Литература:
1. Личко А.Е., Битенский В.С.. Подростковая наркология. - Л.»Медицина». - 1991. – С.58-60.
2. Субханбердина А.С. Опийная зависимость в структуре сочетанной психической патологии// Автореф.
докт.дисс. - 2004. - 40с.
3. Бориневич В.В. Наркомании. – М.1963.-С.26-30.
4. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков.-Л.-1977.-С.61-70.
5. Рохлина М.Л., Козлов А.А.- Наркомании. Меди- цинские и социальные последствия. Лечение.-М.2001.- С.50-51.
6. Иванец Н.Н., Винникова М.А. Героиновая нарко- мания.-Медпрактика.М.-2000.С19-30.
7. Москаленко В.Д. Семейная отягощенность боль- ных наркоманиями//Вопросы наркологии.-М.-1993.№3.- С.82-88.
8. Шабанов П.Д., Штакельберг О.Ю. наркомании.
патопсихология, клиника, реабилитация.-С.-П. 2001.- С.58-61.
9. Битенский В.С., Херсонский Б.Г. Мотивировка и условия, способствующие злоупотреблению опиатами у подростков// Психологические исследования и психоте- рапия в наркологии.-Л.1989.-С.83-88.
10. Анохина И.П., Кибитов А.О., Шамакина И.Ю., Москаленко В.Д. Генетика зависимости от ПАВ. Руко- водство по наркологии.-М.2008.-С.80-126.
11. Опросник К.Леонгарда (характерологический опросник) //В кн.Большая энциклопедия психологиче- ских тестов.-М.2007.-С190-193.
12. Кербиков О.В. К учению о динамике психопатий (1961).-Избранные труды.-М.1971.-С.163-187.
13. Ганнушкин П.Б. Клиника психопатий. Их статика, динамика, систематика. Избранные труды.-М.1964.
14. Cattel R.B.Handbook of Modern Personali- ty.Theory-Chicago.-1971.
15. Cattel R.B., Eber H.W., Jatsuka M.M.1970
228 апиыншыл нашакорлар наукастардын жеке тулганын ерекшелiктерiн клиникопсихологиялык талдауы, оларда акцентуалык мiнездерiнiн басым болуын (112–49,1%) аныктайды. АИВ косылганда, аурулардын акцентуалык мiнез- дерiнiн басты ерекшелiктерi О.В.Кербиковтын «шеткi психопатиясына» ауысады.
Clinical and psychological analysis of the personal peculiarities in 228 opioid dependent patients before the contamina- tion by HIV infection reveals the predomination of the character accentuation (112–49,1%). HIV infection complicates and changes patients’ basic accentuated traits they being transformed into the marginal psychopathies according to O.V.Kerbikov. It is often accompanied by the absence of social adaption.
УДК 615.099
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫМЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕ ИММУНДЫ ЖҮЙЕ АҒЗАЛАРЫНЫҢ
әдістеме арқылы жауап табылдыф. Эритроциттерден басқа, көкбауырдың қызыл пуьпаның функциональды белсенділігін сипаттайтын негізгі жасушалық бірлік макрофагтор болып табылады. Келесі, көп жағдайда қызыл пульпаның жауапты жасушаларына лимфоциттер, оның туындылары және нейтрофильді (кей жағдайда эозинофильді) лейкоциттер жатады.
Қызыл пульпада лимфоциттер Т – жасушалары түрінде басым келеді, одан басқа, ағза стромасында және ақ пульпада да аз мөлшерде кездеседі.
Есірткі заттармен (жедел) уланған кезіндегі көкбауырдың гемодинамикалық бұзылыстарын иммундыморфологиялық бағалауында біз ошақтық қан кету аймағында бірен – саран Т – және В –лимфоциттер, көп мөлшерде В жасушалар кездесетінің байқадық.
В-лимфоциттердің басым бөлігі Т-лимфоциттермен салыстырғанда лимфоидты фолликулаларда жиналған.
Қызыл пульпада Т-лимфоциттер диффузды шашылып жатыр. Қызыл пульпа толақандылығының көп мөлшері кездесетін жедел қан кетуінде Т-лимфоциттер саны едәуір азайған. Көкбауырдың қызыл пульпасында В- лимфоциттердің болу өзіне тән емес. Сондықтан, оның қан кету аймағында пайда болуы түсініксіз.
Созылмалы есірткілік улану кезінде, көкбауырда толақандылықта және лимфоидты фолликулаларының гиперплазиясы да орын алғанда біз көкбауырда Т - және В - лимфоцитердің өзіне тән емес аймақта орналасқанына көңіл бөлдік. Ал жедел улануда мұндай
жағдайды біз байқамадық. Ірі жасушалар сирек жағдайда кездескен. Ал макрофагтар қызыл пульпада көп мөлшерде, ақ пульпада одан аздап азырақ кездеседі. Апоптоза үрдісі лимфоидты фолликулада бірлік жасушалар түрінде байқалған.
Шектен тыс қан кету гемосидерин тастаған эритроциттердің көп мөлшерімен сипатталады, бұл не ұзақ уақытты тұрып қалу көрінісін, не синусоидта лизистенген эритроциттердің болуын білдіреді.
Есірткімен улану кезінде жасушаның бағдарланған өлімі (апоптоз) қызыл пульпада үлкен апоптозды жасушаларымен (1 сурет а). Есірткімен жедел уланғанда апоптозды жасушалар ақ пульпада да орын (1 сурет б).
Біз байқағандай, апоптозды жасушалар тіпті ағза стромасында да кездесетіні қызық жағдай (1 сурет, в).
Бірақ мұндай көріністер созылмалы улануда жиі кездеседі (79,9+3,2%). Есірткі заттардың белгілі бір түріне немесе олардың бірікккен түрінде қолдануға байланысты көкбауырдың иммундыморфологиялық зерттеулерді жүргізген кезде келесі айырмашылықтарды алуға мүмкіндік болды. Осылай, героин мен гашишті бірігіп қолдануда қызыл пульпаның сиретілген жағдайы кезінде макрофагтардың ошақты жиналуы және плазматикалық жасушалардың көп мөлшері анықталды.
Плазматикалық жасушалардың пайда болуы антигенді стимуляцияның өршігенін білдіреді. Басқа есірткі заттармен улану кезінде бұл жасушалар кездескен, бірақ мұндай мөлшерде емес.
1 сурет – Есірткі заттармен улану кезіндегі көкбауырдағы апоптоз үрдісін иммундыморфологиялық бағалау а - қызыл пульпадағы апоптозды жасушалар; б – лимфоидты фолликулуладағы апоптозды жасушалар; в – сторомадағы апоптозды жасушалар.
Есірткі заттармен улануда көкбауырдың қызыл пульпасының жасушалық құрамына ірі жасушалар да кіреді. Негізінен, олар кездеспейтін немесе аз мөлшерді дәнекер тінді қабаттарда кездесетін. Алайда, есірткінің біріккен түрімен улану кезінде ірі жасушалар қызыл пульпаның жасушалық құрамында пайда болған, оларды жеке қарағанда саны едәуір көп болуы мүмкін.
Есірткімен улану кезінде, егер лимфоидты фолликулалар герминативті орталықпен болса, онда Т- и В- лимфо- циттер, сәйкесінше, олардың аумағында орналасуы біздің көңілімізді аударатындай жағдай болып табылады.
Лимфоидты фолликулаларда көбею орталықтары болмағанда Т- және В- лимфоциттер өз аумағында байқалмаған.
Есірткі және алкоголды улану кезінде көкбауырдың морфологиялық жағдайына салыстырмалы иммунды-
морфологиялық сараптау жүргізгенде, негізгі белгісі ағзаға алкоголь әсер еткенде лимфоидты фолликулалардың Т- және В- жасушаларының өз аумағын ауыстырмағанының байқауы болып табылады (2 сурет). Сонымен, есірткі заттарымен улану кезінде осы жұмыс бөлімін сараптай отыра, көкбауырда апоптоз үрдісі қызыл пульпа сияқты, ақ пульпада да кездесетінін айта кету керек. Ағзаға есірткінің ұзақ әсері кезінде Т - және В-лимфоциттер өз аумақтарында байқалмайды, есірткімен жедел уланғанда қан кету аймағында В- жасушалар пайда бола бастайды. Есірткілердің бірігіп әсер етуі қызыл пульпада ірі жасушалардың үлкеюін тудырады. Ал ірі жасушалардың ролі әлі күнге дейін белгісіз. Не себепті есірткі заттарына олар осылай жауап береді?
2 сурет – Есірткі және алкоголмен улану кезіндегі көкбауыр лимфоидты фолликулаларын иммундыморфологиялық бағалау
Есірткі заттарымен және алкогольмен улану кезінде апоптоз үрдісін салыстырмалы иммундыморфологиялық бағалауында ағзаға есірткінің өлімге әкелетін мөлшерімен әсер еткенде де жасушаның бағдарланған
өлімін айқын көруге болады. Алайда, біз айырмашылықтарын таба алдық. Бұл, алкогольмен улануды айтпағанда (3 сурет б), есірткі заттарымен уланған кезде 87,6+3,2% жағдайда апоптозды жасушалар ақ пульпада орналасқанын сипаттайды (3 сурет, а).
2 сурет – Есірткі және алкоголмен улану кезіндегі көкбауыр лимфоидты фолликулаларын иммундыморфологиялық бағалау
а - көбею орталығы бар лимфоидты фолликула, 21 жастағы ер адам, европеоидты, есірткімен уланған, гематоксилин және эозин бояуы; б – сол фолликула, Т-лимфоциттер, (NCL-CD3p сарысуға қарсы ) в –сол фолликула, В-лимфоциттер, NCL-DFB1 сарысуға қарсы; г – көбею орталығы жоқ лимфоидты фолликула 28 жастағы ер адам, европеоидты, есірткімен уланған, гематоксилин және эозинмен бояу; д – сол фолликула, Т- лимфоциттер ( NCL-CD3p сарысуға қарсы); е – сол фолликула, В-лимфоциттер, NCL-DFB1 сарысуға қарсы;ж - көбею орталығы жоқ лимфоидты фолликула, 48 жастағы ер адам, европалық, алкоголмен уланған, гематоксилин және эозинмен бояу; з– сол фолликула, Т-лимфоциттер, (NCL-CD3p сарысуға қарсы); и – сол фолликула, В-лимфоциттер, NCL-DFB1 сарысуға қарсы; үлк. х 100.
Есірткі заттарымен улану кезіндегі айырша бездің иммундыморфологиялық зерттеулерінде біз ағзаның әртүрлі морфологиялық жағдайында: фиброз,
«жұлдызды аспан» және т.б кезінде жасуша құрамының зерттеулерін жүргіздік. Осылай, есірткімен уланғанда жиі кездесетін морфологиялық өзгерістерге
«жұлдызды аспан» көрінісі жатады. Айырша бездің осы жағдайында лимфоидты тіннің негізгі жасушалары едәуір ажыратылады. Осылай, Т – лимфоциттер аз мөлшерде, В- жасушалары көп мөлшерде, макрофагтар
- аз, ірі жасушалар, керісінше, көп кездеседі. Ірі жасушалар В- жасушалары жиналған жерде табылады.
«Жұлдызды аспан» көрінісі ағзаның инволюция белгілірі болып табылады. Алдыңғы бөлімдерде, біз есірткі заттар ағзаның тез инволюциясын, әсіресе ағзаға ұзақ енгізгенде шақыратының айтып кеттік.
Есірткі пайдаланушы фиброзды көрінісі бар адамдардың айырша безінің жасушалық құрамын зерттеген кезде біз бірнеше өзге көріністерді байқадық (3 сурет ).
3 сурет – «Жұлдызды аспан» көрінісіндегі (серийлік кесінділер) есірткі заттарымен улану кезінде айырша безді иммундыморфологиялық бағалау
а – айырша бездегі «жұлдызды аспан» көрінісі, гематоксилин және эозинмен бояу; б - Т-лимфоциттер, қоңыр түсті, (NCL-CD3p сарысуға қарсы); в – В-лимфоциттер қоңыр түсті, , NCL-DFB1 сарысуға қарсы); г – макрофагтар, NCL LN5 сарысуға қарсы; д - лаброциттер, NCL-MCTRYP сарысуға қарсы.
Берілген суреттен айырша бездің тінінде сақталып қалған кен өсіп келе жатқан дәнекер тін арасында Т- лимфоциттер мен макрофагтар пайда болғанын көруге болады, ал В - жасушалар бірен – саран, ал ірі жасушалар, негізінен, дәнекер тінде, макрофагтардың бір бөлігі де дәнекер тінде байқалған. Фиброз бен
«жұлдызды аспан» көрінісінен басқа есірткімен улану кезінде, алдында айтып кеткендей, липоматоз да байқалған. Айырша безде липоматоз көрінісі кезінде, фиброзда сияқты, Т-лимфоциттер пайда болған, ал В- жасушаларында жоқ десе де болады. Макрофагтар да аз мөлшерде болған. Есірткімен улану кезінде Гассаль денешігі «киста тәрізді» түрі жиі кездескен. Бұл, көп жағдайда, айырша бездің нволюция жағдайында болуымен байланысты. Инволюция тек жас ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар, ағзаға есірткінің улу әсеріне де байланысты болды. Осы мақсатпен біз денешіктердің дәл осы формасында иммундыморфологиялық зерттеу жүргіздік. Гассаль денешіктердің көптеп дегенеративті өзгерген жағдайының иммундыгистохимиялық сипаттамасы өзіне тән ерекшеліктері болады. Бұл тек лимфоциттерге ғана емес, басқа да жасушалы элементтерге қатысты.
Лимфоциттердің жалпы саны жоғары болған жоқ. Т- лимфоциттер кездесті, бірақ олардың орналасу заңдылығы (В – лимфоциттерге тең) сақталамаған.
Макрофагтар құрамы жоғары болған жоқ, сарысуға қарсы зат киста тәрізді өзгерген Гассаль денешіктерінде гомогенді оң реакция берді. Ірі жасушалардың саны сәл жоғары болды, олар стромада сияқты, айырша безінің паренхимасында да кездесті. Есірткі заттарын ұзақ қабылдаған кезде туындайтын айырша бездің морфологиялық өзгерістері ағзаның жасушалық құрамына әсер етеді. Есірткі затының түріне байланысты айырша бездің иммуноморфологиялық зерттеуінің қорытындысын жүргізген кезде жасуша құрамының көрсеткіштері есірткі түріне емес, көбінесе, ағзада улану нәтижесңнде туындаған морфологиялық өзгерістерге байланысты екенін анықтадық. Көріп отырғанымыздай, фиброз және липоматоз көріністері айырша бездің жасушалық құрамына бірдей әсер етеді, ал «жұлдызды аспан» көрінісінде мүлдем теріс мәліметтер болған. Бұл есірткілік және алкогольдік
уланулар кезінде айырша бездің
иммуноморфологиялық зерттеуінің салыстырмалы анализіне де қатысты. Айырша бездің иммуноморфологиялық зерттеуі жасушалық құрам көптеген факторларға: улы заттың әсер ету ұзақтығы, олардың біріккен түрінің әсер ету ұзақтығы және ағзаға әсер еткен синаргиялық әсеріне байланысты, есірткімен улану кезінде туындаған (фиброз, липоматоз,
«жұлдызды аспан») морфологиялық белгілерге
байланысты болып табылатын өзінің ерекшеліктеріне ие екенін көрстеді.
Осы бөлімнің келесі сатысы бауыр қақпасы
аймағындағы лимфа түйіндерінің
иммуноморфологиялық зерттеуі болып табылады.
Жоғарыда айтқандай, есірткімен улану кезінде лимфа түйіндерінде гемодинамикалық бұзылыстар пайда болады. Сериялық кесінділерді зерттегенде біз Т- лимфоциттер В-жасушалардың орнын басатынына көңіл аудардық. Ірі жасушалар аз мөлшерде кездескен және лимфоидты фолликуланың шетінде орналасқан.
Есірткі заттарды ұзақ уақыт қолданғанда, біз жоғарыда айтып кеткендей, лимфоидты фолликулалардың гиперплазиясы орын алады. Созылмалы есірткімен улану кезінде лимфа түйіндердің иммуно- морфологиялық зерттеуін жүргізгенде біз Т- лимфоциттердің фолликула аралық кеңістікте, В- лимфоциттердің тек фолликулаларда ғана кездескеніне көңіл аудардық. Макрофагтар мен ірі жасушалардың орналасуында да айрмашылықтар бар. Егер макрофагтар фолликула және фолликула аралық кеңістікте де кездессе, ал ірі жасушалар тек фолликула аралық кеңістікте ғана кездеседі. Лимфа түйіндерінде апоптоз үрдісін зерттеген кезде қандай да бір заңдылықтарды, көкбауыр сияқты анықтауға мүмкіндік болмады.
Есірткі затының түріне, улану түріне (есірткі немесе алкоголь) байланысты лимфа түйіндеріне иммуноморфологиялық зерттеу жүргізген кезде аса ерекше заңдылықтар байқалған жоқ. Түйіннің
жасушалық құрамының қандай да бір ерекшеліктері ағзаға есірткі затының енгізу ұзақтығына ғана байланысты болды.
Сонымен, осы статья бойынша жалпы қорытындылар шығаруға болады:
- есірткі заттарымен уланған кезде иммунды жүйе ағзаларының лимфоидты тінінің жасушалық ара- қатынасы, әсіресе, ұзақ есірткілік улануда, сандық бойынша да, топографиялық мәліметтер бойынша да өзгеріп отыра алады;
- есірткімен уланғанда көкбауырда Т- және В- лимфоциттер көшпеу керек орынға көше бастайды, макрофагтар сандық жағынан көбейеді, жасушаның программаланған өлімі қызыл пульпада да, ақ пульпада да байқалады;
- айырша без және лимфа түйіндерінде есірткі затының әсерінен ірі жасушалар саны артады, Т- және В-лимфоциттер саны төмендейді.
Әдебиеттері
1. Шабдарбаева Д.М. Сравнительная морфологическая оценка органов иммунной системы при насильственной смерти: дисс. д-ра мед. наук:
Астана. - Каз.ГМА, 2007. - 272с.
2. Саякенов Н.Б. Есірткелік заттармен уланудағы ұйқы безінің морфологиялық өзгерістерінің сот- медициналық бағасы. Дис. автореф. мед. Ғылымының кандидаты. – Астана, 2009. – Б . 21.
Иммуноморфологическая характеристика органов иммунной системы при отравлениях наркотическими веществами
Проведены иммуноморфологические исследования селезенки, тимуса и лимфатических узлов при отравлениях наркотическими веществами. Выявлены диагностические критерии отравлений наркотиками по клеточному составу данных органов.
УДК 616.211-002.193-053.2(574)