• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ

Тіл – адамдар арасындағы қарым- қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, сонымен қатар ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық тәжірибені жинақтаудың, сақтаудың құралы.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оларға білім мен ғылымды үйрету тіл арқылы жүзеге асырылады. Ал тілді дамыту әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің біріне айналғаны мәлім. Ол Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемле- кеттік органдарда мемлекеттік тілдің ая- сын кеңейту туралы» қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бе- кітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жүзеге асырыла- ды.Бүгінгі күні еліміздің кез-келген жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесіне зер салып, әдістемелерін жетіл- діруге, соның ішінде қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының мәнін ашып, соған бағытталған жұмыс түрлерін өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынған Н. Оралбае- ва, К. Жақсылықова, Ф. Оразбаева, С. Рах- метова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова, Ә.

Жүнісбеков сияқты және т.б. көптеген ғалым, әдіскерлердің пайдалы оқулықтарын, оқу құралдары мен нұсқаулықтарын зерделеп, тәжірибеде кеңінен қолданамыз. Мәселен, ғалым, әдіскер Қ. Қадашева өзінің «Қазақ ті- лін оқыту әдістемесі» құралында жалпы тіл дамуына әсер ететін маңызды төрт фактор деп мыналарды көрсетеді:

1. Үйрену және дамыту (ілгерілеу мен үйрену алғашқы тіл дамуында маңызды рөл атқарады, себебі, үйренушінің сөйлей алатын дәрежеге жетуі үшін міндетті түрде үйрену кезеңінен өтуі керек. Демек, тіл үйрену үйренушінің өз әрекетіне де байла- нысты болатыны сөзсіз).

2. Жас факторы (тіл дамуы жасқа қарай артады, себебі психологтар тілді үйренуді 5-6 жаста бастаудың аса маңызды екенін түсіндіреді).

3. Ақыл факторы (демек, тіл ақылға

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

байланысты дамиды).

4. Әлеуметтік-экономикалық жағдай (яғни, сөйлемнің күрделілігі, сөз байлығы және сұрақтың саны осыған тән болып келеді) [1, 73].

Аталған факторлармен қоса, тіл үйретудегі сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу сияқты құрамды жол- дарын басты назарға алып, жалпы тілді оқыту әдістемесінің дидактиканың теориясына негіз- делетінін ескергеніміз жөн.

Жалпы адам баласы ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізеді. Осыған сәйкес қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары екі бағытта жүргізіліп отырады. Демек, осы ауызша және жазбаша тілді оқытудың екі бағыты да үздіксіз қатар байланыста жүргізілуі тиіс екендігі анық көрінеді.

Дегенмен қазақ тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болып ке- леді. Яғни сөйлеу тілінен кейін ғана жазба тілді дамытуға негіз болады. Тілдегі қолданылатын тілдік бірліктер – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бұлар тілді оқытудағы негізгі мәселелер болып табылады. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстарын жүргізеді.

Қазақ тілінде дұрыс әрі тартымды сөйлеу үшін тыңдаушының лексикалық қоры болуы шарт, әрі сөздерді байланыстырудың, сөз тіркесін құрастырудың заңдылықтарын меңгеруі тиіс. Сон- да ғана ойды басқаға білдіруге, басқаның сөйлемдерін түсінуге болады. Сондай-ақ, сөйлеудің заңдылықтарын тіл үйренушіге жаттанды түрде емес, іс жүзінде, ауызекі сөйлеуде жаттықтыру дағдысын қалыптастыру тіл дамытудағы негізгі мақсат болатындығы анық.

Тіл үйренуші қазақ тілінің тілдік материалдарын білмей тұрып, өз ойын жүйелі түрде жет- кізе алмайды. Сондықтан тіл үйренушілердің тілін дамытуда көптеген әдістермен жұмыс жасауға болады, олар: а) сөздік жұмысын жүргізу арқылы тіл үйренушінің тілін дамыту; ә) мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту; б) көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тіл дамыту; в) жаттығулар орындау арқылы тіл дамыту, г) аудиториядан тыс жұмыстар арқылы тілін дамыту;

ғ) жағдаяттық тапсырмаларды орындату арқылы тілін дамыту және т.б [2, 18].

Әдетте, сөздік қоры бай адам ғана өз ойын жеткізуде тиісінше орынды сөзді таңдап, қолдана алады. Тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, тілін дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі – сөздік жұмыс. Сөздік жұмысы арқылы тіл үйренушінің тіл байлығын мо- лайтумен қатар, дұрыс жазуға дағдыландыра аламыз. Тіл үйренушіге үйрететін жаңа сөздердің мағынасын мына жолдармен меңгертуге болады: 1. Затты көрсете отырып, оның атауын алдымен қазақ тілінде, соңынан орыс тілінде айту; 2. Сөздің орысша баламасын беру (суретін көрсетуге келмейтін, дерексіз зат есімдер, оның түсін білдіретін не қимылды білдіретін сөздер т.с.с.);

3. Сөздердің мағынасын антоним сөздер арқылы түсіндіру; 4. Омоним сөздердің мағыналық айырмашылықтарын сөйлем ішінде келтіріп, түсіндіру; 5. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, алдыңғы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме арқылы жаңа сөздің мағынасын ұғындыру; 6. Осы жаңа сөздерді тек сол сабақта ғана пайдаланып қана қоймай, күнделікті өмірде, қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздікке айналдыру – тіл үйренушінің сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатта мынадай жұмыстар жүргізілуі керек: 1. Жаңа сөздердің мағынасын анық түсіндіру; 2. Жаңа сөздердің тыңдаушы есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3.

Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру, яғни жаңа сөздердің қолдану дағдысын қалыптастыру; 4.

Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.

Оқытушы әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектел- мей, оларды естерінде тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізуі керек деп ойлаймыз.

Онда, мәселен, сол сөздерді қатыстырып, бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу, (сұрақ-жу- аптарын жазғызу), сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу, жағдаят бойынша сөйлем құрату т.б.

жұмыс түрлерін жүргізуге болады.

Сабақ сайын үйретілетін сөз сол сабақпен тынбай, кейінгі сабақтардағы жұмыстарда да қайталанып отырғанда ғана тіл үйренушілердің сөздік қорын тұрақтандыруға болады. Тіл үйренушілердің түрлі сөздіктерді – біртілдік: түсіндірме, синонимдер, антонимдер, омонимдер, кірме сөздер сөздігі; екітілдік: орысша-қазақша, қазақша-орысша, терминологиялық сөздіктер арқылы сөздік жұмыстарының түрлері арқылы оқытудың тиімді жолдары анық байқалады. Тіл үйренушілердің сөздік дәптері болуын оқытушы бірінші күннен бастап қадағалап отырғаны жөн. Себебі, осы сөздік арқылы олардың сөздік қорының шамасы қандай дәрежеде екенін бі-

луге мүмкіндік туады. Сол сөздікті мазмұндама, шығарма және басқа да жазбаша жұмыстар жүргізгенде пайдалануға болады.

Екінші бір тілді үйретуде, тіл үйренушінің тілін дамытуға мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті. Мәтін тіл үйренушіге белгілі бір ақпарат береді, оны оқуға үйретудің басты құралы – ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін оған мынандай талаптар қойылады: а) мәтін тіл үйренушінің жас ерек- шелігіне, түсінігіне сәйкес болуы керек. Әр сабақта оқылатын мәтін әртүрлі деңгейде бола- ды. Бірінші сабақтардың өзінде алғашқы мәтіндер мен оқу жылының аяғындағы мәтіндердің көлемі ондағы сөйлем құрылысының ауыр, жеңілі бірдей болмайды; ә) Мәтін мазмұны әр тіл үйренушінің білім деңгейіне, дүниетанымына сай болуы керек, таныс емес, түсінбейтін қиын мазмұнды мәтін алынбауы керек; б) Мәтіннің мазмұны тіл үйренушіні қызықтыратындай болуы керек. Себебі, қызықтыратын мәтіндерді тіл үйренуші жақсы меңгереді; в) Мәтіндер болашақ мамандығымен, қазақ халқының әдет-ғұрып, мәдениетімен, ұлттық мерекелермен, жетістік- термен тіл үйренушілерді таныстыру қызметін атқаруға тиісті. Сол сияқты, мәтін бойынша бірнеше жұмыстар жүргізуге болады. Мәтінді оқу, аудару, мазмұнын ауызша әңгімелеу, мәтінді әңгімелеу үшін жоспар жасау, мазмұндама жазу, сұрақ-жауап ретінде екі кісі әңгімелесу, яғни диалог құру т.с.с.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің үлгісі: 1) Мәтінді мәнерлеп, дауыстап, бір ырғақпен оқып шығу; 2) Дұрыс оқылуын қадағалау; 3) Сөздікпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздерді есте сақтау; 4) Жазбаша және ауызша оқылуына мән беру; 5) Осы сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару;

