• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстан Республикасында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін жетілдіру

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстан Республикасында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін жетілдіру"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЙМАҚТАРДЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ӘЛЕУЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

Л.О. Файзуллаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

Е-mail: [email protected]

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқарудағы соңғы уақытта жүргізіліп жатқан ӛзгерістер аймақтардың әлеуметтік- экономикалық жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай ықпалын тигізді.

Осыған орай аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы және оны мемлекет тарапынан реттеу мәселелері ӛзекті бола түсері сӛзсіз.

Республиканың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ, әр аймақтың ӛзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, ӛзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптасып жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында экономикалық мәселелер арасында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына кӛп кӛңіл бӛлген.

Қуатты Қазақстан – ең әуелі аймақтардың қуаттылығы [1].

Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар кӛп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.

Бүгінде әлемнің кӛп елдерінде осылай жасалуда. Мемлекет ӛз азаматтарының сондай қуатты ӛңірлерге қоныс аударуына кӛмек қолын созуы тиіс.

Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтӛбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады. Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жӛнінде бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – ӛз алдына бӛлек мәселе.

Қазақстанда экономикалық әлеуетті әлемдік даму үрдісінің кӛрсеткіштері бойынша есептеу 2005 жылдан бастап жүргізіледі. Мұндай әлемдік тәжірибе негізгі кӛрсеткіштері ретінде халықтың ӛмір сүру ұзақтығы, адам даму индексі, халықтың әл-әуқатын арттыру, қоршаған ортаның жағдайы, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын халықтың жұмысбастылығы алынады. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына елдің ЖІӚ кӛрсеткіші 105,2% құрады. Қазақстан экономикасы үшін, сондай-ақ басқа да

(2)

мемлекеттер үшін жалпы ішкі ӛнім кӛлемінің ӛсуімен бірге оның бірқалыпты бӛлінуі маңызды болып табылады. Еліміздің экономикасы соңғы онжылдықта серпінді ӛсімді кӛрсетіп келеді. Алайда микроэкономика деңгейінде және жекелеген аймақтық даму деңгейінде мүлдем басқаша ахуал орын алып отыр [2].

Географиялық орналасу және аймақтың табиғи-ӛндірістік әлеуеті, ӛнеркәсіп пен ауылшаруашылығының даму деңгейі, тұрғын халық саны мен жұмысбастылық сияқты факторларға тәуелді болатын жалпы ӛңірлік ӛнім (ЖӚӚ) – аймақтың даму кӛрсеткіштерінің ең маңыздысы болып табылады.

ЖӚӚ нарықтық бағада экономикалық қызмет түрлері және тауарлар мен импортқа таза салықтар бойынша жалпы қосымша құнның сомасын кӛрсетеді.

2012 жылдағы Қазақстанның ӛндірілген жалпы ӛңірлік ӛнімі 20 378 226,6 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 105,2%-ға ӛсті. Жалпы ӛңірлік ӛнім ӛндірісінде ең үлкен үлесті Алматы қаласы – 18,2%, ал ең аз үлесті Солтүстік Қазақстан облысы 2,1% алады.

ЖӚӚ-ң жоғары ӛсім қарқыны Шығыс Қазақстан облысында (14,0%) және Астана қаласында (13,8%) байқалады (Кесте 1).

ЖӚӚ салалық құрылымдарда соңғы жылдары ӛсім ӛнеркәсіптік ӛндірісте байқалады 2,3%. Осы кезең аралығында құрылыс үлесі де 5,8%-дан 6,6%-ға ӛсті. Бір мезгілде ауыл шаруашылығының үлесі 14%-дан 8,8%-ға азайды. Жалпы республикада сауда, транспорт, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет кӛрсететін экономиканың басқа да салаларын ӛзіне қосатын қызметтер үлесі 48%-дан 50,1%-ға ӛсті [3].

Кесте 1 – Қазақстан Республикасының 2012 жылғы жалпы ӛңірлік ӛнімі, млн.теңге

Жалпы ӛңірлік ӛнім

млн.теңге

ӛңірлердің ЖӚӚ-дегі

үлес салмағы, пайызбен

нақты кӛлем индексі, алдыңғы

жылға пайызбен

жан басына шаққандағы

ЖӚӚ, мың. теңге

жан басына шаққандағы

ЖӚӚ-ң орналасу

тәртібі Қазақстан

Республикасы 20 378 226,6 100,0 105,2 1 208,9 х

(3)

Ақмола 560 515,5 2,7 102,3 765,8 12

Ақтӛбе 1 035 622,3 5,1 106,9 1 304,5 8

Алматы 960 423,2 4,7 107,7 495,5 14

Атырау 2 343 494,4 11,5 96,1 4 244,9 1

Батыс Қазақстан 968 431,1 4,8 103,0 1 570,9 5

Жамбыл 516 616,1 2,5 109,7 484,2 15

Қарағанды 1 865 363,5 9,2 100,7 1 369,3 6

Қостанай 739 912,5 3,6 101,1 840,9 11

Қызылорда 791 443,6 3,9 104,5 1 093,7 9 Маңғыстау 1 362 366,9 6,7 101,5 2 418,2 3 Оңтүстік

Қазақстан 1 122 861,5 5,5 106,3 421,0 16 Павлодар 1 006 449,7 4,9 104,5 1 344,5 7 Солтүстік

Қазақстан 430 947,1 2,1 99,2 742,4 13

Шығыс Қазақстан 1 214 116,1 6,0 114,0 870,6 10 Астана қ. 1 752 362,2 8,6 113,8 2 274,5 4 Алматы қ. 3 707 300,9 18,2 109,7 2 527,5 2 Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған.

