9-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді.
Науқас адам жұқпаның көзі мен сақталу қоры болып табылады. Вирус қоршаған ортаға сөйлегенде, жылағанда, жөтелгенде және түшкіргенде сілекей, қақырык арқылы таралады.
Сондай-ақ, тұрмыстық жолмен, яғни вирус жұққан күнделікті пайдаланатын заттар арқылы да жұғу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды
1.Ортақ етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бұл туралы ғылыми әдебиеттерде көп жазылған.
ә) Аурудың шығу себебін ол кезде білмеген.
б) Тұмау қыс мезгілінде өршіп кетеді.
в) Бүгін досым екеуіміз ұзақ әңгімелестік.
г) Ертең дәрігерге барып тіс салғызамын.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 92-93 бб.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 123-124 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№17 тақырып: Лексикалық: Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту
Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту
Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2.Мақсаты: Студенттерге тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту туралы мағлұмат беру, мәтін арқылы олардың кәсіби сөздік қорын молайту. Қимыл есімі дегеннің не екенін, қазақ тіліндегі қимыл есімнің қандай грамматикалық қызмет атқаратынын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Қимыл атауы, тұйық етістіктің жұрнағы, қимыл атауының септелуі, қажеттілікті білдіру тәсілдері,
«қажет», «керек», «тиіс», «жөн» сөздерінің қолданылуы.
Лексикалық тақырып бойынша:
Нашар ахуал, кейбір аймақтарда, мұнан да қиын, салдарға әкеп соғуда, ерекше көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, табыс дәрежесіне қарай, зиянын тигізбеу, бұқаралық ақпарат құралдары, түсіндіруден жалықпауы керек.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, слайдтар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: баруым керек, болса игі еді, жақсы оқу үшін, білуі тиіс, айтуым қажет.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Бұл күндері адам өлімінің 20 пайызына экологиялық ... ... себеп болып отыр.
Қазақстандықтардың ... ... сапасыз ауыз суды пайдаланады. Дұрыс тамақтанбаудың әсері демографиялық жағдайдың ... ... әкеп соғуда. Мемлекетіміз тамақтану мен ауыз суға ерекше ... ...
тиіс. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керектігін, қазіргі заманғы жеке бас тазалығы ережелерін орындауды ... ...
құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың жұмыс жүргізуге тиіс.
Көп нүктенің орына қойылатын сөздер: үштен бірі, көңіл бөлуге, нашар ахуал, кері кетуіне, басымдығына сәйкес, бұқаралық ақпарат.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Питание – необходимое условие для нормального роста, развитие и жизнедятельности организма.
В состав разнообразных пищевых продуктов (хлеб, мясо, молоко, яйца, рыба, масло, овощи, фрукты) входят основные питательные вещества: белки, жиры, углеводы, минеральные соли, вода и витамины. Продукты растительного и животного происхождения, дополняя друг друга,
обеспечивают клетки организма всеми необходимыми питательными веществами. Вода,
минеральные соли и витамины усваиваются в том виде, в каком они содержатся в пище. Крупные молекулы белков, жиров и углеводов не могут пройти через стенку пищеварительного канала.
Поэтому эти вещества подвергаются химической обработке – перевариванию. Пища переваривается по мере ее продвижения по органам пищеварения.
Сөздік необходимое условие - қажетті жағдай питательные вещества - қоректік заттар животного происхождения - жануар тектес химическая обработка - химиялық өңдеу
развитие - даму
углеводы - көмірсулар стенка - қабырға
переваривается - қорытылады
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
4-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында экологиялық проблемелар туралы не айтты?
Президент не нәрсеге көбірек көңіл бөлу керек дейді?
Сапасыз өнім өндірушелерге қандай шара қолдану керек?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Экологияға зиянын тигізіп жатқан бір мекемені тексеруге барған санитарлық-эпдемиологиялық станция маманысыз. Өзіңіздің іс-әркеттеріңіз сипаттап айтып беріңіз
Білім құзырлылығы бойынша:
5-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріндегі өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбауы кінәлі. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын
қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым.
Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
6-тапсырма. Мына етістіктерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: сақтау, пайдалану, қорғау, игеру, тамақтану.
1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын