• Tidak ada hasil yang ditemukan

ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ

Dalam dokumen DOC repository.enu.kz (Halaman 138-143)

геометрически определяемой психофизиологическими особенностями человека, функциональной — определяемой назначением и конструктивной — определяемой характером статической работы и применяемым материалом), анализируется только первый компонент формообразования.

Архитектурно-дизайнерская форма всегда связана со средой — природной или искусственной и не может не испытывать ее соответствующего влияния. Решение всех сложных взаимосвязей между геометрией, функцией и конструкцией, между формой и средой решается уже на уровне архитектурно-дизайнерского проектирования. Курс объемно-пространственной композиции и процесс обучения носит вспомогательный характер. Его цель — вооружить начинающего архитектора-дизайнера знаниями, которые являются обобщением некоторых аспектов композиционного опыта, накопленного архитектурой и дизайном.

Но не только в этом полезность курса. Сами методы работы на композиционных уп- ражнениях имеют аналогии с процессом архитектурно-дизайнерского проектирования, хотя и на разных уровнях и с различным числом учитываемых факторов. В обоих случаях происходит процесс целенаправленного формирования объемно-пространственных форм. Поэтому упражнение по курсу объемно-пространственной композиции можно считать моделью процесса проектирования. Совпадение ряда существенных сторон в методике начинается от общего замысла в эскизной стадии к более глубокой проработке и выявлению наиболее характерных особенностей задуманного и окончательному завершению в форме объемно-пространственной композиции.

Қ.Д.Жанпейісова,

индивидтің дамуын ажырамас тұтас бөлік ретінде қарастырады. «Меннің» шығу тегін әлеуметтік, оның ең басты сипаты өзін-өзі бақылау объектісі болу қабілеттілігі. Ал кеш интеракционизм өкілдері М.Кун, Т.Шибутани әлеуметтік үрдістер табиғатын зерттей отырып, олардың негізінде әлеуметтік мәндерді қалыптастыру мен өзгертуді көреді.

Сонымен, келесі зерттеушілер пікірінше «интерактив дегеніміз - объектілердің бір- біріне өзара ықпал ету үрдісі емес, айқын әлеуметтік бағыты бар арнайы ұйымдасқан танымдық қызмет». Интерактивті әдісті қолдану нәтижесінде қатысушыларда осы үрдіс барысында немесе оның нәтижесі «жаңа» білімнің қалыптасуы тиіс.

Интерактивті әдіс шеңберінде жүзеге асырылатын негізгі принциптер:

- өзара әрекет ету;

- оқушылардың белсенділігі;

- топтық тәжірибеге сүйену;

- кері байланыс.

Осы пәнді жүргізу барысында студенттермен қатынасты орнату мақсатында, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің қалыптасу ерекшелігі» тақырыбында осы әдісті пайдаланып топты санына қарай екіге, үшке, төртке бөліп, ортаға мәселені салу тиімді. Оларға ортақ тақырып ұсынылып, жалпы сайлау жүйесі және қазақстандық сайлау жүйесінің қалыптасуына байланысты әрбір студенттің бір - бір жауабы тізіліп қағазға тіркеледі. Әрбір топтан бір студент шығып, тақтаға алынған мағлұматты жазып шығады.

Бұдан шығатын қорытынды сол ақпарат арқылы белгілі нәтижеге жетуге болады. Әрине соңғы жалпылау нақтылау оқытушының құзіретінде. Өйткені бұл әдісті қолданып оқыту тиімді. Себебі ол жалпы сайлау мәселелерін, оның өткізілу кезеңдерінің саяси сипатын, құқықтық ерекшеліктерін қарастыратын ағымдағы жылжымалы, өзгермелі үдеріс. Атап айтқанда, қазақстандық сайлау жүйесі ерекшелігі деген сұрақ кең болып табылады. Оған тек не деген ұғымын білдіретін сұрақ қойылмайды, сонымен бірге қосымша студенттердің қызығушылығын оятатын жалпы даму үдерісіндегі өзгерістер, қайшылықтар еске түседі.

Яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі - еркін сайлау және референдум арқылы, ал мемлекеттік биліктің жалғыз көзі - халық екендігін анықтайды.

Демократиялық таңдау - негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы - азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.

Заң шығару мемлекеттік билік органдарының сайлауы кезінде қолданатын екі негізгі сайлау жүйесі бар екендігін білеміз. Бұл тең және мажоритарлы сайлау қүқығы негізінде дауыс береді. Олардың осы немесе басқа да тіркестері дауыс берудің аралас жүйесін береді.

Қазақстан аралас сайлау жүйесі жолында.