Қазақстан Республикасы аймақтарының даму аспектілерін қысқаша шолудан келесі шараларды қолға алу керектігін байқауға болады:

- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің айырмашылықтарын азайту және оларды теңестіру;

- Елде экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, аймақаралық сәйкессіздікті жоюға бағытталған тетіктер құру;

- Ӛнеркәсіптегі шикізатқа бағытталуды азайту, салалық әртараптандыруды жоғарылату;

- Аймақтың ғылыми-техникалық сферасынның ахуалын анықтау.

Қазіргі таңда ел экономикасыда орын алып отырған оң тенденцияларға қарамастан, ең алдымен ӛнеркәсіп саласындағы ахуал оңтайлы деп айтуға жарамайды (2010 ж. ӛсім 2009 жылмен салыстырғанда 4,6% ғана құрады).

Аймақтың ӛнеркәсіптік дамуында бірқатар ӛткір мәселелер бар.

Біріншіден, ел экономикасының шикізатқа бағытталғандығы жалғасуда.

Шикізат секторы есебінен экономиканың ӛсуі тек шектелген уақыт аралығында мүмкін екені барлығымызға белгілі. Еске сала кетсек, бұл әлемдік тауарлы-шикізаттық нарық, оның ішінде кӛмірсутек шикізат нарығы конъюнктурасының жайлы жағдайында мүмкін болады. Жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды салалар дамуының ойдағыдай жүрмеуі

(4)

қаржыландырудың аз кӛлеміне байланысты. Мысалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2008 жылы шығын ЖІӚ-нің 0,3% құрады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүше елдері арасында бұл кӛрсеткіш ЖІӚ-нің 1%-нан жоғары болып табылады. Ӛзге мемлекеттермен салыстырар болсақ, Швецияда ЖІӚ қатысты ғылыми-зерттеу қызметіне шығын үлесі соңғы жылдары шамамен 4%, АҚШ, Германия, Жапонияда 3% шамасында, Ұлыбритания, Францияда 2%-дан жоғары.

Екіншіден, ӛнеркәсіптің кӛп салаларында әлі күнге дейін моральды ескірген, физикалық тозған құрал-жабдықтар пайдаланылады. Тау-кен ӛндірісі бойынша тозу деңгейі 39,2%, сонымен бірге ӛңдеуші және машина жасау ӛнеркәсіптерінде бұл кӛрсеткіш сәйкесінше 29,4% және 32,2% құрап отыр. Ескірген машина мен құрал-жабдықты ӛндірістен шығару ӛте баяу жүргізіледі, бұл жою коэффициенттерінің тӛмен екендігін кӛрсетеді.

Ӛңдеуші ӛнеркәсіпте негізгі құралдарды жаңарту мен жою коэффициенттері сәйкесінше 15,5% және 1,5%, машина жасау – 29,4% және 1,6%, тау-кен ӛнеркәсібі – 15,5 және 0,7% құрайды. Саланың негізгі құралдарының жартысынан кӛп үлесін құрайтын машиналар мен құрал-жабдықтардың 40%- ы тозған.

Осындай жағдайлардың орын алуы мемлекеттің экономикалық даму бағдарлармаларын, бағыттарын қарастырғанда аймақтық факторларға жете мән берменгендік салдарынан деуге болады. Демек, үкімет осы мәселелерді ескеріп, оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыруы қажет.

Қазақстанның кейбір аймақтарының экономикалық артта қалуын тӛмендету және бірқалыпты дамымауын реттеу, ӛнеркәсіп салаларының әлсіздігін түзету, яғни аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруі үшін келесідей жетілдіру шараларын жүзеге асыру қажет:

- Жалпы ӛңірлік ӛнім ішіндегі шикізат ӛндіру бӛлігін экспортқа бағытталған ӛндіріске ауыстыру негізінде экономика салаларын әртараптандыру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ӛсуін қамтамасыз ету;

- Аймақтың ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін қарастыру;

- Халықтың ӛмір сүру дейгейі мен денсаулығына ықпал ететін ауыз су мәселесін шешу;

- Әлеуметтік-мәдени сала ӛнімдері мен қызметтерінің отандық нарығын қалыптастыру және қарқынды дамыту;

- Аймақта озық технологиялар мен заманауи техниканы пайдалану арқылы индустриалды-инновациялық қызметті ынталандыру;

- Жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту.

(5)

Міне, осындай іс-шаралар мен бағыттар аймақтардың әлеуметтік- экономикалық дамуына, аймақтар арасындағы алшақтықты бәсеңдетуге ӛзіндік серпін бере отырып даму мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //2012 жыл 27 қаңтар

2. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік- экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі //Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.

3. Қазақстан ӛңірлері туралы cтатистикалық жинақ //ҚР Статистика агенттігі: Астана. – 2012.

Referensi

Dokumen terkait

Сонымен қатар, ӛткен жыл бойынша Қазақстан сенімді және тҧрақты экономикалық ӛ су траекториясын кӛрсетіп отыр.. Экономиканың негізгі салаларының ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, кӛ

Елдегі экономикалық белсенді, шағын және орта кәсіпорындарды басқаратын әйелдер қолынан мҥмкіндігінше әлеуметтік кӛмек кӛрсетуге талпынады.. Зерттеуге қатысқан респонденттерге