Aizada I. Zinullina Master of Economics
1.4. Экспортты әртараптандыруды мемлекеттік қолдау Олжас Адилханов
9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2013 года № 750 «Об утверждении Плана мероприятий по реализации Концепции по переходу Республики Казахстан к "зеленой экономике" на 2013 - 2020 годы». http://adilet.zan.kz/rus/docs/
P1300000750.
10. Назарбаев Н.А., Глобальная энерго-экологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке, Москва-Астана: Экономика, 2011.
11. Сапарбаев А.Д., Демесинов А.А. Стратегия развития энергетики энергодефицитного региона: подходы, принципы.
Международный научный журнал с импакт-фактором «Актуальные проблемы экономики». – Киев. – № 2 (152), 2014. – С. 262–272.
12. Сапарбаев А.Д. Индустриализация – основа устойчивой экономики // Известия вузов. – Бишкек. – № 4, 2014. – С. 254–257.
13. Сапарбаев А.Д. Программа индустриализации – главный ориентир модернизации экономики. Проблемы казахской цивилизации в контексте стратегии «Казахстан-2050». Сборник статей. – Алматы:
Арда, 2014. – С.183–187.
14. Сапарбаев А.Д. Принципы формирования стратегии развития энергетики в регионе // Вестник Университета Кайнар. – № 2 (104), 2014.
– С. 183–187.
1.4. Экспортты әртараптандыруды мемлекеттік қолдау
іске қосылды. Оның ішінде 65 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асты. Алғашқы бесжылдықта іске қосылған өндіріс ошақтары 4 трлн теңгенің өнімін өндірді. 75 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасына енген нысандар шығарған өнімдердің 23 пайызы экспортқа бағытталды [2].
Сурет 1 - ҚР 2009-2016 жж. экспорты (млн. АҚШ доллары)
Енді бағдарламаның экспортқа әсерін көру үшін ҚР 2009-2016 жылдар аралығында экспорт көлемін талдайық. 1- суреттен көріп отырғанымыздай 2009 жылы экспорт көлемі 43 194 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылға дейін жыл сайын үдемелі өсіп 86 448 млн. АҚШ долларына дейін өскен. Осы жерде бірінші бесжылдық бағдарламаның экспортқа оң әсер еткенін анық аңғаруға болады. Алайда 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін экспорттың көлемі 36 736 млн. АҚШ долларына дейін төмендегенін көріп отырмыз. Оның негізгі себебін 2014 жылдан бастап мұнай бағасының күрт төмендеуімен байланыстыруға болады. 2012 жылы Brent маркалы мұнай 115 АҚШ доллары тұрса 2015 жылға қарай 30 АҚШ долларына дейін құлдырады.
Қазақстан экспортының басым бөлігін мұнай және мұнай өнімдері құрағандықтан экспорттан түсетін түсім әлдеқайда төмендеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы 66 АҚШ долларына дейін жоғарылағандықтан экспорттан түсетін кіріс біршама ұлғайып, 48 342 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан экспортынан түсетін кіріс әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. 2000 жылдардан бастап әлемдік мұнай бағасының тұрақты өсу салдарынан Қазақстанда «голланд ауруы» қалыптаса бастады. Экономика тек шикізатты экспорттаумен қамтамасыз етілді, өңдеуші кәсіпорындың экспортқа тауар шығаруға бәсекеге қабілеттілігі болмады. Ал мұнай экспортынан түсетін кіріс төмендеген уақытта, экономиканың тек бір салаға тәуелділігін жою
43 195,7
60 270,8
84 335,9 86 448,8 84 700,4
79 459,8
45 955,8
36 736,9
48 342,1
0,0 10 000,0 20 000,0 30 000,0 40 000,0 50 000,0 60 000,0 70 000,0 80 000,0 90 000,0 100 000,0
2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017
мақсатында экспортты әртараптандыру кезек күттірмейтін шара болды.
ҮИИДБ екінші бес жылдығын жүзеге асыру мақсатынада мемлекет қазынасынан 644 млрд. теңге бөлінді [3].
Қазіргі таңда Қазақстанның 60% астам экспорты тек 6 мемлекетке шығады (2 сурет).
Сурет 2 – Қазақстанның экспорттаушы мемлекеттер құрылымы
Оның 18% жуық Италияға, 12% жуық Қытайға, 9,8%
Нидерландыға, 9,3% Ресейге, 6,4% Швейцарияға, 5,9% Францияға тиесілі [4]. Жалпы алғанда ТМД елдері 18%, Еуропа елдері 56,2%, Азия 21,6%, Америка 3,9%, Африка 0,3% экспортталады. Қазақстанның тауар тасымалында теңіз су жолына шыға алмауы өз кезегінде экспортты біршама тежеуі анық. Сондықтан Мемлекет басшысы экспортты әртараптандыру үшін көлік қатынасын дамытуды маңызды бағыт ретінде атады. Мәселен, «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА-дағы
«құрғақ порт» құрылысын аяқтау, Ақтау мен Құрықта теңіз порттары инфрақұрылымдарын қалыптастыру туралы айтты. Оған қоса, Парсы шығанағы мен Тынық мұхит жағалауындағы елдерде қоймалар салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Өз кезегінде бұл логистикалық шығындарды азайтып, Қазақстан тауарын әлемнің көптеген елдеріне жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Сонымен қатар мемлекет отандық өндірушілердің тауар экспортында кедергілерді жою және мемлекеттік қолдау мақсатында ҮИИДБ аясында ҚР Үкіметімен 2017 жылдың 26 тамызында Ұлттық экспорттық стратегия бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу және экспорттау нарықтарын әртараптандыру. 2018 – 2022 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы" бағдарламасы төмендегідей міндеттерді атқарады:
17,9%
11,9%
9,8%
6,4% 9,3%
5,9%
38,8%
Италия Қытай Нидерланды Ресей Швейцария Франция Басқа мемлекеттер
экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту;
экспорттаушылар үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын көрсету; экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою; көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту.
ҚР экспортының 2007 – 2016 жылдардағы көрсеткіштері [5]
Енді экспорт құрылымындағы өңделген тауарлар көлемін шолып көрейік. Ол 2016 жылы 12,8 млрд. АҚШ долл. құрап, экспорттың жалпы көлемінен 35 %-ды құрады. Жалпы экспорт құрылымында өңделген тауарлардың үлесі тұрақты түрде оң серпін көрсетіп отырғандығына қарамастан, құндық мәнінде осы санаттағы тауарлар экспортының тұрақты құлдырау үрдісі қалыптасқан. Шикізаттық емес өнімнің тұрақты экспортын қалыптастырудың маңызды элементі экспорттық қоржынды әртараптандыру және нақты сұранысты ескере отырып, өнім номенклатурасын кеңейту болып табылады. Бұл үшін өңдеу дәрежесі жоғары өнімдер шығарылымының өсуін ынталандыру талап етіледі.
Қазақстан Республикасында экспорттаушыларды қаржылай қолдау да негізгі проблема болып келеді. Халықаралық салыстыру нәтижелеріне сәйкес экспортты қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражат көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы 2015 жылы Канадада 5,26 %-ды, Қытайда 4,35 %-ды, Түркияда 1,72 %-ды, Германияда 1,42 %-ды, Норвегияда 1,09 %-ды құрады. Қазақстан Республикасында экспортты қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражат көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы 2015 жылы шамамен 0,23 %-ды құрады [5].
Көптеген елдер экспорттың өсуі үшін ең алдымен тауар өңдеуде жоғары технологиялы кәсіпорындар құрып, оларға ішкі нарықты беру арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырып алады. Яғни елде құрылыс материалдарын шығаратын зауыт ашылса, сырттан келетін барлық құрылыс материалдары импортын шектейді немесе баж салығын
69% 72% 72% 70% 76% 75% 77% 77%
69% 65%
31%
28% 28% 30%
24% 25% 23% 23%
31% 35%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
Шикізаттық тауарлар, жалпы экспорт көлемінен %-бен Өңделген тауарлар, жалпы экспорт көлемінен %-бен
жоғарылатады. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде отандық өндірушілер шетелдік ірі кәсіпорындармен бәсекеде алға шығып, ішкі нарықты қамтамасыз ете отырып экспортқа сапалы өнім шығаруға қауқарлы болады.
Қорытындылай келе, Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін экспорттық кірістің маңызы зор. Сондықтан экспортқа бағытталған тауарлар мен кәсіпорындарды барынша мемлекеттік қолдау маңызды. Экспортты әртараптандырудың үздік шетелдік үлгілерін қолданумен қатар ұлттық ерекшеліктерді де ескеріп, пайдалану оң нәтижесін берері сөзсіз. Мемлекет экспорттаушыларда кездесетін негізсіз шектеулер мен кедергілерді жою арқылы экспорттық операцияларды ынталандыруы қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1. Central Intelligence Agency. Kazakhstan. [Электронды ресурс]
https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/kz.html 2. ҮИИД бағдарламасының көрсеткіштері. [Электронды ресурс]
https://egemen.kz/article/159048-uiid-
bagh%C2%ADdar%C2%ADlamasynynh-koersetkishteri
3. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 4. Сыртқы сауда айналымы. [Электронды ресурс]
https://stat.gov.kz.
5. «Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегия»
бағдарламасы.
1.5. Загальні підходи до нормативно-правового регулювання