• Tidak ada hasil yang ditemukan

Тақырыбы: Ұлттық тағамдардың маңызы.Қымыз

Зат есімнің тәуелденуі.

2. Мақсаты: Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Зат есімнің тәуелденуі туралы мағлұмат беру;

3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі зат есімнің тәуелденуін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – берілген мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.

4. Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Ұлттық тағамдардың маңызы;қымыз, қонақжай халық, қуаттылығы.

Грамматикалық тақырып бойынша:

Зат есім; зат есімнің тәуелденуі.

5. Сабақты өткізу жоспары:

Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

• Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

• Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

• Мәтінмен жұмыс – 25 мин

• Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

• Бақылау жұмыстары – 15 мин

• Үй тапсырмасын беру – 7 мин

• Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.

7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск 8.Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап

беріңіздер.Мәтінге байланысты тірек сөздер: қонақжай халық, ұлттық тағамдар, бие сүтінен ашытылады, қуаттылығы, жеткілікті болуы.

Ұлттық тағамдардың маңызы

Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ, “Ас – адамның арқауы”, “Жаман ауруға ─ жақсы ас”, “Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады” деп халық тегін айтпаған.

Қазақ – қонақжай халық. Қазақ өз қонағына мүмкіндігінше ұлттық тағамдар беруге тырысады.

Қазақтың ұлттық тағамдары негізінен ет пен сүттен дайындалады. Айран, қымыз, шұбат, қатық, сары май, құрт, ірімшік, қазы, қарта, жал-жая т.б. мал өнімдерінен жасалады. Ұлттық тағамдардың көбі адамдарға күш қуат беріп, денсаулығын нығайтады. Мысалы, қымыз-қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қымыз бен шұбат туберкулезбен ауырған науқасты емдеуге көмектеседі.

Біздің елімізде қымызбен емдейтін санаторий алғаш рет 1858 жылы Самара қаласынан алты шақырым жерде ашылды. 1910 жылы Бурабайда қымызбен емдейтін алғашқы емхананы дәрігер П.Н.Емельянов ашқан. Қымызда адам ағзасына қажетті элементтердің барлығы бар.

Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі асы – ет. Одан түрлі тағамдар жасайды. Ұлттық тағамдардың ішінде нан тағамдарының (бауырсақ, шелпек, күлше т.б.) орны ерекше. Бұл күнде қазақтың ұлттық тағамдарының елуден аса түрлері белгілі. Мысалы: қымыздың тоғыз түрі (уыз қымыз, сары қымыз, саумал қымыз т.б.), ал еттен қырықтан астам тағам жасалады.

Ұлттық тағамдардың қуаттылығы олардың құрамындағы минералды тұздардың, белок, май, көмірсулардың жеткілікті және дәрумендерге бай болуына байланысты.

2-тапсырма.

«Ұлттық тағамдардың маңызы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

қонақжай-гостепримный жүйке жүйесі-нервная система көңіл-күй-настроение

тәбет-аппетит қызмет-функция жақсарту-улучшать шақырым-километр көмірсу-углевод

3-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыздар.

Зат алмасу, тәндегі қышқыл-сілті алмасуы, сөл бөліну, ұйқы безі, қызметін жақсартады, өте сіңімді, қышқылдығы төмен, ана сүтіне тән, әсер етеді.

4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қымыз

Қымыз – жылқы сүтінен дайындалатын ұлттық тағам. Қымыздың құрамдас бөліктерінің әрқайсысының тәнге әсері, пайдасы бар. Сүт қышқылы асқазанға, ұйқы безіне, зат алмасуға, әсіресе тәндегі қышқыл-сілті алмасуына әсер етеді. Көмір қышқылы ас қорыту жолдарындағы сөл бөліну, қозғалыс процестеріне жақсы әсер етеді. Қымыз құрамындағы спирт жүрек-қан тамырлары мен орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартады. Қымыздың белоктары тәнге өте сіңімді, ана сүтіне тән қасиеттерге ие.

Қымыз – С дәруменінің негізгі көзі. 1 литр қымыз құрамында 91-57 мг мөлшерінде С витамині болады.

Қымызбен емдеуге болатын аурулар:

1. Туберкулезбен ауырған адамның температурасы тұрақты жағдайда және жедел не созылмалы плеврит ауруларында;

2. Тыныс алу жолдары ауруларында: бронхит пен бронхоэктазалар, пневмонияда;

3. Қышқылдығы төмен асқазан аурулары мен асқазандағы сөлдің аз бөлінуі кезінде ем ретінде пайдалануға болады.

