Н. Қамбаров
Қаржы полициясы академиясы әскери, дене тәрбиесі және арнайы
дайындық кафедрасының доценті, қаржы полициясының майоры
Түйін
Мақалада қазақ күресінің жасөспірімдер арасындағы қолданбалығы және Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму саласына ғылыми зерттеулер қарастырылған.
Резюме
В статье рассматривается применение казакша-курес среди молодежи и осущест- вление научных исследований в сфере наци- ональных видов спорта в Казахстане.
Summary
In this article the author considers questions about training youth people in «Kazakhsa ku- res» wrestling and research national sports in Kazakhstan.
Ә. Ағаділов
Қаржы полициясы академиясы әскери, дене тәрбиесі және арнайы дайындық кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
қаржы полициясының аға лейтенанты
А. Бошқайтегі
Ж.Үшкемпіров атындағы № 8 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі
«Дзюдо» бөлімінің жаттықтырушысы
үлкен өлшеммен орналасқан, жарақаттың алдын алудың гигиеналық талаптарына сәйкес келе- тін зал қамтамасыз етілуі керек. Мұндай жаттығу залында күш жаттығулары (штанг, гир, гантель көтеру, тренажер, гимнастикалық снарядтар, канат, перекладина, брусья, швед қабырғасы және т.б.) сабақтарын өткізуге арналған орындар қарастырылуы қажет. Егер күрес залында басқа да жабдықтар болса, кілемнен қауіпсіз қашықтықта орналасуы тиіс. Сонымен қатар, кілемнің шетінен қабырғаға дейін 2,5 м аралығында қауіпсіздік жолақтары болуы керек, ал ондай жолақтың жоқ жерін, іргелес қабырғаларды және бағаналарды 1,7 м биіктікте жұмсақ қаптамалармен жабу керек.
Сайысты өткізу үшін ғимараттан тыс 12х12=144 м және одан үлкендеу кілемдерді жайғастыруға қолайлы тегіс жер немесе алаңды жабдықтауға болады, бірақ, күнделікті сабақтарды күрес залында өткізу керек. Залда қызмет жасайтындар, сонымен бірге жаттығушылар санитарлық-гигиеналық та- лаптарды (сулы тазалау жұмысын жүргізу, дезинфекция, дене тазалығы, аяқ-киім, спорттық форма, кілем және жаттығу залының тазалығы, инфекциялық және тері ауруларын және шаңды болдыр- мау, желдеткіш нормасын сақтау, жарық, ауа ылғалдылығы мен температуралық тәртіпті қадағалау, әрдайым суға түсу және т.б.) сақтауы қажет.
Сабақтарды жүргізу орындарын бағалауда дене шынықтыру және спорт мамандарының 55,5%- ы спорттық жабдықтардың және құралдардың жетіспеушілігіне, 47,9%-ы – спорт залдарының жоқтығы немесе жетіспеушілігіне, 44,7%-ы- спорт залдарының және қажет көлемдегі алаңдардың тапшылығына, 72,4%-ы - спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға, спорт ғимараттары мен алаңдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржының жоқтығын, 44,3%-ы- қажетті медициналық қамтамасыз етудің жоқтығын, 47,7%- спорт ғимараттарында гигиеналық нормаларды сақтаудағы техникалық қиындықтарды, 75,5%-ы - осы спорт түрімен айналысқысы келетіндер санының көптігіне орай қосымша секция жұмыстарын ұйымдастыруға арналған қаржының жоқтығын, 38,2%- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарының жоқтығын атап көрсетеді.
Дене шынықтыру және спорт мамандарының көбі Қазақстандағы спорттың ұлттық түрлерінің дамуындағы нақты жетістіктердің ғылыми-әдістемелік және кадрмен қамтамасыз ету, жаңа құрылыстар және қажетті құрал-жабдықтары бар спорттық ғимарат пен ипподромдар, спорттың ұлттық түрлерінің жарнамалық және ақпараттық базасын қалыптастыру және толықтай спорт мәселелерін әлі шеше қоймағанын атап көрсетеді.
