейлі талдаймыз. Жаңа шығарылымда сәуір айындағы құжатпен танысып, жұмыс уақытын есепке алудың бірыңғай табелін енгізу туралы бұйрықты жасау тәртібін қаншалықты білетініңізді тексеруді ұсынамыз.
Жұмыс уақытын есепке алу табелі – «құсбелгі» үшін жүргізілмейтін қажетті құжат. Жұмыс уақытын есепке алу табелінің негізінде кадр бөлімінің мамандары мен бухгалтерлер жұмыскерлердің болуы және болмауы, олардың еңбекке уақытша жарамсыздық парағында болуы және т. б. туралы ақпаратты білуге мүмкі ндік алады. Дәл осы деректер- дің негізінде бухгалтерия алдағы уақытта жұмыскерлердің жалақысын есептейді.
ҚҰЖАТ РЕСІМДЕЙМІЗ
Жұмыс уақытын есепке алудың бірыңғай табелін енгізу туралы бұйрықтың үлгісі
«ЛОТОС»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью
«ЛОТОС»
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
2022 жылғы 1 сәуір
Алматы қаласы № 12-Ө
город Алматы
Жұмыс уақытын есепке алудың бірыңғай табелін енгізу туралы
Жұмыс уақытын есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс уақытын есепке алудың бірыңғай табелі енгізілсін.
2. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізуге жауапты болып құрылымдық бөлімше- лердің келесі басшылары тағайындалсын:
_________________________________ (Т. А. Ә., лауазым атауы);
_________________________________ (Т. А. Ә., лауазым атауы).
3. Осы бұйрықпен барлық мүдделі тұлғалар таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Лотос» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы _____________________________ жүктелсін.
Бас директор Аманжолов К. Аманжолов М. О.
Бұйрықпен таныстық:
№ ______ іске
Орындаушының Т. А. Ә.
Күні
А4 (210Х297) форматы
Эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)
1
9
2 3
4 5
6
7
8
10 11
12 13
ҚҰЖАТ РЕСІМДЕЙМІЗ
Жұмыс уақытын есепке алудың бірыңғай табелін енгізу туралы бұйрықты құру және ресімдеу
№ Параметрлері және сипаттамасы
Құжаттама жасау қағидаларының 16, 17 тармақтарының талаптарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, эмблеманы, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін бейнелеу.
Ұйымның ресми атауы.
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн (ҚР АК (Жалпы бөлім) 38-бабы).
Құжат түрінің атауы.
Құжат түрінің атауы бас әріптермен қалың қаріппен басылып шығарылады. Біздің мысалда:
«БҰЙРЫҚ /ПРИКАЗ».
Бұйрықтың датасы.
Бұйрықтың датасы қол қойылған (бекітілген) дата немесе құжатта тіркелген оқиғаның датасы бұйрықтың датасы болып табылады. Датаны сөз-сан тәсілімен ресімделеді: жыл, айдың күні араб цифрларымен, ай – сөзбен.
Бұйрықтың тіркеу нөмірі.
Бұйрықтар күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірмен нөмірленеді. Негізгі қызмет, жеке құрам бойынша бұйрықтар тиісті журналдарда (дерекқорларда) жеке тіркеледі. Жеке құрам бойын- ша бұйрықтың реттік нөміріне дефис арқылы «Ж/Қ» немесе «К» литерлері қосылады. Негізгі қызмет бойынша «Ө» литері қосылады.
Бұйрық шығарылған жер.
Бұйрық жасалған немесе басып шығарылған жер құжат авторы – ұйым орналасқан жер болып табылатын елді мекеннің атауына сәйкес ресімделеді.
Мәтінге тақырып бұйрықтың міндетті деректемесі болып табылады, ол құжаттың негізгі мазмұнын білдіретін мүмкіндігінше қысқа түрде тұжырымдалуы керек. Тақырып әрқашан:
«Не туралы?» деген сұраққа жауап беруі керек.
Бұйрықтың мәтіні: айқындаушы (кіріспе) және өкімдік деген екі бөліктен тұрады.
Айқындаушы (кіріспе) бөлікте қабылданатын әрекеттердің негіздемесі беріледі. Егер бұйрық басқа құжаттың негізінде шығарылса, онда айқындаушы бөлікте аталған құжаттың ілік септігіндегі атауы, оның авторы, датасы, нөмірі мен тақырыбы көрсетіледі. Егер бұйрық бастамашылық негізде, яғни ұйымға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін шығарылса, айқындаушы бөлікте бұйрықты шығаруға негіз болған мақсаттар мен міндеттер, фактілер немесе оқиғалар баяндалады.
Кіріспе «мақсатында», «орындау үшін», «байланысты» және т. с. с. деген сөздермен аяқталуы мүмкін. Бұйрықтар жобаларындағы кіріспе «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен аяқталады, ол бас әріптермен, қалың қаріппен жазылады. Сөзді басқа жолға тасымалдауға жол берілмейді.
Егер белгіленген әрекеттер түсіндіруді немесе негіздеуді қажет етпесе, айқындаушы бөлігі бол- мауы мүмкін.
h t t p s : / / v i p - k a d r y. m c f r.
kz/#/document/93/8910/
dfaswc9uwd/
https://vip-kadry.mcfr.kz/#/
document/93/8910/dfaspitst5/
https://vip-kadry.mcfr.kz/#/
document/93/280/dfass12rg1/
1
2
3
4
5
6
7
8
ҚҰЖАТ РЕСІМДЕЙМІЗ
Өкімдік бөлік әрбір іс-қимылды орындаушыны және орындалу мерзімін көрсете отырып, тапсырылатын іс-қимылдарды санамалауды қамтиды. Қажет болған кезде өкімдік бөлік тармақтарға, тармақшаларға және абзацтарға бөлінеді, егер бұйрықты бірнеше орындау- шы орындаса және әртүрлі сипаттағы іс-әрекеттер болса. Өкімдік сипаты бар басқарушылық әрекеттерді қамтитын тармақтар үшінші жақтағы бұйрық рай тұлғасындағы етістіктен баста- лады.
Біртекті сипаттағы іс-қимылдар бір тармақта санамалануы мүмкін. Орындаушылар ретінде құрылымдық бөлімшелер немесе нақты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Өкімдік тармақтар схемаға сәйкес жүйелі түрде құрылады:
1) орындаушы (лауазымы, инициалдары мен тегі немесе құрылымдық бөлімше, ұйым);
2) әрекет;
3) орындау мерзімі.
Егер іс-әрекетке белгілі бір орындаушы қатысса, құжаттың сәйкес абзацы орындаушының лауазымы мен тегінен басталуы керек (мәтіндегі инициалдар тегінен кейін қойылады). Орын- даушылар ретінде ұйымдарды немесе құрылымдық бөлімшелерді көрсетуге болады. Басқару әрекеті туралы ақпарат үшінші жақтағы бұйрық рай тұлғасындағы етістіктер арқылы және әрекет объектісінің белгіленуімен беріледі.
Өкімдік бөліктің соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген бөлімше не- месе лауазымды тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
Мұндай тармақтың жоқтығы бұйрыққа қол қойған ұйымның басшысы оның орындалу бары- сын өзі бақылайтынын білдіреді.
Қолтаңба.
Құжатқа жарыққа төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға рұқсат етілмейді. Бұйрықтарға ұйым басшысы немесе ол ұзақ уақыт болмаған кезде (іссапар, демалыс, науқастану) басшының міндетін ресми түрде атқаратын оның орынбасары қол қояды. Егер бір парақтан тұратын бұйрық ұйымның бланкісінде ресімделсе, онда «қолтаңбасы» деген деректемеде құжатқа қол қоятын адам лауазымының толық атауы көрсетілмейді.
Ұйым мөрінің бедері лауазымды адамның құжаттағы қолының түпнұсқалығын куәлан- дырады. Ұйым мөрінің бедері құжатқа қол қойған адамның лауазымы атауынан кейін оның жеке қолын қамтымай қойылады.
Қолбелгі.
Бұйрық жобасы мен оның қосымшаларын қол қоюға ұсынар алдында орындаушымен және оның тікелей және бақылаушы басшыларымен, сондай-ақ бұйрық жобасында олар үшін тап- сырмалар мен нұсқаулар қарастырылған, және жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне әсер ететін құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келіседі. Қолбелгі қажетті «құжатты келісу туралы белгіден» төменірек немесе бұйрықтың артқы жағына қойылады.
Қолбелгі қажетті «құжаттарды мақұлдау белгісінің» астына немесе бұйрықтың артқы жағына қойылады. Келісу кезінде бұйрық жобасы бойынша туындайтын қарсылықтар жобаға қоса берілетін анықтамада көрсетіледі. Егер келісу барысында бұйрық жобасына түбегейлі сипаттағы өзгерістер енгізілсе, онда ол пысықталып, қайта бекітіледі.
Орындаушы туралы белгі.
Құжаттың бастамашысын, яғни бұйрықты дайындаған және келісетін адамдармен өзара әрекеттесуге, танысу (жіберілім) парағын жасауға, құжатты келісуге және өңдеуге жауап беретін қызметкерді көрсетіңіз.
9
10
11
12
13
ХАТШЫҒА АРНАЛҒАН ПРАКТИКУМ
« »
Қ ұжат айналымының көлемін қалай есептеу керек: есеп беруге
арналған дайын анықтама
Неліктен сіз күн сайын жұмыста қаласыз, ал басқалары 17:55-те кету- ге дайын тұрады? Бәлкім, сіз қағазбастылыққа батып кеткен шығарсыз.
Құжаттарды тіркеуге және өңдеуге қанша уақыт жұмсайтыныңызды есептеп, басшыға істеген жұмысыңызды дәлелдеу үшін құжат айна- лымының көлемін білуіңіз керек. Мақалада құжат айналымының көлемін қалай есептеу керектігін толығырақ түсіндіреміз.
Құжат айналымының көлемін белгілеуге не көмектеседі
Құжат айналымының көлемі – ұйым қабылдаған және белгілі бір кезеңде жасалған құжаттар саны. Құжат айналымының көлемін біле отырып, оргтехниканы ауыстыруды негіздеуге, тапсырмаларыңыздың бір бөлігін басқа қызметкерге тапсыруға, ЭҚЖ енгізуге және жазда еш қиындықсыз демалысқа шығуға болады – толығырақ кестеде көрсетілген.
Неліктен хатшы мен басшы құжат айналымының көлемін білу керек:
Хатшы төмендегі үшін білуге тиіс: Басшы төмендегі үшін білуге тиіс:
Өзінің құжаттарды тіркеуге және өңдеуге қанша уақыт жұмсайтынын есептеу үшін.
Осы деректер негізінде кейбір функцияларды бөлімдерге беру туралы шешім қабылдау үшін.
Құжаттарды өңдеуге және тіркеуге кететін уақытты дұрыс есептеу үшін.