• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТАҒЫ ҚЫТАЙ ПОЗИЦИЯСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТАҒЫ ҚЫТАЙ ПОЗИЦИЯСЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОЖ: [32+33] (510) «20»

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТАҒЫ ҚЫТАЙ ПОЗИЦИЯСЫ Ыбыраева З.М., [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Қ.Ғ.Даркенов

Жаңа аяқталған 18-ші Жалпықытайлық съезд кезекті ретте ҽлем назарын Қытайдың ҿзіндік ерекше даму жолына жҽне мемлекет жеткен экономикалық нҽтижелеріне аудартты. Соңғы 10 жылда ҽлем ҚХР планетаның екінші экономикасына қарқынды түрде айналуының жҽне елдің кең кҿлемдегі экономикалық қалпына келуіне жетудегі жігерінің куҽгері болды. Батыс БАҚ Қытайды кҿбіне ҽлемдік экономиканың

«двигателімен» теңейді.

«Қытай экономикалық ғажайыбының» себептері - ӛте арзан оның ҥстіне еңбеққор, мамандандырылған, ойлап тапқыш жҧмыс кҥші, шетелден келетін мол инвестициямен қамтамасыз етуші биліктің ақылды экономикалық стратегиясы, ішкі тҧрақтылық және т.б. факторлар. Қытайдың бейбіт ортаны қамтамасыз етуге мақсатталған сыртқы саясаттың бағыты да соңғы рӛл ойнамайды [1, 9-б].

220

(2)

Қытай қазіргі таңда ҽлемдік экономиканың индустриалды кҿшбасшысы жҽне ең ірі сауда экспортеры. 2012 ж қорытындылары бойынша Қытай ЖІҾ алдыңғы жылға қарағанда 7,8% -ға ҿсіп, 51,93 трлн юаньды (8,28 трлн долл.) құрады. 2012 жылдың IV кварталы бойынша қытайлық экономиканың ҿсімі 7,9% құрады. 2012 жылы III кварталда ЖІҾ ҿсімі 7,4% , ал II кварталда - 7,6%, жҽне I кварталда - 8,1%-ды құрады [2]. Бҧл Қытай экономикасының даму қарқынының тҧрақтылығын байқатады.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында Қытайдың сыртқы саудасы 2,842 триллион долларды құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6,2%- ға ұлғайды. Қытай экспорты 7,4%-ға, -1 триллион 495,39 миллиард долларға , импорт 4,8%-1 триллион 347,08 миллиард долларға ҿсті [3]. Экспорт пен импортты талдасақ жағымды сальдоны кӛреміз.

Қытай экономикасы жыл сайын «аралдық мемлекет» моделіне жақындап келе жатыр, яғни шикізаттың шеттен келуіне тҽуелділік жағдайындағы шаруашылық жүйесінің моделі. Мұндай модельдің мысалы ретінде Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді алуға болады.

Ҽрине, қазіргі кезде ҚХР-дың шикізат жеткізіліміне тҽуелділігі Жапония мемлекетіндегідей емес. Қытайда ҿзінің біршама ресурстары бар. Бірақ жыл сайын ҚХР-ң шикізатқа деген мұқтаждығы ҿсіп жатыр. Мҽселен, бір кездері Қытай энергетикалық ресурстармен ҿзін ғана емес, кейбір кҿрші мемлекеттерді де қамтамасыз етті. Ал 1993 жылдан бастап, ҿндірістің жҽне сыртқы сауда ҽрекетінің жаңартылуынан бастап, энергетикалық ресурстарды тасымалдаушы елдер қатарынан мұнай импортерлер тобына кірді. 2003 жылдан бастап Қытай бұл топта АҚШ-тан кейін екінші орында тұр [4].

Оның үстіне, ірі экспорттық нарықтар (АҚШ, ЕО) ҿздерін нашар сезінуде жҽне Қытай бұл мемлекеттер жағынан ҿзінің ҿнімдеріне деген сұраныстың ұлғаюын күтпеген дұрыс екенін толық түсінеді. Қытайға жаңа нарықтарды игеруге тура келеді. Сондықтан, ҚХР жаңа тҿрағасы ҿзінің бірінші шетел сапарын Вашингтонға немесе Брюссельге емес, Москваға жасағалы жатқаны, кездейсоқ емес. Артынша, Африкаға сапармен бармақшы.