6) Мәтінді қалай түсінгендігін тексеру, қорыту мақсатымен мәтіннің мазмұнын айту және осы мәтіннің тақырыбын ашатындай сөзжұмбақ құрастыру. Осы тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдер жазғызып жаттап келуге беру.

Жатқа айту – мәтінмен байланысты тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Тіл үйренушінің тілі жаттығады, сөздік қоры көбейеді, сөздердегі екпінді дұрыс түсіруді үйренеді. Тиі- сті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде тіл үйренушілердің тілін дамытуда, сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралдарды пайдаланып, түсіндірген тиімді екенін Вахтеревтың тәжірибесінен көруге болады. Сабақты көрнекі құрал арқылы түсіндіргенде, оқушылардың 91 ғана ұқса, тек құрғақ сөзбен түсіндіргенде 24 пайызы ғана ұққан. Осыған орай, қазақ ті- лін үйренушілердің әрбір сабағын көрнекі құралдарды пайдалана отырып өткізгендері жөн деп ойлаймыз. Олардың түрі, көлемнің аз-көптігі сабақ тақырыбына қарай бөлінеді. Сонымен қатар, көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі мынадан байқалады: а) тіл үйренушіге материалдарды түсіндіруде оқытушы көп қиналмайды; ә) тыңдаушылар жаңа сабақты, матери- алды оңай қабылдап, тез меңгереді; б) сабақты түсіндіру арқылы тыңдаушының ынтасы арта- ды; в) тіл дамыту жұмысы ерекше жүргізіледі; г) аудиторияда артық шу, әңгіме де болмайды.

Тіл үйренушінің сөздік қорын байытып, тілін дамытудағы тиімді жолдардың бірі – сурет- пен жұмыс болып табылады. Интерактивті тақтадағы сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады. Мысалы, жаңа заттың атын білдіретін сөздер көбіне оның суретін көрсету арқылы меңгертіледі. Оқиғаға құрылған сурет бойынша тіл үйренушіге заттың атын, түсін айтқыза отырып, қимылына, көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме жазғызуға болады. Мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Оқиғаға құрылған сурет бойынша әңгімені төмендегі түрдегі жоспармен жүргізуге болады:

а) таныс емес заттың түсін, қимылын, т.б. әрекетін білдіретін сөздер болса, тыңдаушылардың түсіндірме сөздіктеріне жаздырту; ә) суреттің мазмұнын ашатын жетекші сұрақтар беріп, ол бойынша жауап алу. Тіл үйренушілерді қатыстыра отырып, сурет бойынша әңгіме жүргізгенде, ол көргені, байқағаны бойынша еркін әңгіме құрай алады, өз жанынан сөз қосады.

Біздің ойымызша, мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында қолданатын көрнекі құралдарға мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттерді, мәтінге байланысты сөздік-слайдтарды, мәтінге байланысты сұрақ-жауап слайдтарды да жатқызуға болады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда лингафон және мультимедиялық кабинеттеріндегі инте- рактивті тақта арқылы бейнеленетін түрлі дайын электронды оқу кешендері, оқытушының өзімен әзірленген слайд-тапсырмалары да молынан қолданысқа енгізілуде. Ондағы әртүрлі лексикалық, грамматикалық тақырыптарға байланысты тапсырмалар тіл үйренушілердің ул-

кен қызығушылығын тудырып, шапшаң әрі ынтамен орындалатындығы байқалып жүр. Әрине мұның бәрі тіл үйретуші оқытушының қиялы мен шеберлігіне байланысты болатындығы сөзсіз.

