қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым.
Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
6-тапсырма. Мына етістіктерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: сақтау, пайдалану, қорғау, игеру, тамақтану.
1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын
в) ауырған адамның жүйкесі г) ауыруды болдырмау керек 10.Сөйлемді аяқтаңыз.
Халықтың тамақтануы мемлекеттің экономикалық деңгейіне ...
а) байланысты ә) байланысу б) байланысып в) байлап-матап г) байланысты болу 10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 67-68 бб.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,182-184 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№18 тақырып: Лексикалық: Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі.
Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі.
Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.
2.Мақсаты: «Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі» мәтіні арқылы студенттерге олардың болашақ мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді игерту. Сын есім, оның шырайлары туралы түсіндіре отырып, оның грамматикалық қызметін ашып көрсету.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сын есім, сын есімнің жасалуы, қатыстық және апалық сын есімдер, сын есімнің шырайлары, жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің сөйлемдегі орны.
Лексикалық тақырып бойынша:
Дене еңбегі, ой еңбегі, екі түрге бөлу, қызметкерлердің тамақтануы, тамақтануды ұйымдастыру, денсаулыққа әсер ету, жайсыз факторлар кешені, азық-түлік жиынтығының негізі, ескеру қажет, пайда болу себептері, есте сақтау, нан өнімдері, өсімдік майлары.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Төменде берілген Абайдың өлеңдерін оқып шығып, сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың маңы – терең сай.
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
2-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар.
Кең, жылы, таза, жарық, терең, алыс, биік, таулы, орманды, мөлдір сөздерін қолданып, сөйлемдер құраңыздар.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сын есімнің шырайларын, түрлерін (сапалық, қатыстық) анықтаңыздар.
1.Қысқа мерзім ішінде Астанада зәулім үйлер, әдемі ғимараттар бой көтерді. 2.Жақсы кітап – жан азығы. 3.Қазақ жерінде асқар таулар, шалқар көлдермен қатар, сусыз, құмайт жерлер де жеткілікті.
4.Қазақстанның солтүстігінде өсетін қатты бидай әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. 5.Күзгі жауын сіркіреп жауып, Алтай тауларының биік шыңдарын қалың бұлт басып тұр. 6.Медеу шатқалында тастай суық суы бар «Кімасар» өзені сарқырап ағып жатады.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
4-тапсырма. Мына сын есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар: ыстық, қатты, өте жылдам, тым көп, сұп-суық, өте ауыр.
5-тапсырма. Мына сын есімдер мен сын есімді тіркестерді пайдаланып сөйлем құраңыздар:
қатты, жұмсақ, өтірікші, таудай, әуесқой, маскүнем, қазақы, жазғы, зиянкес, таза ауа, лас бөлме, жылы киім, іріңді жара, құрғақ тері, жарық бөлме, күнделікті мәселелер.
6-тапсырма. Мына сын есімдерді жай, күшейтпелі және салыстырмалы шырайда қолданып сөйлем құраңыздар: ақылды, ақымақ, жасыл, көк, жақсы, нашар, қызық, ыстық, суық, арзан, қымбат.
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Ой еңбегі мен дене еңбегінің айырмашылығы туралы ғылыми еңбектерді оқып шығып, өз ойыңызды айтыңыз.
При умственном труде в связи с ненагруженностью мышечной системы (гиподинамией) питание должно быть умеренным. Составляя рацион питания, необходимо строго учитывать потребность организма в энергии во избежание увеличения массы тела и ожирения.
Питание людей умственного труда должно быть полноценным. Это значит, что потребляемые ими пищевые продукты должны содержать все биологически ценные, необходимые для организма вещества в определенном количестве и оптимальном соотношении.
При умственном труде повышается потребность в белках. Поэтому в рационе питания белки должны составлять 13% суточной энергоценности пищи. Особое значение имеют компоненты пищи, обладающие липотропными и противосклеротическими свойствами, в частности аминокислота метионин, содержащая серу. Источниками метионина и других серосодержащих аминокислот являются творог, сыр, куриное мясо, лосось, треска, сельдь.
1. Күшейтпелі шырайлы сын есімді сөз