• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР ШЕЖІРЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР ШЕЖІРЕСІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz Б. Рахимов Қарағанды қ., Қазақстан ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР ШЕЖІРЕСІ

http://www.enu.kz

Жер бетіндегі ғұмыр кешіп жатқан елдер мен халықтардың рухани құндылықтары мен мәдениетіне үңілгенде ең алдымен ойға оралып, парасаттылығын парықтауды фольклорынан іздейтініміз мәлім. Дария бастауы – бұлақ болса, адамзаттың алғашқы арманы мен тұрмыс-тіршілік үшін күрес ақпары сонда екенін ғылым анықтаған. Халық даналығының шежіресінен тарихшы, тілші, этнограф, педагог, психолог, философ, ӛнер танушы тағы басқалар болсын керегін табады. Әрбір ұлт пен ұлыстың болмыс-бітімі, дүние туралы таным-түсінігі, салт-дәстүрі, тілі мен дініде синкреттілік тән тӛлтума болмысы фольклордан сәуле шашады. Солай екені шындық. Алайда, рухани құндылықтарды қаз-қалпында жинақтап, шашпай-тӛкпей дер кезінде хатқа түсіріп алу жағынан біздің кем-кетіктеріміз бар еді. Екіншіден, ұлттық фольклорымызды түбегейлі тексеріп, тереңдей ғылыми талдаулар жасауға Кеңес дәуірінің кедергілері болып бақты.

Қазақстандағы Жоғарғы оқу орындарында фольклортанушы ғалымдар жетіспеді. Ұлттық фольклортану ғылымының тынысы тарылып, тар шеңберде ғана ғылыми зерттеулер жүргізілді. Қасаң қағидалардан асып кеткендер болса, дереу сынға алынып келді.

Ұлтсыздандыру жолындағы майданға білек сыбана кіріскендердің айы оңынан туып, ұлтжандылардың жұлдызы жарқырамады.

Кӛшпелілердің дәурені ӛтіп, Кеңес дәуірі кері кеткен тұста дербес ел болу мәселесі күн тәртібіне түсті. Міне, осы кезде ұлтқа қажеттіліктер фольклордан табылды.

Фольклортану ғылымына жаңа толқын қосылып, үлкен ізденістерге жол ашылды. Осы толқынның ішінде ӛзіндік ізденісімен оқшауланып, күрмеуі қиын тақырыптарға бара білген белгілі жазушы, талантты журналист дәулескер күйші, сәулелі сазгер Ақселеу Сланұлы Сейдімбек те бар еді.

Кейде ӛмірдің ӛзіде алтын әріппен жазылатын адамға тосын сый, сәттілікке қадам жасайды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты қудаланып, баспасӛз атаулыдан аластатылғандардың бірі – Ақселеу Сейдімбек болатын. Қиындық басына түскенде адамның оп-оңай күйреп қалатыны бар да, қайыспай қара нардай қасқайа алға тартатын қайсарлығы барлығын уақыт сан мәрте дәлелдеген. Ӛткен ӛмірін ой елегінен ӛткізген Ақселеуде терең толғанып, шұғыл шешім жасады. Жеткен жетістігін, биік беделін, жанашыр жұрттың мүсіркеулерінің бәрін жиып қойып, Ұлттық Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жіне Ӛнер институтына келіп лаборант ретінде қызметке кірісті. Бұл қызметке МҚК наразылығына қарамастан еден тазалаушының бос орнына Ақселеу Сейдімбекті лаборант ретінде қызметке алып, қазақтың талантты азаматын қапысыз таныған сол кездегі институттың директоры Шериаздан Елеукенов екендігі кӛпшілікке мәлім. Жазушы, журналист ретіндегі қаламынан шыққан туындыларынан үлкен ізденіс, терең тебіреніс байқалатын Ақселеудің таза ғылыми іске біржола ғұмырын бағыштауы осылай басталған болатын.

Жастайынан ӛнерге ынтық болып ӛсіп, сол ӛнердің арқасында халқына танымал болған Ақселеуге қатал уақыт үкіміне дауа осынан табылды. Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Ӛнер институтының қолжазба қорларындағы мұрағаттар оның тынысын ашып, қамыққан кӛңіліне үлкен медеу болғаны анық. Күндізгі ісі қолжазба қоры болса, түнгі ізденісі теориялық еңбектерді қайта қарауға ауысты. Лаборанттан басталған жұмысы бірте-бірте кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бӛлім меңгерушісіне дейін ӛсті.

Бұның бәрі ӛзінен-ӛзі келіп, ғылым жолындағы ізденісі арқылы Ақселеуді тауып жатқаны анық. Әйтпесе, жасынан мансап пен атақты мақсат етпегендігі ӛзіне аян. Оны кӛтерген әліде болса игерілмей жатқан бабалар аманаты, рухани құнды қазыналар болатын.

(2)

http://www.enu.kz Фольклорлық мұраларды жинау, жариялау ісіне араласуы арқылы Ақселеу Сейдімбек ӛзінің тӛл ісін тапқан еді.

Фольклортану ғылымына оның бейімі ерте бастан қалыптасып, белгілі дайындықпен келгенін бұлтартпай дәлелдейтін оның мақалалары, балаларға арналған «Алпамыс батыр»

атты қарасӛзбен жазған әсерлі дүниесі мен «Күңгір-күңгір күмбездер» атты еңбегі және ел аузынан жазып алған қазыналары, аңшылар, үңгірлер жайлы жазбалары фольклор жинаушы екендігін ерте танытқан [1]. Алғашқы ғылыми жұмысының тақырыбын

«Қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы қара ӛлең жанры» деп алып, қазақтың қара ӛлеңдерін бір жүйеге келтіріп жинап, қыруар мол құндылықтарды ғылыми айналымдарға түсірген ізденістері еш кетпеді. Ӛзінен бұрынғы тақырыпқа қатысты жазылған теориялық елеулі ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, қара ӛлең жанрының бастау негізі, кӛркемдік табиғаты, қолданыс аясына қатысты жазылған кандидаттық диссертациясы сәтті қорғалды.

Ғылыми кӛпшілік Ақселеудің бұл ісін қолдап, фольклортану ғылымына білікті маман қосылды деп қараса, енді бірі айтары сонымен біткен шығар дегенді де айтып қалды. Іле шала диссертациялық жұмыс негізіндегі «Мың бір маржан» атты монографияның жарық кӛруі күмәншіл бұлттың бетін сейілтті [2].

Данышпан жазушы Л.Н.Толстой: Ғылым мен ӛнер жүрек және ӛкпе сияқты ӛз ара тығыз байланысты, сондықтан бірі бұзылса, екіншісі дұрыс қызмет атқара алмайды [3], - десе, Хакім Абай: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» [4], - деп күңіренгені жалпы жұртқа аян. Дәл осы тамаша таланттардан қалған қағида Ақселеудің ӛміріне қатысты айтылғандай еді. Қаламгердің қолынан шыққан «Сонар» атты [5] деректі әңгімелер болып жарық кӛрген туындысы жоғардағы түйіндерді тап басып, ӛнер мен ғылымды берік байланысқа әкелген таланттың қырын кӛрсетті. Мұндағы «Ӛмір мен ӛнер», «Күретамыр»,

«Даналық ӛрнегі», «Ақын мен күй», «Суреткер және уақыт», «Жанрдың жаңа нышандары», «Экологиялық мәдениет» атты бӛлімдер мен тараулардың негізгі нысанасы ӛнер болса, толғақты түйіні ғылыми пайымдауларға жауап беретіндігін кӛрсетеді. Осы еңбектің жарыққа шығуы, жұрттың құмарта оқуынан автордың ӛміріне ерекше сілкініс туып, ғылымдағы бағыт-бағдарын саралап алуына мүмкіндік туған еді.

Ұлттық фольклортану ғылымында сӛз бен саздың органикалық байланысы барлығы біршама қаузала қаралса да, түбегейлі ғылыми тұрғыдан тақырыпқа алынып, тереңдей тексерілмегендігі айтылып келе жатқан болатын. Киелі күй аңыздарына қатысты мәселенің басы ашық болса да, оның құрылымдық жүйесі мен жеке жанрлық ерекшелігі айқындалмаған. Біз білетін Ақселеу Сланұлының ғұмырының ең бір ӛрелі кезеңдері халқымыздың рухани құндылықтарын жинау болса, соның ішінде күй ӛнерін құмарта тыңдап, күйшілік ӛнер тарландарының мұраларын іздестіруді тӛл ісіне айналдырғаны аян.

Оны бұл іске жетелеген ӛзінің күйшілігі мен күйге деген аса құштарлығы болса, екіншіден, академик Мұхтар Әуезовтің: «Күй аңыздарының кӛп екенін ел біледі, бірақ кітап, баспа білмейді. Егер олқылықтар толып, күйлердің кӛрікті аңыздары, тілдегі баяндауыш әңгімелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып жалғасуымен қатар ауызша фольклор да ӛзінің бір қысқа түрдегі кӛркем әңгіме новеллаларын кӛп байытқан болар еді.

Ұмытылып, жоғалып бара жатқан кӛп-кӛп ескі күйлердің қызық, терең сырлы, мол мағыналы аңыздары да мәдениет мұрасы болып, жӛнін тауып, жолы ашылар еді» [6], - деген ұлағатты сӛзі болатын. Жазушы ретінде қаламынан күйші, күй ӛнері жайлы очерк, әңгімелер жазылды. Жинақтаған күй аңыздарын жариялап отырды. Жұрт құлағына сіңісті болған, күйшілер жеткізген, ұлттық оркестрлер тартатын 500 дей күй белгілі болса, ӛзінің тікелей түз жұмыстары нәтижесінде жинақтаған Ақселеу Сейдімбектің күй аңыздары 2000 асып кетті. Осыншалықты жинақталған қазынаның халық игілігіне айналдырудың кілті ғылымда екендігі А.Сейдімбек еліміздегі маңдай алды Әдебиет және Ӛнер институтына келгенде терең сезініп, бұл ісіне айырықша қолдау білдірген академик С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен үлкен игілікті іске кірісті. Бұл кезең ел тәуелсіздігімен сәйкес келіп,

(3)

http://www.enu.kz құлашты еркін сермеуге тамаша сәттілік туғызған еді. Тақырыпқа қатысты айғақ деректерді түркі әлеміне тереңдей еніп те, байырғы кӛшпелілердің музыкалық мәдениетіне қатысты жәдігерлер мен мағлұматтарды сақтап қалған грек, рим, араб, парсы, қытай мұрағаттарынан іздестірді. Күйді жеткізген музыкалық аспаптардың тарихына терең үңіліп, оның шығуы тегі мен қалыптасу заңдылықтарының сырын санасына сіңірді.

Қазақтың күй аңыздарының болмысынан халықтың салт-дәстүрін, дүниетанымын, ӛткен ӛмірдің сәулесі мен ізін танисың. Зерттеуші осы тұрғыдан күй аңызының тарихи деректілігі мен құрылымдық ерекшеліктерін типологиялық және поэтикалық тексерулердің озық тәжірибелеріне сүйене отырып, жан-жақты саралауды басты бағдар қылып ұстаған. Нәтижесінде күй ӛнерінің пайда болу кезеңдері нақтыланып, әрбір күйдің тарихқа қарым-қатынасы терең түсіндірілген. Түркі тектес халықтардың музыкалық мәдениетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардың сыры айқындалған. Сӛйтіп, күй аңызының дербес жанр бола алатындығы дәлелденген. Ӛзінің қалыптасу болмысына зер салсақ, күй аңыздары ӛте ерте замандар тұңғыйығына тартатынын ғалымның тӛмендегі жіктеулері кӛрсетеді:

Мифтік күй аңыздары Әпсаналық күй аңыздары Аңыздық күй аңыздары

Жағдаяттық күй аңыздары [7].

Құдіретті күй ӛнерінің осылайша жүйелеп алып, ӛзінің ғылыми негіздеулеріне қатысты дәлелді жауаптар береді. Мәселен: Мифтік күй аңыздарына – «Тауқұдірет»,

«Қызылқан», «Шұбар киік» және т.б. күйлердің жататыны, олардың мифтік санаға қатыстылығын құрылымдық жағынан терең түсіндіріп берген. Әпсаналық күй аңыздарына

«Шақыру», Қорқыттың «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Халқым-ай», «Желмая» күйлері және

«Қос мүйізді Ескендір», Асанқайғының «Зар», «Желмая», «Ел айырылған», «Асанқайғы сарыны», Байжігіттің «Қайың сауған» күйлері мен таза әпсаналық сипаттағы «Жорға аю»,

«Балжыңгер», «Ақсақ қыз», «Кӛк тӛбет» т.б. күйлері жатқызылса; Аңыздық күй аңыздарына – Кетбұғаның, Бейсенбі, Боғда, Дайрабай, Құрманғазы және т.б. күйлерінің аңызға айналуы мен бірнеше нұсқаларының пайда болуларының фольклорға тән екендігін мойындатады. Жағдаяттың күй аңыздарына «Қыз қашқан», «Қағытпа» күйлері жататындығы және бұл терминнің фольклорда алғаш қолданушы екендігін дәйектеген.

Күй ӛнерінің пайда болуы және оның аңызға айналып кету себебін тұрмыс-тіршілікпен, тарихи оқиғалармен сабақтастыра қарау арқылы ғылыми еңбек ӛз мәресіне жеткен.

Күй аспаптары туралы деректі пайымдаулар, ғылыми түйіндеулер аса қисындылығымен назар аудартатындығы шындық. Жазушы, журналист, күйші, сазгер Ақселеу Сейдімбектің сан-қырлылығына ғалымдығы қосылғанда қолдаушы кӛп болды. Ат тӛбеліндей ӛздерін ғалым атандырып, данышпан санап жүрген аз ғана топ қана аяқтан шалып, «журналисттік пайымдау ғой», «ғылыми негіздемелері айтарлықтай емес» деген сӛздерді күңкілдей айтқандарын құлағымыз шалды. Ал, «Күй ӛнері» атты еңбек жарыққа шыққан да, әлгілердің ұйқысы қашты, қызғаныштан іштері ӛртеніп, баспасӛз беттерінде ашық пікірлерін айта алмай «от-басы, ошақ-қасындағы» ӛсек-аяңға жол бергенін кӛрдік.

Естіген құлаққа жазық жоқ. Бірде атақ дәрежесі айтарлықтай, үлкен ғалымдарымыздың бірінің аузынан «Ақселеу күй аңызын зерттейді. Бірақ, ол нота білмейді. Сонда оны қалай тексерген», - дегенін естідік. Осы сӛзді қағып алып, істің байыбына бармайтын, данышпан болып елді алдайтындардың да гу-гу лепірмесін естідік.

Бұған мынадай жауаптар жарасатын секілді. Орта Азия мен Қазақстан топырағынан ӛнген, ұлттық музыканың біртуар тұлғалары: Қорқыт, Қойлыбай бақсы, Кетбұға, Асанқайғы, Байжігіт, Нысан абыз, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Тоқа, Дайрабай, Диналар күйлерін нота біліп тартып па, жоқ әлде олардың ізін жалғастырған күйшілеріміз солардың жазып кеткен ноталары бойынша күйлерін үйренгенбе екен.

Екіншіден, мен білетін Сланның ұлы Ақселеу дәулескер күйші болатын. Кез-келгенге қонбайтын ақындық дарын секілді, бұл оған табиғат берген талант еді. Әйгілі берідегі

(4)

http://www.enu.kz күйшілер Ақселеудің алдына келіп күй тартып, ақыл-кеңес сұрағанын кӛзіміз кӛрді. Бес күй тартқанның бәрі күйші емес. Күйшінің құдіреті шертпе күйлер, ілме қағыс күйлер, тармақты күйлер, айтыс күйлерін тарта алумен ӛлшеніп, оның сандаған күйлерді білетіні айқындалады. Айтулы Ақселеудің күйшілік ӛнері осы ӛлшемдермен ерекшеленетін.

Жалпы сӛз бен музыкалық байланысын үлкен тақырып ретінде алып, оның табиғи болмысын ашу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін музыкадан хабарың болуы бір басқа, оны меңгерген майталмандық қана жемісті екені даусыз. Күй ӛнерін зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің еңбегінің жемісінің құпиясы осында тұрғаны ақиқат. Бұл сӛздің анықтамасын күй құдіретін танытқан еңбек береді. Ең бастысы еңбекті оқып, ақыл таразысынан ӛткізіп барып пікір айтқан ләзім. Сӛз аяғын халқымыздың аталы сӛзімен аяқтауды жӛн санадық.

«Күй түсінгенге – жыр, түсінбегенге – дыр».

ӘДЕБИЕТ

1. Сейдімбеков А. Алпамыс батыр. Эпостың ізімен. – Алматы, 1979.-96 б., Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. – 237 б.

2. Сейдімбек А. Мың бір маржан. – Қара ӛлең табиғаты. – Алматы: Ӛнер, 1989. – 255 б.

3. Диналардан шыққан сӛз. Нақылдар жинағы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 183 б.

4. Құнанбаев А. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ӛлеңі.

5. Сейдімбек А. Сонар. Деректі әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1989. – 350 б.

6. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962. – 60 б.

7. Сейдімбек А. Күй шежіре. – Алматы: Ғылым, 1997. – 224 б.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері: Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктерінегізінде жеке адамды

ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ СБОРНИК