Сыртқы Істер Министрі Ян Цзечи пресс-конференция кезінде хабарлауы бойынша, ҚХР- дың іргелес мемлекеттермен тауар айналымы кҿлемі $1,2 трлн жеткен, бұл кҿрсеткіш Еуроодақпен жҽне АҚШ-пен жасалған сауда айналымын қосып алған сомадан артық.

Африкаға келетін болсақ, Қытай аталған континенттің экономикасына салған тікелей инвестиция кҿлемі бойынша бірінші орынға шықты [2].

Бұрын батыстық экономистер Қытайдың мемлекеттік кҽсіпорындарының нҽтижелілігінің тҿменділігін жҽне олардың арасында бҽсекелестік жоқтығын кҿп айтатын. Ҿткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары Қытайдың 500 ірі мемлекеттік компанияларынан келетін пайда бір американдық GM корпорациясының кҿрсеткішінен тҿмен болған. Бірақ, онжылдықтағы даму арқасында ҚХР-ң 42 орталық кҽсіпорыны 2012 ж жарияланған ҽлемнің 500 дамыған компанияларының тізіміне кірді. 2002 жылдан 2011 жылға дейін Қытайдың орталық кҽсіпорындардың активтері 7 трлн. 130 млрд. юаньнан 28 трлн юаньға дейін , операциялық пайда 3 трлн. 360 млрд. юаньнан 20 трлн. 200 млрд.

юаньға дейін ҿсті.

Ҿткен кезеңдерде Қытайдың қаржы саласы батыс экономистері жағынан сынға тап болды, тіптен шетел БАҚ ―техникалық банкроттық‖ туралы сендірді, ҚХР финанстық индустриясы - ―баяу ҽсер ететін үлкен бомба‖ деп жариялады. Бірақ, Батыстың «Леман Бразерс» (Lehman Brothers), коммерциялық банк «Голдман Сакс» (Goldman Sachs) қаржылық дағдарыс себебінен банкротқа ұшырағанда, ал қытай банктері керісінше, бұл соққыға шыдады. 2008 жылы Қытай индустрияның жалпы пайдасы, пайданың ҿсімі жҽне капитал инвестициясының тиімділігі сияқты кҿрсеткіштерден ҽлем бойынша бірінші орын алды. Қазіргі уақытта Қытайдың Сауда-ҿндірістік, Ауылшаруашылық, Құрылыс банктері жҽне Қытай Банкі ҽлемнің 10 ірі банкінің тізіміне кіреді [1].

ҚХР инновациялық түрдегі елдердің қатарына енді. Елде толығымен индустрализация жүзеге асырылған, информатизацияның деңгейі ҿсіп келе жатыр,

221

(3)

урбанизацияның сапасы жақсарып жатыр, ауылшаруашылығы саласын модернизациялауда жҽне социализмнің жаңа құрылыстарын салуда да кҿптеген нҽтижелерге жетті. Үйлестірілген аймақтық дамудың механизмі құрылып, сыртқы ашықтығының деңгейі біртіндеп ҿсіп келе жатыр, елдің халықаралық бҽсекелестік қабілеті де ұлғаюда.

Миллиондаған жұмыс орнын жасаған жҽне қытайлықтардың ҽл-ауқатының жоспарлы жоғарлауын қамтамасыз еткен экстенсивті экономикалық ҿсудің қарқынды моделі таусылуға жақын. Егер ҚХР экономикалық ҿсуі 10%-дан асса, қазіргі кезде партия жҽне үкімет бұл кҿрсеткішті 7-8% деңгейінде ұстап тұруды мақсат етеді. Есесіне, қытай экономикасы технологиялық серпіліс жасап жатыр жҽне кҿп жағдайларда ҿзінің қалыптасқан ішкі нарығына сүйене алады [2].

«Тяньаньмэнь жарақаты», АҚШ-ның ҽлемде жҽне Азия-Тынық мұхит аймағында (АТР) доминанттық ролі жҽне кҿрші мемлекеттердің Қытайға сақтықпен қарауы қытай басшылығын сыртқы саясаттағы бағытын қайта қараудың қажеттілігіне итермеледі. Жаңа доктрина үш міндетті шешуге бағытталды. 1. Ҿз шекарасы тҿңірегінде «бейбіт кҿршілік белдеуін» құру мен Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттермен қарым қатынасты қалыпты жағдайға келтіру; 2.Ұлы державаларға қатысты кҿп векторлы жұмсақ саясат жүргізу; 3.

Жаһандық жҽне аймақтық кҿпсалалы ұйымдар шеңберінде белсенді іс ҽрекет жүргізу;

ҚХР-ның сыртқы саясаттағы доктриналарының жаңартылуы 1999-2007 жылы жүрді. Пекинның халықаралық бағыты «мемлекетті, халықаралық қатынаста жүріп жатқан үдерістерге жай ғана кҿңіл бҿліп отыратын емес, халықаралық жүйені қалыптастыруға қатысатын ұлы держава статусын алуды жүзеге асыратын» амалдар жүйесінен құралды.

Бұған дейін Қытайдың саясаты «қорғаныстық» болса, енді назарын кҿбіне дипломатиялық шабуылға аударды.

Қазіргі таңда ҚХР басымдылықтарына келесі міндеттер жатқызылады, екіжақты серіктестік жүйені орнатуын тек Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақта жҽне Орталық Азия аймағында шектелмей, ҽлемнің алыс қашықтықтағы елдерімен де (Африка, Латын Америкасы) дамыту, сонымен қоса Қытай рҿлін кҿпжақты дипломатияда жоғарылату (БҰҰ, АТЭС, АСЕАН, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы кеңістігінде).

ҚХР-ның сыртқы саясатының ресми құжаттары ҚХР дамуы халықаралық қоғамның дамуымен ілесіп жүреді деп қарастырады. Қытайдың сыртқы жҽне ішкі жағдайлардағы аспектілерінің ҿзара тҽуелділігін мойындауы ресми деңгейде бірнеше рет дҽлелденді.

«Қытай болашағы жҽне тағдыры халықаралық қоғаммен тығыз байланысты. Қытай қалған ҽлемнен оқшауланып дами алмайды, ал ҽлем Қытайсыз тұрақтылыққа жетпейді жҽне Қытайсыз дами алмайды » [5].

1997-1998 жылдары Қытайдың ҽлемдік қаржылық нарықтағы алыпсатарлыққа қатысуының тҿмен болуы оған Оңтүстік Шығыс Азия қаржысының дағдарысына қарсы тұруға кҿмек жасаса, бірақ тура осы фактор Қытайға ҽлемдік экономиканы реттеудегі толық қатысушы болуға бҿгет болды [4].

Пекин ҿз ықпалын ҽлемдік аренада күшейтпекші. Ян Цзедин мҽлімдеуі бойынша, Қытай ―халықаралық жүйенің дамуын ҽділетті жҽне рационалды болуын қамтамасыз ету мақсатында ‖ ғаламдық саясатқа белсенді қатысады. Бұл мҽлімдемесін біз қалай түсінуіміз қажет?

Біріншіден, ҽлемдік байлықты дамушы елдердің пайдасына қарай қайта бҿліске салу (оларды толық бақылауда ұстау).

Екіншіден, ғаламдық қаржы жүйесінің дағдарысқа ұшырағыштығын азайтатындай жҽне доллардың бҿлінбейтін үстемдігінен құтылатындай етіп реформалау. Пекин бұл мҽселедегі сындарлы жоспарында юаньды интернационалдандыру жолына кірісті.

Қазірдің ҿзінде, юань азиаттық жҽне африкалық ҽріптестерімен екіжақты сауда жҽне валюта-қаржы тҿлемдерінде белсенді қолданылуда [6].

(4)

Қытайдың ҽлемдік қаржылық үдерістерге деген ҽсері күшті болуы үшін келесі мҽселелерді шешуі тиіс: негізгі ғаламдық қаржылық институттардағы ҿзінің қатысуын кеңейту; БРИК жҽне «20 Қаржы Министрі жҽнe Орталық Банк Басшысы Тобы,»

кеңістігінде негізгі қаржылық шешімдерді қабылдауда ҿзінің рҿлін жаңарту, ұлттық валютаны басқа елдермен екі жақты есептесуде қолдануға кҿшу.

Осы мҽселелерді шешу үшін Қытай сыртқы саясаттың жаңа құралын-қаржылық дипломатияны қолдануды бастады. Бұл 2009 жылдың сҽуір айында Лондонда ҿткен «20 Қаржы Министрі жҽнe Орталық Банк Басшысы Тобы» саммитінде ерекше кҿрініс тапты.

Қытай ҿкілдері ҿзінің сҿз сҿйлеу барысында Халықаралық Валюта Фонды жҽне Дүниежүзілік Банк шешімдерін қабылдауда, ҽсіресе халықаралық қаржылық кҿмекті бҿлу мҽселелерінде дамушы елдердің құқықтарын кеңейту қажеттігін атап ҿтті [7, С. 236-287].

Үшіншіден, Қытай ақыр соңында АҚШ-ты жалғыз ҽлемдік жандарм рҿлінен арылту үшін ҿзінің саяси жҽне ҽскери беделін ҿсіріп жатыр. Тек ресми мҽліметтер бойынша, ҚХР ұлттық қорғанысына деген шығындары осы жылы 10,7%-ға ҿсіп, $115 млрд құрайды, аталған кҿрсеткішпен Қытай ұлттық қорғанысқа арналған шығындар бойынша дүниежүзі елдері арасында екінші орын (1 орын АҚШ-$630 миллиард) алады.

Қытайдың қарулы күштерінің сапалы дамуы (авианосец, ұшқышсыз ұшақ жҽне барлық ракеталық қару-жарақтарының спекторын қосқанда) оны шынайы түрде ұлыдержаваның рҿліне келетін үміткер ретінде қарастыруға жағдай туғызады.

Жақында ҚХР ҿзінің алғашқы авианосец «Ляонинді» құрастыруды аяқтады.

Қытайлық мемлекеттік кемежасау корпорациясының басшысы Ху Вэньмин :

―мемлекеттің жетіспеушілігін толтыру мақсатында жҽне авианосцеларымызды ҿз бетінше құрастыруымыз үшін, ҿзіміздің құрастыру жобаларымызды, қарушығару жҽне жабдықтандыру бойынша ҿндірістік күшімізді дамытуымыз қажет‖ деп жария етті [4].

ҚХР-дың сыртқы саясатына ҽсерін тигізген дағдарыстың маңызды салдарының бірі-дамыған елдердің шетел нарықтарындағы экономикалық белсенділігінің уақытша тҿмендеуі еді. Бұл фактор Пекинге ҿзінің «цзоу чуцюй» стратегиясын-қытай ҿнеркҽсібінің сыртқы нарыққа шығуы жҽне шетел активтерін иеленуге қолайлы жағдай жасады. ҚХР үш ірі мұнай монополиясы- «Petrochina», «Sinopec» жҽне CNOOC 2009ж бірінші жартысында шетелмен жалпы соммасы 12 млрд. долл.тең келісімдерге отырды.

2009 ж маусымда «Petrochina» Батыс Африка жҽне Таяу Шығыстағы мұнай ҿнеркҽсіптерін иеленген канадалық «Addax» компаниясын сатып алды. Осы мҽліметтер арқылы Пекиннің экономикалық тҽбеті едҽуір ҿскенін кҿреміз.

Қытай үкіметі энергетика-ресурстық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше кҿңіл бҿліп жатыр. Бұл түсінікті жайт: Қытайдың сыртқы минералдық ресурстарға, бірінші кезекте, энергетикалық ресурстарға тҽуелділігі ҿте жоғары болып табылады. Қазіргі кезде Қытайдың мұнай импорты күніне 4,4 млн. барель (шамамен 587 мың тонна). Қытайлық срапшылардың берген бағасы бойынша, Қытайдың мұнай импорты 2020 жылы жылына 270 млн. тонннадан 430 млн тоннаға дейін жетеді.

Түрлі ресурс кҿздеріне деген мұқтаждық себебінен, Қытай ҿзінің назарын Африка, Таяу Шығыс, Латын Американың ресурстарға бай мемлекеттеріне аударып отыр. 2007- 2010 жылдар аралығында қытай басшылары Африканың барлығы дерлік мемлекеттеріне сапармен барып келді жҽне ҿз елінде де кҿптеген африкалық мемлекеттердің басшыларын қабылдады. Бұл қарым қатынас Қытайдың стратегиялық мүддесімен жҽне отын- энергетикалық кҿзіне деген сұранысының жыл сайын ҿсе түсуімен тығыз байланысты болып отыр.

ҚХР-ң ортаазиялық жҽне каспийлік «энергетикалық бассейндерге» тартылысы айқын жағдай. Аталған дүние бҿлігінен келетін тасымалдар, тұрақсыз Парсы шығанағы аймағына деген тҽуелділікті азайтуға мүмкіндік береді жҽне құбыр бойынша тасымалдау, теңіз бойынша тасымалдағаннан гҿрі ҽлдеғұрлым жеңіл жҽне қауіпсіз. Сондықтан да болар, Қытай орталық Азия мемлекетеріне жҽне каспий аймағына қатысты белсенді экономикалық саясат жүргізуде.

223

(5)

Ал, Таяу Шығыстағы кҿмірсутек жеткізілімдері Малакк бұғазы арқылы жүргізіледі жҽне бұғаз қауіпсіздігі АҚШ теңіз-ҽскерінің күштерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайды Қытай ҽскери-стратегиялық мҽселе ретінде қарамастырғанымен, бұл аймақтан бас тарта алмайды.

Дағдарыс жағдайында Қытай кҿмірсутек сұранымының жалғыз драйверіне айналып, мұнай-газ нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды үлесін қосты.

ҚХР жағынан мұнайды сатып алу туралы мҽліметтер тек бағаға емес, сонымен қоса ҽлемнің энергетикалық нарығының болашақ құрлымына алмастырушы мен энергияны үнемдеуде қарқынды ізденуге себепші болып, кҿп ҽсер етеді [8].

Қытай саяси үрдісінің ерекшелігі- кенет қадамдардан принципті түрде бас тартуы.

ҚХР сыртқы саясаты назар аудартпайтын күйде сақталып, белсенділігі артуда.

ҚХР жаһандық істерге қатысудың кеңейтілу бағытын ұстанады. Сыртқы саясат қызығушылықтарының кең кҿлемдегі спектрын иелене отырып, бірақ шектелген ресурстармен мемлекет ҿз күшін ҽлемдік саясаттың тек басым бағыттарына жұмсайды.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Корреспондент газеты «Жэньминьжибао» У Цюйюй. Китай: секрет стремительного роста 27.11.2012

2. http://www.utro.ru/articles/2013/03/13/1106503.shtml Китай сдал экзамен на сверхдержавность;13.05.13 05:13

3. |Экономика|"РИА Новости"Экспорт Китая достиг в сентябре рекордных $186 млрд;

27.11.2012

4. Константин Пензев. Новое Восточное Обозрение; О проблемах развития КНР.Часть1;

13.10. 2012, 16:08 (мск)

5. Avery Goldstein. The Diplomatic Face of China‘s Grand Strategy: A Rising Power‘s Emerging Choice;

6. Чэнь Юань. Роль Китая в новой мировой финансовой архитектуре – http://finance.

jrj.com.cn/2008/12/1213043050899.shtml

7. Под ред. В.Михеева. Подробнее о ключевых проблемах КНР в валютно-финансовой сфере см. в Китай: угрозы, риски, вызовы развитию; М., 2005.

8. Томберг И. Экономический рост и энергетика в КНР. Новое Восточное Обозрение.

02.11.2012.

Referensi

Dokumen terkait

Қытай Халық Республикасының Тайваньмен қарым-қатынасын ҧзақ жылдар бойы зерттеу объектісіне айналдырған саясаткерлер мен ғалымдар, егер Қытай мен Тайвань ӛзара қарым қатынасын жақсарту