Мажоритарлы сайлау кезінде сайлаушылар сайлау округтары бойынша белгілі бір кандидаттар үшін дауыс береді. Мажоритарлық жүйеде дауыс санының ең көп болуы тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 2/3 дауысын жинау қажет, дауыс санының көпшілігін (50% + 1 дауыс) немесе айтарлықтай көп дауыс жинау міндетті.

Тең жүйесі (пропорционалды) бойынша сайлау дегеніміз партиялық тізімдер үшін дауыс беру. Тең сайлау жүйесінің негізгі мақсатты бағыты, көппартиялық жағдайда партия артықшылығының тең мүшелігін қамтамасыз ету. Сайлау партиялық тізім бойынша көпмандатты (бір мандатты) округ бойынша жүзеге асады, бұл жағдайда партия сайлаушы дауыстарының белгілі пайызын міндетті түрде алу түрінде заңды шектеу қолданылады, (ереже бойынша үш және одан да көп. Қазақстанда - 5% бір мандатты аймақтан сайланушы кандидаттар үшін және 7% партиялық тізімдер үшін) деген мәселелер бұл тақырыптың маңызды бөлігі болып табылады.

Сайлау құқығының негізгі принциптері бекітілгендігін сайлау процесіне қатысушылардың цензі енгізілуіне тоқталу үшін ценз ерешелігін студенттер мен оқытушылар ортақ талқылау мәселесінде мынандай жағдайға баса назар аудару:

- жас цензі – 18 жасқа толған азамат сайлау құқығына ие;

- Президентікке – 40 жастан жоғары.

- Парламент депутаттары – 25 жастан кіші болмау қажет.

- Жергілікті өкілді органдар депутаттығына – 20 жастан кіші болмау қажет.

- Республика азаматы бір ғана өкілетті органның депутаты бола алады.

- Сайлау процесіне саяси партиялар саяси қатысушы ретінде өз кандидаттарын ұсына алды деп тоқталған жөн [2].

Бұдан интерактивті оқытудың позитивті өзара тәуелділік ерекшелігін байқауға болады [3]. Яғни студенттерге нақты тапсырмалар беру, тест сұрақтарымен тексеру әдістерін қолдануға болады. Студент аталған пәнді оқи отырып, өзінің болашақ мамандығының ерекшелігін тәжірибеде қолданылысын түсінгені жөн. Аталған пән саясаттану пәнінің тәжірибелік көрінісі болып табылатынын күнделікті өмірден көруге болады. Ол жағдайға мысал келтіре кеткен жөн. 1993 жылға дейінгі Қазақстанның сайлау жүйесінің ерекшелігі – ол КСРО сияқты авторитарлы мемлекеттің сайлау жүйесінің негізгі белгілерін сақтап қалған еді. Қазақ ССР Конституциясында сайлау құқығының жалпылық және теңдік сияқты принциптері жарияланды, ал фактілік тұрғыдан сайлаулар баламасыз, қорытындысы алдын- ала анықталып қойылатын еді.

1990 жылы Қазақстанда депутаттардың ең бірінші баламалы және еркін сайлауы өтті.

Тұрғындардың белсенділігі сайлау кампаниясының мынадай мәліметтерінен көрінеді:

сайлаудың екінші күні 270 округтің 131 округінің ғана депутаттары анықталған, 126 округінде сайлау қайта жүргізілді, 13 округте депутатыққа жаңа кандидаттар ұсынылып, сайлау қайта болды. Сол уақыттағы сайлау жүйесінде оның қызметіне қатысты мәселені реттейтін ортақ заңды акті болмаған еді. Сайлау жүйесі және сайлауға қатысты сұрақтар 1978 жылы қабылданған Қазақ ССР Конституциясында, 1979 жылы 22 қырқүйекте қабылданған «Қазақ ССР халық депутаттарының сайлауы туралы», 1989 жылы 22 қыркүйектегі «Қазақ ССР Кеңестің депутаттығына халық депутаттарын сайлау туралы», 1991 жылы 16 қазанда «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» Заңында көрсетілді.

Қазақстанда сайлау жүйесінің құрылымы мынадай параметрлер бойынша бақыланды:

- сайлау құқығының негізгі принциптері: жалпылылық, теңдік, тікелей жасырын дауыс беру;

- абсолютті көпшіліктің мажаритарлы жүйесі қалыптасты.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Кеңестің депутаттарының ¼ бөлігі (360-тың 90-ы) осы ұйымдардан сайланды. Қазақстан Республикасында демократиялық стандарттың жоғарғы талаптарына сәйкес, Қазақстан сайлау жүйесін жетілдіретін сайлау туралы заң қабылдану қажеттілігі тұрды. Сөйтіп, 1995 жылы 28 қыркүйекте ҚР сайлау жүйесіне толық сипаттама беретін «ҚР сайлау туралы» Заңы қабылданды.

