ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
4295
3. Aқтӛбe oблысының aудaндapы 2011 жылы /Стaтистикaлық жинaқ/ қaзaқ жәнe opыс тілдepіндe/ Aқтӛбe: 2012. - 144 б.
4. Сoциaльнo-экoнoмичeскoe paзвитиe Aктюбинскoй oблaсти. – Aктoбe:
2011. – С.89.
5. http://aitekebi.aktobe.gov.kz/ - Aқтӛбe oблысының Әйтeкe би aудaны әкімдігі.
ӘОЖ 910 (075)
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ МИФТІК ТОПОНОМИКАЛЫҚ АТАУЛАР Тӛлеуова Назым Айтжанқызы
М. Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану- география факультетінің 3 курс студенті, Орал, Қазақстан
Ғылыми жетекшіс - Б.Ходжанова
Ертегі, аңыз, миф және география. Осы ұғымдар арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Осындай сауал аталған сӛз тіркестерін оқығанда әрбір адамның ойына келері сӛзсіз, шындығында да ертегі мен жердің сипаты туралы ғылымның арасындағы байланысты адам баласы ӛзінің ӛмірінде, әдеби мұрасында байланыстырып отырған. Сүйікті ертегіні не аңызды оқығанда кӛкірегі ашық жас оқырман сол ертегі кейіпкерлерімен бірге жүргендей күй кешеді.
Асқар, асқар таулардан, Айдын шалқар кӛлдерден, Ебелек ұшпас елсізден, Кӛбелек ұшпас кӛлсізден, Құла мидай шӛлдерден,
Ада жүрмес жерлерден ӛтпедік пе?
География ғылымының мифогеография, яғни аңыз-ертегілердің шығу орны мен таралу географиясы деген саласы бар. Қазақ арасында бұл ғылым саласы кенжелеп қалған.
Ал бұл ғылым саласының адам баласына берері мол. Оқиға біздің жерде ӛткен-ау деген ой адамға рухани ләззат береді, оның санасында туған жердің мәртебесін ӛсіреді.
Туған жер табиғаты- ұлттың ӛмір сүруінің басты шарттарының бірі. Сондықтан да оның материалдық байлығын да, реті келсе рухани байлығында пайдалана білген дұрыс. Ал осындай рухани байлықтың бірі-ертегі-аңыздар, олардың таралу географиясы.
«Маңғыстау» сӛзінің шығу тегі туралы тұжырымдар да баршылық. 1958 жылы жарық кӛрген Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер-су аттары сӛздігі» кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы тӛрт болжам жинақталып берілген. Біріншісі-ӛлке аты «мың»
және «қыстау» тіркесінен шыққан. Екіншісі-ноғайдың «менк» деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі-кӛне түркі тіліндегі «ман» тӛрт жастағы қой сӛзіне «қышлақ» жалғауы арқылы қалыптасса, тӛртіншісі-Е.Қойшыбаевтың ӛз болжамы бойынша-«Маңғыштағ» -
«құбыжықтар тауы» дегенді білдіреді.
Маңғыстаудың тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Е.Қойшыбаевтың тұжырымына тірек боларлық жаңа болжамдар жасауға болады:
Біріншіден, Ежелгі Маңғыстауда тұрғын халық (дай,алан) жыланды, айдаһарды не басқа үрейлі мақұлықты қасиетті киелі (тотем) деп санауы ықтимал. Оның үстіне Маңғыстау
4296
облысында Отман, Маната, Маңсуалмас, Манашы, Маңғыр, Ақман, Қараман жер-су аттарының болуы және олардың ӛз бойында мифтік – аңыздық сипатын басқа топонимдерге қарағанда кӛбірек сақтауы аталған пікірге тоқтам жасауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, геологиялық уақыт бойына ғана емес, соңғы он мың жыл ішінде, тіпті біздің VII-XV ғ.ғ. аралығында да Маңғыстау климаты мен табиғаты қазіргіге қарағанда ӛзгеше еді. Бұл кездерде түбек климаты бүгінгімен салыстырғанда 30-40 % - ға ылғалды болған, мұның ӛзі қазіргі шӛл даланың орнында дала-саванна жертарабының болуына ықпал жасаған.Осыны ескере отырып, сол кезеңде Маңғыстауда алып жылан, не алып кесіртке, тіпті қазір жойылып кеткен аңдар да мекендеген деп болжам жасауға болады. Сірә,адам кӛрмесе жылан қырық жылда айдаһарға айналады деген қазақы ұғым негізсіз болмас.
