Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Тұжырымдай келе, студенттердің тәрбие жұмыстарында ұлтжандылық сезімді оятатын шараларды кеңінен өткізу. Студенттердің бойындағы ұлттық тәрбиені дамыту. Жоғарғы оқу орындарында оқу- тәрбие жұмысын жоспарлауда дене тәрбиесі сабағымен тығыз байланысты. Ұлттық сезімді оятуға спорттық шаралар кеңінен өткізу керек. Сонымен бірге ұлттық тәрбиемен байланыстыра тәрбиелесек, Қазақстан елінің әрі сапалы, білімді, саламатты, кез келген уақытта өз елін қорғай алатын айбынды азаматтары бар, ата-бабамыздан қалған ұлағатты сөз «тепсе темір үзетін жігіт»
болатыны кәміл. Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол топ бастайтын, ескірмейтін нәрсе, өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат жанға саулық беріп, рухани азық болатын да осы ойын. Ұлттық ойын арқылы ғана ұлттық сезімге жететіндігіміз айқын.
ӘДЕБИЕТТЕР 1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. -Алматы: Білім,1997.
2.ТаникеевМ.Т. Мир народного спорта: Научное издание. -Алматы, Санат,1998. -38 б.
3.Төтенаев Б.Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы: Қайнар, 1994. -57 б.
4. «Қазақстан мектебі» журналы. -№ 9-10. 2005 ж.
Редакцияға 11.11.2011 қабылданды.
Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КРЕАТИВТІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИМПРОВИЗАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІҢ РОЛІ
The article considers theoretical aspects and methodological principles of development of improvisation in formation of pedagogical creativity of future specialists.
Бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Болон үдерісіне енді. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі еліміздің білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа бағдары инновациялық білім беру субъектілерін даярлауды талап етеді. Университет студенттерінің қоғамдық өмірдің өзіндік дамуы мен қалыптасуының субъектісі ретінде инновациялық білім беру ортасында педагогикалық креативтігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау және оның ішкі тетіктерін табу аса маңызды. Инновациялық білім беру үдерісі университет студенттеріне білім берудің әр кезеңінде жаңашылдық идеялар ұсынудағы жаңа тұғырлар немесе туындылар, ақыл-ой әрекеттерінің дәстүрлі жүйелермен сабақтастықта және түрлі іс-әрекетте педагогикалық креативтікті қалыптастыру мүмкіндігін тудырады.
Педагогикалық креативтіктің әдіснамалық негіздерін алыс және жақын шетел ғалымдары Г.Ю.Айзенк, Ф. Баррон, Д. Векслер, М. Вертгеймер, Дж. Гильфорд, С. Медник, В.Смит, С. Тейлор, E.P. Toрренс, X. Tpик, M. Уоллах және басқалар өз еңбектерінде қарастырған. Соңғы жылдары түрлі ғылым салаларында креативтік мәселесін кешенді тұрғыдан зерделейтін, креативті білім беру парадигмасын ойластыруға талпыныс жасаған зерттеулер көбеюде (Д.Б. Богоявленская, Ч.К. Борисов, А.В. Брушлинский, Н.В. Вишнякова, М.С. Каган, А.М. Матюшкин, Я.А. Пономарев және т.б.).
Креативтікті қалыптастыру мүмкіндіктерін ресей ғалымдары Т.Н.Галич, Л.Д.Лебедева, Н.В. Бибикова, А.В. Морозов, Е.В. Алфеева, Т.П. Васильева, оқушылардың креативтігін дамыту мәселесін С.К.Турчак, Г.В.Терехова, педагогикалық креативтік жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби қалыптасуының негізгі факторларын Е.Е. Щербакова, Т.А. Дронова, Л.Г. Пузеп, А.Н. Колпакова, және т.б. қарастырған.
М.М.Зиновкина білім берудің барлық деңгейінде шығармашылық ойлауды үздіксіз дамытудың тұтас креативтік педагогикалық жүйесінің әдіснамалық негіздерін алғаш рет зерделеген.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында «педагогикалық импровизация» термині кеңінен қолданыла бастады. В.А. Кан-Калик педагогтің шығармашылық үдерісінің маңызды элементі «педагогикалық импровизация», өзгермелі қағидаларда үлкен рөлге тең деп пайымдаған [1].
Педагогикалық іс-әрекет барысында туындаған, міндетті, жедел түрде қарым-қатынастық мақсаттарды шешуде, күтпеген жағдаятқа тап болуы мүмкін. Бұл жағдайда эрудиция және педагогикалық мәдениеттің, кәсіби ойлауы, тіл байлығының мол болуы және жалпы сөз мәдениеті, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы үлкен рөл атқарады. Әңгімелесудің әр түрін қолдана алмағанда күтпеген, дайындалмаған қарым-қатынаста еркін шығудың қағидалық маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынаста креативтікті дамытуда импровизацияны басшылыққа алу қабілетіне ие болу керек. Оқушылардың іс-әрекеттерін және жағдаяттарын жедел бағалау, шешімді бірден шығару, алдын ала логикалық талқылаусыз, педагогикалық білімнің эрудицияның, интуицияның, балалармен әңгімелесуде бұл шешімдерді пайдалану, жағдаяттың өзгеруін бақылай отыра, өзінің іс- әрекетін көрсетуде маңызды.
А.К.Маркова педагогикалық импровизацияны мұғалімнің педагогикалық эрудициясының психологиялық сапасы, педагогикалық мақсаткерлік, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық ойлау, педагогикалық интуиция, педагогикалық бақылау, педагогикалық рефлексия және оны педагогикалық шешімнің күтпеген тапқырлығы және оның қабылдауының көптүрлігі, қалыптастырудың үдерстік сәйкес келуі және шағын үзіліс кезіндегі пайдаланылудың маңыздылығын анықтаудың бірі деп есептейді [2].
В.И. Загвязинский педагогикалық іс-әрекетте импровизацияның белгіленуін талқылай келе, педагог үнемі жетілуге міндетті, импровизациялық қабілет болу керек, ойлағанын тиімді және толық айту үшін, сабақта тиімді шешімді іздеу және жасау керек деп белгіледі. Педагогикалық импровизациялық қабілеттің бір түрі екенін ескере отырып, ғалым оны педагогтің жағдаятты жедел бағалау қабілеттілігі деп көрсетеді. Шешімді тез шығару, логикалық талқылаусыз, интуицияның және тәжірибе мен білімнің негізінде жетіледі деп анықтайды [3].
В.Н. Харькин педагогикалық импровизацияны талдауда, В.И. Загвязинскийдің мәліметі бойынша,
«шешу» және «бағалау» қабілетін педагогикалық импровизация деп анықтайды. Мұндай шешім оған жеткіліксіз болды, себебі қабілеттілік әрқашан шыңдалмайды, сонымен қатар маңызды импровизациялық үдерісте түсіп қалады. Педагогикалық импровизацияны зерттеуші оқытушының, тәрбиешінің педагогикалық импровизациялық іс-әрекеті, педагогикалық әңгімелесуде пайда болған, деп түсінеді [4].
Педагогикалық оқу орындарының студенттердің басты зерттеу әрекеті, яғни теориялық негізі оқу іс-әрекетіне байланысты. Біріншіден зерттеу нәтижесі бойынша креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизация іс-әрекетпен тығыз байланысты. Екіншіден әлеуметтік тәжірибенің тез меңгерілуі, мағыналы іс-әрекет барысында ғана тұлға бойында қалыптасады (С.Л. Рубинштейн).
Үшіншіден креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияға дайындығы теориялық білімге сондай-ақ, әр кезеңге қойылған мақсатқа әсер етуіне байланысты.
Зерттеуші ғалымдардың ойы мен теориясын сараптап, педагогикалық импровизацияға болашақ мұғалімдердің іс-әрекетін біз, жоғары оқу орындарындағы студенттерде импровизациялық қабілеттің қалыптасуының алғы шарттары деп алдық.
70-жылдарда ғалым Кузьмина Н.В. мұғалімдерді дайындаудың психологиялық-педагогикалық дайындығы осы іс- әрекеттің бір жолы екенін анықтаған. Кузьмина Н.В. идеясына сүйене отырып, студенттерге педагогикалық-психологиялық оқытушылар арқылы оларда педагогикалық шеберлік, білім, дағды қалыптасады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық білімдері және мұғалімдердің тәжірибе іс-әрекеті, оқыту барысында әсіресе маңызды. Өз зерттеуінде А.И.Щербаков психологиялық-педагогикалық білімдердің жүйелік нәтижесі, студенттердің педагогикалық тәжірибелік тапсырмаларды шешуде, білімдерін нығайтуда белсенді көмек көрсететінін айтады [5].
