Н.С. Шакенова
Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті Демодикоз – бүкіл дүниежүзіне кең таралған
Demodex микрокенелері тудыратын теріге қабаттаса біткен қосалқыларының созылмалы паразитарлық сырқаты болып табылады [1]. Терінің фолликулярлы
шаштары мен майлы бездерінде кенелердің паразиттенуі нәтижесінде тіршілік ету өнімдерінінің организмге, атап айтсақ, адамның иммундық жүйесіне қолайсыз әсерін еш күмәнсіз тигізеді [2]. Демодикоздың
жиі тараған көздік формасы – көп жағдайда созылмалы түрде өтіп емдеуге ұзақ уақыт қажет ететін блефароконьюктивит [3]. Өкінішке орай, қолға түскен әдебиеттер арасынан демодикозды блефароконьюктивиті бар науқастар организмінің иммундық статусын зерттеулер жайлы жұмыстар кездестірмедік.
Зерттеу жұмысының мақсаты: демодикозды блефароконьюктивиті бар науқастар организмінің сырқат ұзақтығына сай иммунологиялық өзгерістерін зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері: асқынбаған демодикозды блефароконьюктивитпен 62 науқас тексерілді. Тексерілген науқастардың ішінде 16 ер адам, 46 әйел адам, жас мөлшері 25 пен 54 арасында, сырқат ұзақтығы 1 айдан 10 жыл болған. Барлық науқастар екі топқа бөлінді: бірінші топ науқастарының сырқат ұзақтығы 1 жылға дейін, 29 науқастан тұрды, ал екі топ науқастарының сырқат ұзақтығы 1 жылдан 10 жылға дейін, сырқаттың орташа ұзақтығы 7 жылдан ұзақ, 33 науқастан тұрды. 30 сау адамдар бақылау түрінде иммунологиялық зерттелді. Кенелерді анықтау үшін әрбір қабақтан төрт кірпіктен эпиляцияланды.
Кірпіктері бар нативті препаратты глицерин тамшысында (80 х ұлғайтылған) микроскоппен тексерілді. Бірінші топтың зерттелген науқастарының 16 кірпіктерінде кенелер саны 7 - ге дейін, ал екінші топта кенелер саны 15 және одан да көп болды.
Иммундық статус моноклиналды антиденелердің көмегімен CD3, CD4, CD5, CD8, CD16, CD19 («
МедБиоСпектр» Россия) анықтайтын стандартты жиынды қолдану арқылы тура емес иммунофлюоресценция әдісімен зерттелді.
Қан сарысуындағы иммуноглобулиндер саны агарды гельде Mancini (1965) әдісі бойынша G, A, M иммуноглобулиндеріне қарсы моноспецификалық антиқансарысуын пайдалану арқылы радиалды иммунодиффузия көмегімен анықталды. Қан сарысуындағы айналмалы иммундық комплекстерді анықтау M. Digeon (1977) әдісімен жүзеге асырылды [4].
Зерттеу нәтижелері жалпы түрде қабылданған Стьюдент критериін шығару арқылы варияциялық
статистика әдісімен есептелді. Көрсеткіш айырмасы P<0,05 белгісінде анық деп бағаланды.
Зерттеу нәтижелері және оны талдау: демодикоз сырқатымен науқастардың иммундық жүйесін сырқаттың ұзақтығына сай зерттеу нәтижелері кесте 1- де көрсетілген. Демодикоз сырқатымен 1-ші топ науқастары лейкоциттерінің жалпы саны бақылау тобының сау адамдарының (P<0,05) және зерттелген 2- ші топ науқастары лейкоциттерінің жалпы санынан жоғары болды.
Кесте 1. Демодикоз сырқатымен науқастардың иммундық жүйесінің орташа көрсеткіштері (M±m).