Қымызды емдік мақсатта қолданған кезде күніне 2 рет, жас ерекшелігіне байланысты 600 грамнан 1,5 литр мөлшерінде ішеді. Кейбір науқастар қымызбен емдеу курсын араға 2-3 ай салып жылына екі рет қабылдайды. Бір науқастың қымызбен емделу курсына орта есеппен 50 литр

9. Бақылау тапсырмалары:

Коммуникативтік құзырлық бойынша:

Мәтін бойынша сұрақтар:

Қазақтың ұлттық тағамдары неден дайындалады?

Қымыздың адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар?

Қазақстанда қымызбен емдейтін емхана қашан, қай жерде ашылды?

Еттен және ұннан жасалатын қандай тағамдарды білесіз?

Қазақтың ұлттық тағамдарының қанша түрлері бар?

Қымыздың құрамында қандай заттар бар?

Сүт қышқылының қандай қасиеттері бар?

Қымыз құрамындағы қандай зат жүйке жүйесінің қызметін жақсартады?

1 литр қымызда қанша мг спирт бар?

Қымызбен емдеуге болатын ауруларды атаңыздар?

Қымызда емдік мақсатта күніне қанша ішеді?

Дағды құзырлылығы бойынша:

1-тапсырма. “Ұлттық тағамның маңызы” мәтінін пайдалана отырып мына сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақтың ұлттық тағамдары … … дайындалады. Сүттен …, …, …, … сияқты тағамдар жасалады. Ұлттық тағамдар … … нығайтады. П.Н.Емельянов 1910 … … емхана ашқан.

Ұлттық тағамдардың құрамы …, …, … мол.

2-тапсырма. “Қымыз” мәтінінен керекті сөз тіркестерін жақша ішіндегі сұраққа сәйкес қойыңыздар.

Қымыз – (неден жасалатын?) ұлттық тағам. Сүт қышқылы (қандай бездерге?) жақсы әсер етеді.

(қандай қышқыл?) ас қорыту жолдарындағы сөл бөліну процесіне жақсы әсер етеді. 1 литр қымызда (қанша?) С витамині болады.

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Кисломолочные продукты изготовливаются из коровьего молока путем заквашивания его кисломолочными бактериями. В процессе приготовления этих продуктов в них накапливаются ферменты, которые стимулируют секрецию желудочного сока, нежно створоживают белки молока и тем самым облегчают и улушают процессы пищеварения. Очень ценным является свойство кисломолочных продуктов уменьшать брожение в кишечнике, подовлять и вытеснять

болезнотворные микробы.

4-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Полноценное питание должно обеспечивать организм достаточным количеством основных питательных веществ, витаминов, минеральных веществ и воды. Оно должно включать незаменимые, несинтезируемые в организме вещества, к которым относятся незаменимые аминокислоты, большинство витаминов и минеральных веществ. Питание должно полностью покрывать энерготраты организма.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыздар.

(минералды, қажетті, сапалы, нәрлі, спиртті, мықты,дәрумендер).

Тағам ... әрі ... болуы керек. Егер тағам құрамында ... аз болса, тән әлсірейді. Адам тағам арқылы өзіне ... белоктарды, ... заттарды, көмірсуларды алады. Адам денсаулығы ... болуы үшін, протейн қоспалы тағамдарды көбірек пайдалану керек. ... ішімдіктерді шамадан тыс ішу асқазан қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыздар.

Адам тіршілігі... астың маңызы ерекше. Ас – адам... арқауы.

Дұрыс әрі уақыты... тамақтанған адам ауырмайды. Адам ағзасы... ең қажетті зат – су.

Дәрумендер... жетіспеуі ағза қызметінің бұзылуына әкеледі. Ас... құрамы өте күрделі.

7-тапсырма. Оқытушының көмегімен мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Адам тіршілігі, дене қимылы, ой еңбегі, тікелей байланысты, суда ерімейтін, адам тәні, тіршілігін қажетті, жеткілікті мөлшерде, жеткіліксіз болса, тез жазылу, тағам түрлері, тамақтану тәртібі, шамадан тыс, ең тамаша кепілі , дұрыс тамақтану.

Когнитивті-білім құзырлығы бойынша:

1. Зат есімнен жасалған етістік қатарын