Сол іспеттес тапсырмаларды орындауда, тіл үйренуші грамматикалық заңдылықтарды жатқа білгенмен, оны тәжірибеде қолдана алмаса, ол оның тіл білгеніне жатпайды. Сондықтан тілге үйрету, тілдік нұсқаларды тіл үйренушіге білгізу және оларды меңгерту жаттығудан бастала- ды. Жоғарыда атап өткендей, жаттығулар тілдік материалдардың негізінде тіл үйренушілердің жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Әртүрлі грамматикалық тапсырмалары бар жаттығулар: мысалы, септіктерге байланысты, көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен жұрнақтарды қою, тиісті сөздер мен сөйлемдер құрау.

Сондай-ақ тіл үйренушінің сөздік қорын молайта отырып, жүйелі сөйлеуге үйретуде жазу жұмысының мәні зор. Өйткені, жазу жұмысы арқылы баланың тілін ұстартып, сауатты жазуға үйрету мақсаты көзделеді. Дегенмен, тіл үйренушілердің тілін жазба түрде дамыту- да мазмұндама мен шығарманың да орны ерекше болып келеді. Тіл дамытудың өте маңызды әдістерінің бірі – мазмұндама жаздырту болып табылады. Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да, жазбаша мазмұндамаға ауысады. Бұл тіл үйренушінің сөйлеу тілі жазбаша тілін дамытады. Алайда, тіл үйренушілер орыс тілді мек- тептерінде қазақ тілін оқығанмен, қазақ тілінде бірден мазмұндама жазып кете алмайтындығы анық. Сондықтан оларды әуелі оқыған мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап жаздырту тапсырмасы ұсынылып, сол арқылы бірте-бірте мазмұндама жазуға бейімдеуге болады деп ойлаймыз.

Оқытушы сөздері таныс, түсінікті мәтінді таңдап алады. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу ке- рек, тыңдаушы ынтамен тыңдауы тиіс, есте сақтауға тырысуы керек. Оқытушы сол мәтін бой- ынша тіл үйренушілерге өз бетінше жауап бере алатындай етіп, сұрақтар құрастыруы керек.

3-4 сөзден ғана құралған сөйлем арқылы тіл үйренушінің зейінін, ойын дамытады, үйренушіні іс-әрекетке ұйымдастырады.

___________________________________________

1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы: «Мұрагер» баспа үйі», 2005. - 176 бет.

2. Ағманова Ф.Е., Ағманова Ә.Е., Екшембеева Л.В. Тілді білсеңіз – елді білесіз («Қазақша сөйлегіңіз келе ме? Оқу кешенінің 3-кітабы) – Алматы, «Балауса», 2001. - 136 бет.

Вхождение Казахстана в мировое сооб- щество обязывает рассматривать состояние правовой системы государства в контексте мировой законодательной практики, поэтому, несомненно, следует знать основные формы и методы работы правоохранительных орга- нов зарубежных стран.

Анализируя факторы, определяющие историю формирования определенной систе- мы, можно выявить некую закономерность развития данной системы права. Знание раз- личных систем права, которые постоянно развиваются и оптимизируются, необходимо в межгосударственном общении. Кроме того, учет опыта и практики других государств ва- жен при совершенствовании и создании наи- более эффективной формы организации на- циональной системы права.

В мире существует немало государств и, соответственно, правовых систем. Все они в той или иной мере оказывают влияние друг на друга, имеют общие признаки. Для их обо- значения используется понятие «правовая семья». Многообразие правовых систем сло- жилось под воздействием традиций, образа мышления, культурного уровня людей и т.п.

Основным критерием классификации правовых семей остается источник права. В соответствии с системой источников права и структуры правовой системы можно выде- лить следующие основные правовые семьи:

англосаксонскую, романо-германскую, ре- лигиозно-традиционную. В реальной жизни правовые системы различаются спецификой и уникальностью.

Англосаксонская (англо-американская) правовая система является одной из наибо- лее распространенных в мире. Она включает в себя две группы: группу английского пра- ва (Англия, Канада, Австралия, Новая Зе- ландия, другие бывшие колонии Британской империи – 36 государств) и право США, за исключением штатов Луизиана и Калифор- нии, где значительную роль играют француз- ское и испанское право. Исторической датой в становлении этой системы права был 1066 год, когда нормандцы завоевали Англию [1, c.191].

Изучение англо-американской правовой системы в Академии финансовой полиции выполняет практический курс английского языка. Слушатели изучают правовую систе-

ОПЫТ КАДРОВОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ

Garis besar

Dokumen terkait