Л.Ф. Степинский және М.А. Спирин педагогикалық міндетті анықтауға, педагогикалық жағдаят жағынан қарастырады. Олардың ойынша: «Педагогикалық тапсырма – бұл мәселелік жағдаят, ол субьектіге өзінің барлық педагогикалық тәжірибесін және шеберлігін талап етеді.
Ал, А.К. Маркова өз тұжырымдамасында мұғалімнің шеберлігін педагогикалық іс-әрекеттің бірінші педагогикалық міндеті деп қарастырады. Автордың айтуынша, 2-ші тапсырма жалпы түрде – бұл , есеп пәндері кіретін жүйе. Әрине, мұғалім жұмысында педагогикалық тапсырма психологиялық та сипат алу керек. А.К. Маркова педагогикалық тапсырманың ерекшеліктерін көрсете отыра былай дейді: «Педагогикалық тапсырманы шешуде мұғалімнен тез арада педагогикалық жағдаяттан шыға білу талап етіледі». Педагогикалық тапсырманы шешу бірнеше кезеңдерден өтеді. Ю.Н.Кулюткин және Г.С. Суховская келесі кезеңдерді көрсетеді: талдау кезеңі (жағдаяттағы талдау мен бағалау);
құрылымдық кезеңде алға қойылған тапсырманың мазмұны жоспарланады; атқарушы кезеңде мұғалім мен оқушы өз іс-әрекеттерін жүзеге асырады.
С.В. Меленшин, И.Ф. Харламова, А.И. Щербаков және т.б. зерттеулерінде жоғары оқу орындарында студенттер педагогикалық тапсырмаларды көптеп орындаса және ол олардың тәжірибелерінде өз қызметін атқарса, олар білімді жақсы меңгерген деп көрсетеді. Педагогикалық оқу орындарының оқытушыларының алдында студенттерге мәселені шешуде жағдаяттарды қою
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
талап етіледі. Осыны ойлай келе, студенттер оны шешудің жолдарын іздей бастайды. Осылай оқу үдерісінде педагогикалық тапсырмаларды пайдалану педагогикалық импровизацияға студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде жүзеге асыру барысында дайындалады. Мектептің оқу- тәрбие ісінде туындаған осындай педагогикалық талаптар алған теориялық білімдерін педагогикалық импровизация негізінде тәжірибеде қолдануға үлкен мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісіндегі студенттің педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастыруда технологиялық қадам жасау маңызды. Бұл қадам В.П. Беспалько, М.В. Кларин, С.А. Маврин, В.В.Юдин және т.б. ғалымдармен танысып және бағаланған.
Педагогикалық технологияның компоненттері туралы мәселе өте маңызды. В.В. Сериповтың ойынша, педагогтің іс-әрекеті технологиялық деңгейде былай көрінеді:
1. Қойылған мақсаттың болжамының анықтылығы.
2. Оқылып жатқан тапсырманың танымдық және тәжірибелік жүйесі.
3. Тақырыпты меңгерудегі бірізділік және ойының анықтылық кезеңдері.
4. Оқу үдерісіндегі оқушылардың әр кезеңдегі қарым-қатынас көрсеткіші.
5. Осы үдерістегі оқушы мен мұғалімнің түрткілік іс-әрекеті.
6. Шығармашылық іс-әрекеттегі дұрыс шекараны көрсету.
Осылай кез келген педагогикалық технологияның алдына қойған мақсаты оның негізгі компоненті болып табылады. Студенттердің педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастыруда біз В.И.Харькиннің ұсынысына жүгіндік. В.И. Харькиннің зерттеулерінде педагогикалық импровизацияның теориясы мен әдістемесі, студенттердің төменгі деңгейден жоғары деңгейге көтерілуі, педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастырудың негізі болып есептеледі.
Автордың ойынша, педагогикалық оқу орындарында педагогикалық импровизацияға дайындау – болашақтың ісі, бірақ бұндай дайындықтың кейбір жолдары анықталып қойған.
Бірінші жолы - педагогикалық оқу орындарында импровизациялық оқытудың элементтері берілген мерзім ішінде білім беру.
Екінші жолы - педагогикалық импровизацияның арнаулы тренингі, автордың ұсынуы бойынша оның мазмұнына келесі тақырыптар кіреді:
- педагогикалық импровизация оқу-тәрбие феномені;
- педагогикалық импровизацияға дайындалудың диагностикасы;
- педагогикалық импровизацияның құрылымдық жүйесі;
- педагогтің назарының дамуы;
- педагогикалық бастама және шығармашылықтың дамуы;
- педагогикалық импровизациядағы сабақтың талдауы;
- банктегі педагогикалық импровизацияның экспресс-талдауы;
- педагогикалық тапсырмалардың импровизациясы және шешімі;
- іс-әрекеттің және ойлаудың жылдамдық тренингі;
- педагогикалық импровизацияға өзіндік даярлау.
Берілген мәселенің аспектісін зерттеуді қорытындылау барысында біз педагогикалық импровизацияға болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыруда отандық педагог- психологтардың тұжырымдарына (П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, М.Н. Щербаков) сүйенеміз. Психологиялық, педагогикалық және философиялық әдебиеттерге талдау, болашақ мұғалімдердің педагогикалық импровизацияға дайындау мынандай қорытындыларды береді:
1. «Педагогикалық импровизация», түсінігіне әр түрлі ғалымдар, түрлі анықтамалар беріп, дәл ойларын айтты. Біреулер оны педагогтің педагогикалық жағдаяттан тез шығуы (В.И. Загвязинский);
тағы біреулер - мұғалімнің психологиялық сапасы ретінде (А.К. Маркова); үшіншілері - қарым- қатынастағы шығармашылық (В.А. Кан-Калик, И.Д. Никандров); төртіншілері педагогикалық ойлаудың маңызды бөлшегі деп (Л.Ю. Баринханова) қарастырды, Біздің ойымызша, педагогикалық импровизация мұғалім мен оқушының қарым-қатынасындағы педагогикалық іс-әрекет.
2. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық креативтікке даярлаудағы импровизациялық қабілетті дамыту мәселесіне талдау жасау барысында мынандай дайындықты талап етеді:
-педагогикалық жағдаяттарды шешуде импровизациялық қабілеттің қажеттігі;
- импровизациялық қабілет туралы білім мен дағды.
3. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі болашақ мұғалімдерді креативтікке даярлаудағы педагогикалық импровизациялық қабілеттің құрылымдық іс-әрекеті. Студенттердің жоғары оқу орындарында педагогикалық креативтікті қалыптастыруда импровизацияға құрылымдық дайындығына түрткілік қажеттілік, когнитивті-еріктік бағалау компоненттерінің бір-бірімен байланыстылығы қарастырылады.
Жоғары мектептерде дидактикалық үдерістерін басқару және ұйымдастыру мәселелеріне арналған зерттеулердің жеткілікті саны психологиялық- педагогикалық ғылымында бар:
- бұл үдерістерді басқарудың өзекті мәселесі жоғары оқу орындарында дәлелденген оқу үдерісінің функционалды ерекшеліктерінің талдау негіздері бар зерттеулер (С.И. Архангельский, В.И. Каган, В.В. Краевский, Л.Н.Ландау және т.б.);
- ЖОО-дағы дидактикалық үдерістерді басқару және ұйымдастыру бойынша нұсқаулар беріледі және мүмкіндіктер қарастырылатын зерттеу (Е.Л. Белкин, В.Н. Беспалько, П.Я. Гальперин, В.И.Загвязинский, Н.М. Зверева, Е.Э.Смирнова, Н.Ф.Талызин және т.б.);
- педагогикалық ЖОО жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесінің жүзеге асуына арналған зерттеулер (О.А. Абдуллина, Ю.Н. Кулюткин, В.А. Сластенин, А.Ю. Щербакова және т.б.);
- педагогикалық әрекеттің әртүрлі аспектілеріне болашақ мұғалімдерді даярлаудың дидактикалық жүйесін жобалауға арналған зерттеулер (Ю.В. Варданян, В.И. Завязинский, Н.Ю. Посталюк, Е.Г.Скворцова, И.А. Чемерилова және т.б.).
Бұл жұмыстардың талдауы педагогикалық ЖОО-да дидактикалық үдеріс «студенттерді педагогикалық әрекетке нақты айтқанда шығармашылық сияқты, жағдайға және оқу мен тәрбие жұмысында шығармашылық сипаттағы педагогикалық тапсырмаларды шешуге тәрбиесін қалыптастыру» үшін ұйымдастыру қажет. Бірақ та, студенттерді педагогикалық креативтікке қатынастыру үдерісі ұзақ және күрделі болып табылады. Біріншіден, шығармашылық үдерістің өзіндік табиғаты қатаң тәртіпке бағынбайтынға байланыстылығы аталып өтті.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бұл қиындықтарды тиімді шешуге мүмкіндік беретін тәртіптер бар. Жоғары мектептерде дидактикалық үдерістерді басқару мен ұйымдастыруға арналған зерттеулерге сүйене отырып, шығармашылық педагогикалық әрекетке ЖОО студенттерінің дайындығын қалыптастыру үдерісін тиімді ұйымдастыруға негізделген жалпы белгілер қатары ерекшеленді:
1) жағымды шығармашылықтың пайда болуына жағдай жасау (педагогикалық ЖОО-ның оқу үдерісіне В.И. Загвязинскийдің әртүрлі эвристикалық бағдарламаларын енгізу; педагогикалық ЖОО- дағы оқу үдерісін белсендендіруге дидактикалық құралдар мен әдістер, формаларды қолдану – В.В.Давыдов, Н.М. Зверева, В.А. Сластенин; педагогикалық тәртіп бойынша тәжірибе сабақтарында педагогикалық жағдаяттарды орындау және жобалау, олардың бағалау кезектестігі – Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская және т.б.);
2) студенттерді шығармашылық педагогикалық әрекетке қатынастыру тұрақтылығы (Г.Ш.Гайнутдинов, З.С. Левчук және т.б.);
3) төменгі курстардан бастап студенттерді үздіксіз педагогикалық тәжірибеге енгізу, оларды нақты педагогикалық тапсырмаларды шешуге белсенді араластыру (О.А. Абдуллина, А.Ю. Щербаков және т.б.);
4) педагогикалық тәжірибенің көлемі бойынша психологиялық – педагогикалық теорияларды оқыту маңыздылығын терең сәйкестігі (О.А. Абдуллина, В.И. Загвязинский және т.б.);
5) шығармашылық педагогикалық әрекеттің құрылым есебі және болашақ мұғалімдерді даярлауын оларға дамудың объективті қиындықтары (Э.П. Бронникова, В.А. Кан-Калик, С.А. Новоселов, Э.Ф.Зеер және т.б.);
6) педагогикалық шығармашылық әрекетке ЖОО студенттерін даярлауын қалыптастырудың дидактикалық жүйесін құру (В.И. Загвязинский, Н.Ю. Посталюк және т.б.).
Сонымен қатар, шығармашылық педагогикалық әрекетке болашақ мұғалімдерді даярлауды ұйымдастырудың аталған жағдайларын орындауда, бұл үдеріс күрделі әрі нәтижелі болып табылады.
Берілген қорытынды креативтік әрекетті дамытушы ретінде педагогикалық импровизациялық қабілетті арттыруды ұйымдастыру қажеттігін дәлелдейді.
ЖОО-ның студенттеріне креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияға даярлауды ұйымдастыру үдерістерінің қағидаларын көрсетуге көшелік.
Жоғары мектепте дидактикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару сұрақтарына арналған зерттеулерге сүйене отырып және шығармашылық педагогикалық әрекетке ЖОО-ның студенттерді даярлау үдерісін тиімді ұйымдастырудың жоғарыда аталған жағдайларын ескере отырып педагогикалық импровизацияға студенттердің даярлығын қалыптастырудың негізін қалаушы қағидалары:
1) педагогикалық импровизацияға ЖОО студенттерін даярлығын қалыптастыру үдерісін ұйымдастырудың шығармашылық қағидалары;
2) психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, жалпы мәдени, пәндік білім мен ақыл- ой сапаларына, сонымен қатар педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білім
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
сипат, мазмұн, оқу-танымдық, имитация-жобалы, оқу-тәжірибелі және студенттердің өзіндік әрекетінде ұйымдастырудың әдістері мен формаларының сапасына байланысты қағидалар;
3) педагогикалық тәжірибе көлемі бойынша маңыздылығымен психологиялық - педагогикалық терең оқытудың сәйкестік қағидасы;
4) шығармашылық педагогикалық іс-әрекет түрі ретінде педагогикалық импровизацияға студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы;
5) педагогикалық импровизация құрылымының есебі қағидасы;
6) факультет құрылымы мен педагогикалық импровизацияға даярлықты қалыптастыру үдерісінің мазмұнды жағымен өзара байланыс қағидасы.
Педагогикалық импровизацияға ЖОО студенттерінің даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі креативтікті ұйымдастыру қағидасы шығармашылық педагогикалық әрекет түрі ретінде студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыруға, импровизация құралдарының көмегімен шығармашылық сипаттағы педагогикалық тапсырмаларды шешуге даярлығын қалыптастыруға шақырады. Оқытудың барлық жүйесі сипаттың барлық жақтарын қалыптастырып, студенттің педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық шешу даярлық деңгейіне жетуге көмектесуі қажет (толық болмаса да, бөлшегі), - деп В.И.Загвязинский атап айтқан.
Аталған қағиданың нақтылығы шығармашылықты жағымды етіп көрсететін жағдайларды туғызу арқылы жүзеге асады (жалпы ізденіс жағдаяты, стандартты емес келістердің марапатталуы мен дәрежеленуі, нақты тапсырмаларды шешуге өзіндік ұсыныстар, конкурстар, олимпиадалар, дидактикалық ойындар және т.б.).
Алдыңғы қағидамен психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, жалпы мәдени, пәндік білім мен ақыл-ой, сонымен қатар сипаттан, мазмұннан, оқу-танымдық, имитациялық-жобалық, оқу-тәжірибелік және студенттердің өзіндік әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен формалары педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білім сапаларының жүйелілік қағидасы үздіксіз қатынаста. Берілген қағида білім мазмұнын жинақтау, оқу материалдарын құрылымдау, оқуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін таңдау арқылы нақтыланады [6].
Педагогикалық тәжірибе көлемі бойынша тереңдетіп оқытудың психологиялық-педагогикалық теориялар маңыздылығымен сәйкестілік қағидасы студенттердің шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке ену, педагогика, психология, әдістеме бойынша білімі жағдайында қорытындыланады, импровизацияның шығармашылық негіздерінде педагогикалық тапсырмаларды импровизациялық жағынан шешуін өңдеу үшін когнитивті негіз ретінде әрекетке басшы болып табылады.
Шығармашылық әрекет түрі сияқты педагогикалық импровизацияға студенттерді үздіксіз қатынастыру қағидасы алдымен, В.И.Загвязинскийдің айтуы бойынша, стандарттарда типтік әрекет тәсілдері, алға басушы теориялық жағдайларда тұрақты болып тұрады, содан соң бірнеше өзгертілген жағдайларда, ары қарай, педагогикалық технологияларды меңгеру мен тек осыдан кейін стандартты емес жағдаяттарда, яғни шығармашылық пен шеберлік деңгейіне жақындауға қалыптаса білу дағдысымен біртіндеп қарулануда қорытынды жасалады. Сондықтан студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыру педагогикалық ЖОО оқытудың барлық мерзімі уақытында олардың психологиялық-педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік білім, педагогикалық импровизацияның теориялық негіз білімінің қатаң жүйесін біртіндеп меңгеру жолымен жүзеге асады; педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері кезеңінде және сабақтың өзіндік импровизациялық әрекеттерінде студенттерді үнемі енгізіп отыру. Аталған қағиданың нақтылығы педагогикалық импровизация мен педагогикалық импровизацияға даярлықты қалыптастырудың өңделген кезеңді стратегиясына (бұл жүйе шегінде) педагогикалық ЖОО студентерінің даярлығын қалыптастырудың дидактикалық жүйесі жағдайымен жүзеге асады.
Педагогикалық импровизацияның құрылым есебі қағидасы зерттеулер мынадай болу керек деп ұсынылады:
- педагогикалық импровизацияға даярлығын дамытуда студенттердің қызығушылығын арттыру;
- педагогикалық импровизацияға студенттердің даярлығының бастапқы деңгейін дәл анықтау;
- креативтікті қалыптастырудағы импровизация шығармашылық педагогикалық әрекет түрі ретінде оның ажырамас және міндетті бөлігі болып табылатындықтан студенттердің көңілін жиі аударып отыру;
- студенттердің педагогикалық импровизацияға даярлығын дамытуға негіз болатын жағдаяттарды жиі тудыру;
- әртүрлі оқу тәртібінің оқытушыларымен олардың әлеуетін педагогикалық импровизацияға болашақ мұғалімдер даярлығын дамыту үшін қолдану мақсатымен қызметтес болу.