Атап айтсақ, қазақ күресінің танымалдығы және мектеп жасындағы балалардың бұл спорт түрімен дене шынықтыру сабақтарында, факультативті сабақтарда, нақтырақ, мектептің спорт сек- цияларында айналысуға деген қызығушылықтары сабақты ұйымдастыруға деген нақты талаптарды ұсынады. Оқу ғимараттарын (мектеп, колледждер және жоғары оқу орындарын) салуда және оқу алаңдарын кеңейтуде мемлекеттік стандартқа сай оқушылар мен студенттерге арналған спорттық алаңдарға ұсынылған нормаға сәйкес және стадиондар, алаңдар, спорттық залдардың жабдықталуы мен құрылысы міндетті түрде жоспарлануы керек.
Жүргізілген зерттеулерге сай, балалар мен жастардың нақты спорт өткізуге арналған спорттық ғимараттардың жабдықталуы құрылысын ескеруді ұсынамыз. Мектептерде Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыру сабақтарын өткізуге арналған толық жабдықтар жиынтығы қарастырылуы қажет.
Жылдық оқу жоспарына дене шынықтырудың оқу бағдарламасына кіретін спорттың әр түрінен болатын мектепішілік, мектепаралық, аудандық, қалалық және облыстық жарыстарды енгізуді қарастыру қажет. Разрядтары әртүрлі құрама командаларды (сыныптар, оқу топтары, факультеттер, мектептер, оқу орындары) жинақтау.
Спорттың ұлттық түрлерінен айтулы мерекелерде, салтанатты жағдайлар мен дәстүрлі мерекелер- де спорттық жарыстарды өткізу Қазақстанда қазіргі уақытта да дәстүрге айналған. Әсіресе, көптеген жарыстардың түрлері қайтыс болған адамды еске алу кезінде өткізіледі. Өмірден өткен адамның бе- делі мен лауазымы жоғары болған сайын, өткізілетін жарыстың деңгейі де жоғары болмақ.
Е.А. Алимханов және Б.К. Қаражанов зерттеулерінде Ежелгі Грецияда өткізілетін ежелгі грек олимпиялық ойындарының пайда болуына дейінгі және оның пайда болуына қайтыс болған пат- шаны жерлеу дәстүрі сабақтастық болғанын көрсететін жарыстың байланысы қарастырылады. Пат- шаны жерлеу дәстүрі және жаңа патшаны демократиялық түрді таңдауға арналған ойындар ежелгі Грецияда спорттық жарыстардың пайда болуына әкелді. Патшаның тағына спорттық жарыстарда әскери күші жағынан өзін жан-жақты көрсете алатын ең күшті, оңтайлы адам отырады [1, 47-49].
Осылайша, әдеби материалдарды жинақтау және оларға талдау жүргізу Қазақстандағы спорттың ұлттық түрлерінің дамуына тек қазіргі уақыттағы байланыс емес, сонымен қатар этнотарихи байла-
ныспен сабақтастығы барына көз жеткізді.
Қазақ күресімен айналысу тұлғаның гармондарының дамуына, дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың моральды-ерікті және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене күшінің сапасын дамытудағы тиімді әдіс болып табы- лады. Бұл спорттың ұлттық түрі тоғызқұмалақ және көкпар ойындарымен бірге тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге жақын және шалғайдағы мемлекеттерде жақсы дамып келеді.
2010 жылы қазақ күресі бойынша Азияда 5 чемпионат (Қазақстанда, Ресейде, Қытайда және Монғолияда) және әлемдік 2 чемпионат (Қазақстанда және Германияда) өткізілді. Жарыстың дәстүрлі қатысушы командалары Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркменстан, Тәжікстан, Қазақстан болып табылады. 2006 жылғы әлемдік чемпионатқа қазақ күресіне әлемнің 42 мемлекетінің спортшылары қатысқандай, қазіргі уақытта басқа командалар да қосылып жатыр [2, 97].
Қорытынды. Қазақ күресі бойынша мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім щеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау керек.
Қазақ күресі бойынша теориялық және тәжірибелік курстан басқа күреспен айналысатындарға сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, техникалық, тактикалық, психологиялық, сайыс және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек.
Сонымен қатар, арнайы қозғалту дағдыларын: қазақ күресінің барлық әдіс-айласын, арнайы жаттығулар мен палуандар акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, күрестің әдіс-айласын, сақтандыру және т.б нәрселерді меңгеру қажет.
