• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз

Микробтар … бірге сау адамның ағзасына енеді.

а) шаң-тозаңнан ә) шаңның б) шаңдатып в) шаң-тозаңды г) шаң-тозаңмен

10. «Могут вызывать болезнь» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) ауру шақырып жатыр ә) ауру шақыруы мүмкін б) ауру туып кетті в) ауру туғызуы мүмкін г) аурудан тууы мүмкін 11 .Негізгі әдебиеттер:

1. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж., 123-124б.

2. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 92-93 бет Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы:

Атамұра, 2008.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ ЛАТЫН ТІЛІ КУРСЫМЕН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№16 тақырып: Лексикалық: Ауа арқылы таралатын аурулар Грамматикалық: Етіс категориясы

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ ЛАТЫН ТІЛІ КУРСЫМЕН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Ауа арқылы таралатын аурулар Грамматикалық: Етіс категориясы

2.Мақсаты: Студенттерге ауа арқылы таралатын аурулар туралы мағлұмат беру, мәтінді игеру барысында олардың кәсіби сөздік қорын молайту. Етіс категориясы дегеннің не екенін, қазақ тіліндегі етістердің қандай түрлері болатынын және олардың жасалуын түсіндіру.

3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.

4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс, етіс жұрнақтары, сабақты етістік, салт етістік.

Лексикалық тақырып бойынша:

Адам ағзасына, солардың әсерінен, жұқпалы болады, тыныс жолдары, кілегей қабығы, ауаға тарату, күн сәулесі түспейтін, ылғалды жерлер, үйдегі заттарға қонады, ауру білінісімен, арнайы машиналармен.

5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.

7. Көрнекі құралдар: Ауа арқылы таралытын аурулар туралы туралы, слайдтар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар.

8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: ауру тудырғыш микробтар, шаң-тозаң енеді, сау адам, жоғарғы тыныс жолдары, тыныс алғанда.

2-тапсырма. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар.

Көр, жу, тара, қос, соз, ойла, қозға, ки, жаз.

3-тапсырма. Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар Сал, апар, ал, айт, қала, жи, іл, әкел, аш, бөге, байқа.

Жағдаяттқ тапсырма: Бір мекемеде туберкулез ауруының шығу себебі және оның таралуы туралы дәріс оқуыңыз керек. Ол жерде оқитын дәрісіңіздің қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.

1-жаттығу. Көп нүктенің орына қажетті етіс жұрнақтарын қойыңыздар:

1.Қарағанды қаласындағы досыммен интернет арқылы хабарла..тым. 2.Оқытушы бізге жаттығу жұмысын жаз... ды. 3.Сабақ бүгін сағат екі жарымда аяқта..ды. 4.Сәуле бүгін сағат жетіде тұрды.

Жу..ып, ки..іп сағат жеті жарымда үйден шықты. 5.Мұраттың дауысы жақсы болғандықтан, біз оған ән сал...дық. 6.Әсет мамасына дүкеннен кітап ал...ды.

10. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша

4-тапсырма. Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Айт, қал, кел, жүр,отыр, ал, же, тыңда, тоқта, арала, оқы.

5-тапсырма. Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.

Сөйле, ал, айт, ойла, сана, тазала, бөл, сұра.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңыздар.

Дәулет ерте тұрып, жуынды, киінді.Ол інісін жуындырды, киіндірді. Олар тамақ ішті.Үй жиналды, ыдыс жуылды.

Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Тұмаудың белгілері қандай?

Туберкулез ауруы қалай жұғады және оның белгілері қандай?

Микробтар ауаға тарамауы үшін не істеу керек?

Жас балалар қандай жұқпалу аурулармен жиі ауырады?

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттқ тапсырма: Сізді эпидемиолог маман ретінде теледидардан ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар туралы хабарға шақырды. Сіз ол жерде қалай сөйлейсіз, соны қысқаша айтып беріңіз.

Білім құзырлылығы бойынша:

8-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Заражение через воздух. Микроорганизмы и пыль задерживаются слизистой оболочкой верхних дыхательных путей и удаляются из них вместе со слизью. Большинство микроорганизмов при этом обезвреживается. Часть микроорганизмов, проникщих в органы дыхания, может

вызывать различные заболевания: грипп, туберкулез, ангину, дифтерию и некоторые другие.

Сөздік пыль - шаң

обезвреживается - зарарсызданады дифтерия - күл

удаляются - сыртқа шығарылады органы дыхания - тыныс алу мүшелері

9-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді.

Науқас адам жұқпаның көзі мен сақталу қоры болып табылады. Вирус қоршаған ортаға сөйлегенде, жылағанда, жөтелгенде және түшкіргенде сілекей, қақырык арқылы таралады.

Сондай-ақ, тұрмыстық жолмен, яғни вирус жұққан күнделікті пайдаланатын заттар арқылы да жұғу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды

1.Ортақ етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл туралы ғылыми әдебиеттерде көп жазылған.

ә) Аурудың шығу себебін ол кезде білмеген.

б) Тұмау қыс мезгілінде өршіп кетеді.

в) Бүгін досым екеуіміз ұзақ әңгімелестік.

г) Ертең дәрігерге барып тіс салғызамын.

2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз