• Tidak ada hasil yang ditemukan

Мақсаты: Қазақ тіліндегі етістік және оның шақтары туралы мағлұмат беру. Лексикалық мәтін арқылы сөздік қорларын дамыту

Кейбір адамдар тұзды ... ащы тағамдарды жақсы көреді. Балалар ... жасөспірімдер тағамдары әр түрлі дәрумендерге бай болуы тиіс. Түскі ... кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді.

Тамақты аз ... жиі ішкен пайдалы. Кейбір адамдар ретсіз тамақтанады, ... денелерін май басады.

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Важное условие нормального пищеварение – это умеренность в еде. Сигналы насыщение, свидетельствующие о заполнение желудка пищей, поступают в головной мозг с оподзанием примерно на 20 минут. Поэтому люди, которые едят очень быстро, подвергаются опасности переедание. К тому же пищеварительные соки не в состоянии расщепить слишком большое количество пищи. Вот почему есть надо несколько раз в день. Завтрак должен содержать примерно 25% всей дневной нормы, обед – около 50%, ужин – 10%.

9 . Бақылау тапсырмалары:

Білім құзырлылығы бойынша

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Дәмді дұрыс сақтаудың шарттары

Дайындалған тамақты дұрыс сақтаудың адам денсаулығы үшін рөлі зор. Дұрыс сақталған тағам ешқашан сапасын жоғалтпайды. Ол үшін төмендегі шарттарды ұмытпаған дұрыс:

1. Дастарханға қойылатын шикі тамақты (көкөніс, жеміс-жидек) мұқият жуыңыз.

2. Қай тағамның да түгелдей қайнауын қадағалаңыз.

Ет, құс еті, жұмыртқа, сүт тәрізді тағамдарда инфекция қоздырғыштары болуы әбден мүмкін. Олар тек жетпіс градустық ыстыққа қайнатылғанда өледі. Мәселен, құс сорпасынан алған етіңіздің сүйекке тақау бөлігі шикі болса, қайтадан қазанға салып қайнатыңыз. Мұздатқыштан алған ет, балық, не құс етін әбден жібіген соң ғана өңдеуге кірісіңіз.

3. Дайындалған тағамды бірден тауысып қойыңыз.

Дайындалған тағам бөлменің температурасына келіп, суыған бойда-ақ оған түскен микробтар көбейе бастайды. Дастарқанға қойылған тағам ұзақ тұрса, қауіпті.

4. Азық-түлікті сақтағанда абай болыңыз.

Кей жағдайларда тағамды бірнеше күн бұрын дайындап қоюға тура келеді. Қонаққа әзірленген тағам үнемі түгелдей таусылып қалмайтындығы тағы белгілі. Бұндай жағдайда оның он градустан төменгі салқындықта сақтаулы тұрғандығына көз жеткізіңіз.

5. Дайын ас шикі азық-түлікпен жанаспайтын болсын.

Әлдеқалай жанасып кеткеннің өзінде-ақ дайын асқа микробтың әп-сәтте-ақ “секіріп” түсе қалатыны есіңізде болсын.

6. Қолды мұқият жууды ұмытпаңыз.

1. Тағам дайындауға кірісердің алдында қолыңызды сабындап жуыңыз.

Ет, балық, құс еті тәрізді шикі тағамдарды кесіп, турап болған соң қолды тағы сабындап жуыңыз. Келесі дәмді дайындауға содан соң ғана кірісіңіз.

Ит, мысық, құс тәрізді үй жануарларын ұстап сипасаңыз да қолды сабындап жууды ұмытпаңыз.

Үй хайуандарында сіздің қолыңыз арқылы тағамға түсетін қауіпті микроб болуы әбден мүмкін.

1. Ас үйдегі үстел әрқашан тап-таза болуы тиісті.

Тек үстел ғана емес, дайындап жатқан тағамыңыздың астына қойған тақтай, жайған дастархан – бәрі де таза болуы керек. Ас қалдығы, нан қиқымы, сорпаның тамшысына дейін микроб туғызатын ошақ болуы мүмкін.

2. Ас үйдегі үстел сүртетін шүберекті жиі-жиі жаңартып тұрыңыз. Жуу жеткіліксіз, міндетті түрде қайнатыңыз. Ас үйдің еденін жуатын шүберек бөлек болсын. Оны ауық-ауық кір сабын не кір жуатын ұнтақпен жуып қойыңыз.

3. Азық-түлікті құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей, кеміргіштерден және өзге де хайуандардан қорғаңыз. Оларда ауру асқындыратын микроорганизм болуы мүмкін. Азық-түлік жабық ыдыста сақталуы тиіс.

Ас дайындайтын суыңыз да ішетін судай таза болуы тиіс. Тағам дайындар алдында оны қайнатып алу керек.

2-тапсырма.