Үшіншіден, Қаратау жоталары (Таушық,Батыс және Шығыс Қаратаулар) солтүстік- батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр, ал ені 10-11 км-ден аспайды. Ӛсімдік жамылғысы жоқ, үсті толқынды – тегістелген бедерлі болып келетін таулардың түсі қара кӛк болып келеді. Егерде екі жағындағы Ақтау биігінен кӛз салсақ, сұрқай сары далада қарайып созылып жатқан таулар ӛте алып жыланға, айдаһарға ұқсайтынын байқау қиын емес.
Сонымен, Маңғыстауды «маңғыш»- «тау»- қорқынышты алып айдаһардың мекендеген тауы немесе «айдаһартау» дегенді білдіреді деп тоқтам жасауға толық негіз бар.
Қазақта-«Жерұйық»,«Жиделі-Байсын», «Қап тауы», «Қаратаудың ойы», «Қарасудың бойы» сияқты ертегі-аңыздық географиялық атаулар бар. Олар қайда? Асан қайғы іздеген
«Жерұйық» қайда екен? Кім де болса,сол Жерұйықтың ӛз туған жері болғанын қалайды. Бұл таңғажайып та ертегілі атамекенге саяхаттың басталуы. Қасиетті Маңғыстауға арналып қаншама теңеулер, мадақтар айтылмады десеңші! Қазақтың ӛлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалымы Серікбол Қондыбай ӛлкемізді былайша суреттеген: «Маңғыстау! Оның әр пұшпағы, әр тасы-ертегі, әр тӛбесі мен сайы-аңыз.Оны мекен еткен адамдар да аңыз .Оның жері қандай,жер бетіндегі атаулары қандай?! Бұл-тұла бойы тұнған сыр елі ғой.» Шынында, Маңғыстау бойына тылсым сыр бүккен жұмбаққа толы сыр сандық тәрізді. Осы сыр сандыққа терең үңілген сайын қойнауындағы құпиясы адамзатты таңғалдырып, тамашасы таусылмастай кӛрінетін ғажайып ӛлке. Маңғыстау қашанда ӛзінің қайталанбас табиғатымен, ӛзіндік ӛзгешелігімен кімді де болмасын жұмбақ әлемге тарта түседі. Бейне бір қиял дүниесінен туған ертегі дерсің! Қазақстан жерінде ертегі-аңызды үш ӛлке бар.
Олар:Түркістан, Орталық Қазақстан және Маңғыстау. Ал қазіргі кезде Маңғыстау аңыздық бейнесін сақтаған, «киелі ӛлке», «362 әулиелі» деген атқа ие жалғыз ӛлке. Үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау жұмбақ жайлап, аңыз ӛрген киелі мекен.
Маңғыстаудың географиялық нақтылыққа ие болған аңыз-ертегілерін былай топтастыруға болады:
1.Жер-су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз-ертегілер: Қаламқас, Маната, Манашы, Күйген, Аппақұшқан т.б.
2.Географиялық объектілердің тау, тӛбе т.б. сипатын түсіндіретін аңыздар:
Кендірлідегі Темір баба аңызы, Ерсарының қайрағы және Ерсарыға қатысты әңгімелер, Мерет сұлу аңызы т.б.
3.Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, ӛлтірілді делінетін Батыс Қаратаудың тӛңірегіндегі сай, үңгірлер.
4.Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең кӛп бӛлігін құрайды.
5.Маңғыстауда ӛмір сүрген, Х-ХI ғасырлардағы суфистік дін уағыздаушылары болған мұсылман әулиелері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар. Бұлардың саны да жеткілікті және географиялық орны да белгілі. Бекет ата мен Оғланды, Омар ата, Есен мен Қараман ата, Шопан ата,Шақпақ ата, Ұшқан ата, Масат ата, Темір баба, Дәніспан, Бабатүкті Шашты Әзіз т.б.
4297
Бір қызығы, Маңғыстаудың әдемілігін де, ерекшелігін де, оның ертегілік жертарабын да байқайтын, таңдай қағатын ӛлкеміздің меймандары, шынын айту керек, оның ішінде басқа ұлттың ӛкілдері, тек соларға еріп жүргенде бірге «таңғалысып», іле-шала «ұмытып»
кететініміз де ақиқат. Мұсылман дінін қабылдағанға дейін ата-бабаларымыздың тәңірлік дінді ұстанғанын білеміз. Тәңірліктің екі тірегі бар. Біріншісі Ислам Қорқыт Атадан бастап, Баба Түкті Шашты Әзізге дейінгі мәңгілік әулиелерді ӛзінікіне айналдырып,ата-баба мәдениетінің қазақ мұсылмандығының негізгі бӛлігіне айналдырды. Одан қазақ тек қана ұтты деуге болар еді. Аталмыш 360 әулиенің ардақталуы да осының арқасы. Ал екіншісі — табиғатқа сиыну. Жер-анаға, Кӛк аспанға, суға, тауға, үңгірге, кӛк шӛпке сиыну, құрметтеу, қорғау ата- бабаларымыздың ӛмірінің негізі болды. Осы қасиетті біздер жоғалтып алған сияқтымыз. Осы күнгі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, табиғаттың зорлықпен ӛзгертілуі, туған жерге деген немқұрайлы кӛзқарас себептерінің түбі осында жатса керек.Жоғары да айтып ӛткендей туған жер табиғаты − ұлттың ӛмір сүруінің басты шарты.
Маңғыстаудың шӛлді, сусыз, ӛсімдіксіз, ыстық ӛңірінде ӛмір сүруді бізге бұйыртқан.
Әркімнің ӛз туған жерінен артық жер жоқ. Сондықтан Маңғыстаудың «барын» пайдалану, сақтау басты міндет. Ал ертегілік кӛзқарас — осы міндетті жүзеге асырудағы қажетті қасиеттердің негізгілерінің бірі болып қалмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қондыбай С.Ә. «Маңғыстау географиясы». Алматы. «Нұрлы әлем», 2007 ж.
2.Нұралин.Н. Жәмінов.К. Едіресов.Т. «Қазыналы қойнаулар».Алматы.Қазақстан.
1983 ж.
3. Қондыбай С.Ә. «Эстетика ландшафтов Мангистау». Алматы. «Арыс», 2006 г.
УДК 911.3:001.4
ГЕОКУЛЬТУРНЫЕ ОБРАЗЫ ФРОНТИРНЫХ ТЕРРИТОРИЙ (НА ПРИМЕРЕ РЕГИОНА ДНЕПРОВСКОГО НАДПОРОЖЬЯ, УКРАИНА)
Троценко Александра Владиславовна [email protected]
к.геогрн.н., доцент кафедры физической и экономической географии Днепропетровского национального университета имени Олеся Гончара, Днепропетровск, Украина
Одним из актуальных направлений современной географической науки является гуманитарная география, в сфере интересов которой лежит не столько территория, сколько ее восприятие, перцепция, образы. Особую важность этом ракурсе представляет изучение геокультурых образов т.наз. фронтирных регионов, заселение которых происходило в результате взаимопроникновения и влияния границ соседних политических, культурных, этнических образований. Ярким примером такого фронтирного региона является Днепровское Надпорожье, который сегодня занимает территорию Днепропетровской и северно-западной части Запорожской административных областей.
Для апробации методологии и методики гуманитарной географии этот регион имеет важнейшее значение, так как долгое время находился на стыке трех политико-религиозных миров: римо-католического запада в лице Речи Посполитой, православного севера (Московия, позже Российская империя) и мусульманского юга (Крымское ханство – вассал Османской империи). Более того, на юге Днепропетровской области возникло уникальное военно-политическое образование – Запорожская Сечь, геокультурный потенциал которого до сих пор до конца не изучен. Приграничное положение региона, в разное время менявшего