Өз пәні (қазақ күресі) бойынша жалпы дамыту жаттығуларын, жалпы дене күшінің дайындықты арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы палуандардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Дене шынықтыру бағдарламасы бойынша мектеп және жоғары оқу орындарында сабақ өткізуде және жаттығу сабақтарын ұйымдастыруға арналған қажет жалпы дамыту жаттығуларын терең білу шеңберін меңгеру қажеттілігін есте ұстау керек. Мысалы, жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі немесе оқытушысы ретінде керек қажеттіліктер:
- ойындарды үйрету және төрелік ету үшін баскетбол, волейбол және футбол ойындарының әдіс- айласын меңгеру;
- төменгі сөре және жақын қашықтыққа жүгіру, орта қашықтыққа жүгіру, бір орыннан секіру, ұзақтыққа және биіктікке секіруге үйрету үшін жеңіл атлетиканың әдіс-айласын меңгеру;
- қарапайым белтемір, қоссырық жаттығуларын жасау, арқанға тартылу, ат үстінде жалғыз және жұптық гимнастикалық секіру жаттығуларын жасау, тартылу, кеудені жерден көтеру, пресс бойынша нормативтерді қабылдау және үйрету үшін кейбір гимнастикалық жаттығулар әдісін меңгеру;
- жүзу және шаңғымен жүгіру пәні бойынша нормативтерді қабылдау және үйрету үшін, жүзу және шаңғымен жүгірудің негізгі тәсілдерінің әдіс-айласын меңгеру;
- тоғызқұмалақ, дойбы, ақсүйек, соқыртеке т.б. ойындарды игеру және спорттың ұлттық түрлері бойынша сайыс ережесін білу.
Жоғары білімі бар маман қазіргі таңдағы қозғалту белсенділігі жоғары танымал ойын түрлері аэ- робика, шейпинг, бодибилдинг, ритмикалық гимнастика, үлкен және үстел теннисінің сабақтарын өткізу дағдысын және техникасын міндетті түрде игеру қажет.
__________________________________________
1. Алимханов Е.А., Каражанов Б.К. Этноисторические корни спортивных состязаний в Казахстане // YІІІ Международный научный конгресс «Современный олимпийский спорт и спорт для всех.» - Т.1. – Алматы, 2004. - С. 47-49.
2. Матушак П.Ф., Мухиддинов Е.М. Казакша курес – борьба народная // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21.05.2010). – Алматы:
ҚазСТА, 2010. – 248 б.
Тіл – адамдар арасындағы қарым- қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, сонымен қатар ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық тәжірибені жинақтаудың, сақтаудың құралы.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оларға білім мен ғылымды үйрету тіл арқылы жүзеге асырылады. Ал тілді дамыту әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің біріне айналғаны мәлім. Ол Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемле- кеттік органдарда мемлекеттік тілдің ая- сын кеңейту туралы» қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бе- кітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жүзеге асырыла- ды.Бүгінгі күні еліміздің кез-келген жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесіне зер салып, әдістемелерін жетіл- діруге, соның ішінде қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының мәнін ашып, соған бағытталған жұмыс түрлерін өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынған Н. Оралбае- ва, К. Жақсылықова, Ф. Оразбаева, С. Рах- метова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова, Ә.
Жүнісбеков сияқты және т.б. көптеген ғалым, әдіскерлердің пайдалы оқулықтарын, оқу құралдары мен нұсқаулықтарын зерделеп, тәжірибеде кеңінен қолданамыз. Мәселен, ғалым, әдіскер Қ. Қадашева өзінің «Қазақ ті- лін оқыту әдістемесі» құралында жалпы тіл дамуына әсер ететін маңызды төрт фактор деп мыналарды көрсетеді:
1. Үйрену және дамыту (ілгерілеу мен үйрену алғашқы тіл дамуында маңызды рөл атқарады, себебі, үйренушінің сөйлей алатын дәрежеге жетуі үшін міндетті түрде үйрену кезеңінен өтуі керек. Демек, тіл үйрену үйренушінің өз әрекетіне де байла- нысты болатыны сөзсіз).
2. Жас факторы (тіл дамуы жасқа қарай артады, себебі психологтар тілді үйренуді 5-6 жаста бастаудың аса маңызды екенін түсіндіреді).
3. Ақыл факторы (демек, тіл ақылға