«Дәмді дұрыс сақтаудың шарттары» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

мұқият-тщательно; аккуратно қайнау-кипение; кипеть қоздырғыш-возбудитель жібіген-размягченный; талый дайындалған-приготовленный қауіпті-опасный

салқындық-прохлада; холодок жанасу-касание; прикоснуться мұздатқыш-морозильник кірісу-приступать

турау-резать сипау-погладить

тақтай-доска

нан қоқымы-крошки ошақ-очаг қадағалау-наблюдать

тоңазытқыш-холодильник суу-остывать; охлаждаться сақтау-хранить

дайын ас-готовая еда әп-сәтте-сию минуту кесу-резать

сүлгі-полотенце келесі-следующий хайуан-животное

ас қалдығы-остаток пищи тамшы-капля

құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей-насекомые кеміргіштер-грызуны

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Дастарханға қойылатын көкөніс ... жуыңыз. 2. Тағамның қайнауын ... . 3. ... сақтағанда абай болыңыз. 4. Мұздатқыштан алған етті жібіген соң ... . 5. Дастарханға қойылған ас .... ...., қауіпті.

6. Дайын ас шикі азық-түлікпен ... болсын.

4-тапсырма. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Қолды жуу, қолды мұхият жуу, қолды сабындап жуу, тағам дайындау, шикі тағамдарды турау, тамақ дайындауға кірісу, қауіпті микробтар, қауіпті микробтар болуы, таза болу керек, микроб туғызатын ошақ, ас үйдегі шүберек, азық-түлікті сақтау, жабық ыдыста сақтау, таза су, таза суды пайдалану, суды қайнатып пайдалану.

5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Температура пищи играет далеко не последнюю роль во вкусовых ощущениях. Наверное, многие замечали, что обжигающий чай или горячий бульон не имеют вкуса. Но слегка остывший тот же самый чай оказывается приятно сладким, а бульон –крепким и достаточно соленым.

Наиболее благоприятна для вкусового восприятия пищи температура которой 15-35 С. Под

влиянием пищевых раздражений во вкусовых рецепторах возникает возбуждение. Нервные импульсы по волокнам вкусового нерва проводятся во вкусовую зону коры больших полушарий, где происходит окончательное различение вкуса пищи.

Коммуникативтік құзырлылық бойынша Мәтін бойынша сұрақтар:

Дастарханға қойылатын жеміс-жидекті не істеу керек ? Ет, жұмыртқа, сүт өнімдерінде не болуы мүмкін ? Микроб неше градустық ыстыққа өледі ?

Мұздатқыштағы етті қашан өңдеуге болады ? Дайын ас қандай азық-түлікпен жанаспау керек ? Тағам дайындар алдында не істеу керек ?

Үй хайуандарында не болуы мүмкін ?

Ас үйдегі сүлгі мен шүберекті не істеу керек ? Қандай суды пайдалану керек ?

Когнитивті-білім құзырлығы бойынша:

1. Көп нүктенің орнына қойылатын тіркесті көрсетіңіз.

Өте тез бұзылатын тағамдарға ... . жатады.

а) кулинариялық өнімдерге ә)+ сүт тағамдары

б) нан тағамдарының в) пісірілген шұжықтарды г) кондитерлік өнімін

2. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)+ негізгі мақсат

ә) қадағалау санитарлық б) тамаққа өнімдері в) бақылауды жүргізу г) жоспарлы керек

3. Дұрыс аударылған сөзді көрсетіңіз а)+ қадағалау-следить

ә) күдік-вредный б) қоспа- сомнение в) жедел-результат г) талап- неотложный

4. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз Жоспарлы гигиеналық сараптау қандай бағыттарда жоспарлануы керек?

а) +Тез бұзылатын азықтардың сапасын бақылауға жоспарлануы керек.

ә) Азық-түліктер сатып алу керек.

б) Зиянды қоспалар бар.

в) Тағамның сапасын арттыру керек.

г) Әр түрлі қоғамдық орындарда

Сүт өнімдері ... ....

а) тамақ өнеркәсібінің.

ә) +тез бұзылатын тағамдарға жатады.

б) арнайы гигиеналық сараптауға.

в) денсаулығы мықты.

г) тоңазтқыш сақталды.

6. Келер шақта тұрған етістікті сөйлемді көрсетіңіз

а) Ол кеше сағат тоғызда келді

ә) Ол бұрын осы университетте оқыған б)+Ол университетке ертең келеді в) Ол аудиторияда сабақты оқып отыр г) Ол кеше кітапханаға барды

7. Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз

а) Мен сүт іштім ә) Сіз сүт іштіңіз б)+Ол сабаққа келер.

в) Мен сүт ішемін.

г) Әнел сабақ оқыды

8. Болжалды келер шақта тұрған сөздерді көрсетіңіз.

а) көрермін, барғанмын ә)+айтармын, барарсың б) айттым, айтқанмын в) келіп отыр, келген г) тыңдаған, жазыпты

9. Сөйлемдердің келер шақта тұрғандарын көрсетіңіз.

а) бүгін кітап оқыпты ә) + кітапты ертең алмақ

г) дүкенге бардым

10. Етістіктің келер шақ формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) +Әлия ертең ауруханаға бармақшы.

ә) Кітапты досынан алды.

б) Дәріс тез аяқталды.

в) Дәріханада дәрі сатып алған.

г) Сабақ 8-де басталды.