ҚР-да абсолютті көпшілік мажоритарлы жүйесі сақталды. Тікелей сайлау жолы арқылы ҚР Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мәслихат депутаттары сайланды. Жанама сайлау жолымен ҚР Парламентті Сенатының депутаттары сайланды.

- ҚР заңнамасына сәйкес, сайлау құқығының принциптері бекітілді:

- сайлау құқығы жалпылық сипатта болды. Сайлауға жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне қарамастан, 18-ге толған әрбір ҚР азаматы қатыса алады;

- Қазақстан Республикасында дауыс беру тікелей жүреді;

- ҚР азаматтары өз еркімен қатысу принципіне ие. Яғни азаматты сайлауға күштеп қатыстыруға ешкімнің құқығы жоқ;

- жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі [4].

ҚР сайлау жүйесінің реформалауының келесі кезеңі 1998 жылы 7 қазанда Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында қабылданған «ҚР Конституциясына толықтырулар мен

өзгерістер енгізу» туралы Заңында көрінді. Заң барлық мемлекеттік билік институттарының демократизациялануына жағымды жағдай жасауға, Қазақстанда әділетті сайлау жүйесінің қалыптасуына, саяси партиялардың сайлау процесіне белсенді қатысуына, Парламент мүмкіндіктерінің кеңеюіне және Парламент депутаттарының статусын көтеруге, саяси өмірде оның жеке-дара билік бұтағы ретінде ін көтеруге бағытталды.

ҚР сайлау жүйесіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер:

- Мәжіліс депутаттарының мерзімі – 5 жылға, Сенат депутаттарының мерзімі – 6 жылға ұзартылды.

- ҚР Президентігіне кандидаттығының жастық цензі 35 жастан 40 жасқа ұзартылды, 65 жасқа дейін деген ценз алынып тасталды.

Ел Президентінің билік басындағы мерзімі 7 жылға ұзартылуы сияқты мәселелерді топтық жұмыс жасау үдерісі, яғни Заңдағы өзгерістердің ерешелігі, артықшылығы, тиімділігі сияқты сұрақтарды талқылауға мүмкіндік алуға болады.

Елбасының Жарлығына және партиялық тізім бойынша таңдалатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық және оны өткізу шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес үміткерлерді ұсыну 2007 жылдың 22 маусымында басталып, 11 шілдесінде аяқталды.

Партиялық тізім бойынша сайлану 7 пайыздық кедергіден өтуді талап етеді.

Парламент Мәжілісінің құрамы он депутаттық мандатқа кеңейтіліп, бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайлау енгізілді. Енді қазақстандық партиялар сайлау мен сайлану үдерісіне қатысу арқылы қоғам мүдделерін жүзеге асыру құралына айналуы тиіс болды. Жеті пайыздық кедергіден өткен саяси партия Парламент Мәжілісінен орын алуға мүмкіндік алды. Жеті пайыздық кедергі қазақстандық саяси шындық үшін өте жоғары. Тіпті дамыған демократиялық мемлекеттердің өзінде кедергі көрсеткіші әлдеқайда төмен. Атап айтқанда, Германия мен Ресейде 5 пайыз, Бельгия, Венгрия, Италияда – 4 пайыз болып табылса, оның үстіне халықтың санын да ескерген жөн. Қазіргі күні біздің еліміздегі басты мәселе осы партиялық кедергінің жоғарылығы және оны төмендету қарастырылуда. Осыған байланысты студенттердің көзқарасын білу және қалыптастыру мүмкіндігі жоғары. Студенттер бірігіп талдау арқылы ортақ шешімге тоқталуы мүмкін. Топтық жұмыстың нәтижесінде:

- оқу үдерісін қарапайымдылыққа бағыттау;

- кәсіби емес іс - әрекеттен арылу;

- студенттердің командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- топ мүшелеріне өз табыстарын атап өтуге мүмкіндік беру.

2007 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын 2007 жылғы 18 тамызда кезектен тыс тағайындау туралы қаулы қабылданған, сонымен қатар партиялық тізім бойынша таңдалатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық және оны өткізу шараларының Күнтізбелік жоспары, Қазақстан халқының Ассамблеясымен сайланатыны сайлау құқығының соңғы жаңалығы болып табылатын интерактивті оқыту әдісін қолданудың келесі артықшылықтарынан көруге болады:

- қоршаған ортаны қабылдауды бақылау, өзіндік тәжірибе негізінде сезімдік қабылдау ерекшеліктерін түсіну мен талқылау;

- араласу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту, топтық тәжірибе маңыздылығын түсіну;

- ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту, топ ішінде қалыптасқан құндылықтар мен ережелерді сыйлау, өзіндік пікірді негіздей алу, оны қорғай білу;

- дайын білімді пайдалану емес, тікелей тәжірибе көмегімен алынатын білімді игеру;

- білімге қол жеткізу дағдылары мен қабілеттіліктерді дамыту.

