Заман ағынына қарай өнеркəсіп пен өндіріс, техника өте жылдам қарқынмен дамып барады. Күнделікті қолданылатын компьютер, телевизор, кіржуғыш машиналардың, автомобильдердің жұртшылық көріп, танып болмай жатып, артынша функциялары, дизайны, құралдары одан да жоғарғы сапалы келесі бірі шығып жатады. Міне, осындай техника заманында инженерлік графиканың мағынасы бұрынғыдан да зор болмақ. Машина жасау кəсіпорындарында, құрылыста, жалпы барлық өнеркəсіп пен өндіріс салаларында заттардың бəрі, ғимараттар, бөлшектер жəне олардың құрамдас элементтері бəрі де сызбамен, сызбаның көмегімен орындалады.
Сызбадағы проекциялар мемлекеттік стандарттың ережелеріне сəйкес орналастырылады МЕСТ 2.305-68 (СТ СЭВ 363-76). Затты техникалық сызбаларда кескіндеу үшін стандарт бойынша көріністер қолданылады. Мұнда кескінделетін зат бақылаушы мен сəйкес проекция жазықтығының аралығына орналастырылған деп есептеледі. Негізгі проекция жазықтар ретінде кубтың алты беті қабылданады да, берілген затқа параллель орналасқан жазықтығына сəйкес кескіндері кескінделеді
(165-сурет). Осы кубтың алты бетінің фронталь проекциясына бұрып жайсақ, нəрсенің алты кескінін көрсетуге мүмкіндік туады (166-сурет). Кескіндер өзара байланыста орналасады.
Осы кескіндерге қарап, заттың кеңістіктегі көрнекі тұлғасын толық көруге болады. Əрине, ол үшін адамның кеңістікте ойлау қабілеті болу керек. Фронталь
проекция жазықтығында орын далатын кескінді басты көрініс дейді. Басты көріністі таңдағанда затты кеңістікте ерікті, бос орналасу тұрғы-
ХІ-тарау
сынан алады жəне сол нəрсе туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретін бетін орналастырады.
Фронталь көріністі басты көрініс деп атайды. Заттың басқа кескіндері, басты көрініске өзара байланысты (167-суретте көрсетілгендей) орналасады.
Стандартқа сай сызбадағы кескіндер саны, зат туралы мағлұматты толық қамтамасыз ететіндей дəрежеде, ал көріністер саны мүмкіндігінше аз болуы керек, бірақ заттың барлық ерекшеліктерін, геометриялық формасын жəне өлшемдерін толық анықтауға жеткілікті болуы керек.
Мазмұнына байланысты кескіндер көріністер, тіліктер, қималар болып бөлінеді.
§ 12.1 Көріністер
Көрінісдеп бақылаушыға қараған нəрсе бетінің көрінетін кескінін айтады.
Көріністер негізгі, қосымша жəне жергілікті болып бөлінеді.
Негізгі көріністер. Мемлекеттік стандарт МЕСТ 2.305-68 (СТ СЭВ 363-76) жоғарыда айтылғандай алты негізгі көріністі белгілейді (167-сурет)
Басқа көріністер, бөлшектің оң жағынан көретін көрініс – кескіндегі басты көріністің сол жағына (4) орналасады, астыңғы көрініс – бөлшектің астынан қарағанда көрінетін кескін (5) басты көріністің үстіне орналасады; артқы көрініс – бөлшектің артынан қарағандағы көрініс, бұл көріністі (6) сол жақ көріністің оң жағына немесе оң жақ көріністің тұсына орналастыруға болады.
Сызбада бөлшектің басты көрінісін салар кезде, оның барлық элементтерінің геометриялық формасы мен өлшемдерін анықтаумен бірге, басқа көріністерінің де дұрыс, тиімді орналасуын қамтамасыз етуі қажет.
Заттың фронталь проекциялық жазықтығында сызылатын кескінін алдыңғы көрініс деп атайды.
Бұл көрініс сызбада басты көрініс ретінде қабылданады, сондықтан оны басты көрініс (1) деп атайды. Басты көріністі таңдағанда, жоғарыда атап өткендей, нəрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен бірге сызбада басқа көріністердің ұтымды орналастырылуы қамтамасыз етілуге тиіс екені ескерілуі керек.
Горизонталь проекция жазықтығындағы кескінді үстіңгі көрініс (2) деп атайды. Нəрсенің үстінен қарағанда жазықтықтағы кескін бейнеленеді. Бұл көрініс басты көрініспен өзара байланыста орналасады.
Профиль проекция жазықтығындағы кескін сол жақ көрініс (3) деп аталады. Бөлшектің сол жағынан көретін көрініс – кескіндегі басты көріністің оң жағына орналасады (167-сурет).
167- сурет
1
2 4
35
6
Бөлшек бетінде көрінбейтін элементтерді көріністерде үзік сызықтармен белгілеуге болады (167-сурет). Бұл жағдай сызбадағы көріністердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Сызбада көріністердің аттарын жазудың қажеті жоқ. Астыңғы, артқы көріністер басты көрініспен проекциялық байланысын бұзып, басқа кескіндермен ажыратылса немесе басқа параққа орналасса, бұл жағдайда оларды сызбада нұсқамен көрсетіп, нұсқаның үстіне немесе артына қазақ алфавитінің бас əрпі қойылып (168-суретте көрсетілгендей) белгіленеді.
§ 12.2 Қосымша көріністер
Негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес жазықтыққа кескінделген көріністі қосымша көрініс деп атаймыз. Бөлшектің кейбір элементтері негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін жағдайда қосымша көрініс пайдаланылады (169-сурет). Нəрсенің негізгі проекция жазықтықтарына параллель түспейтін элементін, бұрмаланбаған көрінісін алу үшін, басқа жазықтыққа кескіндеу арқылы тұрғызады. Жаңа жазықтықты негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін бөлшек элементінің жанына параллель етіп орналастырып, содан кейін қосымша жазықтықты фронталь проекция жазықтығымен беттестіреді. Алынған кескін бөлшектің қосымша
көрінісі болады. Қосымша көріністе бөлшектің бұрмаланатын элементі өз шамасында кескінделуі қажет. Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, кириллица алфавитінің бас əріптерімен белгілеп қояды. Мысалы, қосымша көріністің үстінде нұсқаны сызып, оған «А» деп əріп белгісін жазу керек (169-сурет).
Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста орналастыруға болады. Егер қосымша көрініс ось сызығының бойында орналасса, бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамен көрсетудің немесе белгі қоюдың қажеті жоқ (169-сурет). Қосымша көріністі бұрып та кескіндеуге болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белгісі қолданылады.
§ 12.3 Жергілікті көріністер
Бөлшектің шағын бөлігі құрылысының кескінін жергілікті көрініс деп атайды. Жергілікті көріністі сызбада ирек сызықпен шектейді. Ал, егер жергілікті көрініс 170-суретте көрсетілгендей негізгі көрініспен байланыста орналасса, ирек сызықпен шектелмейді. Қосымша көрініс сияқты белгіленеді.
Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, қазақ алфавитінің бас əріптері жазылады.
1. Заттың кескіндерін қандай тəсілдермен салуға болады?
2. Кескіндер өз мазмұнына байланысты қалай бөлінеді?
3. Негізгі проекциялық жазықтықтар ретінде не қабылданады?
4. Көріністер сызбада қалай орналасады?
А Акөрінісі
§ 12.4 Тіліктер
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп атайды. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) жəне оның ар жағында жатқан нəрселер кескінделіп көрсетіледі (171-172-суреттер).
Егер де заттың кұрылымын түсінуге қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқан кесіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі (171-сурет). Тіліктерде əртүрлі материалдардың графикалық белгіленуін МЕСТ 2.306-68 бойынша алады.
Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді (172-сурет). Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқа салынады.Олар қарау бағытын көрсетеді.
Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3 мм қашықтықта орналасулары тиіс. Қима сызықтың бас жағында жəне аяқ жағында, ал егер керек болса, бұрылу белгілерінде қазақ алфавитінің бас əрпінің біреуін қайталап жазады. Əріптерді нұсқалардың жанынан жəне бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл əріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады, мысалы А-А (172-сурет). Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің)
симметрия жазықтықтарымен дəл келсе, тіліктер проекция байланысын сақтап, бір парақта орналасып, басқа кескіндермен ажыратылмаса, горизонталь, фронталь жəне профиль тіліктерінде қиюшы жазықтықтың орны көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. (172-сурет)
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді: қарапайым – тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілік (172-173-суреттер);
күрделі – екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтармен алынған тіліктер (175-176-сурет);
35 75
60 90
32
158 190
А А
130
05
А А
Горизонталь тілік деп горизонталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады (173-сурет). Затты горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік жəне профиль тілік болып бөлінеді. Егер қиюшы жазықтық фронталь проекциясына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады (172-сурет Б-Б).
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр, ал профиль проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады (172-сурет А-А тілігі).
Қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік фронталь тілік деп аталады (172-сурет Б-Б). Ал, қиюшы жазықтық проекция жазықтықтарына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасап орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады (174-сурет).
Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің) ұзындығы бойынша немесе биіктігі бойынша өтсе, тілік бойлық (продольный) деп аталады. Егер қиюшы жазықтық заттың биіктігіне немесе ұзындығына перпендикуляр болып өтсе, тілік көлденең (перечный) деп аталады. Горизонталь, фронталь жəне профиль
тіліктерді сызбада сəйкес негізгі көріністермен біріктіреді. Егер көлбеу тілік бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен кейін бұрылу белгісін қою керек.
§ 12.5 Күрделі тіліктер
Күрделі тіліктер сатылы жəне сынық тіліктерге бөлінеді. Егер екі жəне одан да көп қиюшы жазықтықтар бөлшекті бір-біріне параллель орналастырып тілсе, осыдан шыққан кескінді сатылы тілік дейді (175-176-суреттер). Бұл тілікті кескіндеу үшін барлық қиюшы жазықтар сызба жазықтығымен ойша беттестірілуге тиіс.
Сынық тілікті тұрғызғанда қиюшы жазықтықтың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сəйкес көріністің орнына салынады (177-сурет).
Затты (тетікбөлшекті) түгел қиып жатпай, оның бізге керекті бөлігінің ішкі құрылысын көрсетуге мүмкіндік беретін тілікті жергілікті тілік дейді (178-сурет). Жергілікті тілік көріністе ирек сызықпен оқшауланады. Бұл сызық көріністің басқа сызықтарымен беттеспейтін болу керек.
176-сурет
1. Қандай кескін «тілік» деп аталады?
2. Тіліктің қандай түрлері бар?
3. Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтықтарына қатыстылығы тұрғысынан жағдайына байланысты алынған тіліктер қалай аталады?
4. Күрделі тіліктің қарапайым тіліктен айырмашылығы неде?
5. Күрделі тіліктің қандай түрлері бар?
6. Жергілікті тілік қандай жағдайда қолданылады?
7. Қандай жағдайда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын кескіндеуге болады?
8. Тіліктер сызбада қалай белгіленеді?
§ 12.6 Қималар
Нəрселерді техникалық сызбаларда көрсету үшін тіліктер деп аталатын кескіндерді пайдаланып келдік. Енді қималар сияқты жаңа кескіндермен танысамыз. Олар заттың немесе оның жеке элементтерінің тек сыртқы формасын ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі формасын да анықтауға мүмкіндік береді
Қима дегеніміз - нəрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескіні. Қимада тек қиюшы жазықтықтың бетінде жататын кескін ғана көрсетіледі. Бұл жазықтықтың алдыңғы жəне артқы жағындағы элементтердің барлығы да ойша алынып тасталады. Сызбада қима фигурасын штрихпен көрсетеді. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс.
Үзік сызыққа əріптермен белгіленген нұсқалар жүргізіліп, қима астынан жіңішке сызық жүргізілген А-А немесе Б-Б типті қос əріппен белгіленеді.
Қима мен тіліктің сызбада орналасу ерекшеліктері 179-суретте көрсетілген.
Қиманы сызбада орналасуына қарайқабаттасқан жəне оңашаланған деп ажыратылады (180-суретте а,б).
Қима нəрсенің контурының ішіне орналасса, мұндай қима қабаттасқан деп аталады. Оның контурын жіңішке тұтас сызықпен жүргізеді. Қабаттасқан
Баылау
сратары
179 - сурет
А А
Кима А-А
ТілікА-А
қималар, мысалы əртүрлі прокаттарды, рельстерді жəне сол сияқты нəрселерді кескіндегенде қолданылады.
Оңашаланған қима фигурасының контуры негізгі тұтас сызықпен жүргізіледі. Бұл сызық нəрсенің көрінетін контурын кескіндеу үшін де қолданылады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады.
Егер қима фигурасы осы сызыққа қарағанда симметриялы болса, онда қима стрелкалар жəне əріппен белгіленеді. Бұл жағдайда ол осьтік қима сызығы болып табылады.
Оңашаланған қиманы көрініс бөлшектерінің арасындағы үзікке орналастыруға да болады (180-сурет, в, г.). Нəрсенің шартты түрдегі үзілісі сызбада жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі. Алайда бұл ереженің тек симметриялы нəрселерге ғана қатысы бар. Егер нəрсе симметриялы болса, онда стрелкалары бар үзік сызық жүргізіледі, бірақ əріптермен белгіленбейді (180-сурет, б.).
Кейде оңашаланған қиманы сызбада бұрып та көрсетеді. Бұл жағдайда А-А немесе Б-Б жазуына (181-суретте көрсетілгендей) «бұрылған» деген сөз жазылады.
Бөлшектің бірнеше бірдей оңашаланатын қималарының қиюшы жазықтықтары бір əріппен белгіленеді. Мұндайда тек бір қима фигурасы ғана сызбада көрсетіледі. Егер мұндағы қиюшы жазықтық түрлі бұрыш жасап бағытталса, онда «бұрылған» деген сөз сызбада жазылмайды.
Əдетте қима фигурасы өзіне сəйкес көрініс қандай масштабта орналасса, ол да сондай масштабта сызылады. Ал, өлшемдер қимада қажет болса түсіріледі.
Тетікбөлшектің қималары бірдей болуы мүмкін. Осы секілді бірдей қималар үшін қима сызықтарын да бірдей əріптермен белгілейді жəне бір қима сызылып, бірнеше қиюшы жазықтықтармен орындалуы мүмкін (181-сурет).
1. Қима дегеніміз не? Қималар қалай бөлінеді?
2. Қандай жағдайда қимаға жазу қоса жазылады?
3. Қабаттасқан жəне оңашаланған қиманың айырмашылығы неде?
4. Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?
5. Қиманың орындау тəсілдерін айтыңыз.
6. Қандай жағдайда қимаға бұру белгісі қойылады?
7. Қима сызбада қалай көрсетіледі?
§ 12.7 Қимадағы штрихтау
Практика түрінде əртүрлі материалдардан жасалған нəрселердің қималарын орындауға тура келеді (182-сурет). Олардың əрқайсысы үшін
стандартта штрихтаудың белгілі бір түрі тағайындалады. Көбінесе бізге металды қимада графиктік əдіспен белгілеу үшін шартты штрихтаудың қолданылуы жиі кездесетін болады. Мұндай штрихтауды жіңішке түзу параллель сызықтармен орындайды. Штрихтау сызықтарын сызба рамкасына 45 градус бұрыш жасай жүргізеді. Металды белгілеуге арналған штрихтау сызықтарының арақашықтығы 1-10 мм шегінде болады (182-сурет, а, б).
Баылау
сратары
Штрихтау сызықтарын сызбада солға немесе оңға қарай көлбей жүргізуге болады, бірақ бір детальдің барлық тіліктерінде жəне қималарында міндетті түрде тек бір бағытпен жүргізу керек. Ол сызықтар контурлық немесе осьтік сызықтармен бағыттас болса, онда оларды сол сызықтарға 60º немесе 30º еңісте орындайды.
Егер қима нəрсенің қалыңдығы 2 мм-ге тең немесе кіші болса, оны штрихтаудың орнына тұтас бояйды. Тіліктер мен қималарда өзара қосылған детальдарды ажырату үшін əртүрлі бағытта штрихталуы тиіс көлбеулікпен жүргізеді.
§ 12.8 Оңашаланатын элементтер
Берілген бөлшек жайында қандайда бір өлшеміне тиесілі немесе бөлігі жайында қосымша графикалық түсінік қажет ететін бөлшектің қосымша орындалатын кескінін оңашаланатын элементтер деп айтады. Əдетте оларды үлкейтіп орындайды.
Оңашаланатын элементті қолданған кезде көріністе айтылған орынды жіңішке сызықпен алып, шеңбер, эллипс немесе басқадай фигурамен шектеп,
0
60
450 450
көріністегі орнын сызығымен шығарып, шығару сызығының үстіне қазақ əріптерінің бірін ретімен қояды (183-сурет).
Айтылған көріністе бөлшектің нақты мазмұнын көрсетуге қажетті қосымша мəлімет беретін бөлігін оңаша элементпен шектеп шығарып көрсетеміз.
Мысалға, бейнеленген көрініс (а) болсын, ал оңашаланатын элемент –
«көрініс» (б) немесе «қима» (в) болуы мүмкін (184-сурет).
Баылау сратары
1. Штрихтау сызықтарының көлбеулік бұрыштары нешеге тең ? 2. Бір бөлшектің тіліктері мен қималарындағы штрих сызықтары
қалай жүргізілуі керек ?
3. Штрихтау сызықтары қалай сызылады ?
4. Қай жағдайда 60º еңістегі штрих қолданылады?
5. Оңашаланатын элементтерді қай кезде қолданамыз?
6. Оңашаланатын элементтер қалай белгіленеді?
§ 13.1 Тетіктер қосылыстарының кескіндері туралы түсінік
«Тетіктер қосылыстарын кескіндеу» тақырыбының жалпы білім беруде маңызы зор. Бұл тақырыпты оқып үйренудегі ең басты мақсат - студенттерге түрлі көліктерде, механизмдер мен тұрмыстық құрылыстарда пайдаланыла- тын, кеңінен қолданылатын тетіктер қосылыстарының кескіндерін көрсететін сызбаларды дұрыс түсінуге үйрету. Бұл үдіріс оларды техникалық сызудағы тетіктер қосылыстарын кескіндеу туралы түсініктен графикалық кескіндеу ерекшеліктерімен таныстыруға қарай бағыттайды. Сабақ барысында студенттердің техникалық ой өрісін кеңейту, нақты мысалдар арқылы стандарттандыру туралы түсінік беру мəселелері жүзеге асырылады.
Қосылыстар ажырайтын немесе ажырамайтын болып екіге бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстар деп бүтінді құрастырып тұрған тетіктерін бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстарды айтады. Оған төмендегідей қосылыстар жатады:
• бұрандамалы қосылыс;
• бұрамасұқпалы қосылыс;
• құбырлы қосылыс;
• бұрамалық қосылыс;
• кілтекті қосылыс;
• сұққыш (штифтік) қосылысы.
Ажырамайтын қосылыстар деп олардың құрамына кіретін тетіктерді бүлдірмей ажыратуға болмайтын қосылыстарды айтады. Оған пісірмелеу, желімдеу жəне шегелеу жатады.
Стандартталған тетіктер мен қосылыстар сызбада сызылуын жəне оқылуын оңайлатады, өйткені оларды кескіндеу жəне белгілеу ережелері стандарт бойынша анықталады.
§ 13.2 Бұранда
Бұранда дегеніміз - өзектегі (стержень) немесе тесіктегі бұрама қобы (ойық). Ол цилиндрлік немесе конустық беттегі бұрама қобы бұрандасының