Педагогикалық импровизация мен факультет құрылымына даярлығын қалыптастыру үдерісінің мазмұнды жағындағы өзара байланыстылық қағидасы әртүрлі мамандықтар бойынша ЖОО студенттерінің даярлық ерекшеліктері есебінің қажеттілігінде қорытындыланады. Берілген қағиданың нақтылануы нақты мамандықтар бойынша оқу жоспарын бөлшектеп оқыту жағдайында психологиялық- педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік блок тәртібі бойынша оқу бағдарламаларында және аталған құжаттар ерекшеліктерімен сәйкес педагогикалық импровизацияға нақты мамандықтағы студенттердің даярлығын қалыптастыру үдерісіне өзгерістер енгізумен жүзеге асады.
Келтірілген қағидалар – бұл дидактикалық үдерістерді өткізу мен ұйымдастыруға қойылатын межелі талаптар, басқарушы ой-пікірлер. Олар пең жалпы нұсқа ЖОО студенттерінің педагогикалық импровизацияға даярлығын қалыптастыру үдерісін реттейтін ең жалпы нұсқаулар сипатын иеленеді.
Қағидалар оқытудың ғылыми талдауы негізінде туады, дидактикамен орнатылған оқыту үдерісінің заңдылықтарынан басталады. Келешекте креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияны дамыту және ерекшеленген қағидалармен педагогикалық ЖОО студенттеріне берілген даярлықтың қалыптасу үдерісін дидактикалық қамтамасыздандыру және стратегиялары өңдеу қажеттігі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кан-Калик В.А. Педагогическое творчество / В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров. -М.: Педагогика, 1990.- 142 с.
2. Маркова А.К. Психологические критерии эффективности учебного процесса/А.К. Маркова // Вопросы психологии.- 1977.-№4.-С. 62-65.
3. Загвязинский В.И. Педагогическое творчество учителя / В.И. Загвязинский. - М.: Педагогика, 1982.-60 с.
4. Харькин В.Н. Педагогическая импровизация: Теория и методика / В. Н.Харькин.-М.: 1992.
5. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя / Н.В. Кузьмина .- Л.: Изд-во ЛГУЮ, 1985.-32 с.
6. Кульневич С.В. Педагогика личности от концепций до технологий: учеб. пособие / С.В. Кульневич.- Ростов – н. / Д.: Учитель, 2001.-160 с.
Поступила в редакцию 19.10.2011.
О.Н. НАЗАРКИНА, Н.А. СОЛОВЬЕВА
ОСОБЕННОСТИ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В СИСТЕМЕ ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА
The problems of innovation at pedagogic regal in the work, for instance, the regeneration of professional know ledges and permanent improving qualification of the specialists in the field of physical education. Man’s problem is of the different harmony of development with his individual particularities, motives, interests, valuable landmarks and the demands of modern society. The necessity of creation intact system of continuous education dictates about the necessity of overestimation of targeted function of education as the system and its separate links, reconsideration of tradition ideas about social, historical, cultural, valuable essence of national education, its relations with anther types and formers of social practice, place and role of education as social institute in man’s life and society.
В постиндустриальную эпоху одним из главных активов экономики современности выступают человеческие ресурсы. Конкурентоспособность государства и нации определяются высокой степенью «конкурентного качества», что подразумевает не только определенный уровень научного и творческого потенциала, но также работоспособность и выносливость, каждого ее представителя.
Именно этот аспект определяет актуальность исследуемой темы. Неразрывности физической подготовки от производительного, интеллектуального труда приводит к тому, что в последнее время все больше возрастает интерес к изучению роли и места физической культуры в системе общего образования человека, пересматриваются сложившиеся ранее подхода. Формирующееся новая концепция физической культуры обуславливает необходимость соответствия изменении в подготовке и переподготовки специалистов физической культуры в системе высшего педагогического образования [1].
Различные аспекты профессиональной подготовки, и ее дидактические основы, методы, организационные формы исследовались Б.К. Каражановым, Л.Н. Ореховым, О.Л Абдуллиным, А.А.Вербицким и др.
Проблемы профессиональной подготовки специалистов физической культуры в системе высшего