Зерттелуші бірінші топ науқастарының жасушалық иммунитетінің барлық көрсеткіштерінің салыстырмалы және абсолютті деңгейлерінің бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары екендігі анықталды. Алайда, CD4 пен CD19-дың салыстырмалы көрсеткіштері, ал CD3, CD4, CD8, CD16 және CD19-дың абсолютті көрсеткіштерінің анық жоғарылауы байқалды. Зерттелуші екінші топ науқастарының сырқаттарының ұзақ болып созылмалы түрге өтуіне сай лимфоциттері мен жасушалық иммунитетінің барлық көрсеткіштерінің салыстырмалы (CD3 CD19) және абсолютті (CD3 CD4 CD8) деңгейлерінің бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен екендігі, сонымен қатар CD16 мен CD19 көрсеткіштерінің бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда өзгермегені анықталды. Демодикозбен ауыратын екі топ науқастарының иммунограмма- ларының көрсеткіштерін салыстырғанда лейкоциттер, лимфоциттер, Т- лимфоциттер хәне олардың субпопуляцияларың және екінші топ науқастарының CD16 мен CD19-дың төмен екендігі айқын көрінді.
Сонымен, демодикоз сырқатының ерте мерзімінде қабақтың шашты фолликулаларында және майлы бездерінде кенелердің аз болуына байланысты жасушалық иммунитеттің факторларының күшеюі ықтимал. Сырқат мерзімі ұзарып, зақымданған ошақтарда кенелер саны көбейген сайын организм қорғаныс қасиетінің жасушалық факторларының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды.
Кесте 1. Демодикозды блефароконьюктивиті бар науқастардың сырқат ұзақтығына сай лимфоциттерінің кейбір субпопуляциялары
Көрсеткіштер Сау адамдар саны (n=30)
Сырқат мерзімі 1 жылға дейін
(n=29)
1 жылдан 10 жылға дейін (n=33)
1 мкл-де Лейкоциттер 4958±216 6195 ±223*, 5198±198**
Лимфоциттер %
Абс. с. 42,1±2,11 41,0±1,9 31,3±1,7*,**
2,120±0,164 2,54±0,173 1,63±0,115*,**
CD3 % Абс. с.
49,26±2,01 51,37±1,69 34,20±1, 95*,**
1,02±0,03 1,304±0,08* 0,56±0,08*,**
CD4 %
Абс. с. 36,38±1,44 49,1±1,22* 40,16±1,24
0,75±0,05 1.25 ±0,07* 0,65±0,05**
CD8 %
Абс. с. 23,42±1,36 28,35±1,21 20,98±1,22**
0,480±0,06 0,72±0,06* 0,34±0,05*,**
CD16 %
Абс. с. 13.25 ±0,55 17,35±0,55* 15,05±0,59
0,27±0,03 0.44 *.** 0,03 0,24±0,07**
CD19 %
Абс. с. 19,42±1,31 27,25±1,53* 27,75±1,68*.
0,41±0,05 0,69±0,04*,** 0.42±0,06**
Е с к е р т у: *- айырмашылығы сау адамдарға сай анық, **- айырмашылығы науқас топтары арасында анық.
Кесте 2. - Демодикозбен ауыратын науқастарының қан сарысуының иммуноглобулиндері мен айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшері
Көрсеткіштер Сау адамдар саны
(n=30)
Сырқат мерзімі 1 жылға дейін
(n=29) 1 жылдан 10 жылға дейін (n=33)
IgA г/л
Р1 1,91±0,05 1,87±0,11 1,89±0,12
IgG г/л 12,25±0,22 11,70±0,19 14,74±0,23.**
IgM г/л
Р1 1,19±0,1 1,57±0,09 *,** 1,21±0,89
ҚАИК(қанайналы-мындағы
иммундық комплекс) % 61,97±2,4 44,8±2,6* 82.46±2,5*.**
Е с к е р т у: *- айырмашылығы сау адамдарға сай анық, **- айырмашылығы науқас топтары арасында анық.
Демодикозбен ауыратын науқастарының қан сарысуының гуморалды буыны мен айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшері кесте 2-де көрсетілген.
Демодикозбен ауыратын бірінші топ науқастарының қан сарысуында
Ig G мөлшері төмендегенде IgM мөлшері анық жоғарылаған, ал IgA мөлшері маңызды өзгермеген.
Сырқат мерзімі ұзақ емес науқастардың IgM және IgA деңгейлерінің анық емес жоғарылауымен салыстарғанда сырқат мерзімі ұзарған сайын IgG деңгейі анық жоғарылаған. Тексерілген науқастардың 1 тобында айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшерінің төмендеуі анықталды. Демодикозбен ауыратын науқастардың қан сарысуының айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшерінің орташа көрсеткіші сау адамдардың осы көрсеткіштерімен салыстырғанда 1,28 есе төмендеді. Науқастардың 2 тобының қан сарысуының айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшерінің орташа көрсеткіші сау адамдардың осы көрсеткіштерімен салыстырғанда 1,33 есе жоғары болып науқастардың 1 тобында 1,84 есе жоғарылады. Демодикозбен ауыратын науқастардың қан сарысуының айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшерінің сырқат ұзақтығына тәуелді болуына сай өзгеруі, демодикоз дамуының механизмдерінде көздің қабағы мен терісінің иммунокомплексті типті зақымдануы маңызды орын алуы мүмкін. Сонымен, демодикоз сырқатының ерте мерзімінде жасушалық иммунитеттің күшеюі, ал кеш мерзімінде қорғаныстың жасушалық факторларының
тежелуі байқалады. Демодикозбен ауыратын науқастардың 1 тобында иммуноглобуллин М деңгейінің анық жоғарылағаны анықталды, яғни бұл көрсеткіш иммуноглобуллин М-нің антигенмен алғашқы кездесуіне сай нәтиже болып табылады. Сырқаттың мерзімінің ұзарып созылмалы күйге өтуі сау адамдар тобы және науқастардың 1-ші тобымен салыстырғанда қанайналымындағы иммуноглобулиндердің негізгі тобын құрайтын G классының өнімінің күшеюімен сипатталды. Демодикозбен ауыратын науқастар организмінде айналмалы иммундық комплекстерінің мөлшерінің жоғарылауы көз бен терінің зақымдалуында маңызды болуы ықтимал, сондықтан емдеу барысында жоғарыда аталған өзгеріс белгілерін ескеру жөн.
Әдебиеттер:
l. Акипов O.E., Власова И.А., Казанцев С.В. Особен- ности иммунного ответа у больных дерматозами, осложненными тяжелой инвазией антропофильных клещей рода Demodex. Иммунология №1. 2002г. 43- 47стр.
2. Майчук Ю.Ф. Паразитарные заболевания глаз. М., Медицина, 1988.-287стр.
З. Полунин Г.С., Полунина Е.Г., Забегайло А.О., Гу- това В.П. Особенности клинического течения блефаро- конъюнктивальной формы сухого глаза при демодикозе.
Вестник офтальмологии-2008.-№2 с.35-39.
4. Караулов А.М. Клиническая иммунология. М.2002 с. 658
Демодикоз - широко распространенное во всем мире хроническое паразитарное заболевание придатков кожи, вызванное микроклещами рода Demodex. Изучали иммунологические изменения у больных демодикозным блефа- роконъюнктивитом в зависимости от длительности заболевания. Всего было обследовано 62 больных с неослож- ненным демодикозным блефароконъюнктивитом.
Иммунный статус обследовали при помощи моноклинальных антител методом непрямой иммунофлюоресценции с использованием стандартного набора для определения CD3, CD4, СД 5, CD8, CD 16, CD 19.Таким образом, на ранних сроках заболевания демодикозом отмечается стимуляция клеточного звена иммунитета, а в более поздние сроки происходит угнетение клеточных факторов защиты.
Demodikoz - broadly wide-spread all over the world chronic parasite disease apurtenance skins, caused of the mikromite of the sort Demodex Studied the immunized of the change beside sick demodikozy blepharoconjunctivitis depending on du- ration of the disease. The Whole was examined 62 sick with uncomplication demodikozy blepharoconjunctivitis.
Immunny status examined at monoklinations antibody by method indirect immunnyfluerezencyy with use the standard set for determination CD3, CD4, СD 5, CD8, CD 16, CD 19. Thereby, for early period of the disease demodikoz is noted facilitation celluar of immunny, but at more late periods occurs the oppression celluar factor protection.
УДК 616.711-002.1-08