• Tidak ada hasil yang ditemukan

Көп нүктенің онына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз

Дәрігердің ... ... мен сыпайы күлкісі науқасқа жақсы әсер етеді а) жылдам сөйледі

ә) жылы сөйледі б) жылытқыш сөзі в) жылы сөзі г) жылдам сөзі

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 116-119 бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 228-230 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№27 тақырып: Лексикалық: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

2.Мақсаты: Студенттерге салуатты өмір салты туралы мағлұмат беру, мәтінді оқытып, аударту және мәтін бойынша сұрақтар қою арқылы олардың сөздік қорын молайту. Сабақтас құрмалас сөйлемдер дегеніміз не екенін және олардың қандай түрлері болатынын түсіндіру.

4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Салалас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары, жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер.

Лексикалық тақырып бойынша:

Тірі ағза, табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, жер асты сулары, жел арқылы, үлкен зиян келтіруде, бүкіл әлемге белгілі, мемлекет қайраткерлер, мемлекет тарапынан, атап өту, арнайы тазартқыштар, жоспарлар жасалуда.

5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.

8. Көрнекі құралдар: Салауатты өмір салтын насихаттайтын плакаттар, бейнефильмдер, қанатты сөздер.

9. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтаңыздар.

1.Кейбір жұқпалы ауруларға адам ағзасы қарсы тұра алмайды, сондықтан оларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру керек. 2.Бұл аурудың неден пайда болатынын білмегендіктен, адамдар оның алдын ала алмаған. 3.Бүгін сабақ ерте аяқталған соң, біз тобымызбен барып суретке түстік. 4.Досыңа сырыңды айтпа, өйткені досыңның да сыр айтатын досы бар. 5.Туберкулезбен ауырған адам шаршағыш болады, үнемі терлей береді. 6.Мейірбике науқастың құжаттарын толтырып болғанша, дәрігер оны қарап үлгерді. 7.Бұндай науқастарды не ауруханаға жатқызу керек, не болмаса оңаша бөлмеде емдеген дұрыс.

2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.

1.Жазғы демалыс біткенше, Серік қалаға келген жоқ. 2.Қазақ тілінен өздік жұмыс жазбақ болып, орталық кітапханаға бардым. 3.Әсіресе жасөспірімдер күн сайын сүт ішіп, көкөніс жеп тұруы керек. 4.Ауырып қалғандықтан, Сәния сабақтан көп қалып қойды. 5.Бала екі жасқа толғанда, оған күлге қарсы вакцина егіледі. 6.Ағзасында иод тапшы болса, ол адам жемсау ауыруымен ауырады.

10. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1.Ертең қолым босаса, ... . 2.Енді біраз кешіккенде, ... . 3.Егер ертең бітіре алмасам, ... . 4.Бұл ауру қауіпті болғанымен, ... . 5.Қайратты бұрын көрмесем де, ... . 6.Күннің қатты суық болатынын сезінсек те, ... . 7.Уақыты бола тұра, ... . 8.Бұл мәселе туралы көп жазылғанмен, ... .

3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттеріне сұрақ қойыңыздар.

1.Жиналыс аяқталып, жұрт үйлеріне тарай бастады. 2.Мәтінді аудара алмаған соң, Ғабит оқытушыдан көмек сұрады. 3.Баяндамашы сөзін аяқтамастан, тыңдаушылар қол шапалақтай бастады. 4.Бұл аурудың қауіпті екенін білсе де, Мұрат дәрігерге уақытында қаралмады. 5.Жедел жәрдем келген кезде, науқастың жағдайы нашарлап кеткен еді. 6.Науқастың жағдайы әбден жақсармайынша, дәрінің мөлшерін азайтуға болмайды.

Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

4-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіздер?

Мпиртті ішімдіктер ағзаға қандай зиян тигізеді?

Темекінің құрамында қандай улы заттар бар және олар қандай мүшелерді зақымдайды?

Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма. Сіздің алдыңызда шылым шегіп, ішмдік ішкендіктен денсаулығын бұзып алған адам отыр. Сіз оған темекі мен ішімдіктің денсаулыққа зияны туралы айтып беріңіз.

Білім құзырлылығы бойынша:

5-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар:

Понятие «здоровый образ жизни» однозначно пока ещё не определено. Представители философско-социологического направления рассматривают здоровый образ жизни как глобальную социальную проблему, составную часть жизни общества в целом.

В психолого-педагогическом направлении здоровый образ жизни рассматривается с точки зрения сознания, психологии человека, мотивации. Имеются и другие точки зрения (например, медико-биологическая), однако резкой грани между ними нет, так как они нацелены на решение одной проблемы — укрепление здоровья индивидуума.

Занятия физкультурой — одна из основных составляющих здорового образа жизни

Здоровый образ жизни является предпосылкой для развития разных сторон жизнедеятельности человека, достижения им активного долголетия и полноценного выполнения социальных функций, для активного участия в трудовой, общественной, семейно-бытовой, досуговой формах жизнедеятельности.

Актуальность здорового образа жизни вызвана возрастанием и изменением характера нагрузок на организм человека в связи с усложнением общественной жизни, увеличением рисков техногенного, экологического, психологического, политического и военного характера, провоцирующих негативные сдвиги в состоянии здоровья.

Действие курения на органы дыхания. Табачный дым помимо никотина, содержит около 200 веществ, чрезвычайно вредных для организма, в том числе угарный газ, синильную кислоту, бензопирен, сажу и др. При курении эти вещества проникают в ротовую полость, верхние дыхательные пути, оседают на их слизистых оболочках и пленке легочных пузырьков, заглатываются со слюной и поподают в желудок.

Никотин вреден не только для курящего. Значительная часть его выделяется в воздух, отравляя окружающих людей. Табачный дым вызывает раздражение слизистых оболочек ротовой, носовой полости, дыхательных путей и глаз. Почти у всех курильщиков развивается воспаление дыхательных путей, с которым связан мучительный кашель. Постоянное воспаление снижает защитные свойства слизистых оболочек, так как фагоциты не могут очистить легкие от болезнотворных микробов и вредных веществ, поступающих вместе с табачным дымом. Поэтому курильщики часто болеют простудными и инфекционными заболеваниями.

1. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас