ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ПЕН СЕРПІЛІС
А.Б. Сарман
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: [email protected]
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің ӛзі қомақты қаржылық және ӛндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, кӛптеген шарушылық орталықтары жабылуда.
Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы тӛтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны 2007-2008 жылдары байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық кӛздердің белсенділігінің күрт тӛмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық ӛсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы ӛнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік.
Ал қазіргі таңда кӛшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады [1].
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы ғылыми мақаланың тақырыбы қазіргі таңда ӛте актуалды.
Қаржы мамандарының айтуы бойынша, қаржылық дағдарыстың себебі – қаржы саласы активтерінің шектен тыс кӛтеріліп, ішкі жалпы ӛнімдердің нақты ӛсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр.
Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі – еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі – нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы
дамыту деген сӛз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған [2].
Әлемнің дамыған елдері соңғы 30 жыл ішіндегі ең терең дағдарысты бастан кешу үстінде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы осылай деп мәлімдеді. Ұйымның жорамалына сәйкес, осы құрылымға мүше елдердің Жалпы ішкі ӛнімінің кӛлемі 2012 жылы орта есеппен 0.4 пайызға тӛмендейді. Оған қоса жұмыссыздық та күрт ӛседі.
АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы, бүгінгі күнде әлемнің барлық елдеріне, оның ішінде дамыған және дамушы елдердің экономикаларын әлі де шайқатуда. Кейбір сарапшылардың болжауынша, ағымдағы жылда кейбір елдердің экономикалары рецессия процесінен шығып, аздаған ӛсім кӛрсетуіне қарамастан, дағдарыс құрсауынан толыққанды шығу туралы айту ерте, сонымен қатар, дағдарыстың түбі әлі де болса кӛрінбей отыр, - деп болжауда. Осыдан бірер жыл бұрын дағдарыс күшіне ене бастағанда, дамыған АҚШ-тан бастап, дамушы елдердегі кӛптеген үлкенді кішілі банктер, алып сақтандыру компаниялары, ӛндіріс орындарымен зауыттар жабылды, бұл келеңсіз үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жабылған және жабылудың сәл-ақ алдында тұрған ӛндіріс орындарымен банктер және тағы да басқа ұйымдар кӛмек сұрап мемлекетке жүгінді, мемлекет ӛз тарапынан елдегі жағдайдың одан әрі ушықпауы үшін, жұмыссыздардың санын арттырмау үшін, ел экономикасының дамуын белгілі бір деңгейде даму үрдісін сақтап қалу үшін аталған кәсіпорындармен қаржы ұйымдарына барынша, қолдарынан келгенше кӛмегін берді. Бұған мысалды кӛптеп келтіруге болады. Бұл әмбебап үрдіс қаржы дағдарысы кезінде жер жүзінің барлық елдеріне ортақ ереже болып қалыптасты. Әлемдік дағдарыс бүгінгі күннің ең актуалды тақырыптарына айналды. Дағдарыс бүкіл әлемді шарпып, қаржы жүйесіне, мемлкеттердің экономикасына, тұрмыс деңгейіне айтарлықтай ӛзгеріс әкелді. Дағдарыспен күрес жеке мемлекеттер шеңберінде емес бүкіл әлем елдері, халықаралық ұйымдар шеңберінде жүргізілуде.Қазақстан Үкiметiнiң дағдарысқа қарсы бағдарламасы ,әлемдік дағдарыстың беті қайтуының орнына тереңдеген және тек қаржы секторын ғана емес экономиканы тұтасымен қамтығаны анық болған 2007 жылдың күзінде қабылданды [3].
Экспорттық тауарларға бағаның құлдырауы Қазақстан үшін бұрын құрылыс саласын тұралауға әкеп соқтырған ӛтiмдiлік дағдарысына қарағанда кем соққы болмады. Ендi оның қайталануы барлық салаларға қауіп тӛндірді. Үкiметке шұғыл түрде экономикаға мемлекеттiк қаражат есебінен кӛмектесу шараларын әзірлеуге тура келдi. Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ел Үкiметi 2007 жылғы 6 қарашада мемлекеттiң бірінші Дағдарысқа қарсы жоспарын қабылдады.
Осы бағдарламаның негiзгi бағыттарын iске асыру шеңберінде банктердегі ӛтiмдiлік тапшылығымен байланысты тәуекелдерге
дайындықтың қажеттi деңгейi қамтамасыз етілді. Шағын және орта бизнеске қолдау кӛрсетілді. Банктер арқылы шамамен 120 миллиард теңге (салыстыру үшін, 2007 жылы орталық үкiметтiң бюджетi - республикалық бюджет шамамен 2221, 5 миллиард теңгені құрады, бұл ретте,осы соманың 70 %-ы - қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға және тек 30%-ы – жаңа жобаларға) бӛлінді. Бұл қарыз алушыларға қарыз алудың неғұрлым қолайлы жағдайларын жасай отырып, банктердiң кредиттік қоржынының бір бӛлiгiн қайта құрылымдауға мүмкiндiк бердi. Әлi құрылысы салынып бітпеген үйлердің пәтерлерін сатып алушылардан аванстық тӛлемдер алған үй салушылардың ӛздері-ақ банктердi нысаналы қорландыру арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етті. 2007 жылы мемлекет бұл мақсаттарға 550 миллиард теңге бӛлдi.
Әлемдік қаржы дағдарысының әрі қарай дамуы қосымша шаралар қабылдауды талап еттi. 2008 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Бiрлескен іс-қимылдар жоспарының мақсаты Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың келеңсiз салдарларын жұмсарту және болашақ сапалы экономикалық ӛсу үшін қажеттi негiздi қамтамасыз ету болып анықталды.Екiншi тұрақтандыру жоспарын қаржылық қамтамасыз ету үшiн 10 миллиард АҚШ доллары мӛлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты қолданылды. Жоспарды iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің негiзгi операторын «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры» білдіреді, ол мемлекеттiк инфрақұрылымдық, тау- кен ӛндіру компанияларын, даму институттарын бірлестірді және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Мемлекеттiк қолдаудың нысаналы бағыттары ретінде: шағын және орта бизнес, агроӛнеркәсiптiк кешен, тұрғын үй құрылысы,банктер, сондай-ақ экономиканы әртараптандыруға ықпал ету қабілеті бар инвестициялық жобаларды iске асыру болды.
Бiрiншi бағыт - қаржы секторын тұрақтандыру, оның іс-шараларын iске асыруға 4 миллиард АҚШ доллары мӛлшерінде қаражат жіберілді.
Капиталдың әлемдік нарықтарында ахуалдың асқынуы салдарынан қазақстандық банктер ӛтiмдiліктiң «сыртқы» кӛздерiне қол жеткізу проблемаларына тап болды. Осыған байланысты,мемлекет Қазақстанның жүйе құраушы тӛрт жүйе құрушы банктеріне қаржылай қолдау кӛрсетті.«Қазкоммерц» пен «Халық» - бұл екi банкке кӛмек үлесі дауыс беруші акциялардың 25%-ынан аспайтын «Самұрық-Қазына» мемлекеттiк холдингiне ӛтiмдiлік беру және оның капиталынакірумен шектелді. Осы арада бұрынғы акционерлер «Самұрық-Қазынадан» акцияларын қайтып сатып алуға опцион алды. Үкiмет, банктердің болмай қоймайтын таратылуы жағдайында айтарлықтай зардап шегуі мүмкін болған банкке кредит берушілердің мүдделерiн ескере отырып, банктердi қолдау шешiмін
қабылдады. Бiрақ, бұл үшiн банктiң капиталына едәуір салым талап етіледі және тиісінше «Самұрық-Қазынаның» ТАБ банкiндегі үлесі шығарылған акциялардың жалпы санының 75,1%-ын құрады. «Альянс» банкіне ӛтiмдiлік берілді, ол банк акцияларының бақылау пакетiне «Самұрық-Қазынаның»
талаптарын әрі қарай айырбастау шартымен банкке тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкiндiк берді. ТАБ банкі мен «Альянс» банкі бүгінгі таңда Үкiметтiң қолдауымен ӛз мiндеттемелерiн қайта құрылымдауды жүргізіп жатыр.
Екiншi бағыт - 3 миллиард АҚШ доллары мӛлшерінде қаражат бӛлінген тұрғын үй секторын дамыту. Негiзгi міндеттер етіп құрылыс саласының, ипотекалық нарықтың банкроттығына жол бермеу және кредит берушілер мен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау белгіленген.
Бұл мақсаттар үшiн ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы «iске қосылған».
Үшiншi бағыт – шағын және орта бизнесті қолдау. Мемлекеттiк бюджеттен корландыру есебінен шағын және орта кәсіпкерліктің 1 миллиард АҚШ доллары сомасындағы жобаларына кредит берілді. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды бағыты әкiмшiлiк тосқауылдарды азайту шаралар әзірлеу болды. Бұл олардың қызметін реттейтiн барлық нормативтiк құқықтық актілердi қайта қарау жолымен қамтамасыз етілді.
Тӛртiншi бағыт - агроӛнеркәсiптiк кешендi дамыту, оның іс- шараларын iске асыруға 1 миллиард АҚШ доллары мӛлшерінде қаражат жұмсалды.Инвестициялар қазiргi бар ӛндiрiстердi қолдауға және жаңаларын дамытуға, сондай-ақ субъектілерге кӛктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беруге жіберілуде.
