При умственном труде в связи с ненагруженностью мышечной системы (гиподинамией) питание должно быть умеренным. Составляя рацион питания, необходимо строго учитывать потребность организма в энергии во избежание увеличения массы тела и ожирения.
Питание людей умственного труда должно быть полноценным. Это значит, что потребляемые ими пищевые продукты должны содержать все биологически ценные, необходимые для организма вещества в определенном количестве и оптимальном соотношении.
При умственном труде повышается потребность в белках. Поэтому в рационе питания белки должны составлять 13% суточной энергоценности пищи. Особое значение имеют компоненты пищи, обладающие липотропными и противосклеротическими свойствами, в частности аминокислота метионин, содержащая серу. Источниками метионина и других серосодержащих аминокислот являются творог, сыр, куриное мясо, лосось, треска, сельдь.
1. Күшейтпелі шырайлы сын есімді сөз
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 71-72 бб.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,205-207 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№19 тақырып: Лексикалық: Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы Грамматикалық: Сан есім.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы Грамматикалық: Сан есім.
2.Мақсаты: «Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі» мәтіні арқылы студенттерге олардың болашақ мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді игерту. Сан есім, оның түрлері туралы түсіндіру, сан есімнің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мен мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сан есімнің түрлері, қазақ тілінде сан есім мен зат есімнің қиысуының ерекшеліктері, реттік сан есім, топтау сан есімі, болжалдық және бөлшектік сан есімдер.
Лексикалық тақырып бойынша:
ағза тіршілігіне қажетті, тағам құрамы, қалыпты тіршілік үшін, күнделікті тағам, бұзылуына әкеп соғады, өсімдік тектес тағамдар, терісі құрғап қабыршықтанады, адамның денесі ісінеді, тез шаршайды, витамин жетіспесе, суда еритіндер, қоректік заттармен бірге, міндетті түрде.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, аударма жұмысы.
7. Көрнекі құралдар: дәрумендер туралы слайдтар, плакаттар, үлестірелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сан есімдердің түрлерін анықтап, олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1.Адам қаңқасы екі жүзден аса сүйектен тұрады. 2.Адамның бет бөлігінде он бес сүйек бар.
3.Сүйектің 60 %-ы органикалық, 30 %-ы бейорганикалық, қалған 10%-ы судан тұрады.
4.Жоспарлаған жұмыстан 1∕3 істеледі. 5.Еңбек өнімділігі 2,5-3 есе артты. 6.Науқастар әр палатада бес-бестен жатыр. 7.Бірінші палатада жұқпалы аурулармен ауырған науқастар жатыр. 8.Біздің топтағы 10 студенттің бесеуі емтиханнан жақсы баға алды. 9.Шеруге он мыңдай адам қатысты.
121-топтың студенттері дәрігерлік тексеруден өтті. 10.Біз 5-6 күннен кейін емтихан тапсырамыз.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтінде сан есімнің қандай түрлері қолданылғанын анықтаңыздар.
Әдеби кешке екі жүзден аса студент жиналды. Он шақты ақын-жазушы қонаққа келді. Кеш екі сағаттай болды. Ақындардың үшеуі өлеңдерін жатқа айтты, біреуі сол жерде шығарған өлеңін оқыды. Студенттер екі-екіден, үш-үштен барып, ақын-жазушылардан қолтаңба алды. Кешке қатысқан ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерді еліміздің танымал әншілері орындады. Кейбір әншілер сахнаға 2-3 рет шықты. Кешті теледидар арқылы кешкі сағат сегізде мыңдаған көрермендер тамашалады.
3-тапсырма. Мына сан есімдерге реттік сан есім жұрнағын жалғап, жазбаша таңбалаңыздар:
2005, 1986, 19, 20, 45, 847, 99, 103.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
4-тапсырма. Мына сан есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар: он бес-он алты, жүз шақты, екі бүтін оннан төрт, екі мың он бірінші, бесеуі, бес-бестен, мыңдаған, екі жүздей
1-жаттығу. Мына цифрларды жазбаша таңбалаңыздар: 1962, 2005, 19, 37, 603, 12597, 1295.
2-жаттығу. Сөйлемдердің мағынасына қарай көп нүктенің орнына болжалдық сан есімнің шылауларын қойыңыздар.
1.Біздің курста екі жүзден ... студент оқиды. 2.Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруынан жылына мыңға ... адам қаза табады. 3.Дәрісхана алдында он ... студент тұр. 4.Ол кезде бір дәрігерге күніне жүз ... науқасты қабылдауға тура келетін. 5.Зайсан ойпатында дәрілік шөптердің үш жүзге ... түрі өседі.
Көп нүктенің орнына қажетті шылаулар: жуық, шақты, аса, тарта, шамалы Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қалыпты тіршілік үшін ағзаға нелер қажет?
2. Авитаминоз дегеніміз не?
3. А витамині қандай тағамдарда болады?
4. В1, В2 витаминдері жетіспеген адамда қандай белгілер байқалады?
5. С витамині жетіспесе, адам қандай ауруға шалдығады?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Дәрумендердің ағзаға пайдасы туралы ғылыми еңбектерді оқып, өз ойларыңызды жазып келіңіздер.
Білім компоненті бойынша:
6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар:
Биологическая полноценность пищи, наряду с достаточным содержанием белков, жиров, углеводов и минеральных солей, определяется также наличием витаминов. Значения витаминов
В настоящее время известно более 20 различных витаминов. По способности растворяться в воде или жирах их делят на водо- и жирорастворимые.
При недостатке в организме витаминов возникают специфические и неспецифические изменения. Неспецифическими признаками любого гипо- и авитаминоза являются нарушение роста и развитие детей, снижение сопротивляемости организма к заболеваниям.
Сөздік белки - ақуыздар
в настоящее время - қазіргі кезде биологическая полноценность -биологиялық жарамдылығы
растворяться в воде - суда еру
сопротивляемость - қарсы тұрушылық
1. Көп нүктенің орнына қойылатын реттік