Бірақ интерактивті оқыту әдісіне деген көзқарас әрқалай. Бір топ интерактивті оқыту әдісті қолдану барлық мәселені шешеді деген сенімде болса, ал екінші бір топ дәстүрлі білім беру жүйесіне қосымша құрал ретінде бағалайды. Әрине, қандай қөзқарастың болмасын өмір

сүруге қақысы бар. Ең бастысы, интерактивті оқыту әдісі шындықты тану үдерісін түрлендіреді. Яғни, студенттерге әлемді ақ-қара деп екі түспен ғана емес, түрлі-түсті қызыл, жасыл т.т. түрлермен сипаттауға мүмкіндік беру дер едік.

Интерактивті оқытуды оқу үрдісінде кеңінен қолдануда келесі факторлар ықпал етеді:

- материалдық-техникалық фактор: сабақ өтетін аудитория жағдайы (аудиторияның кең, ашық, орынның жеткілікті болуы, жарық және т.б.), сабаққа қажетті қағаз, желім, техникалық құралдар сияқты материалдардың болуы;

- ақпараттық-технологиялық фактор: әдістемелік әдебиет пен пән бойынша әдебиетпен қамтамасыз етілу деңгейі; интернет желісіне еркін қосыла алу, компьютерлік техниканы қолдана алу;

- әдістемелік фактор: оқытушының жаңа технологиялар және оқытудың инновациялық әдісі туралы білімінің болуы, интерактивті режимде сабақ беру тәжірибесінің болуы;

- әлеуметтік фактор: факультет, кафедраның интерактивті сабақ беруде қолдануға дайындығын, студенттік аудитория көңіл-күйі, оның жаңа оқыту әдісіне ашық болуы, студенттер тәжірибесінің деңгейі;

- тұлғалық фактор: оқытушының оқу үрдісіне интерактивті әдісті ендіруге құлшынысының болуы.

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Бұл жағдайда Республика Президентін, ҚР Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау қүқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау қүқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.

Партиялық тізім бойына сайланатын Мәжіліс депутаттығына үміткер ұсынуға бекітілген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың құқы бар, ал Қазақстан Халықтар Ассамблеясымен сайланатын Мәжіліс депутаттығына үміткер ұсыну Ассамблея кеңесіне тиісті. Саяси партиялар мемлекеттік партиялық тізімді мемлекеттік тілдегі әліпби тәртібімен жасайды. Партиялық тізімді ұсыну туралы саяси партияның жоғары органы өкілдері арқылы Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады. Өкілдік құзыреті сәйкес құжаттармен анықталуы тиіс. Қазақстан халықтар Ассамблеясымен сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ұсынуды Ассамблея кеңесі іске асырады.

Қазақстан халықтар Ассамблеясы кеңесінің шешімі көпшілік дауысымен қабылданады және хаттама көшірмесімен рәсімделеді.

Кемшіліксіз сайлау жүйесі жоқ. Кез-келген жүйенің өз кемшіліктері мен артықшылықтары болатынын студенттер сабақтың нәтижесінде түсініп, оның тиімді сипатын табуға тырысады. Сондықтан халықаралық сайлау стандарттары, осы немесе басқа да сайлау жүйесін таңдаған кезде мемлекет қандай да бір ұйғарымды бекітпейді.

Соңғы жылдардағы Республиканың сайлау жүйесінің эволюциясы, соның ішінде «ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы» ҚР Заңы, «ҚР Президентінің Жарғысына өзгерістер» Конституциялық Заңы, «ҚР сайлау туралы» Заңы – бұл отандық мемлекеттік демократиялық форманың тұрақтылығының және қазақстандық саяси жүйенің дамуындағы бір саты көтерілуінің белгісі екені белгілі болды.

Сонымен, қорытындылай келе, интерактивті оқыту білім беру қызметіндегі коммуникация түрлерін өзгертеді. Бір жақты қатынастан білім берудің көпжақтылығына өзгереді. Бұл оқыту жүйесі болашақ саясаттанушылар үшін маңызды. Олар саяси өмірдегі өзгерістерді талқылау және баға беруге машықтанады. Сондықтан бұл студенттер үшін білім алудың тиімді жолы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Нұрымбетова Г. Саясаттану пәнін оқытуда интерактивті әдісті қолдану. - Алматы, 2008.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2007.

3. Нұрымбетова Г. Саясаттану пәнін оқытуда интерактивті әдісті қолдану. – Алматы, 2008.

4. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Заңы – Астана, 2007.

А.А.Жумадилханов,

Dalam dokumen DOC repository.enu.kz (Halaman 138-143)

Garis besar

Dokumen terkait