Бесiншi бағыт - елдiң экономикасын әртараптандыруға қабілетті инновациялық және индустриалдық жобаларды iске асыру. Бұл мақсаттарды iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен айтарлықтай қаражат бӛлу болжамдалып отырған жоқ. Тек 1 миллиард АҚШ доллары ғана кӛзделген болатын. Қаржыландырудың негiзгi бӛлiгi «Самұрық- Қазынаны» қоса алғанда, жобалар қатысушыларының қарыз қаражаттарын тарту арқылы қамтамасыз етiлуі тиіс. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның жеке бағыты - жергiлiктi маңызы бар жолдарды, жергiлiктi су құбырлары мен кәрізді қоса алғанда,коммуналдық шаруашылық нысандарын, ауруханалар мен мектептердi қоса алғанда, мемлекеттiк мекемелердiң ғимараттарын жӛндеу бойынша жобаларды iске асыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша «Жол картасы». Бұл жобалардың барлығы да едәуір жұмыс қолын пайдалануды болжамдайды. 2009 жылы «Жол картасы» бойынша 191, 3 миллиард теңгелік жұмыстарды орындау болжамдалған, бұл ретте 254,2 мың жұмыс орындарын ашу жоспарланған.2009-2010 жылдарда Қазақстанның экономикасын тұрақтандырудың нысаналы кӛрсеткіштері:
ЖІӚ жылына 1-3% деңгейінде нақты артуы; 7-9% шегіндегі инфляция
деңгейi, 8%-дан асырмайтын жұмыссыздық деңгейi болып табылады.Ресей Дағдарыстан кейінгі әлем институты (ДӘИ) зерттеуінде Қазақстан Ресеймен бір қатарда,дағдарысқа қарсы күреске бұрын-соңды болып кӛрмеген қаражат– ЖІӚ 15%-ын бӛлген елдердің бірі деп аталды. 2009 жылдың қаңтар-маусым айларында аса күрделi жағдайларда ӛткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда, Қазақстанға бірқатар, соның iшiнде
«алға сүйреуші» деп есептелу құқығына ие салаларда кӛрсеткiштердi арттыруға қол жеткізе алды. Бұл цифрлармен алғанда былайша: ауыл шаруашылығы – 2,7%-ға; тау-кен ӛндiру ӛнеркәсiбі - 1,8%-ға; газ конденсатын қоса алғанда, мұнай ӛндіру -3,6%-ға; табиғи газ - 4,5%-ға;
байланыс қызметі - 3,6%-ға ӛскенін кӛрсетеді [4].
Қазақстанға қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр.
Сарапшылар екінші толқыны тағы да тұрғын үй мен банкті кеп ұратыны туралы айтуда. Біздің мұнайымыз бен металымызға деген сұраныс сол еуропалықтардан түседі. Демек, шикізатымызға сұраныс азайып, экспорт көлемі қысқарып, мемлекет қазынасы мен Ұлттық қордың түсімі кеміп кетуі мүмкін ғой.ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко «Дағдарыстың екінші толқыны алдыңғысынан кем түспейді, ондай жағдайда ұлттық қордан 20 миллиард доллар жұмсалуы мүмкін»,- дейді.2008- 2009 жылдары дағдарысты ауыздықтауға Ұлттық қордан 10 миллиард доллар шамасында қаржы жұмсалған. Марченко өз сөзінде жоғарыдағы 20 миллардтың дағдарыс бірнеше айдан бір жарым жылға дейін созылса ғана жететіндігін айтқан. Оның сөзіне қарағанда егер дағдарыс уақыты одан асып кетсе әрі қиын болса, қаржы көбірек жұмсалуы ғажап емес [5].
Сондықтан дағдарыстың екінші толқынына тӛтеп беру үшін мына мәселелерді шешу керек:
Банктердің несиені оңды-солды таратуын шектеу;
Тұрғын үй құрылысын жеке тұлғалардың иелігінен мемлекет иелігіне алу;
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
Әлеуметтік-инфрақұрылым мәселелерін шешу
Ресурстардан келетін қаржыны ұлттық қорға емес, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетіне аудару.
Қорытындылай келе, «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам», - деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.
Әдебиет:
1. Абалкин П. «К цели через кризис» М.г Луч, 2007
2. Абуталипов Ж. Шаг еще шаг: Антикризисная программа в действии //Казахстан: Экономика и жизнь. 2009. №2.
3. Антикризисные меры Правительства РК //КазПравда. -2010. №18.
«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан Республикасы-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы 2009
4. http://www.bnews.kz/kz/main/economics/.